Банк жүйесінің түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 09:27, реферат

Краткое описание

Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы, соның ішніде ақша-несие және қаржы шаруашылығы құрылымдық өзгерістердің қиындығын бастан өткізуде. Атап айтқанда, ақша-несие жүйесі реформалануда; ауыр инфляция жағдайында ақша-несие қарым-қатынасының; мүлде жаңа, бізге бейтаныс түрі пайда болды; қаржы-несие институттарының екі буынды банк жүйесінің, нарықтық экономикаға бара бар және әр алуан меншіктің жаңа түрлерінің пайда болуы; мемлекеттік банк құрылымының әкімшіл-әміршіл және жоғары монополияландырылған түрінің пайда алуда коммерциялық табысқа бағытталған несие мекемесінің жүйесінде жеке және ұжым меншігіне негізделген икемді, динамикалық түрге көшуі жүріп жатыр. Мұндай жағдайда ол қылықтың орнын толтыру үшін озық тәжірибені қолдану мақсатында отандық және шетелдік банк тәжірибелерін салыстырудың принциптік тұрғыдан мәні зор. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін нарықтық экономика аумағында жинақталған акша-несие қарым-қатынасының; банк қызметінің даму тәжірибесін дұрыс қолдана білу керек. Ақша-несие саясатының банктік технологиялары мен әдістерін көзсіз көшіре беру ең алдымен экономикалық жағдайлардың салыстыруға келмейтіндігімен мүмкін болмайды.

Оглавление

МАЗМҰНЫ
Кіріспе.............................................................................................................2-3
1 Банк жүйесі.................................................................................................4-8
1.1 Банктердің пайда болуы мен дамуы............................................4
1.2 Банктің мәні және оның қызметтері............................................5
2 Екі деңгейлі банк жүйесін құру.................................................................8-13
2.1 Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі.....8
2.2 Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы...........................9
Қорытынды......................................................................................................13-14
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................15

Файлы: 1 файл

банк жүйесінің түсінігі.doc

— 109.00 Кб (Скачать)

     Банктің мәні оның құрылымымен тығыз байланысты. Банкке өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын (институт) ретінде жұмыс істеріне мүмкіндік беретін құрылғыны оның құрылымы ретінде ұғуға болады. Бұл мағынада банк құрылғысы төрт міндетті блокты камтиды. Банк бұл блоктарсыз банк ретінде болмайды әрі дамымайды:

-    банк капиталы сауда және өнеркәсіп капиталынан босаған өзіндік ерекшелігі бар капитал  ретінде, сондай-ақ қарыз формасында артықшылыққа не капитал  ретінде болады әрі ұдайы қозғалыста болады;

-    өз өнімінің сипатымен басқа   кәсіпорындар мен  институттардың  қызметінен айрықшаланатын банк қызметі;

-    банк ісі мен банкті басқару  саласында өзіндік ерекшелігі  бар жұмыспен айналысатын адамдардың  айрықша тобы;

-   банк   техникасын, үй  ғимаратын,  байланыс және коммуникация құралын  құрылғыларын, ішкі және сыртқы  ақпаратын,  өндірістік   материалдардың  белгілі бір түрлерін қамтитын өндірістік блогы.

     Банктың өзіндік ерекшілігіне, оның негіздеріне және банк құрылымына жүргізілген талдаудың негізінде оны қолма-қол ақша формасындағы жеке қолма-қол ақша формасындағы жеке қолма-қол ақшасыз формадағы төлем айналымын реттеуді жүзеге асыратын    кәсіпорын    немесе   ақша-несие    институты    ретінде анықтауға болады.

     Банк  оның (банк) жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Бұл оның мынадай болуы керектігін ұйғарады:

-    оған біртұтастың органикалық бөлігі болуға, жалпы ойын ережесі бойынша әрекет етуіне мүмкіндік беретін өзіне ғана тән өзгешілікке ие болуы керек:

-    бірыңғай заң аясында, қоғамның  заң нормалары шегінде жұмыс  істеуі қажет;

-    өзін-өзі  реттеуге,   банк   жүйесінің  басқа   элементтеріне (банктік емес институттармен) өзара әрекеттесуге икемді болуы керек.

     Банк  теориясының маңызды мәселесіне оның қызмет ету аясы туралы мәселе кіреді. Оны банк мәнін талдау барысында  пайдаланылатын әдістемелік тәсілдемелердің  көмегімен анықтау керек. Банктің қызмет ету аясы - бұл басқа экономикалық институттарға қарағанда тек банктің өзіне ғана тән қызметі.

     О.И. Лаврушин банктің 3 кызмет ету аясын  былайша анықтап берді. Оның біріншісі - ақшалай қаражатты шоғырландыратын  қызметі. Уақытша сақтауға құндылықтарды қабылдау, сақтаулы операция ежелгі банк операцияларының бірі болып табылады. Мәселенің мәні мынада.

