Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 16:16, реферат
Ақша дегеніміз – тауардың тауары, оның өз бойында түрде барлық басқа тауарлар болады , егер керек болса , қызығарлық және тілеген заттардың қандайына болса да айнала алатын сыйқырлы құрал .Құнының ақшалай нысанасының бекуімен байланысты баға пайда болады . Баға – құнның ақшалай көрінісі . Оның құнын жоғары да , төмен де , тең де болуы мүмкін . Бұл өз алдына талдауды талап етеді . Табиғат өздігінен ақшаны да , банкирді де туған емес . Эканомиканың қатынастардың дамуы мен байланысты алтынға да осындай қасиетті қоғам берген
Ақша туралы қысқаша түсінік
Ақша дегеніміз –
тауардың тауары, оның өз бойында түрде
барлық басқа тауарлар болады , егер
керек болса , қызығарлық және тілеген
заттардың қандайына болса да
айнала алатын сыйқырлы құрал .Құнының
ақшалай нысанасының бекуімен байланысты баға пайда болады . Баға –
құнның ақшалай көрінісі . Оның құнын жоғары
да , төмен де , тең де болуы мүмкін . Бұл
өз алдына талдауды талап етеді . Табиғат
өздігінен ақшаны да , банкирді де туған
емес . Эканомиканың қатынастардың дамуы
мен байланысты алтынға да осындай қасиетті
қоғам берген . Адамдардың алтынды ақша
ретінде қайталануы , оның осы қасиетін
түсіндірген . Сондықтан, ақша ерекше тауар,
ол тауарлар дүниесін жеке дара бөлініп
шығып , жалпы эквивалент рөлін атқарады
. Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде
мынадай ерекшеліктері бар .
Ол нақты бір заттың , қоғамдық тұтыну
құнының болатындығын ;
Онда абстракты еңбек болатындығын ;
Тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық
еңбектің бір бөлшегі болып табылатынын
көрсетеді ;
Тауар мен ақша арасындағы бірлікте қарама
– қарсы қаишылықта тұтыну құны арқылы
көрінеді . Мысалы ; өндіруші қоғамға қажетсіз
тауарды шығарса , ол сатылмайды , оны ақшаға
айналдыра алмастырады .
Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамның
қажетті де оның мүшелерінің қажетін де
қанағаттандыра алмағаны болып есептеледі
.
Егер жеке қажеттілікті қанағаттандырса
ол тез арада өтіп кетеді , ақшаға айналады
. Міне , тауар мен ақша арасындағы бірлікте
қарама-қайшылық осылай түсіндіріледі
. Ақша тауарлы шаруашылыққа адамдардың
қоғамдық қатынастарын бейнелейді . Яғни
, ақша- зат емес , адамдардың арасындағы
айналыс құралы . Ақшаның қызметі ; құн
өлшеуші , айналыс құралы,
төлем құралы , қазына жинау , дүниежүзілік
ақшалар .
1. Құн өлшеуші - ақшаның ең бірінші және
басты қызметін атқарады .
Мұнда ол жалпы эквивалент қызметін атқарады
. Оның мәні барлық
Тауардың құны ақша арқылы анықтады . Мұндай
қызметтің өзіндік құны
бар . Бұны тауар ғана атқара алады . Бұдан
шығатын қортынды , бар
жағдайда құн өлшеуші қызметін алтын ғана
атқара алады .
2. Ақшаның пайда болуымен байланысты бір
тауардың екінші бір
тауарға тікелей айырбасталды .(Т-Т ) , бірғана
тауар айналымына (Т-А-Т)
яғни ақша арқылы тауар аралық , яғни айырбас
қызметін атқарады .
Мұндай қызметті атқару үшін нақты ақша
не ақша белгісі қажет ,өйткені
Тауар нақты ақшаға , ал ақша тауарға тікелей
айырбасқа түседі .
