Шарт туралы жалпы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:19, реферат

Краткое описание

Өз уақытында шарт пен заңға байланысты « үш көзкарас » болды. Жігерлі теория жақтаушыларының тұжырымы бойынша шарт котрагентті актінің жігері – бірінші қайнар көзі, ал заң олардың еріктерін толықтырады немесе шектейді. Ал заңның « приоритет теориясын » жақтаушылар шарт тек заңнан туындаған құқықтың күшті әсеріне ие деген тұжырымнан шықты. Ақырында « эмпиризмдік теория » жақтарының тұжырымы бойынша үшінші жақтардың еркіндіктері тек анықталған экономикалық күшті әсерге бағытталады деп есептеді, сонымен шарттың салдары қатысушы жақтардың нақты көрсетілімдерінің жүзеге асыру құралы ретінде болып табылады.

Оглавление

Кіріспе 2
Негізгі бөлім
Шарт түсінігі және оның азаматтық құқықтағы орны
1.1 Шарт туралы жалпы түсінік 3-4
1.2. Шарт мазмұны мен нысаны 4-8
1.3. Азаматтық Кодекстегі Шарттың алатын орны 8-12
1.4. Жай, міндетті, өзара келісімді және қосылу шарттары 12-19

Қорытынды 20

Қолданылған әдебиеттер 21

Файлы: 1 файл

кайрат курсавой.docx

— 50.68 Кб (Скачать)
  1.  Шарт түсінігі және оның азаматтық құқықтағы орны.

1.1 Шарт туралы  жалпы түсінік.

Шартты қолдану осыдан бірнеше мың жылдықтан бері әр түрлі қоғамдық қатынастарға жүгінетін  құқықтың бір жұқа нысаны ретінде  түсіндіріледі.

Өз уақытында шарт пен заңға байланысты « үш көзкарас » болды. Жігерлі теория жақтаушыларының тұжырымы бойынша шарт котрагентті актінің жігері – бірінші қайнар көзі, ал заң олардың еріктерін толықтырады немесе шектейді. Ал заңның « приоритет теориясын » жақтаушылар шарт тек заңнан туындаған құқықтың күшті әсеріне ие деген тұжырымнан шықты. Ақырында « эмпиризмдік теория » жақтарының тұжырымы бойынша үшінші жақтардың еркіндіктері тек анықталған экономикалық күшті әсерге бағытталады деп есептеді, сонымен шарттың салдары қатысушы жақтардың  нақты көрсетілімдерінің жүзеге асыру құралы ретінде болып табылады.

Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген.

Тәжірибе көрсеткендей отандық  кәсіпкерлер өзара міндеттемелерді  реттеуде көбіне көп Қазақстанда  әлі жақсы өріс ала қоймаған нарық  механизміне, сондай-ақ вербалды (ауызша) келісімдерге сүйенеді. Ал, кәсіпкерлікте  шарттық құқықты білмеу, серіктестіктерді, абырой-атақты жоғалтуға әкеліп соғады. Ал бизнестің қатысушылары кәсіпкерлікте  нақтылы әріптестік қарым-қатынаста  барлық шарттарды егжей-тегжейлі реттеуге дағдыланған.

Шарттың құқықтық институт ретінде қалыптасуы және шарттық  құқық нормаларының дамуы сауда  айналымының дамуымен етене байланысып жатыр. Шарт зат алмасудың негізгі  құқықтық нысаны болып табылады, яғни тауар бір меншік иесінен екіншісіне ауысып отырады.

        Қолтаңбалар  мен мөрлері бар қағазды шарт  деп түсіну, аңғалдық болар еді.  Ол дұрыс емес.

      Шарт дегеніміз  – тараптардың арасында туындайтын  өзара міндеттемелер жүйесі екенін  түсінбеушілік көпшілікті тығырыққа  тіреп жүр. Шарт талаптары тең қарастырылмаған қандай шаралар қолданса да қиындық туып, орындалмаған күйде қалуы мүмкін. Ойластырылмаған, ретсіз міндеттемелер жиынтығы пайдалы істерден гөрі көп қиындықтарға душар етеді, әрі әр тарап өзін қысым көруші ретінде қабылдап, екінші тарап айыпты деп санайтын дау-шаралардың көзі болады. Ал бұл жағдайдың шындығына келгенде, шарт жасау кезінде оның талаптарын дайындауға шама-шарпы, үстірт қарағандықтан болған нәтиже деп қарау керек.

