- Өлшемі
Бүгінгі күні Қазақстанда
жарнамалардың 3 м. Х 6 м. өлшемді сериялық
тақталар көп тараған.
Плакаттардың салдарлы өлшемдері
- 9 ш. м.-ден 36 ш. м. – ге дейін – суретке
күш және айбат береді. Көлемі ұлғайтылған
жарнама бейнесі (сүт
пакеті, шоколад бөліктері
және т.б.) назар аударып қана қоймай,
таң қалдырары сөзсіз. Жарнаманың шығар
бөлігі кеңістігін ұлғайту тақтаның ауқымын
ғана үлкейтіп қоймай, тың шығармашылық
шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
- Жарықтандыру
Жарықтандыру жарнама
плакатының әсерін еш жоғалтпайды. Қоғамдық
биллбордтардағы жарнама күні-түні, жұмыс
күндері де, мереке күндері де жұмыс істейді.
Жарнама берушіге прайм-тайм немесе қарбалас
кезең үшін қосымша қаражат төлеудің қажеті
жоқ: биллбордтарға арналған прайм-тайм
тәулігіне 24 сағат қызмет етеді. Қуаты
күшті лампылармен жарықтандырылған биллборд
кешқұрым сағаттарда және қараңғы түнде
жолдың көңілсіздігін жасырып, көздердің
шаршауына жол бермейді және жүргізушіге
өзіндік маяктармен қызмет етіп отырады.
- Орналастыру
Оқшау тұрған тақталар,
ереже бойынша қозғалыс көп трассалар
мен магистральдарға, көлік ағындарының
көп болатын қиылыстарына, жекелеген жолақтар
бойында орналастырылады. Тақталардың
маңызды бөлігінің екі жағы болады. Бөлінген
жол жолақтарында орналасөан тақталарға
жақтарды таңдау маңызды роль атқармайды.
Көлік ағынына көлденең орналастырылған
тақталардың беткі жағына байланысты
құны артқы бетінінің құнынан 30 пайызға
артық.
«Призмавижен»
құрылғысында орналасқан
жарнама.
Жедел және қайталанып ауысып отыратын
тақтадағы үш бейне – бұл жаңа идея емес.
Адамның көзі кеңістіктегі аздаған өзгерістерді
тез байқайды. Американ ғалымдарының зерттеуінше,
2000 –нан астам адамның 91 пайызы өзгеріп
тұратын бейнелерді байқаса, жүргіншілердің
19 пайызы ғана аналогтық статистикалық
суреттерді байқайды екен.
Призмаларды қолдану
техникалық және жарнамалық мақсаттар
үшін өте таптырмас әрі сәтті шешім болды.
«Prismavision» құрылғысының үсті тығыз орналасқан
үшжақты призмадан тұрады, өз осінің айналасында
осы призмалар айналып тұратындықтан
бейне өзгеріп отырады. Үш суреттің тез
өзгеруі (бір секунд ішінде) және «болжамсыз
фактор» мен кезекті сюжеттің айқындылығы
адамның назарын аударып қана қоймай,
оны эмоционалды жағдайда ұстайтынын
атап өту керек.
- Өлшемі
Заманауи техникалық
әлеует кез келген өлшем құрылымын жинауға
мүмкіндік береді – үштен жүзге дейін
призма қолданылатын үлкендеуінен бастап
(0,6 м. х 0,6 м) көлемділеріне дейін (24 м. х
8 м), - және бірнеше жарнама орналасатын
бірөлшемділері де кездеседі.
- Жарықтандыру
«Prismavision» үшін
галогенді жарықтандырғыштармен немесе
күндізгі жарық лампалы сыртқы жарықтандырғыштар
пайдаланылады.
- Орналастыру
Сыртқы жарнамада
«Prismavision» құрылғысын орналастырудың
төрт тәсілі қабылданған – оқшау тұратын,
қабырғаларға ілінетін, шатырлық және
ілінетін. Оқшау тұрған «Prismavision» құрылғылары
көпшілік жағдайда жарнаманың сериялық
орналасуына қолданылады. Олар стандартты
формада, өлшемдегі биллбордтарда - 3 м.