3. Әсіресе , халықаралық еңбек бөлінісінің
тереңдеуімен эканомикалық қатынастар
шеңберінің ұлғаюымен ақша төлем құралы
ретінде маңызды рөль атқарады . Бұл жерде
қолма – қол ақшаға байланысты міндеттері
емес . Оның қызметін кредиттік ақшалар
атқарады . Соңғы кезде айырбас құралы
ретінде тек қана банкноттар ,
чектер , қағаз ақшалар емес , кредиттік
карточкалар да , кеңінен дамуда
қазына жинау тауар өндірудің обьективті
қажеттілігінен туындайды ,
әрбір тауар өндіруші өзіне -өзі тауарлардың
өту - өтпеуіне қарамастан
қандай жағдайда болсын , басқа бір тауарды
сатып аларлықтай , кез –келген затқа
әрдайым айырбастан белгілі бір мөлшерде
ақша қоры
болуы шарт . Тауар ақша қатынастарының
шеңберінен шығып , дүниежүзілік рынокты
қамтмасыз етуі оның дүниежүзілік қызметін
көрсетеді .Ақшаның әлемдік аренаға шығуымен
байланысты ол өзінің ұлттық мундирін
алып тастап, алғашқы бағалы металдар
қорытпалы түрінде
қызмет атқарады: 1. халықаралық төлем
құралы.
2. халықаралық сатып алу, сату құралы.
3. қоғамның байлығын сипаттаушы құрал.
Қағаз ақшалар өте ертеде Қытайда даму
алған . Олардың металл
ақшалар айналысын айырбас құралы ретінде
атқаратын қызметінен
шыққан . Өйткені металл ақшалар айналыс
қызметін атқара отырып ,
тұтынуда тозады , салмағы кемиді , құны
азаяды .
Монетаның номиналды және нақты мазмұнының
айырмашылықтары бар . Сөйтіп келе – келе
олардың орнын қағаз ақшалар басқан . Егер
қағаз ақшалар тауар айналысына қажетті
мөлшерде шығарылатын болса, онда бұл
ақшаның нақты сатып алу қабілеттілігі
олардың номиналдық алтын (Жекелік құқық
бұзушылық кодексінің 13 бабына сәйкес
әкімшілік жауаптылық )мазмұнына сәйкес
келетін болады . Ал егер ақша массасы
тауар массасынан көп шығарылса, онда
ол құнсызданады, инфляцияға ұласады.
Инфляция белгілі елдің айналыстағы қағаз
ақшасының шамасынан тыс көбейтіп кетуі
салдарынан оның құнсыздануы. . Инфляция
қағаз ақшаның алтынмен сылыстырғанда
құнының төмендеп кетуінен туады, тауарлар
бағасының көтерілуіне әсер етеді. Осыған
байланысты қағаз ақшаның ресми құнын
өзінің түұрақты қалпына келтіру. Ол үшін
бағасы төмендеп кеткен ақшаларды айналыстан
шығарып оның орнына толықтыратын құнды
кредит билеттерін шығару (ашық девольвация),
яғни айналыстағы қағаз ақшаның ресми
құнын төмендету (бүркемелідевольвация)
мақсатымен ақша реформасын жүргізу. Ұлттық
ақша өлшемінің алтындық мазмұнын кеміту
және оның шетел валютасымен қатынас курсын
төмендетеді.
Ревальвация – ақша курсын көтеру. Алтын
не шетел валютасымен салыстырғанда мемлекеттік
қағаз ақша курсының өсуі. Ревальвация
ақшаны тұрақтандыру мен бағаның инфляциялық
өсуіне қарсы ықпал етуінің белгілі бір
әдісі. Сондықтан ақша тауар өндірісінің
қажетті элементі. Оның тауарлық дүниесіндегі
ерекшелігі: ақша жалпы эквивалент ролін
атқарады, бүкіл тауардың құнын өлшеуші.
Ақша техникалық құрал емес, ол экономикалық
катагория. Адамдар арасындағы өндірістік
қатынастарды көрсетеді. Ақша қатынастарының
сипаты тауар өндірісінің типімен анықталады.
Сондықтан ақша қызметінің әр қилы өндіріс
тәсілдеріне ұқсастықтарына қарамастан
әлеуметтік – экономикалық мәнінде ерекшеліктері
орын алады.
Тауар өндірісі капиталдық өндіріс әдісіне
өздерінің дамуының жоғары түрінде қол
жеткізеді және жалпылама сипатқа ие болады.
Өндірісті ұйымдастырудың натуралды түрі
қазіргі жағдайда да орын алуда. Мысалы
бақшагерлердің натуалды шаруашылықтары
- өнімді тек өзі үшін өндіру, егер өнімнің
бір бөлігін сату үшін бағыттаса, онда
ол ұсақ тауар өндірісіне айналады.