     Сонымен шарт  дегеніміз не? Алдымен ұғымның  өзін қарастырайық. « Шарт »  термині азаматтық құқықта әр  түрлі мағынада қолданылады. Біріншіден - бұл заңды факт, екіншіден - бұл  құжат. Шарттың реттеу қызметі  оны заңдармен және нормативтік  актілермен жақындастырады. Шарт  жағдайы құқықтық нормадан басты  екі негізгі ұстанымды ерекшеленеді. Бірінші – тәртіп ережесінің шығуымен байланысты; шарт тараптардың еріктерін білдірсе, құқықтық акт – оны құрған органның еркін білдіреді. Екіншісі – оның әрекетін және басқаның тәртіп ережесінің шегін айырады: шарт тек өзінің тараптарының тәртібін реттейді, кімде кім тарап ретінде саналмаса ол міндет емес құқық құра алады.

      Осы айтылған  екі ерекшелігі, атап айтқанда  азаматтық құқықтық шарттың айырмашылығын  білдіреді.

      Шарт азаматты  айналымға қатысушылардың белсенді  қажетті нысаны ретінде қызмет  атқарады. Уақыт өткен сайын қоғамдық  қатынас жүйесінің өсуімен бірге  шартқа қатысушылардың құрамы кеңейеді, олардың қатарында жеке тұлғалар (азаматтар) және де азаматтық құқықта еріктеріндегі субъектілер ретінде танылады, яғни заңды тұлғалар. Көбінесе алуан түрлі болып шарттың құқықтық қатынаста қолданылатын заңда көрсетілген шарттың түрлері болды. Ал шарт – шарт болып қала берді.

      Шарттың  құрылымы әр түрлі құқықтық  салада қолданылады. Мысалы: халықаралық,  бұқаралық, әкімшілік және тағы  басқа салаларда кеңінен көрініс табуда. Оның ішінде ең коп азаматтық құқықта кеңінен қолданылады.

      Қазақ дәстүрінің  кәдімгі құқығында шарттар ауызша  жасалды, оның негізгі объектісі  мал болды. Ең көп тарағаны  айырбас, жолдау және несие  шарттары болды. 

      Айырбас  шарты ақшалай жүйенің ақырын  дамыған жағдайларында қолөнерлік  өндіріс өнімдерін тұтынудың  айрықша көзі ретінде болды және ол саудагер, қолөнерші және айырбас арқылы жүргізіліп отырды. Айырбас кезінде негізгі бірлік мал болды.

      Жолдау  шарты бір жыл және одан  аз мерзімде жасалды, әдетте  бұнда несие беруші жолдаушыдан  кепіл бола алатын адамды көрсетуді  талап етті. Тұл пайда болған  кезде ол несие берушіге мал  мен алынған қарызбен бірге  қайтарылады.

     Несие шарттары  малмен уақытша пайдалануға сауылатын  малды несие берушіге беру  негізінде жасалады. Осыған сәйкес  қарыз алушы сүтті пайдаланды және малды қарауға міндеттенеді.

      Ал Рим  құқығында туындаған шартқа көзқарасқа  келетін болсақ, ол үш түрлі  мағынада: құқық қатынастардың туындауы  ретінде, құқықтық қатынастың  өзі ретінде ең соңында тиісті  құқықтық қатынастың нысаны ретінде  қарастырылады.

     Шарт туралы  мұндай көзқарастар нақты іс  жүзінде Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексінде және басқа  да елдердің азаматтық кодекстерінде  тәртіптелген.

    Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексінің 378 бабына сәйкес екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылды.

      Шарт түсінігі туралы әр түрлі тұжырымдар болды. Соның бірі О.С.Иоференнің көзқарасы бойынша  «Кейде шарт арқылы келісімнен туындаған міндеттің өзі түсіндіріледі, ал кей жағдайда бұл термин оған қатысушылардың еркі арқылы міндеттердің пайда болуын бекітетін акт құжатын көрсетеді.» дейді.

      Н.Д.Егоровтың осы ұстанымға ұқсас көзқарасы бойынша «Шарт арқылы міндеттің негізіне жататын заңдық факт түсіндіріледі және шарттық міндеттеменің өзі, сондай-ақ міндетті құқықтық қатынас туралы факт тіркелген құжат» болып табылады дейді.

        Шарт  – бұл кең тараған келісімнің  бір түрі. Тек көп емес біржақты  келісім шарттар ғана шарт  түсінігіне жатпайды. Азаматтық  құқықта негізгі кездесетін келісім  – шарттар болып табылады. Бірақ  бұл ерікті акт оның ерекше  негіздерін көрсетеді.

        Шарт  әрбір жақтың қызығушылығын сол жақтың қанағат етуінің мүмкіндігін тудыратын құқықтық жағдайын анықтайды.

       Бұл  жақтардың шарт жасасқандығы  жалпы мақсаттарын және оның  орындалу мүмкіндігін аша түседі. Сондықтан шарт жақтардың өзара  қызығушылықтарына негізделген,ол  әкімшілік құқықтық ортада қол  жеткізу мүмкін емес экономикалық  айналыста тұрақтылықты және  реттілікті қамтамасыз етеді.

