Жарнама туралы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 14:16, реферат

Краткое описание

Қазіргі жарнама «әкесі» аталған Альберт Ласкер оған мынандай түсініктеме береді. «Жарнама – бұл баспа түріндегі сауда». Осындай анықтама радио мен телевидение пайда болмай тұрып берілді. Бұл кездерде жарнаманың ауқымы мен сапасы бүгінгімен жер мен көктей айырмашылығы бар еді.

Файлы: 1 файл

жарнама1.docx

— 80.08 Кб (Скачать)

                                                             Орындаған: Түймехан  Аяулым

                                                         Тексерген: Сәдуақасов  Абай 
 
 

Алматы  – 2011 жыл 

Кіріспе

     Қазіргі заманғы жарнама қызметінің негізгі  сипаттамасы болып олардың өнеркәсіптік орындарының және сервистік қызмет көрсету фирмаларының қызмет етуінің  өндірістік-өткізуді басқару процестеріне тартылуы нәтижесінде жаңа ролге  ие болуы табылады. Жаңа жарнаманың мәні – олардың маркетингтік жүйе кешенінің ажырамас және белсенді бөлігі болуында және өнім өндірушінің жарнамалық-ақпараттық қызметінің тиімділігі мен олардың  әлемдік нарық талаптарына сәйкестігінде  болып отыр.

     Кең таратылған ой-пікірлерге қарамастан тек жалғыз жарнама ғана «сауданың  қозғаушы күші» емес, ол тек көп  күштердің бірі ғана. Жалпы кеңейтілген  кешенді маркетингтік  шаралар жүйесінің арасында жарнама, әдетте, басты элемент болып саналмайды. Іс тәжірбиеден көріп отырғанымыздай, қандай ма өнімнің өткізу көлемінің артуы мен кемуіне әсер ететін басты фактор болып, ең алдымен бірінші кезекте, осы тауарлардың өзінің сапасы мен тұтынушылық қасиеті, олардың бағасы, нарықтағы жалпы конъюктуралық хал ахуалды, бәсекелестердің әрекеті және тағы басқа да факторлар табылады. Жарнама қызметі үшін көп ақша қаражаттары қажет, кей жағдайларда фирманың алға дұрыс мақсат қоймауынан, жарнама бюджеті жөнінде терең зерттелген шешім қабылдамауынан, жарнама құралының дұрыс айналысын қалыптастыра алмауынан және дұрыс таңдай алмауынан, жарнама қызметінің нәтижесін қате бағаласа, жұмсалған ақша қаражаттары да босқа кетуі де мүмкін.

     Маркетинг стартегиясын жоюалауда ең алғашқы  қадам – мақсатты нарықты таңдау. Екіншісі - әрбір нарық түрі үшін мақсатты маркетинг кешенін анықтау. Маркетинг кешенін компанияның  «4Р» тәсілін қолдануымен анықталады:: өнім, баға, орыны мен қозғалысы. Жарнама дегеніміз –  бұл тауар қозғалысының бір құралы.

     Жарнама маркетинг жоспарынан шығады, жарнама  жоспары маркетинг жоспары сияқты жасалады. Жоспар құрамына жарнамалық мақсат және стратегияны талдау тараулары  қарастырылады.

     Әрбір бұқаралық ақпарат құралдары  тек өзінің  ғана қасиетіне қарай мүмкіндігі мен белгілі бір қоғамдық топтар үшін сипаттамасы бар. Жарнама беруші мен агенттік сатып алушыларды қызықтыру үшін жарнама объектісі ретінде қандай бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану керек екендігін шешуі керек. Осы мәселелер шешілгеннен соң бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасаушы тұлғаның міндеті тек айналыстағы ақпарат құралдарының ішінен қалаулы мақсатқа тиімді жетуге мүмкіндік беретін қажетті радиостанцияны, телебағдарламаларды және үнпарақтарды және тағы да басқаларын таңдау болып табылады. 