     Кейін пайдаланылуы үшін қаражатты жинау  процесі тек банктерге ғана тән  емес. Алайда уақытша бос ақшаны шоғырландырудағы банктің біркатар ерекшеліктері болады:

-    шоғырландырылған уақытша бос  бөтен қаражат банктің өз  қажеттілігіне  емес,  басқалардың қажеттілігіне   қайта бөлу тәртібімен пайдаланылады;

-    шоғырландырылатын және  қайта  бөлінетін  қаражаттың меншік  иесі - бастапқы несие беруші (банк клиенті);

-    қаражатты шоғырландыру тек арнайы  ұлғайтумен (лицензия) жүзеге асырылады  әрі банктік негізгі қызмет  түріне айналады.

     Екінші  қызмет - ақша айналымын реттейтін  қызмет. Банк несие беруші мен қарыз  алушының арасындағы, сатушы мен сатып  алушының арасындағы делдал болып табылады. Банк несие беруші мен қарыз алушының арасындағы, сатушы мен сатып алушының арасындағы делдал болып табылады. Банк арқылы үлкен мөлшерде контрагенттердің арасындағы есеп айырысулар, айырбас, ақшалай қаражат айналымы, капитал жүзеге асырыла-ды. Ақшалай қаражат айналымы экомиканы және халықты несиелеу, төлем құралдарын шығару арқылы ретттеледі.

     Үшінші  қызмет - делдалдық қызмет. Бұл арада  банктің делдалдық қызметін тек  төлемдегі делдалдық ретінде  ұқпау керек.

     Оған  теренірек үңілуі қажет. Банктер арқылы ақшалай қаражат пен капитал бір субъектіден екіншісіне, экономиканың бір саласынан екіншісіне құйылады (ағылады). Банк шоты бойынша жүзеге асырылатын операциялармен капиталдың қозғалысы қамтамасыз етіледі, яғни оларды экономиканың бір секторына шоғырландыра отырып, басқа салалар мен аймақтарға қайта бөледі. Қайта бөлінстің банк ресурстары жұмыс істеу саласы бойынша да, мерзімі бойынша да, мөлшері бойынша да бір-бірімен сәйкес келмейді. Бүкіл экономикалық өмірдің ортасында болатын банк капиталдың мөлшерін, мерзімін және бағытын шаруашылықтың, қажеттіліктеріне қарай түрлендіру (өзгеруі) мүмкіндігіне ие. Сонымен, делдалдық қызмет - бұл тәуекелдікті (қатерді) азайтатын әрі ұдайы өндіріс субъектілерінің арасындағы қатынасты кеңейтетін, ресурстарды түрлендіретін қызмет. 
 

     2.Екі  деңгейлі банк  жүйесін құру

2.1Ұлттық  банк – Қазақстан  Республикасының  Орталық банкі

  Қазақстан  Республикасының Орталық банкі  еліміз тәуелсіздік алғаннан  соң ҚСРО Мембанкінің Республикалық  Кеңсесінін негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан  Қазақстан Ұлттық-банкі   деп   аталады.

     Ол  республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай ІІрезидентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа зандарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа - алады.

     Ұлттық  банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған кұрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің занды қызметтерін атқаруға араласуға құкығы жоқ.

     Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне  қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің  міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол нормативтік актілер "Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы", "Вестник Национального Банка Казахстана" атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.

     Ұлттық  банктің негізгі  міндеті - ұлттық валютанын ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:

•   ақша айналымы, несие, банктік есеп -айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;

•    ақша, несие және банк жүйелерінің  тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;

•   несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын  сатып алу - сату және айырбастау  операцияларын       жүргізетін       банктік       және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау  сияқты   мемлекеттің  экономикалық  саясатын жүргізеді.

2.2.  Банк  жүйесінің екінші деңгейінің  құрылымы

  "Қазақстан  Республикасындағы банктер және  банк қызметі туралы" республика  ІІрезидентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы  Заң күші бар Жарлығында "Қазақстанда  екі деңгейлі банк жүйесі бар.  Ұлттық банк - мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіндегі банктер" делінген.