      Шарт бұл  өндіріс пен қажеттілік арасындағы  байланысты тудыратын, өндіріске қажеттілікпен тез арада бейімді және жылдам асер етуші құрал. Осының күшіне байланысты шарттық құқықтық нысан тұтынушы қажет ететін тауарларды нарықта керекті сұранысты қамтамасыз етуге бағыттылған. Шарттың  көмегімен азаматтар өзінің алынған еңбек ақысы  түрінде жұмсап, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қаржылық кірістен мәдениеттік қажеттілік пен жеке материалдық әрекет етеді. Шарт арқылы азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің  кәсіпкерлік қызметтерін барлық керекті материалдық алғышартпен қамтамасыз ететініне, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде тұтынушылар көбейіп, жүзеге асырылатынына сенімділікті аз кезегінде өндірістік  ортаның дамуына жағдай жасайды.

        Шарт  экономикалық айналымда қатысушылардың  қажеттілігіне, материалдық құндылықтарды  өндіру мен таратуға эффекттік  айырбасты қамтамасыз етеді. Сонымен  бірге шарт қоғамда әрекет  ететін материалдық құндылықтарды  иеленушілермен ғана емес, басқа  да экономикалық айналыстағы сол материалдық құндылықтарды керек етіп сезінетін қатысушыларға да мүмкіндік туғызады. Осы және басқа да көптеген сапалар шарттың экономикалық нарықта өз шегінде қолданылып, кеңеюіне жол ашады.

 

    1. Шарт мазмұны  мен нысаны

        Жақтардың  келісім бойынша алынған жағдайлары  шарт мазмұнын құрайды. Барлық  жағдайлар өздерінің заңдық негізіне қарай маңызды, кәдімгі және кездейсоқ деп бөлінеді. Маңызды жағдайлар шарт жасасқанда қажетті және жеткілікті болады. Шарт жасалды деп есептелуі үшін оның барлық маңызды жағдайлары бір-бірімен келісуі қажет. Шарттың кем дегенде бір маңызды жағдайы келіспесе, шарт жасалмайды.

       Сондықтан  да берілген шартқа маңызды  қандай жағдайлар екенін нақтырақ  анықтап алу керек. Жер участкесінің, ғимараттың, құрылыстың, пәтердің немесе  басқа да  қозғалмайтын мүліктің  бағасы қозғалмайтын мүліктерді  сату – сатып алу шартының  маңызды жағдайлары болып табылады, бірақ жай сату – сатып алу  шартындағы сатылатын тауар бағасы  маңызды жағдай болып саналмайды. Айтылған жағдайлар шарт тәртібіне сәйкес келе ма деген сұраққа заңдылық төмендегідей бағдарларды тұрақтандырады.

       Біріншіден, маңызды болып шарт затының  жағдайы табылады. Себебі, шарттың  заты не болып табылатындығын  анықтамай, ешқандай шарт жасалуы  мүмкін емес. Сондықтан сату –  сатып алу шартын, егер сатып  алушы мен сатушының арасындағы  келісімде шартқа сәйкес қандай зат сатылатындығы көрсетілмесе бұл шарт жасала алмайды.

    Екіншіден, маңызды  жағдайлар қатарына заңда және  басқа да нормативтік құқықтық  актілерде көрсетілетін жағдайлар  жатады. Мысалы, кепіл шартында кепіл  заты және оның бағасы, мөлшері,кепілмен  қамтамасыз етілетін міндеттеменің  орындалу мерзімі көрсетілуі  тиіс, сонымен қатар, онда кепілге  салынған мүлік қай жақта екені  мазмұндалуы керек.

     Үшіншіден,  маңызды жағдайлар болып шарттың  берілген түріне қажетті жағдайлар  табылады. Нақты шартқа қажетті  жағдайлар берілген шарт түрі  ретінде әрекет ете алмайтын  оның табиғи сипатын көрсететін  болып саналады. Мысалы, жай серіктестік шартында жақтардың жалпы шаруашылық немесебасқа мақсаттарынсыз шарт жасаса алмайды. Сақтандыру шарты сақтандыру жағдайын анықтамай мүмкін емес.

      Төртіншіден,  маңызды болып арыз бойынша жақтардың келісімі болуы керек. Бұл жақтардың біреуінің еркі бойынша егер заңда немесе басқа да құқықтық актілерде шарттың сипаты көрсетімесе шарттың маңыздылығын білдіреді. Мысалы, сатылатын затты орайтын деген талап әрекет ететін заңдылықтарды сату – сатып алу шартының маңызды жағдайларының қатарына кірмейді. Бірақ сатып алушы үшін алынған зат сыйлық ретінде болса, онда орауыш маңызды жағдай табылуы мүмкін. Сондықтан егер сатып алушы алынатын тауарды орау туралы келіссе, ол сату – сатып алу шартының маңызды жағдайы болып табылады, онсыз сату – сатып алу шарты жасалуы мүмкін емес.