х 6 м беріледі. Мұндай құрылғылар кең даңғылдар
мен қозғалыс көп қиылыстарда орнатылады.
Қабырғада тұратын
«Prismavision» құрылғысы қабырғаға бекітіледі
немесе қабырғаға перпендикуляр орнатылады.
Олардың формасы мен өлшемі үлкен қашықтықта
өзгеріп отырады.
«Prismavision» төбе құрылғысы
имидждік жарнамаға арналған. Элита ауданында
орналасқан үй шатырларын пайдалану жарнама
орнын іздеуде мәселені шешіп қана қоймайды,
әрине мұндай жарнаманың беделін арттырады.
-
«Prismavision» төбе құрылғысының көлемдірек
болуы және тиімді орналасуы жаяу жүргіншілерді
ғана емес, көлік кептілісіндегі жүргізушілердің
де назарынан тыс қалмайтыны анық.
Аялдамалардағы
және лайтпостерлердегі
жарнама.
Көлікті күте отырып жолаушылар түрлі
бояулы плакаттарға қарайды. Көбінесе
мұндай байланыс ұзақтығы аздаған секундтардан
тұрмайды, көлік күтудің бар кезеңінде
10 минутқа дейін болуы мүмкін.
- Өлшемі
Жарнама өрісінің стандартты
өлшемі - 1,2 м. х 1,8 м. Жарнама ілінетін тақтаның
биіктігі - 2 м.-ден 2,3 м., құрылымның түріне
байланысты; мұндай биіктік суреттің жаяу
жүргіншінің және жүргізушілер мен жолаушылардың
көз деңгейіне мөлшерлес болады.
Барлық павильондар мен
лайтпостерлер екі жарнамалық жақ пен
ішкі жарықтанғыштан тұрады. Павильондардағы
жарықтандырылған жарнама тақталары кешке
және түнгі мезгілдерде ерекше көзге түседі,
жарнама плакаттары тәулік бойы қызмет
етеді және жоғары дәрежеде жарнамаға
тиімдірек. Сонымен бірге, олар жарнама
бейнелерінің тартымдылығын күшейте түскен
сайын қауіпсіздікті сезінуге әсер етеді.
- Орналастыру
Павильондардың функционалдығы
мен лайтпостерлердің аздаған өлшемдері
оларды қаланың орталық аудандарына –
көлік көп шоғырланған магистарлдар,
қиылыстарда, сонымен
қатар жіңішке тротуарлар
мен жүргіншілер өткелдері
тұсына орналастыруға мүмкіндік береді.
Ұстамды дизайн
мен пайдалылығының арқасында павильондар
жеңіл әрі тиімді түрде кез келген қала
ортасына кіреді. Жеңіл, тұнық, олар ескі
көшелердің үйлесімді бейнесін бұзбайды,
тіпті қаланың өзге де беделді аудандарындағы
тарихи бөліктеріне де орнатуға болады.
Ғимарат
шатырына орнатылатын
жарнама құрылғылары.
Бағалы, бірақ сыртқы жарнаманың өте беделді
және элитарлы түріне жататын түрі жарық
шатыр құрылғылары болып табылады. Шатыр
құрылғыларындағы имидждік жарнама фирманың
өркендеуін, тұрақтылығын және қаржылық
жетістігін айқындайды. Бірнеше шақырымнан
көрінетін, орталық және басты магистарльдарда
орналасқан жарнамалық құрылғылар кез
келген фирманың қаладағы сәтті қызметін
білдіретін визит карточкасы болып табылады.
- Өлшемі
Құрылғы габариттері
нақты тапсырыстың талаптарымен анықталады.