     Ұлттық   банктің   статистикалық   көрсеткіштері   бойынша 2000   жылдың   басында   республикада   екінші   деңгейдегі   55 банк   тіркелген:    оның    ішінде    1    мемлекеттік    банк,    яғни жарғылық капиталының   100%-і республика үкіметінің қатысуымен   құрылған;   1   мемлекетаралық  банк;   22   шетелдердің қатысуымен   құрылған   (резидент   емес   банктердің   еншілес банктерін   қосқанда)   банктер,   Республикада   шетел   банктерінің 17 өкілдігі ашылған. Республикада сондай-ақ тіркеуден өткен 44 ломбард,  7  несие серіктестігі  және  кейбір  банктік операция жүргізетін 46 басқа мекемелер бар, атап айтқанда, Қазақстан   Республикасы   Қаржы   министрлігінің   Қазыналық департаменті,   оның   14   облыстық   басқармасы   мен   Алматы қалалық басқармасы; Ұлттық банктің Қазақстандық банкаралық    есеп    айырысу    орталығы;    "Қазақстан    Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік  қорғау  министрлігінің зей-нетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталығы", Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;  "Қазақстандық қор биржасы"   ЖАҚ;   "Бағалы   қағаздар   Орталық   депозитарийі" ЖАҚ;  "Кіші   кәсіпкерлікті   дамыту   қоры"   ЖАҚ;   "Қауымдастықтарды несиелеудің қазақстандық қоры" Қоғамдық қор; "Ауыл    шаруашылығын    қаржылық    қолдау    қоры"    ЖАҚ; "Ақмола қоры" ЖАҚ;  "Кәсіпорындарды  қайта ұйымдастыру және    жабу    жөніндегі   агенттігі"    ААҚ;    "Шағын    несие" үкіметтік емес ұйым" Қоғамдық қор және т.б.

     Қазіргі Қазақстанның нарықтық банк жүйесінде  әр түрлі меншік формасындағы банктер  мен несие мекемелері қызмет істеуде. Солардың әрқайсысына сипаттама  берелік.

     Мемлекеттік банк - үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет. Инвестициялық банк - негізінен тікелей және портфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын      екінші денгейдегі банк.

     Шетелдің  қатысуымен кұрылғаи банк - акциясының 50 проценттен астамы төмендегі иеленушілердің қарамағында,  меншігінде және/немесе басқаруында болатын  екінші деңгейдегі банк:

•    Қазақстан Республикасының резиденті  емес;

•  Қазақстан  Республикасының резиденті - заңды  тұлға акциясының 50 процентінен көбісі  республиканың резиденті еместің қарамағында,  меншігінде және/немесе басқаруында;

•    Қазақстан     Республикасының     резиденттері  еместің қаражатын   басқаратын   сенімді    адамы   -   республиканың резиденті.

     Мемлекетаралық  банк - халықаралық келісім негізінде құрылған    банк,    оның    жарғылық,   қорының    иеленушісі Қазақстан үкіметі және келісімге қол  қойған мемлекеттердің  үкіметі.

     Банк  емес несие-каржы  мекемелері - Ұлттық банктің лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банк емес заңды тұлғалар.

     Коммерциялық  банктер - кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа тікелей және жан-жақты кешенді қызмет көрсететін банктер. Бұл олардың басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банк емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және кейбір қызмет түрін керсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің негізгі мақсаты – неғұрлым жоғары пайда табу.

     Қазақстан Республикасының Конституциясына  және заңдарына сәйкес банк емес несие мекемелері өзінің негізгі немесе қосымша қызметтері ретінде депозиттер қабылдауға құқы жоқ. Сондай-ақ өзінің атауында, құжаттарында, хабарландырулар мен жарнамаларында "банк" дегең сөзді, ия болмаса депозиттер қабылдап, басқа банктік операциялар жүргізеді немесе банк ісіне аудиторлық бақылау жүргізеді   деген   ұғым   қалыптастыратын   туынды   сөздерді   қолдануға  сондай-ақ жыл бойы Ұлттық банк бекіткен лимиттер мен міндетті нормаларды орындаған жағдайда ашық типтегі ак-ционерлік қоғам ретінде қайта  құрылады. Банкті құрушы акционерлердің ол ашық типті акционерлік қоғам болып қайта құрылғаннан кейін қандай да болсын қосымша артықшылығы болмайды немесе олар басқа акционерлерге қарағанда қандай да бір қосымша міндет аткармайды.

     Банк  құрушы занды немесе жеке тұлға Ұлттық банкке банк ашуға рұқсат алу үшін өтініш беруі керек. Арызға келесі құжаттар қоса тіркеледі:

•    жаңадан    құрылатын    банктің    құрылтай    құжаттары: құрылтай шарты, жарғысы, жарғыны  қабылдаған және банктің органдары  бекіткен хаттама;

•   құрылтайшылар   туралы    мағлұмат   (Ұлттық   банктің  белгіленген тізімі  бойынша),  құрылтайшы-заңды тұлғаның    соңғы    екі    жылдағы    бухгалтерлік    балансы, құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық фирманың (аудитордың) қорытындысы;

Информация о работе Банк жүйесінің түсінігі