        Маңыздыға  қарағанда кәдімгі жағдайлар  жақтардың келісімін қажет етпейді.  Кәдімгі жағдайлар сәйкесінше  нормативтік актіге қаралған  және шарт жасасқан сәттен  жылдам іске қосылады. Бұл шартта  қатысушы жақтардың еркіне қарамастан  кәдімгі жағдайлардың әрекет  ететінін көрсетеді. Шарттың басқа  да жағдайлары секілді кәдімгі  жағдайлар жақтардың келісіміне негізделеді. Тек осы жағдайда ғана жақтардың келісімі шарт жасасқан айғақтарда көрінетін, нормативтік актіде мазмұндалатын кәдімгі жағдайлардағы шартқа бағынады. Егер қатысушы жақтар нақты шарт жасау келісімін берсе, олар осы шарт туралы заңдылықтарда мазмұндалатын жағдайлармен де келіседі деп есептеледі. Егер жақтар кәдімгі жағдайларда шарт жасасқылары келмесе, олар диспозитивтік нормаларда көрсетілген шарт мазмұнына кәдімгі жағдайларды өзгертетін немесе  тоқтататын бөлімдерді қосуы мүмкін.

        Құн  шарттың кәдімгі жағдайлары қатарына  қазіргі уақытта егер заңда  немесе басқа құқықтық актіде  көрсетілсе шарттың бағасы да  кіреді. Егер шартта орындалуына  қолданылатын баға көрсетілмесе, көзделген заңдағы жағдайларда  мемлекеттік немесе уәкілеттік  реттелетін немесе тұрақтандырылатын  бағалар (тарифтер, ставкалар) тартылады. 

      Кәдімгі  жағдайлар қатарына шарттың сәйкес  түріне өңделген және басылымда  жарияланған үлгілік жағдайлар  да жатады. Егер шартта үлгілік  жағдайларға деп жіберлмесе, ондай  жағдайлар қызметтік айналымдағы  дәстүр сапасында жақтардың қатынасына  тартылады. Үлгілік жағдайлар  осы жағдайлар мазмұндалатын үлгілік шарт нысанында немесе басқа құжаттарда көрсетілуі мүмкін.

      Кәдімгі  жағдайлар қатарына сонымен қатар  қызметтік айналымның дәстүрі  де жатады, яғни қатысушы жақтардың  қатынасына тартылмаса және ол  шартта жақтармен немесе диспозитивтік  нормалармен жағдайы анықталмаса.

      Кездейсоқ  жағдайлар деп – кәдімгі жағдайларды  толықтыратын немесе өзгертетін  жағдайлар аталады. Олар қатысушы жақтардың қарауындағы шарт мәтініне қосылады. Олардың да жағдайлар сияқты болмауы шарттың нақтылығына әсерін тигізбейді. Бірақ кәдімгіге қарағанда оларды шарт мәтініне ғана заңды күшіне енетіндігімен ажыратылады. Маңызды жағдайларға қарағанда кездейсоқ жағдайлардың болмауы берілген шарттың жасалмағандығын көрсетеді., егер бір жақ берілген жағдайларға келісуді талап еткендігін дәлелдесе, басқаша жағдайларда шарт кездейсоқ жағдайларсыз да жасалды деп есептеледі. Егер сату-сатып алу шартына жақтар сатып алушыға тауардың қандай көліктің түрімен жеткізілгендігі жөніндегі сұрақты шешпесе де, шарт кездейсоқ жағдайларсыз жасалды деп есептеледі. Бірақ сатып алушы тауарды әуе көлігімен әкелуіне талап қойғанын дәлелдесе, сату-сатып алу шарты жасалмаған болып саналады.

     Кейде шарт  мазмұнына жақтардың құқықтары  мен міндеттері де қосылады. Жақтардың  құқықтары мен міндеттері құқықтық  қатынастардың мазмұнын құрайды.  Кейбір авторлар маңызды жағдайлар  қатарына заңның императивтік нормасында белгіленген жағдайларды қосады. Бірақ маңызды жағдайлардың ерекше белгілері болып олар міндетті түрде жақтардың келісімімен болуы керектігі табылады. Онысымен олар басқа жағдайлардан ажыратылады. Императивті немесе диспозитивті нормада мазмұндалатын жағдайлар тез арада шарт жасасқан сәттен күшіне енеді. Сондықтан оларды шарттың кәдімгі жағдайларына жатқызуға болады. Шарттың маңызды жағдайы баға болып табылады деген көзқараспен келісу қиынырақ. Егер шарт мәтінінде баға көрсетілмесе, оның жасалғандығына әкелмейді.

Информация о работе Шарт туралы жалпы түсінік