Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 09:11, реферат
Кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу - Іс-әрекеттерінің қандай мерзімінде болмасын, кәсіпкер инвестициялар жасап отырады, олардың сипаты мен көздері іс-әрекеттің кезеңіне тәуелді болады. Кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде капиталдың алғашқы салымын жасау керек. Старттық (cope) капитал деп өндірістің бастапқы кезенінде жасалатын капиталдың алғашқы сомасы мен ағымдағы шығындар сомасының жиынтығы аталады.
Кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу - Іс-әрекеттерінің қандай мерзімінде болмасын, кәсіпкер инвестициялар жасап отырады, олардың сипаты мен көздері іс-әрекеттің кезеңіне тәуелді болады. Кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде капиталдың алғашқы салымын жасау керек. Старттық (cope) капитал деп өндірістің бастапқы кезенінде жасалатын капиталдың алғашқы сомасы мен ағымдағы шығындар сомасының жиынтығы аталады. Старттық алғашқы капитал кәсіпорнын тіркеуге, банкте есеп-шот ашуға, ғимарат сатып алуға, немесе оны жалға алуға, ғимаратты жөндеуге, немесе, оны қайта құруға, машиналар, жабдықтар, приборлар, патентгер, лицензиялар сатып алуға жұмсалады. Ағымдық шығындарға шикізат пен материалдар, жалдау төлемі, жалақы, әлеуметгік қорларға аудармалар және т.б. жатады.
Старттық капиталдың
және кәсіпкердің
объективтік — кәсіпкерліктің ұйымдастыру — құқықтық формасымен, шаруашылықтың және нарыөтың конъюнктурасымен, ұлттық экономиканың болмысы және дамуымен, мемлекеттік реттеуші органдарының талаптарымен;
субъективтік — кәсіпкерлік қабілетпен, кәсіпкердін, жағдайымен және оның жеке мүмкіндіктерімен.
Меншікті қаражаттардың қайнар көздеріне мыналар жатады:
негізгі қызметгерден түсетін пайда, қаржылық операциялардан түсетін пайда, жарғылық қор, амортизация қоры және т.б.
Несиелердің қайнар көздері: несие мен қарыздар, тұрақты пассивтер және несиелік қарыздар. Қаржы ресурстарының алғашқы қалыптасуы жарғы капиталы жасалып кәсіпорын құрылғанда басталады.
Жарғы капиталы — бұл фирманың негізгі жене айналмалы қаражаттарының қайнар көзі. Ал жарғы капиталының қайнар көзі мыналар: акционерлік капитал, құрылтайшылардың жарналары, салалық қаржы ресурстары, ұзақ мерзімді несие, бюджет қаражаттары. Жарғы капиталының көлемі өндіріс процесіне инвестицияланған ақша қаражаттарының негізгі және айналмалық көлемін бейнелейді.
Несие - бұл қарыз капиталының қозғалу нысаны, ол кайтарылып беріледі және иесіне пайда әкеледі. Қарыз капиталының қайнар көздері:
рантьелердің капиталы, яғни
кәсіпкерлік қызметпен
көпшіліктің жинақтары; кәсіпкерлік қызмет сферасын өзгерткен адамдардың капиталы; бюджеттік қалыстар;
кәсіпорындарының бос капиталы; тауарлық несие түрінде бір кәсіпорнынан екіншіге көшіп отыратын капитал;
банкнота шығару нәтижесінде пайда болған капитал.
Қысқа мерзімді қарыздар жалақы төлеуге, шикізат алуға немесе дайын тауарларды сату ушін, күнделікті шығындарды өтеуге қолданылады. қысқа мерзімдік несиелердің жиі қолданылатындары:
коммерциялық несие — бір кәсіпорын екіншіге береді;
қаржы институттарынан алынатын несие;
инвесторлардан алынатын қарыз.
¥зақ мерзімді заемдар — бір жылдан артық пайдаланатын қаржылар. Бұлар көбінесе қымбат жабдықтар, ғимараттар сатып алу үшін, зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады. Ірі корпорациялардың көбі облигация шығарудан қосымша қаражаттар табады. Облигация — бұл құнды қағаз. Ол оның иесінің белгілі көлемде ақша сомасын кәсіпорынға өткізгенін куәлайды. Осы ақша оған белгілі мерзімде қайтарылуы керек және ол оған жылына бір немесе екі рет процент алуына құқық береді. Банкінің несиесінен облигация шығару ұнамды, бірақ банкілікпен салыстырғанда бұның проценті жоғары болуға тиісті, өйткені басқаша болса облигацияны ешкім сатып алмайды. Корпорациялардың облигациясы, әдетте номиналына сәйкес сатылатын, борышқорлық қолхат болып табылады.
Корпорациялардың акция шығару арқылы қаржылануы қаржыланудың ең қымбат түсетін жолы болып табылады. Батыс компаниялары бұл жолды өте сирек, қаржылаудың басқа түрі болмаған жағдайда пайдаланады. қаражат жетімсіз болғандықтан акциялар шығару бизнесмендердің басқару қызметіндегі тәуелсіздігін темендетеді. Қашан болмасын қаржыланудың түрлері көп болған сайын кәсіпорынның даму мәселелері қиындай береді.