Құрылғы биіктігі, ереже бойынша, 1 метрден
кем болмауы тиіс, алайда тым желбіреп
кетпес үшін 5 метрден аспауы тиіс. Шатыр
құрылғысының ұзындығы жарнама мазмұны
мен төбе өлшеміне байланысты анықталады.
- Орналастыру
Жарық үй шатыры жарнамасын
орнату үшін маңызды
көшелер, магистральдар
мен орталық даңғылдар
қолайлы. Көзге көрнекілеу болуын қамтамасыз
ету үшін көбінесе алыстан көрінетін бұрышта
орналасқан ғимараттар таңдалып алынады.
Ғимарат
қабырғаларындағы жарнамалық
винилді панно.
Кез келген өлшемдегі түрлі бейнелерді
басып шағыруға және оларды винилді қағазға
басуға мүмкіндік беретіндей компьтерлік
технологияның пайда болуымен бірге сыртқы
жарнамаға жаңа дәуір туды. Тіпті кішкентай
клиенттердің өзіне өзін Ұлы сезінердей
қайталанбас мүмкіндік пайдал болды. Жарнама
өлшемі тек қабырғаға арнайы сурет керіліп
қойылатын кәсектің көмегімен ілінетін
баспа өлшемінен ғана шектеледі. Суретшілердің,
фотографтардың, әрлендірушілердің үлкен
өлшемді паннодағы таптырмас қиялдарын
іске асыру және оларды қажет жағдайда
тираждау айтарлықтай проблема емес.
Мұндай жарнаманың
ұзақтығы, ауа-райының қолайсыздығына
төзімділігі, үлкен өлшемі мен түрлі бояулары
оның даңқын асқақтатуды қамтамасыз етті.
Олардың қызмет ететін кезеңі полиграфиялық
плакаттармен салыстырғанда, аймен емес
жылдармен есептеледі. Флекс жаңбырға,
қарға және желге төзімді болып келеді.
Флекстің сақталу ұзақтығы – 5 жыл. Бояулардың
төзімділігі мен айқындығы сурет бейнелеген
технологияға байланысты. Ереже бойынша,
толыққанды бейнеленген суреттер үш жылға
дейін өңін жоғалтпайды. ММТ технологиясы
бойынша дайындалған винилдік панно өзіндегі
бояулар мен сурет ақындығын 7 жылға дейін
жоғалтпайды.
- Өлшемі
Винилдік панно 1 ш.м-ден
250 ш.м дейін, қажет жағдайда одан да үлкен
өлшемде болуы мүмкін
Дисплейдегі
жарнама
Көлемді электрондық дисплейлер сыртқы
жарнаманың тиімді түріне айналғалы біршама
уақыт болған. Көз тартар суреттер мен
түрлі-түсті бояулардың қанықтығы еріксіз
бас бұруға және келесі сюжеттің ауысуын
күтіп бақылауға мәжбүрлейді.
Үлкен экрнаннан
көрсетілетін мәтіндік ақпарат,
компьютерлік графика,
бейнероликтер жадыда ұзақ уақыт қалардай
әсер етеді. Үлкен бейнеэкрандар электрондық
динамикалық жарнама мен сыртқы жарнама
беруде өзіне бар жақсыны қамтыған.
Толықтүсті
газоразрядты панель негізіндегі электрондық
экрандар кез келген мәтіндік, графикалық
және бейнеақпаратты беруге қабілетті.
Түстік гамма шексіз (4096 түс), сондықтан
сансыз түрлі нюанстарды шығаруға мүмкіндігіміз
бар.
Электрондық
дисплейлер үздіксіз әсерімен сыртқы
жарнаманың сенгісіз құндылықтарының
бірі болып отыр. Жарнама роликтерін көрсету
бір минутқа да тоқтамайды. Ақпараттық
және жарнамалық сюжеттер бір бірін алмастырып,
әр 5-10 минут сайын қайталанып отырады.
