Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 09:27, реферат
Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы, соның ішніде ақша-несие және қаржы шаруашылығы құрылымдық өзгерістердің қиындығын бастан өткізуде. Атап айтқанда, ақша-несие жүйесі реформалануда; ауыр инфляция жағдайында ақша-несие қарым-қатынасының; мүлде жаңа, бізге бейтаныс түрі пайда болды; қаржы-несие институттарының екі буынды банк жүйесінің, нарықтық экономикаға бара бар және әр алуан меншіктің жаңа түрлерінің пайда болуы; мемлекеттік банк құрылымының әкімшіл-әміршіл және жоғары монополияландырылған түрінің пайда алуда коммерциялық табысқа бағытталған несие мекемесінің жүйесінде жеке және ұжым меншігіне негізделген икемді, динамикалық түрге көшуі жүріп жатыр. Мұндай жағдайда ол қылықтың орнын толтыру үшін озық тәжірибені қолдану мақсатында отандық және шетелдік банк тәжірибелерін салыстырудың принциптік тұрғыдан мәні зор. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін нарықтық экономика аумағында жинақталған акша-несие қарым-қатынасының; банк қызметінің даму тәжірибесін дұрыс қолдана білу керек. Ақша-несие саясатының банктік технологиялары мен әдістерін көзсіз көшіре беру ең алдымен экономикалық жағдайлардың салыстыруға келмейтіндігімен мүмкін болмайды.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.............................................................................................................2-3
1 Банк жүйесі.................................................................................................4-8
1.1 Банктердің пайда болуы мен дамуы............................................4
1.2 Банктің мәні және оның қызметтері............................................5
2 Екі деңгейлі банк жүйесін құру.................................................................8-13
2.1 Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі.....8
2.2 Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы...........................9
Қорытынды......................................................................................................13-14
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................15
Қазақстан
Республикасының білім мен
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетi
Экономика және қаржы факультеті
Экономикалық
теория кафедрасы
Тақырып: Банк
жүйесінің түсінігі
Орындаған: Альсеитов А.К.
Қостанай - 2008
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1 Банк жүйесі...................
1.1 Банктердің
пайда болуы мен дамуы.........
1.2 Банктің
мәні және оның қызметтері.....
2 Екі деңгейлі
банк жүйесін құру.............
2.1 Ұлттық
банк – Қазақстан
2.2 Банк
жүйесінің екінші деңгейінің
құрылымы......................
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер тізімі........................
Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы, соның ішніде ақша-несие және қаржы шаруашылығы құрылымдық өзгерістердің қиындығын бастан өткізуде. Атап айтқанда, ақша-несие жүйесі реформалануда; ауыр инфляция жағдайында ақша-несие қарым-қатынасының; мүлде жаңа, бізге бейтаныс түрі пайда болды; қаржы-несие институттарының екі буынды банк жүйесінің, нарықтық экономикаға бара бар және әр алуан меншіктің жаңа түрлерінің пайда болуы; мемлекеттік банк құрылымының әкімшіл-әміршіл және жоғары монополияландырылған түрінің пайда алуда коммерциялық табысқа бағытталған несие мекемесінің жүйесінде жеке және ұжым меншігіне негізделген икемді, динамикалық түрге көшуі жүріп жатыр. Мұндай жағдайда ол қылықтың орнын толтыру үшін озық тәжірибені қолдану мақсатында отандық және шетелдік банк тәжірибелерін салыстырудың принциптік тұрғыдан мәні зор. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін нарықтық экономика аумағында жинақталған акша-несие қарым-қатынасының; банк қызметінің даму тәжірибесін дұрыс қолдана білу керек. Ақша-несие саясатының банктік технологиялары мен әдістерін көзсіз көшіре беру ең алдымен экономикалық жағдайлардың салыстыруға келмейтіндігімен мүмкін болмайды.
Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында - XIV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек - феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді.