Қазіргі қоғамдық өндіріс – бұл дамыған
тауар өндірісіндегі тереңдеген еңьек
бөлінісің болуы және оның мамандануы.
Еңбек бөлінісі өндірістің өсуімен барынша
көп түрленеді және бөлшектене бастайды.
Бұл процесс барлық қоғамдық өндіріс салаларында,
әсіресе, өнеркәсіпте өте көрнекілікпен
байланысты. Мысалы, салалық және ішкі
салалық мамандарын айтуға болады, машина
жасауды алар болсақ, мұндағы мамандану
өте тең ауқымды. Энергетикалық машина
жасау, көліктік машина, тракторлы машина
жасау, автомобиль және т. б. Тамақ өнеркәсібінде
нан жабу, қант кондитерлік тағамдар, шай,
шарап, ет, сүт өнеркәсібі т. б.
Тарихи тағлымның көрсеткеніндей, таур
өндірісінің пайда болуы төмендегі үш
жағдайда жүзеге асырылады.
Ең ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің болуы;
Алғашқы тұрмыстың қауымдық қойнауында
және меншіктің пайда болуы;
Тауар өндірушінің экономикалық оқшаулануы;
Тауар өндірісінің екі түрі бар: жай және
капиталдық. Олар бір типті, себебі, оның
негізінде өндіріс құрал-жабдықтарына
деген жеке меншік және ол екеуі де өнімді
сату үшін өңдеді. Соған қарамастан олардың
өз арасында принципті айырмашылықтар
бар. Жай тауар өнірісі өнім тауарды өндірушінің
өзіндік еңбегімен жасайды. Мұнда жұмыс
күшін жалдау жоқ. Капиталдық тауар өндірісі
өнімді өндіріс құрал-жабдықтарды жалдамалы
жұмыспен жасайды.
Сөйтіп, қазіргі нарықтық қатынастар тек
қана кәсіпорын, шаруапшылықтың жоғарғы
тауарлық деңгейінің және тауар өндірушінің
экономикалық оқшаулануының негізінде
қолданылады, яғни еркін кәсіпкерлік пен
жеке меншік арқылы деген сөз. ҚР – да
жалпы еңбекке қабілетті тұрғындарының
сандарының 10-15 процент мөлшерде атомдық
кәсәпкерліктің әлеуметтік тобын қалыптастыру
қарастырылған. Бұл шамамен 100-120 мыңдай
кәсіпкерлікті құрамақ. Экономика игілінің
ерекше түрі «тауар» жиынтығы . Күнделікті
өмірде біз «тауар» сөзін қолданамыз.
Оның мағынасына аса мән бермейміз және
бұл ұғымды зат, өнім сөздеріне баламалаймыз.
Қазірде «тауар» тым ерте дүниеде пайда
болды. Ол көшпелі түрік тайпаларынан
алынған және сөзбе сөз алатын болсақ
«мүлік», «жақсылық» деген мағынаны білдіреді.
Ал теориялық экономикада «тауар» сөзі
ерекше мәнге ие болады. Адамдар қызметінің
нәтижесі бола алатын өнім тауар сөзіне
ие бола алады. Ол өзінің ғана емес басқа
да адамдардың тұтынуына арналған, яғни
айырбас үшін не сатып алуға – сатуға
бағытталған.
Құн – бұл тауарға сіңген қоғамдық еңбектің
айырбас арқылы байқалады. Карл Маркс
құнды адамдар арасындағы қатынас деумен
қатар, оны заттық қорғаныс қатынасы деп
толықтырды.
Заттардың пайдалылығы оладың адамдардың
анау-мынау сұранымын қанғаттандыру қасиеті
тұтыну құны деп аталады.
Құн айырбас құнымен тығыз байланысты.
Құн – тауарлардың негізгі ішкі қасиеті
болып табылса, айырбастау құны – бұл
құнның сыртқы негізгі қөрінісі болып
табылады.
Құн мен ақша ұғымы жүрген жерде әрқашан
да капитал ұғымы бірге жүреді. Капитал
дегеніміз де ақша, бірақ адамдардың еңбегінің
арқасында пайда болған ақшаның қоры.