5 минуттық цикл кезінде бір ролик тәулігіне
320 рет айналады. Осындай жағдайда 15 секундтық
бір роликті таныстырудың жинақты уақыты
күні бойы – бір жарым сағат.
- Өлшемі
Дисплей өлшемі оның
орналасқан орны мен шолу мүмкіндігіне
байланысты. Бейнеэкрандан көлемі 2,5 ден
200 ш. м.-ге дейін, бірақ өлшемі шектелмеген,
себебі бейнеэкрандар стандартты модульдерден
жинақталады.
- Орналастыру
Экрандарды дайындайтын
жаңа технологиялар және оларды компьютердің
көмегімен меңгеру оларды кез келген орынға
– ғимарат шатырына және жеке тұрған құрылымдарға
орнатуга мүмкіндік береді.
ҚР
заңнамасына сәйкес
сыртқы жарнаманы орнату
талаптары:
Елді
мекенде сыртқы жарнаманың (визуалды)
объектісін орнатпас бұрын сізге мыналар
қажет:
Біріншіден. Жергілікті атқарушы органға
қағаз жүзінде келесі тармақтарды көрсете
отырып өтініш беру:
- Өтініш берушінің
аты-жөні, тегі, әкесінің аты, пошталық
мекен-жайы (болса
- телефон, факс), салық төлеушінің тіркеу
нөмірі (СТН) немесе жеке идентификациялық
номер (ЖИН) – жеке тұлғалар үшін;
- Заңды тұлғаны
мемлекеттік тіркеу туралы мәлімет, ұйым
атауы, жетекшінің аты, тегі, әкесінің
аты, пошталық мекен-жайы (болған жағдайда
- телефон, факс), салық төлеушінің тіркеу
нөмірі (СТН) немесе бизнес-идентификациялық
нөмір (БИН) – заңды тұлға үшін;
- Сыртқы жарнама
(визуалды) нысанын бекіту және басты
параметрлері;
- Өтініш берушінің
таңдаған орнату орнын негізге ала отырып,
сыртқы жарнама нысанының болжалды орнының
мекен-жайы.
Рұқсат
алуға арналған өтінішке
мыналар қоса беріледі:
- Сыртқы
(визуалды) жарнама нысанын орналастыруға
ұсынылып отырған объект немесе жер теліміне
құқықбекітетін құжаттың немесе объект
иесімен бекітілген, мазмұнында кондоминиум
нысаны басқармасы органымен немесе өзге
де құқыққа ие тұлғалармен сыртқы жарнама
(визуалды) нысанын орналастыру ұсынылып
отырған, сыртқы (визуалды) жарнама
нысанын орнату турады келісім-шарттың
нотариуспен заңдастырылған көшірмесі.
- Сыртқы
(визуалды) жарнаманың түнгі және күндізгі
нысанының, сыртқы (визуалды) жарнаманы
орналастыруға ұсынылған нысанның кескін
эскизі, сыртқы (визуалды) жарнама
нысанын функциялауды инженерлік қамтамасыз
ету жөніндегі шешім.
- Егер құрылыс-монтажды
жұмыстардың өткізілуімен сыртқы (визуалды)
жарнаманы орнату немесе орналастыру
байланысты болған жағдайда, ол объектіге
жаңа объектілер салуға және ескі объектілерді
жаңартуға рұқсат беру шараларын өткізу
ережелері сай келеді.
- Сыртқы
(визуалды) жарнама объектісін орнатуға
және жер телімін пайдалануға берілетін
рұқсат құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісіне
берілетін құқықпен алмастырылмайды.
- Жергілікті
атқарушы орган сыртқы (визуалды) жарнама
объектісінің ұсынылған мекен-жайларын,
орналастыратын жерін, түрін (формасы,
типі) көрсету арқылы, оның жұмыс режимін,
берілген рұқсаттың басталу және аяқталу
мерзімдерін, сыртқы (визуалды) жарнама
объектісіне қойылатын талаптар мен оның
техникалық қолдануының берілгені туралы
шешімнің жобасын дайындайды.