     Жарнама жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру  кезінде жарнамалық хабарлама құру кезінде кездесетін мынадай көп  таралатын қателіктерді, яғни, жарнамаланатын тауар  немесе қызметтің тұрақты үлгісінің болмауы, бренд мәнін көрсете алмайтын идеяны жарнамалау, жарнамада тауарды асыра мақтау сияқты қателіктерді жіберіп алмауға ұмтылу керек. Осы аталған факторлардың барлығы жарнамалатын тауарға орны толмас зиян келтіруі, сатып алушылар алдында төмендетуі мүмкін, соның нәтижесінде барлық өнімнің нарықтағы қозғалысына жіберілген күш зая кетеді

     Тауарлар  мен қызметтердің жарнамалық маңдайшадағы жазулары – жарнамалаудың ең көне түрлерінің бірі. Ал сыртқы жарнама  қызметінің заманауи дәуірі ХХ ғасырдың басында қалыптасты.

     Маңдайшадағы  жазуларда нарықтағы потенциалды  сатып алушыларға әсер ететін хабарламалар болуы мүмкін. Жарнаманың бұл түрі тек бренд туралы мәлімет беру және тұтынушылармен қарым-қатынасты  нығайту үшін маңызды болып табылады. Сыртқы тасымалдаушылар тек нақты  бір тауар маркасы үшін сатып  алушылық қасиеті төмен сатып  алушылардың қызығушылығын ояту үшін тиімді.

     Осы дипломдық жұмыста теориялық  көздер негізінде сыртқы жарнамамен жалпы жұмыс процесін талдауға қадам  жасалды.жарнама тасымалдаушылар  үшін жарнама дизайнын (үлгісін) құрудың  көптеген тәсілдері мен әдістері туралы айтылды.   Сонымен қатар, сыртқы жарнама түрлері мен көп сұранысқа ие сыртқы тасымалдаушылар түрлеріне де тоқталып өттік.  Осы дипломдық жұмыстакомпанияның жарнама бюджетінің құрамдас бөлігі ретінде сыртқы жарнама құрудың жоспары да қарастырылған. Сонымен қатар жұмыста сыртқы жарнама қызметінің біздің қаламызда орналастырылу ерекшеліктеріне орай артықшылықтары мен кемшіліктеріне де тоқталып өттік. Бұл дипломдық жұмыста сыртқы жарнама қызметін реттейтін заң актілерінің мәселелері де қарастырылды.

     Сыртқы  жарнаманың, өзге де жарнама тасымалдаушылар түрлері сияқты, өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

     Артықшылығына мыналарды жатқызуға болады:

      • Сыртқы жарнама, телевизиялық компанияларды жарнама үлгілерін жарқын түспен тарату және жалпы қамту аясы мен теледидар жиілігін кеңейтуге итермелейді;
      • Оның көмегімен радио арқылы қол жеткізуге мүмкін болмайтын әдемі кабылдау ассоциациясына қол жеткізіледі;
      • Журналдар арқылы әдемі таңдау жасауға болады, бірақ оның таралым жиілігі шектеулі. Сыртқы жарнама арқылы көптеген журнал.
      • «Сыртқы жарнаманың графикалық суреттері арқылы үнпарақтарға қарағанда әсері күшті визуальды сезіну  әсерін қол жеткіледі.сонымен қатар сыртқы жарнама үнпарақтардағы жарнамалардың өмірін ұзартады».
      • «сыртқы жарнама радио мен телевизиялық жарнамаларға қарағанда адамдарың жүйкесіне тимейді.
      • Сонымен қатар, тағы бір артықшылығы олардың – ықшамдығында. Оларды көшенің әрбір бұрышына – қалқаншада, шатырда, ғимараттар қабырғасына, көшені жарықтандыру тұрбаларында, аялдама павилиондарында, жүргіншілер жүретін жол бойында, яғни мақсатты аудитория көретін жерлердің барлығында – қаланың іскер орталығында, кеңселер орналасқан орындарда, немесе тұрғын үйлер, жоғарғы оқу орындары аймағында немесе супермаркеттер орналасқан жерлерге орналастыруға болады.
      • Сыртқы жарнама тұтынушылардың тұрақтылық өмірге деген сенімділігін арттырады, өйткені олар күн сайын бір парақты , бюір орында көреді.