Ақша айналасының нәтижесінде капиталдың
үлкен қоры пайда болады. Ал капиталдың
қорлануы біздің экономикамызға оң әсерін
тигізері белгілі нәрсе.
Авторлық құқық – санаткерлік меншік
саласында ғылым , әдебиет және өнер туындыларын
(авторлық құқық ),қоиылымдарды, орындаушылықты
, фонаграммаларды , эфирлік және кабельдік
хабар тарату ұйымдарының хабарларын
(сабақтас құқық ) жасауға және пайдалануға
байланысты туындайтын қатынастарды реттейді
.
Осы Заңның мақсаты үшін төменде көрсетілген
терминдердің мынадай мәні бар .
Автор – шығармашылық еңбегімен туынды
жасаған жеке тұлға .
Авторлық құқық - автордың мүліктік және
мүліктік емес жеке құқықтары .
Дыбыс бейнежазу туындысы - тиісті техникалық
құрылғылардың көмегімен көріп және естіп
қабылдауға арналып жасалған , өзара байланысты
кадрлар серияларынан құралатын туынды
.
Деректер базасы - деректер (мақалдар ,
есептер ,фактілер және сол сияқтылар)
жиынтығы , ол деректер материалдардың
ірітелуі немесе орналасуы жағынан шығармашылық
еңбектің нәтижесі болып табылады .
Қайта шығару – туындының немесе фанаграманың
бір немесе одан көп данасын кез-келген
материалдық нысанда , соның ішінде үнжазба
және бейнежазба нысанында дайындау .
Жазу – дыбыстарды және бейнелерді көп
рет қабылдауға , қайта шығаруға немесе
хабарлауға мүмкіндік беретін белгілі
бір материалдық нысанда техникалық құралдардың
көмегімен жазу .
Дыбыс бейне-жазу туындыларын дайындаушы
- осындай туындының бастамасы және жауапкершілігін
соның ішінде материалдық жауапкершілікті
мойына алған заңды жеке тұлға .
Санаткерлік меншік – шығармашылық қызметтің
обьектендірілген нәтижесіне ие меншік
.
Айрықша құқық – автордың немесе сабақтас
құқықтар иесінің туындысы , орындаушылықты
, фанаграмманы хабарды осы Заңмен белгіленген
мерзім ішінде өз қалауы бойынша кез-келген
әдіспен пайдалану жөніндегі мүліктік
құқығы .
Орындау- туындыны фанаграманы көрсету
, рөльді , әнді, биді орындап , техникалық
құралдардың көмегімен көрсету .
Орындаушы – актер ,әнші , музыкашы , биші
немесе рол ойнайтын ән салатын , оқитын,
мәнерлеп оқитын , музыкалық аспапта оинайтын
немесе әдебиет пен өнер туындыларын қандайда
бір басқа жолмен орындайтын өзге адам
сондай-ақ спектакльді қоюшы-режисер .
Контрафактілік даналар - туындының немесе
фанаграмманың дайындалған немесе таратылған
жағдайда авторлық және сабақтас құқықтардың
бұзылуына әкеп соғатын даналары .
Айрықша емес құқық - авторлық құқық пен
сабақтас құқықтар иесімен бірге бұған
автордың тиісті рұқсатын алған басқа
адамның осы Заңда белгіленген жағдайлардан
басқа ретте туындыны пайдалана алатын
құқығы .
Авторлық немесе Сабақтас құқықтар иесі
- мүліктік құқық берілген жағдайдағы
автор немесе орындаушы.
Туындыны жариялау - автордың келісімімен
жариялау , көпшілік алдында орынддау
, эфирге беру арқылы туындыны жалпы көпшілікке
алғаш рет жеткізетін іс- әрекетті жүзеге
асыру .
Жариялау - туындыны авторының , фанаграмма
жасаушысының келісімімен туындының ,
фанаграмманың даналарын көпшіліктің
қажеттілігін қанағаттандыру үшін айналысқа
шығару .
Эфирге беру – туындыны , фанаграмманы
, орындаушылықты , қойылымды , эфирлік
немесе кабельдік хабар тарату, радио
немесе теледидар арқылы көпшілікке тарату
.
