Банк жүйесінің түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 09:27, реферат

Краткое описание

Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы, соның ішніде ақша-несие және қаржы шаруашылығы құрылымдық өзгерістердің қиындығын бастан өткізуде. Атап айтқанда, ақша-несие жүйесі реформалануда; ауыр инфляция жағдайында ақша-несие қарым-қатынасының; мүлде жаңа, бізге бейтаныс түрі пайда болды; қаржы-несие институттарының екі буынды банк жүйесінің, нарықтық экономикаға бара бар және әр алуан меншіктің жаңа түрлерінің пайда болуы; мемлекеттік банк құрылымының әкімшіл-әміршіл және жоғары монополияландырылған түрінің пайда алуда коммерциялық табысқа бағытталған несие мекемесінің жүйесінде жеке және ұжым меншігіне негізделген икемді, динамикалық түрге көшуі жүріп жатыр. Мұндай жағдайда ол қылықтың орнын толтыру үшін озық тәжірибені қолдану мақсатында отандық және шетелдік банк тәжірибелерін салыстырудың принциптік тұрғыдан мәні зор. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін нарықтық экономика аумағында жинақталған акша-несие қарым-қатынасының; банк қызметінің даму тәжірибесін дұрыс қолдана білу керек. Ақша-несие саясатының банктік технологиялары мен әдістерін көзсіз көшіре беру ең алдымен экономикалық жағдайлардың салыстыруға келмейтіндігімен мүмкін болмайды.

Оглавление

МАЗМҰНЫ
Кіріспе.............................................................................................................2-3
1 Банк жүйесі.................................................................................................4-8
1.1 Банктердің пайда болуы мен дамуы............................................4
1.2 Банктің мәні және оның қызметтері............................................5
2 Екі деңгейлі банк жүйесін құру.................................................................8-13
2.1 Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі.....8
2.2 Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы...........................9
Қорытынды......................................................................................................13-14
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................15

Файлы: 1 файл

банк жүйесінің түсінігі.doc

— 109.00 Кб (Скачать)

•    егер    құрылтайшылардың    біреуі    немесе    одан    көбі Қазақстан  Республикасының  резиденті  болмаған  жағдайда: сол  мемлекеттің мемлекеттік немесе қадағалау органының     Қазақстан     Республикасының     резидент-банкісінің жарғылық қорына қатысуға берген жазбаша рұқсаты.

     Ұлттық  банк - банк ашуға рұқсат беру үшін қажет  басқа да қосымша құжаттарды сұрап  алуы мүмкін.

     Банк  кұрылтайшылар шарты негізінде  кұрылып, өзінің жарғысына сай қызмет атқарады. Банк құру туралы құрылтайшылар шартында шаруашылық серіктестіктері туралы заңда қарастырылған мәліметтерден басқа міндетті түрде төмендегі анықтамалар болуы керек:

•    құрылтайшылар     туралы     мәліметтер,     оның     ішінде олардың әрқайсысының толық  фирмалық атауы  және тұрған      мекені,      сондай-ақ      оларды       мемлекеттік тіркеуден     өткізгендігі     туралы      анықтама     (заңды тұлғалар  үшін),   жеке   тұлғалар   үшін  -   аты,   азаматтығы,  тұрған  жері  және  жеке  басын күәландыратын құжаттағы белгілер.

•    акцияның     мөлшері,     санаты      (категориясы)     және көрсетілген құны туралы мәліметтер.

     Банктің жарғысында шаруашылық серіктестіктері  туралы заңда қарастырылған мәліметтерден  басқа міндетті түрде төмендегі  анықтамалар болуы керек:

•    банктің толық және қысқартылған фирмалық атауы;

•   банктің ұйымдастыру-құқықтық формасы  мен  меншік формасы туралы белгілер;

•    банктің қорларын кұру және пайдалану  принциптері;

•  банктің  басқару  органдарының  қаулы  кабылдау  тәртібі, оған қоса акционерлердің көпшілік даусы қажет сұрақтардың тізімі.

 «Коммерциялық  банк»  термині  банк  ісінің  ертеректегі  даму  кезеніңде,  банктердің  сауда,  тауар  айырбасы  операцияларының  төлемдеріне  қызмет  көрсетуі  барысыснда  пайда  болады.  Негізгі  клиенттері  саудагерлер болған  (міне  осында  «коммерциялық банк» деген атауға  ие  болды).   Бірақ өнеркәсіптік  және  басқа салалардың  дамуымен  банктер экономиканың  өзге  де  істер араларына қызмет  көрсете бастағандықтан  да  банктің «коммерциялық»  деген атауы бастапқы  мағынасын біртіндеп жоғалтты.  Ол  банктің «іскер» деген сипатын білдіреді,   оның  шаруашылық  агенттердің барлық  жұмыс түрлеріне қызмет  көрсетуі  олардың қызметтерінің сласына байланыссыз болды.  Коммерциялық  банктер  -  нарық  экономикасында  қаржылық  операциялармен  қызмет  көрсететін  несиелік  мекемелерінің  тобын  білдіреді. 