     Соынмен қатар сыртқы жарнаманың айтарлықтай  кемшіліктері де бар:

      • Сыртқы жарнаманың әсер ету аймағы тек көріну аймағына тәуелділігіне қарай шектеулі болады. Ал жарнаманың өзінің әсері тіпті төмен, өйткені тұтынушы плакатқа тек 10 секундтан 30 секунд аралығында назар аудара алады.
      • Сонымен қатар осы берілген жарнамалық хабарламаға назар аударатын аудитория санын, құрамы мен сипаттамасын анықтау қиын . сондықтан жарнаманың да тиімділігін бағалау қиынға түседі. 
      • Сондай-ақ өзге жарнама тасымалдаушылар қатарынан анық көрінетін орынды таңдау да қиындық тудырады.

     «Нәтижесінде сыртқы жарнама тұтынушылармен хабар алуға мүмкіндік беретін құрал ретінде қымбатқа түседі. Өйткені, оны дайындауға, қондыруға және сақталуын қамтамасыз етуге, сонымен қатар, көптеген қызмет түрлері кешенін  - көптеген қалалық қызмет орындарынан қажетті жер үшін келіссөздер жүргізуге және сол жерлерге орналастыру үшін келісім алуға қырауар қаржы жұмсалады.

     Осы аталған зерттеулер нәтижесінде  мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

    • компаниядағы жарнамалық ақпараттық қызметті ұйымдастырудың теориялық аспектілері зерттелді;
    • РА «Эталон» жарнамалы-ақпараттық жұмыстарға талдау жасалды;
    • сыртқы жарнама құралдарын орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылды;
    • «Эталон» компаниясының кешенді жарнамалық қызметі.

     Сонымен, осы аталған «Сыртқы жарнама  есебі мен аудитінің ерекшеліктері» дипломдық жұмысының мақсаты  айқындалды деп есептеуге  болады. Жұмыс барысында барлық алға қойылған міндеттерге қол жеткізілді.

     АҚШ Маркетинг Ассоциациясының анықтамасы бойынша, жарнама дегенiмiз тауарларды, қызметтердi, идеяларды тұтынушыларға  қарай жылжытуына арналған кез –  келген әрекеттер нысандары және нақтылы жағдайды есепке ала отырып, анағұрлым тиiмдi тәсiлдер мен әдiстердi қолдана отырып, әлеуеттi тұтынушылардың назарларын жарнамалау объектiсiне аудару үшiн орындалатын ақылы қызметтер  деп анықталған.

      Жарнама науқаны мен құралдарының тиiмдiлiгiн нақты абсолюттi санмен анықтау мүмкiн емес. Осы туралы американдық кәсiпкер Джон Ванемейкер былай дейдi: Менiң жарнамаға жұмсаған ақшаларымның бiрталайы бекерге кететiнiң бiлемiн. Бiрақ оның нақты мөлшерiн анықтай алмайдым. Салыстырмалы есеп бойынша жарнама өзiн сонда да ақтайды. Мұнда жарнаманың экономикалық тиiмдiлiгi жарнаманың сату көлемiне тигiзетiн әсерiмен анықталады.

    Қазiргi кезде жарнама тарату құралдарының көптеген түрлерi қалыптасқан.