Туындының данасы – туындының кез-келген
материалдық нысанда дайындалған көшірмесі
.
ҚР авторлық құық және сабақтас құықтар
туралы Азаматтық кодекстің 3-бабында
: ҚР авторлық құқық және сабақтас құқықтар
туралы заңдары ҚР АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІНЕН
, осы ЗАҢ және соларға сәйкес шығарылатын
басқа да нармативтік актілерден тұрады
.
АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚОЛДАНУ АЯСЫ:
1)Авторларының немесе олардың құқық мұрагерлерінің
азаматтығына қарамастан , Қазақстан Республикасының
аумағында жарияланған не жарияланбаған
, бірақ қандайда болмасын обьекивті нысандағы
туындыларға :
2)Жарияланған не жарияланбаған , бірақ
Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі
қандайда болсын обьективті нысандағы
туындыларға қолданылады және Қазақстан
Республикасының азаматтары авторлар
және олардың құқық мұрагерлері деп танылады
.
3)Жарияланған не жарияланбаған , бірақ
ҚР тыс жерлерде қандайда болсын обьективті
нысандағы туындыларға қолданылады және
ҚР халықаралық шарттарына сәйкес басқа
мемлекеттердің азаматтары авторлар (олардың
құық мұрагерлері ) деп танылады .
4)Қазақстан Республикасы аумағында туынды
халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын
болған жағдайда туындының авторы авторлық
құқықты алуға негіз болған іс-әрекет
немесе мән-жай орын алған мемлекеттің
заңы бойынша анықталады .
Авторлық құқықтың обьектісі
1) Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен
маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанасына
қарамастан, шығармашылық еңбектің нәтижесі
болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер
туындыларына қолданылады.
2) Авторлық құқық белгілі бір обьективті
түрге ие болған
3) заңның осы бабының бірінші тармағында
аталған белгілері бар және дербес қолдануға
болатын туынды бөлігі авторлық құқық
обьектісі болып табылады.
4) Авторлық құқық идеалардың, тұжырымдамалардың,
принциптердің, әдістердің, жүйелердің,процестердің,
жаңалықтардың, фактілердің өздеріне
қолданылмайды.
5) Туындыға деген авторлық құқық туынды
жасалған материалдық обьектіні меншіктеу
құқығымен байланысты емес.
Материалдық обьектіні меншіктеу құқығының
немесе материалдық обьектіні иелену
құқығының өзгеге берілуі, осы Заңның
18-бабында көзделген реттерін қоспағанда,
сол обьектіде көрсетілген туындыға қандай
да болмасын авторлық құқықтың ауысуына
өздігінен әкеліп соға алмайды.
Ғылым, әдебиет және өнер шығармасына
авторлық құқық оның жасалу дерегіне қарай
туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы
және жүзеге асуы үшін туындыны тіркеу,
өзге де арнайы рәсімдеу немесе әлде бір
шарттылықтың орындалуы талап етілмейді.
Айрықша авторлық құқықтардың иесі өзінің
құқықтарын хабарлау үшін авторлық құқық
қорғау белгісін пайдалануға құқылы, ол
белгі туындының әр данасына қойылады
және мынадай үш элементтен тұрады:
1. Қоршауға алынған латынша «С» әрпі :
;
2. Айрықша авторлық құқықтар иесінің есімін
атауы;
3. Туындының алғаш жарияланған жылы;
Туындыға авторлық құқықтың немесе қандай
да бір айрықша құқықтың иесі жарияланған
немесе жарияланбаған туындығыа авторлығын,
туындының жариялану фактісі мен мерзімін
немесе автордың туындыға құқығына қатысты
жасалған шарттарды куәландыру үшін авторлық
құқығы қорғалатын мерзім ішінде кез келген
уақытта оны ресми тізімдемелерге тіркей
алады. Тіркеуді белгіленген нормативтік
– құқықтық актілерге сәйкес уәкілдік
берілген орган жүзеге асырады.