       Бүгінгі  коммерциялық  банктер   өз  клиенттеріне  200   ге  жуық  әр  аоған  өнімдер   мен  қызмет  көрсетуге әзір.  Мұндай  кең  көлемдегі  операциялар  коммерциялық  банктерге  өз  клиенттерін  сақтай  отырып,  қолайсыз  жағдайда  өзіне  пайдалы  жұмыс  жасауға  септігін  тигізеді.

     Депозиттік-қарыздық  операцияларды   жүзеге асыра  отырып   коммерциялық  банктер қаржы  делдары  рөлін  орындайды.   Банктің  бұл  қазметі  екі  жаққа  да  пайда  әкеледі.  Салымшылар  үшін  іздерінің  депозиттері  айналыс  құралы  қызметімен  өтімді  активтер  қызметін  атқара отырып,  кей  жағдайда  оның  үстіне  пайыз  әкеледі.  Қарыз  алушылар  кейде көп деген ұсақ  қарызды пайдаланады.  Бұл кейде көптеген  ұсақ  қарапайым клиенттердің  банкке  аз  ғана  соманы  қысқа мерзімге  салғанының  өзінде  де  мүмкін  болады.   Мұндай  кезде коммерциялық  банктер ретінде іскерлік  операциялар  жүргізіп,  уақытша бос ақша  қаражатын тарту мүмкін  емес.

      Шыныңда да,  банктер  мұндай  операциялардан  пайда  көреді.  Олар  салымдарға  төлейтіндеріне  қарағанда,  қаржыларға  біршама   жоғары  пайыз  мөлшерлемесін   белгілеп  табыс  табады.

     Жалпы  қоғамға  көмек,  олар  банктен  алынған  қарыздары   себебінен  өздерінің  өнімдерін   өндіріп,  алға  қойған  мақсатына   жеткенде  ғана  пайданы  сезінеді  (мысалға  жалпы  пайда   нормасын  4 –тен 5 %  -ға  ұлғайтқанда).   Болашақ  қарыз  алушыларды  дұрыс  таңдай  отырып,  олардың  ішінде  берілетін  қарыз  бойынша  жоғары  пайыз  төлеуге  кімнің  жағдайы  келсе,  оларға  банктер ақшалай  қаражаттарын  бере  алады.

Комерциалық банктер өз клиентерінің ақшаларын  сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиентің қажеттілігің қанағаттандырады. Көптеген клиентер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Коммерциялық  банктер  мұндай  сұрақтарды  шешуде  маңызды  роль  атқарады.  Өздерінің  депозиттік  және  несиелік  операцияларының  көмегімен  олар  уақытша  бос  ақша  қаражаттарын  жинақтайды  және  несие  түрінде  оларды  бере  отырып,  халық  шаруашылығының  қажеттілігін  қанағаттандырады,  яғни  жаңа  төлем  құралдарын  жасайды.

           Банктер  өз  қызметінде  ақшаның   бір  бөлігін  жоятыны да  рас.  Бұл  біріншіден,  клиенттің   банктегі  шоттан  нақты  ақша  алған  уақытында және  екіншіден,  несиені қарыз алу үшін  шотының есебінен  қайтару барысында мүмкін  болады.

   Ұлттық  банктің рұқсатымен  банктер Қазаұстан республикасы аумағында және одан тысқар  жерлерінде банктерін аша алады,  ал өздерінің өкілеттілігін-Ұлттық  банкінің  келесі бір  хабарлауымен ашады. 

       Банк  филиалы   -  бұл бас банктің берген  құқықтары шетінде банктық операциялары  жүзеге асыратын  банктік мекеме.  Банк  филиалы заңды тұлға болып саналмайды,  дербес балансы болмайды  және өзінің  бас банкі  берген  қаражаттар  мен  өкіліктіліктер шегінде  қызмет  етеді.

      Банк өкілдігі   -  депозит таратудан басқа белгілі бір банк  операцияларды орындайтын  және  өз  атынан,  банктік тапсырмасымен жұмыс жасайтын  заңды тұлға болып табылмайтын,  құрылымдық  бөлімше.

     Еншілес  банк    -  жарғылық  қордың  50 процентінің астамы  бас банкке  тиесілі,  заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.  

     Қазақстан  бұрыңғы КСРО-ның   монаполиялық  банктік  жүйесін   қабылдады.   Бұрыңғы  мамандарылған  банктері  (Туранбанк,  Крепсоссбанк,  Агроөнеркәсіптік банк, Әлембанк,  Халық  банк)  Республиканың  барлық  аумағында өздерінің  бөлімшелеріне иеленіп,  жаңадан  құрылған  коммерциялық  банктерде  сондай  өз  филиалдарын  құрды ( мысалға,  Казкоммерцбанк,  Центркредитбанк,  Темирбанк  және т.б.).

      Әлемдік  бактік  тәжірибеге  қарағанда,  бөлімшелері  бар   банктердің  артықшылығы - олар  бас банктік толық  бақылауында  және  оның  балансында  болады. 