    Жарнама түрлерi және оны тарату құралдары:

  • Тiкелей жарнама: пошта хаттары, баспа материалдары; пошта арқылы видеокассеталар, видеодисктер
  • Баспа жарнамасы: анықтамалар, каталогтар; пресс – релиз, баспасөз хабарламасы; буклет; анықтама;
  •   Баспасөз жарнамасы: Газеталар мен   журналдар:
  •   Хабар жарнамасы: Радиожарнама мен тележарнама:
  •   Сыртқы жарнама: үлкен габариттiк плакат; газжарығы құрылымдар; роллер; мультивизио плакаты; электронды панносы;
 

Пайдаланған әдебиеттер 

    1. “ПР және жарнама” Ж. Бекболатұлы, Алматы - 2010 жыл
    2. "Қазақ Энциклопедиясы"
    3. “Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі.”  Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006.
 
 
 
 

Сілтемелер

    1. www.e.gov.kz
    2. wikipedia.org
    3. www.masa.kz
    4. studentochka.kz
    5. topreferat.com
    6. www.bazernet.kz
    7. kaztube.kz
    8. kk.wikipedia.7val.com
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Аннотация

      Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamoжар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т.б.) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген Жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді. Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы Жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) Жарнама, хабарламалық Жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі Жарнама, көше Жарнамасы (плакат, афиша), ауызша Жарнама, баспалық Жарнама т.б. Жарнаманың қарапайым түрлері б.з.б. пайда болды. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде Жарнама хабарландыруларын ағаш тақтайларға жазып, халық көп жиналатын алаңдарда айғайлап жар салатын болған. Баспаға басылған Жарнамалар Англия мен Францияда 17 ғ-да пайда болды. Жарнама қазақ халқына да ежелден белгілі. Оның ауызша үлгілері фольклорлық әдебиетте “жарлық шашу”, “жар салу” ұғымдарымен берілген. Жарнама үлгілері “Қобыланды батыр”, “Мұңлық-Зарлық” және “Оғызнама” жырларында бар. 19 ғ-дың аяғында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінде саяси-экон. мәселелерге байланысты, оқу-ағарту, әдебиет және өнер-білім бойынша Жарнамалар берілген. 20 ғ-да Жарнаманың мақсаты мен мазмұны кеңейіп, икемділігі артты, Жарнама тілінің ішкі құрылымы сараланды. Нарықтық экономиканың қанат жаюына орай Қазақстанда жарнамалық қызмет түрлері сан алуан болып дамуда. Жарнама стратегиясымен айналысатын Жарнама компаниялары пайда болды. Жарнаманың бір түрі — афиша (affіcher — хабарландыру, іліп қою). Театр афишалары — спектакльдер және басқа да көңіл көтеретін шаралар туралы хабарландырулар. Афишалар театрдың алдына, көшелерге, алаңдарға және басқа да көпшілік жүретін орындарға ілінеді. Жарнама - тауарларға сұранымды қалыптастырып, ұлғайту мақсатында олардың қасиеттері мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты тиімді бағытта тарату.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мазмұны 

Аннотация ............................................................................................2

Кіріспе.....................................................................................................3

I бөлім. Жарнама  туралы түсінік..........................................................6

    1. Жарнама дегеніміз не ?.............................................6
    2. Жарнаманың негізгі функциялары........................
    3. Жарнаманың мақсаты.............................................
    4. Жарнаманың талаптары.........................................
    5. Жарнаманың қызметі.............................................
    6. Түрлері.......................................................................
    7. Формалық стильді анықтау.....................................

 II бөлім. Ақпарат беру құралдары бойынша жарнаманы жіктеу....

      2.1.     Сыртқы жарнама.................................................................

               2.2.     Көліктегі жарнама............................................................

      2.3.    Теледидардағы жарнама.................................................

      2.4.     Радиодағы жарнама...........................................................

      2.5.     Жүгірпе жол........................................................................

III бөлім. Прогрессті алға бастыратын сала – жарнама

      1. 3D – технология........................................
      2. Sms\mms жарнамасы
      3. Интерактивтік проекциялау
      4. Мобилді жарнама
      5. Голографиялық экран
      6. Сенсорлық экран

Қорытынды........................................................................

Пайдаланған әдебиеттер........................................................

Сілтемелер................................................................................

         

Информация о работе Жарнама туралы түсінік