Авторлық құқық обьектілері болып табылатын
туындылар:
1. Әдеби туындылар;
2. Драмалық және музыкалық- драмалық туындылар;
3. Сценарий туындылар;
4. Хореография және пантомима туындылар;
5. Мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық
туындылар;
6. Дыбыс, бейне жазу туындылар;
7. Мүсіндеме, кескіндеме, бейнелеу туындылар;
8. Қолданбалы өнер туындылар;
9. Сәулет, қала құрылысы және бау – саябақ
өнері туындылар;
10. Суретке түсіру туындылар;
11. Карталар, жоспарлар, нобайлар, безендірулерге
және географияға, топография мен басқа
ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындылар;
12. ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
13. Өзге де туындылар;
Авторлық құқық обьектілері болып табылмайтын
туындылар:
1. Ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері,
заң әкімшілік, сот сипатындағы және дипломатиялық
өзге де мәтіндер), сондай-ақ олардың ресми
аудармалары;
2. Мемлекеттік нышандар мен белгілер (жалаулар,
елтаңбалар, ордендер, ақша белгілері
және өзг де мемлекеттік нышандар мен
белгілер);
3. Халық шығармашылығы туындылары;
4. Оқиғалар мен фактілер туралы ақпараттық
сипаттағы хабарлар;
Туындыны жеке мақсатта автордың келісімінсіз
және авторлық сыйақы төлемей көшірмелеу:
1. Заңды түрде жарияланған туындыны автордың
келісімінсіз және авторлық сыйақы төлемей
жеке тұлғаның тек өз мақсаты үшін, осы
заңның 26 бабында көзделген реттерді қоспағанда,
жалғыз дана етіп көшірмелеуіне жол беріледі.
2. Осы баптың 1 тармағының ережесі:
1. Үйлер мен солар сияқты ғимараттар түріндегі
сәулет өнері туындыларын көшірмелеуге;
2. Деректер базаларын немесе олардың елеулі
бөліктерін көшірмелеуге;
3. Осы заңның 24 бабында көзделгендерден
басқа реттерді қоспағанда ЭЕМ –ге арналған
бағдарламаларды көшірмелеуге;
4. Кітаптарды және нота мәтіндерін репродакциялауға
қолданылмайды;
Туындыны автордың келісімінсіз және
авторлық сыйақы төлемей пайдалану.
Автордың келісімінсіз және авторлық
сыйақы төлемей, бірақ туындысы пайдаланылатын
автордың есімін және қай деректен алынғаны
міндетті түрде көрсетіле отырып, шығарманы
пайдалануға мынадай жағдайларда жол
беріледі:
1. Заңды түрде жарияланған туындылардан
түп нұсқа күйінде және аударма түрінде
ғылыми, зерттеу, пікірталас, сынау және
ақпараттық мақсатта, баспасөзге шолу
ретінде газеттер мен журналдар мақалаларынан
алынған үзінілерін қоса алғанда, дәйек
сөз алу мақсатына сай көлемде дәйек сөз
алу;
2. Заңды түрде жарияланған туындыларды
және олардан алынған үзінділерін оқыту
сипатындағы басылымдарда, радио және
телехабарларда, дыбыс-бейне жазуларда
алға қойған мақсатқа сай көлемде пайдалану;
3. Ағымдағы экономикалық, саяси, әлеуметтік
және діни мәселелер бойынша газеттерде
немесе журналдарда заңды түрде жарияланған
мақалаларды немесе эфирге берілген осындай
сипаттағы туындыларды жұртшылық назарына
жеткізу үшін газеттерге көшіріп басу,
эфирлерге тарату немесе кабель бойынша
хабарлау;
4. Көпшілік алдында сөйленген саяси сөздерді,
үндеулерді, баяндамаларды және басқа
осы сияқты туындыларды ақпараттық мақсатқа
сай көлемде жұртшылық назарына жеткізу
үшін газеттерге көшіріп басу, эфирлерге
тарату немесе кабель бойынша хабарлау.
Бұл орайда автордың мұндай туындыларды
жинақтарда жариялау құқығы сақталады;
5. Ағымдағы оқиғалар барысында көрінген
немесе естілген ағымдағы оқиғаларды
суретке түсіру құралдары, эфирлерге тарату
немесе жұртшылық назарына жеткізу үшін
кабель бойынша хабарлау арқылы ақпараттық
мақсатқа сай көлемде шолуларда көшірмелеу
немесе көпшілік назарына арналған хабар.
Бұл орайда автордың мұндай туындыларды
жинақтарда жариялау құқығы сақталады;