«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «banco» сөзінен шыққан. Банко - үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чеканившихся) әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдай да көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңетер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажеті болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырады X ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады, әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер деп аталған, «трапеза» -үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды. Әр түрлі монеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшін олардың қоры болуы керек. Осылайша, бұл айырбастаушы-үстелдер айырбастау-үйге айналады. Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды.
Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым ретінде қарайды және т.б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулыктар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады. Алайда, банктің мәнін терең зерттеген И.О. Лаврушин айтып кеткендей, осы заманғы банк ұғымына қатысты жоғарыда айлғандардың барлығы дерлік шындыкқа толық сәйкеспейді, әрі банктің мәнін ашып көрсетпейді.
Ол банк мәнін зерделеудің мынадай әдістемелік негіздерін ұсынады:
-
банк мәнін макродеңгейде оның
қызметімен байланыстыра
-
оның мәнін әр түрлі
тұрпаттарына қарамастан банктің
біртұтас жүйесі ретінде
-
банктің мәнін ашып көрсету
оның басқа экономикалық
-
банк мәнін ашып көрсету оның
құрылымын ашып көрсетуді
Банктің
мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне
карамастан бірыңғай болады әрі оның
мәні коммерциялық банкке де, инвесстициялық
банкке де, эмиссиялық
банкке де және т.б. барлық банктерге бірдей
тән болып табылады.
1 Банк жүйесі
1.1 Банктердің пайда болуы мен дамуы
Ғалымдардың пікірінше, біздің эрамызға дейінгі VI ғасырларда Ежелгі Вавилонда салым ақшаларды қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжірибеде кездескен. Мұндай валюталық және несиелік операциялар біздің эрамызғаа дейінгі IV ғасырда Грецияда да тәжірибеде кездескен.
Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар жеке тұлғалармен де, шіркеу мекемелерімен де жүргізілген. Храм ақша мен құндылықтарды сақтаудың сенімді орнына айналады, өйткені ол мемлекет тарапынан да, қауым тарапынан да үлкен сенімге ие болған еді. Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді ақшалай операцияны ұдайы жүргізіп отырды. Ал бұл салмақ өлшемінде жүзеге асырылатын есептік және есеп айырысу секілді қосымша операцияларды қажет етті. Олар мынадай сапаларға ие болуы керек; бөлінетіндей және сақталатындай әрі бір текті болуы тиіс. Мұндай сипаттарға металдар, әсіресе алтын мен күмістер ие болды.
Храмдар, өсімқорлар, сауда үйлері және сауда-саттық агенттіктері жүзеге асырған барлық ақша операциялары банктердің қалыптасуына себепші болды. Банк - бұл аса ірі несие кәсіпорны. Осыған қарай жоғарыда аталған несие берушілерді банк деп ұғуға болмайды. Олар банк деп аталуы үшін несие істерінің даму деңгейі жоғары болуы керек әрі несие берушінің өз клиенттеріне қызмет көрсету бойынша орындайтын операциялардың жиынтығы толық болуы қажет. Несие операциялары калай жүйеге айналады, солай өсімқорлықта тоқтайды, өйткені несие берушілердің арасьнда бәсекелестік пайда болады, өсімқор өз ссудасы үшін жоғары пайыз белгілей алмайды, егер жоғары пайыз белгілейтін болса, карыз алушы одан бас тартады. Несие мәмілелерін орындаумен қатар несие беруші өз клиенттерінің өкімі бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүргізеді. Банк - несие, ақша, есеп айырысу операцияларын бір орталыққа шоғырландыратын ақша шаруашылығының даму деңгейі. Мұндай мекемелеср Солтүстік Италияда XVII ғасырда пайда болды.
1619
жылы Венеция қаласындағы
Амстердамда айырбастаушы банк құрылды, содан соң ол депозиттік банкке және жиробанкке, ақыр аяғында ссуда банкісіне айналды. Германияда италияндық сауда үйлерінің филиалдары негізінде неміс сауда үйі құрылып. одан алғашкы неміс банктері, ал Францияда француз банкілері пайда болды және т.б. XVII ғасырдың ішінде банктер Еуропаның бүкіл мемлекеттерінде пайда болып үлгерді.