Екіншіден. Сыртқы (визуалды)
жарнама объектісін орналастыру жергілікті
атқарушы органмен берілген рұқсат арқылы
ғана жүзеге асырылады, рұқсат осы ереже
қосымшасына сәйкес формада рәсімделеді.
Рұқсат тек біржылға ғана беріледі.
Жергілікті атқарушы
орган өтінішті алған күннен бастап он
күн ішінде сыртқы (визуалды) жарнама
объектісін орналастыруға рұқсат немесе
хат түрінде дәйекті бас тарту жауабын
беруі тиіс.
ҚР
салық кодексіне
сәйкес сыртқы жарнамаға
салынатын салықтар.
Республикалық маңызды жалпы қолданыстағы
автомобиль жолдары жиегіндегі жарнама
объектісінің екі жақты жер алаңы үш шаршы
метрге дейінгі сыртқы (визуалды) жарнаманы
орналастыруға төленетін жыл сайынғы
салықтар (ҚР салық
кодексінің 530 бабы)
тең бекітіледі.
№
р/с |
Жол
санаты |
Төлем
құны (АЕК) |
1 |
2 |
3 |
1. |
Жолға жақындау |
25 |
2. |
I, II |
20 |
3. |
III |
10 |
4. |
IV |
5 |
|
|
|
|
№
р/с |
Жарнама
түрлері |
Жылжымайтын
мүлік объектілері
төлемдерінің құны (бір
жағына) (АЕК) |
Республикалық
маңызды қалалар
және астана |
Облыстық
маңызы бар қала |
Аудандық
маңызы бар басқа
қалалар, ауыл, селолар |
1. |
Көлемі 2 ш.м дейінгі
көрсеткіштер, маңдайшалар, ақпараттық
тақталар (бір объект үшін) |
2 |
1 |
0 |
2. |
Лайтбокстар (сити-форматта) |
3 |
2 |
1
|
3. |
Жарнамалық-ақпараттық
объектілер (көлемдері төмендегідей): |
|
|
|
3.1. |
2 ден 5 ш. м
дейін |
5 |
3 |
1
|
3.2. |
5 тен 10 ш.
м дейін |
10 |
5 |
2
|
3.3. |
10 нан 20 ш.
м дейін |
20 |
10 |
5
|
3.4. |
20 дан 30 ш.
м дейін |
30 |
15 |
5
|
3.5. |
30 дан 50 ш.
М дейін |
50 |
20 |
10
|
3.6. |
50 ден 70 ш.
м дейін |
70 |
30 |
15
|
3.7. |
70 ш. м жоғары |
100 |
50 |
25
|
4. |
Шатырға қойылатын
неожаңа жарнама құрылымдары (светодинамикалық
панно немесе көлемді ноежаңа
әріптер): |
|
|
|
4.1. |
30 ш. м дейін |
30 |
20 |
10
|
4.2. |
30 ш.м. дейін |
50 |
30 |
10
|
5. |
Палаткалар, тенттер,
шатырдағы, қалқалардағы, жалау, жалаушалардағы
жарнама: |
|
|
|
5.1. |
5 ш. м дейін |
1 |
1 |
0
|
5.2. |
5 тен 10 ш.
м дейін |
2 |
1 |
0
|
5.3. |
10 ш. м жоғары |
3 |
2 |
1
|
6. |
Уақытша орналасқан
дүңгіршектеп мен павильондардағы жарнама: |
|
|
|
6.1. |
2 ш. м дейін |
2 |
1 |
0
|
6.2. |
2 ден 5 ш. м
дейін |
2 |
1 |
0
|
6.3. |
5 тен 10 ш.
м дейін |
3 |
2 |
1
|
6.4. |
10 ш. м жоғары |
8 |
4 |
2
|
7. |
Алып жүреітін
жарнамадық құрылымдар (штендерлер) |
10 |
5 |
1 |
|