Ақша туралы қысқаша түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 16:57, реферат

Краткое описание

Ақша дегеніміз – тауардың тауары, оның өз бойында түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттардың қандайына болса да айнала алатын сыйқырлы құрал. Құнының ақшалай нысанасының бекуімен байланысты баға пайда болады.
Ақша ерте заманнан адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған соңғы фраза болып табылмайды.
Ең бірінші ақша қағаз жүзінде емес тиын жүзінде қолданылды.

Файлы: 1 файл

Ақша туралы қысқаша түсінік.docx

— 20.18 Кб (Скачать)

Ақша туралы қысқаша түсінік

Ақша дегеніміз – тауардың тауары, оның өз бойында түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттардың қандайына болса да айнала алатын сыйқырлы құрал. Құнының ақшалай нысанасының бекуімен байланысты баға пайда болады.

Ақша ерте заманнан адамзат  пайда болуымен қатар өмір сүріп  келеді ғасырлар бойы ақша өзгеріп  отырған және бүгінде олардың  жағдайы аяқталған соңғы фраза  болып табылмайды.

Ең бірінші ақша қағаз  жүзінде емес  тиын жүзінде қолданылды. Біздің заманымызға дейінгі тиын ақшаның өзі болмаған кезде айырбас  құралдары, яғни жем, ұн, қой сияқты заттарды айырбастап өз тамақтарын таба билген. Ең бірінші тиын ақша Италия мемлекетінде VII ғасырда пайда болған. Ол күннің өзінде де ақшаның саны белгісіз болды және сол тиын ақшалар алтын, күміс, мыс, қола ретінде өз айырмашылықтарын көрсетті.

Ең бірінші қағаз ақша Қытай мемлекетінде XII ғасырда пайда  болды. Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақыттарда ақшаның пайда болуы  осы күнге дейін нақ біркелкі шешімін тапқан емес.

Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып ақшаны белгілі шарт адамдар арсындағы саналы келісім  нәтижесі ретінде қараған. Басқа  бағыттардағы мектептің өкілдері ақшаны мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған.

Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:

● Ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;

●  Онда абстракты еңбек болатындығын;

● Тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатынын көрсетеді ;

● Тауар мен ақша арасындағы бірлікте қарама – қарсы қаишылықта тұтыну құны арқылы көрінеді.

Мысалы, өндіруші қоғамға қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды, оны ақшаға айналдыра алмастырады. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамның қажетті де оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны болып есептеледі.

Егер жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне, тауар мен ақша арасындағы бірлікте қарама-қайшылық осылай түсіндіріледі. Ақша тауарлы шаруашылыққа адамдардың қоғамдық қатынастарын бейнелейді. Яғни, ақша - зат емес, адамдардың арасындағы айналыс құралы.

Қағаз ақшалар өте ертеде Қытайда даму алған. Олардың металл ақшалар айналысын айырбас құралы ретінде атқаратын қызметінен шыққан. Өйткені металл ақшалар айналыс  қызметін атқара отырып, тұтынуда тозады, салмағы кемиді, құны азаяды.

Монетаның номиналды және нақты мазмұнының айырмашылықтары  бар. Сөйтіп келе–келе олардың орнын  қағаз ақшалар басқан. Егер қағаз  ақшалар тауар айналысына қажетті  мөлшерде шығарылатын болса, онда бұл  ақшаның нақты сатып алу қабілеттілігі  олардың номиналдық алтын  мазмұнына  сәйкес келетін болады. Ал егер ақша массасы тауар массасынан көп  шығарылса, онда ол құнсызданады, инфляцияға ұласады.  Инфляция белгілі елдің  айналыстағы қағаз ақшасының  шамасынан тыс көбейтіп кетуі  салдарынан оның құнсыздануы.  Инфляция қағаз ақшаның алтынмен сылыстырғанда  құнының төмендеп кетуінен туады, тауарлар бағасының көтерілуіне әсер етеді. Осыған байланысты қағаз ақшаның  ресми құнын өзінің түұрақты қалпына  келтіру. Ол үшін бағасы төмендеп кеткен ақшаларды айналыстан шығарып оның орнына толықтыратын құнды кредит билеттерін шығару (ашық девольвация), яғни айналыстағы  қағаз ақшаның ресми құнын  төмендету (бүркемелідевольвация) мақсатымен ақша реформасын жүргізу. Ұлттық ақша өлшемінің алтындық мазмұнын кеміту және оның шетел валютасымен қатынас  курсын төмендетеді.

Ревальвация – ақша курсын көтеру. Алтын не шетел валютасымен салыстырғанда мемлекеттік қағаз ақша курсының өсуі. Ревальвация ақшаны тұрақтандыру мен бағаның инфляциялық өсуіне қарсы ықпал етуінің белгілі бір әдісі. Сондықтан ақша тауар өндірісінің қажетті элементі. Оның тауарлық дүниесіндегі ерекшелігі: ақша жалпы эквивалент рөлін атқарады, бүкіл тауардың құнын өлшеуші.

Ақшаның қызметі

 Ақшаның қызметі - құн өлшеуші, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау, дүниежүзілік ақшалар.

1. Құн өлшеуші - ақшаның  ең бірінші және басты қызметін атқарады. Мұнда ол жалпы эквивалент қызметін атқарады.

Тауардың құны ақша арқылы анықтады. Мұндай қызметтің өзіндік құны бар. Бұны тауар ғана атқара алады. Құн өлшеуші қызметін алтын ғана атқара алады.

2. Ақшаның пайда болуымен байланысты бір тауардың екінші бір тауарға тікелей айырбасталды. Мұндай қызметті атқару үшін нақты ақша не ақша белгісі қажет, өйткені тауар нақты ақшаға, ал ақша тауарға тікелей айырбасқа түседі.

3. Әсіресе, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен эканомикалық қатынастар шеңберінің ұлғаюымен ақша төлем құралы ретінде маңызды рөль атқарады. Бұл жерде қолма–қол ақшаға байланысты міндеттері емес. Оның қызметін кредиттік ақшалар атқарады. Соңғы кезде айырбас құралы ретінде тек қана банкноттар,  чектер , қағаз ақшалар емес , кредиттік карточкалар да кеңінен дамуда, қазына жинау тауар өндірудің обьективті қажеттілігінен туындайды.

Ақшаның әлемдік аренаға  шығуымен байланысты ол өзінің ұлттық мундирін алып тастап, алғашқы бағалы металдар қорытпалы түрінде қызмет атқарады:

1. Халықаралық төлем құралы;

2. Халықаралық сатып алу, сату құралы;

3. Қоғамның байлығын сипаттаушы құрал.

Ақша техникалық құрал  емес, ол экономикалық категория. Адамдар  арасындағы өндірістік қатынастарды көрсетеді. Ақша қатынастарының сипаты тауар өндірісінің  типімен анықталады. Сондықтан ақша қызметінің әр қилы өндіріс тәсілдеріне  ұқсастықтарына қарамастан әлеуметтік–экономикалық  мәнінде ерекшеліктері орын алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

  1. Ақша туралы қысқаша түсінік
  2. Ақшаның қызметі

Информация о работе Ақша туралы қысқаша түсінік