Ежелгі банктердің несие операцияларымен катар трансферит деп аталатын операцияның көмегімен есеп айырысу да біртіндеп дамыды, яғни ақшалай қаражатты бір кестеден (шоттан) екіншісіне ауыстыру кеңінен қолданыла басталды. Банктер клиенттермен өзара және клиенттер арасында келісімшарттар бекітіп, сауда мәмілесінде делдал ретінде алға шықты. Есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін ежелгі банктер ақшамен тең дәрежеде айналыста жүретін банк билеттерін (hudu - «гуду») шығарды.
Осылайша, несие, ақша және есеп айырысу операциялары бір орталыққа (банкке) шоғырлана бастады. Ақша шаруашылығының бұл даму кезеңінде банк секілді аса ірі несие мекемелері пайда бола бастады.
XVII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап, банктердегі эмиссиялық операциялар Англияда да жүзеге асатын болды және XIX ғасырдьң басында оған елдің эмиссиялық банкісі дегені атақ (статус, мэртебе) берілді. Оның банкноттары төлемнің әмбебеп, заңды құралына айналды.
1846
жылы Германияда жергілікті 33 эмиссиялық
банктерді біріктірген елдің
орталық банкісі ретінде
Ресейде
банкісі мемлекеттік тұрғыдан дамиды,
ал жекеше эмиссиялык банктер болған жоқ,
тек XIX ғасырдың соңында ғана (1894 ж.) орталық
эмиссиялық банк ретінде Мемлекеттік
банк пайда болды.
1.2. Банктің мәні және оның қызметтері
Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр турлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы тусініктері де әр қилы.
Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оиы ұйым, үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым ретінде қарайды және т.б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулыктар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады. Алайда, банктің мәнін терең зерделеген И.О. Лаврушин айтып кеткендей, осы заманғы банк ұғымына қатысты жоғарыда айлғандардың барлығы дерлік шындыкқа толық сәйкеспейді, әрі банктің мәнін ашып көрсетпейді.
Ол банк мәнін зерделеудің мынадай әдістемелік негіздерін
ұсынады:
-
банк мәнін макродеңгейде оның
қызметімен байланыстыра
-
оның мәнін әр түрлі
тұрпаттарына қарамастан банктің
біртұтас жүйесі ретінде
-
банктің мәнін ашып көрсету
оның басқа экономикалық
-
банк мәнін ашып көрсету оның
құрылымын ашып көрсетуді
Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне қарамастан бірыңғай болады әрі оның мәні коммерциялық банкке де, инвесстициялық банкке де, эмиссиялық банкке де және т.б. барлық банктерге бірдей тән болып табылады. Бұл аталған банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да және т.б. бір-бірінен өзгеше болады, бірак; бұл арадағы оның (банктің) мәні өзгеріссіз қалады және олардың барлығына бірдей тән. Бұл ерекшеліктер біртұтас ретінде банктердің әр түрлерін көрсетеді.
Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде материалдық өндіріс саласындағы өнімдерден көп өзгешілігі бар онімді өндіреді. Ол тек жай ғана тауарды емес, ақша және төлем құралдары түріндегі айрықша тауарды өндіреді. Қолма-қол ақшаны шығару - бұл банк монополиясы, оны тек банк шығара алады.
Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі өніміне заттай өндіріс, тұтыну заттары емес, несие ұсыну жатады. Әрі-беріден соң несие қандай да бір соманы білдіріп қоймайды, ол ссудалық пайыз түрінде пайда әкелетін капитал ретінде анықталады.
Банктің уақытша пайдаланылмайтын, шоғырланған бос (еркін) ресурстары ұдайы өндіріс пайзында өнімді пайдаланылады.
Банк өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарынан өз өнімінің өзіндік ерекшелігімен айрықшаланса да ол мекеме мен ұйымға қарағанда кәсіпорынға ұқсайды, өйткені оның қызметі үлкен деңгейде өндірушілік сипатымен алға шығады.