       Бірақ  жоғарыда  аталған   мамандырылған  банктердің  күрделі  иерархиялық  құрылымы болды.  Оалдың  бас  кеңсесі  Алматыда орналасқан,  оған  обылыстық  басқармалар  бағынса,  ал  соңғысына  аудандағы  бөлімшелер  бағынышты  болып  келді.

       Шетелде  банк  филиалдары  заңды  тұлға  болуға  және  дербес мекеме ретінде тіркелуге құқылы.  Көптеген  банктердің  филиалдары  тұтыну  несиесі, лизинг,  факторинг,  жылжымайтын мүліктің  мерзімі ұзартып сатуға және т.б.  маманданды. 

         Қазақстанда  соңғы  уақыттарды  құралған  барлық  коммерциялық  банктер  филиалсыз,  яғни  шоғырланған  болып  келеді.

        Батыс  Еуропа  банк  жүйесінде   ірі  банктердің  аз ғана  топтары елдің  барлығында  өз  бөлімшелерінің торабын   ашу  үшін  аумақтық  шек   қою  деген  жоқ. 

        1988 жылы Германияда  ірі  коммерциялық   банктердің  3 108 бөлімшесі,  ал  барлық  банктік институттардың  (жинақ банктері мен неиселік  кооперативтерді қосқанда)  филиал  саны  39,7  мыңға тенесті.  Франция,  Канада, Италия, Жапония және  т.б.   елдердің  банктерінің  бөлімшелері мен  филиалдары да көп  деп  саналады.

        АҚШ-тағы  банк  жүйесі  біршама  өзгеше  құрылған.  Штаттардың  заңды  жекелеген  банктерді   ашуға  шек  қойылады.  Сондықтан,  кейбір  штатта  қала  шегінде,  егер  оның  бас  кеңсесі  сол қалада  болса ғана,  банктерге филиалдар ашуға рұқсат  береді,  өзгелері – штаттың аумағында ғана ашуға,  ал  үшіншілері  бөлімшелерінің  ашылуына мүлдем  тыйым салады.   Бірде бір банк  өз  штатынан  тысқары жерде өзінің  филиалын  аша алмайды.  Осыған  сәйкес  бұл  елде жалпы  ұлттық  филиалдар  тобы  жоқтың  қасы.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

  Қорытынды

  Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек энономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін  де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер еңгізді және санап келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтиды. Сондықтан бұған дейін ынта - ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің,  қайта  арта  түсетіндігін  өмір көрсетіп  отыр.

     Осымен  алдыма  қойған  мақсатымды  аяқтадым,  яғни  курстық  жоба  жұмысымды  жазып  бітірдім.    Жобаны  орындау  барысында   мен   көптеген  теориялық  материалды жинақтадым,  бұл  жинақталған  материалдарды  сабақ  барысында  қолдануға  болады  деп  санаймын.  Болашақта   осы   тақырыпты басқа да  тақырыптармен  қоса  әрі  қарай  зерттеп,  өз  білімімді  толықтыра  жүретініміме сенімдімін.  Менің  ойымша  алдыңғы  уақытта  жақсы  маман  болу  үшін  шаршамай, жалықпай  білімді  толықтыру  жұмыстарымен  үнемі  айналысқан  жөн  деп  санаймын.

     Жалпы  қоғамға  көмек,  олар  банктен  алынған  қарыздары   себебінен  өздерінің  өнімдерін   өндіріп,  алға  қойған  мақсатына   жеткенде  ғана  пайданы  сезінеді  (мысалға  жалпы  пайда   нормасын  4 –тен 5 %  -ға  ұлғайтқанда).   Болашақ  қарыз  алушыларды  дұрыс  таңдай  отырып,  олардың  ішінде  берілетін  қарыз  бойынша  жоғары  пайыз  төлеуге  кімнің  жағдайы  келсе,  оларға  банктер ақшалай  қаражаттарын  бере  алады.

         Осы уақытқа дейін Қазақстанда  несиелер үкіметтің қажеттілігіне  (Үкіметтің үкімі бойынша) беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында қайтарылмай қалды. Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ..

         Комерциалық банктер өз клиентерінің  ақшаларын сақтауға қолайлы әр  түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиентің қажеттілігің қанағаттандырады. Көптеген клиентер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

         Банктік несие-ең қолайлы және  көптеген жағдайда орыны ауыстырылмайтын  қаржылық қызметтердің формасы  ретінде, ол нақты қарыз алушының  қажеттілігін ескереді және олардың  қарыз алу жағдайына  көндігуіне  ммкіндік береді.

         Қазіргі комерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек.  Яғни операциялық формасы,  бәсеке әдістері,  бақылау  және  басқару  жүйелері  өзгеруде. 
 
 
 
 

                            Қолданылған әдебиеттер тізімі. 

1.  М.С.Самиев, Ақша несие банктер, Алматы  – 2001жыл

2.Сейтқасымов.Ғ.С., Ақша,несие,банктер:Оқулық-Алматы «Экономика», 2005ж.

3.  Искакова  З.Д. Банк ісі Қарағанды - 2003жыл

4.  Қоянбайқызы  .Ф Сұхбат – 1993жыл 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Банк жүйесінің түсінігі