Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2015 в 16:45, реферат

Краткое описание

Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне-бірі тірек, қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Достық, туыстық, жолдастық, сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерге жақын, кей жағынан ұқсас бола отырып, өзіндік өзгешеліктерге ие

Оглавление

Кіріспе
1. Негізгі бөлім: Адамдар арасындағы достық сезімі.
1.1Достық ұғымына қатысты анықтама және достық түрлеріне сипаттама.
1.2.Достық және өзара түсіністік ұғымы.

2. Ұлтаралық достық.
2.1. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
2.2. Тамыры тереңге жайылған татулық.

Файлы: 1 файл

Достык docx.docx

— 202.46 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Өзара түсіністілік және достық. 

 

 

 

 

 

 

  Орындаған: Бақытқанова А.Б.

                                                                                  Тексерген:Батымбаева Ш.Ч.

 

 

 

 

 

 

Өскемен,2014ж

Жоспар:

 

Кіріспе

1. Негізгі бөлім: Адамдар арасындағы достық сезімі.

     1.1Достық ұғымына қатысты анықтама және достық түрлеріне сипаттама.

1.2.Достық және  өзара түсіністік ұғымы.

 

2.  Ұлтаралық  достық.

     2.1. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.

     2.2. Тамыры тереңге жайылған татулық.

 

Қорытынды

 

Кіріспе

 

 

Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне-бірі тірек, қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Достық, туыстық, жолдастық, сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерге жақын, кей жағынан ұқсас бола отырып, өзіндік өзгешеліктерге ие. Достықтың маңызы байлықпен өлшенбейді, оның өзі-баға жетпес байлық, ал оны жеке мүддең үшін пайдалану немесе  мақсатпен дос болу пәстік, зымияндық болып табылады.

Жақсы дос – жан азығы. Досқа деген сыйластық сезімі – әр адамның бойында бар қасиет. Сыйластық сезім достар арасында берік орын алса, адам ешқашан жалғыздық көрмейді. Достардың бір-біріне деген құрметі зор болса, ол қиындықтан шығуда да, өмірдегі мақсатына жетуде де үлкен демеу болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адамдар арасындағы достық сезімі.

 

     1.1Достық ұғымына қатысты анықтама және достық түрлеріне сипаттама.

 

Ерте заманның шешені әрі ойшылы Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады», - деген.

Достар сыйластығы бір-біріне қалтқысыз сенген, риясыз сенім сезіміне ие болған адамдардың арасында болады. Ол үлкен өмір жолынан өткен, тәжірибеде жинақталған, қиындықта сыналған сыйластық болса, анағұрлым берік болмақ. Қазақта «Киімнің жаңасы, достың ескісі жақсы» деп бекер айтпаған. Бала шағынан бір-бірінің мінезін, әдетін, ой-өрісін біліп өскен достар арасындағы сыйластықтың орны бөлек, ол анағұрлым берік әрі түбегейлі.  

Достық ұғымы өте кең. Дос – қиналғанда да қуанғанда да бөлісер өмірлік тірегің. Дос – таразыға тартылмайтын, ақшаға сатып ала алмайтын, теңдесі жоқ байлық. Ол байлық кез-келген адамда болуы қажет. «Достықтың үш түрі болады…» Бірде Қазақстан Республикасының халық әртісі Тұңғышбай әл-Таразидың теледидардан достық пен махаббат туралы тақырыпта сұхбат беріп отырғанына куә болғанмын. Ол кісінің айтуы бойынша, атасы достықтың үш түріне мынадай сипат беріпті: оның біріншісі – тұмсықтан қан шыққанша, екіншісі қалтадан мал шыққанша, ал үшіншісі кеудеден жан шыққанша. Менің түсінігімше, тұмсықтан қан шыққанша дегені, ол – досыңның сын сағатта сырт айналып, жарты жолда қалдыруы. Гректің ұлы ойшылы, философ Аристотель «Адамның басы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы қамал – адал дос» деген ғой. Ендеше нағыз дос деген адал, берік қамал секілді болуы шарт. Қалтадан мал шыққанша дегені, бар болғаныңда қасыңнан шықпай, жоқ болсаң танымай өте шығуы. Осы тұста Алаштың бір туар азаматы Сәкен ағамыздың мына бір өлең жолдары ойға оралады:

          Шырқ айналар шіркін тауық,

                                              Жемің болса қолыңда,

Қайдағысы сені тауып,

Топырлайды жолыңда.

    Досыңмын деп ант береді,

                                              Жем іздеген жанама.

     Жем таусылса жалт береді,

                                              Сенерлік дос, санама.

(«Сырсандық» досқа жазған хаттан)

Кеудеден жан шыққанша дегені, достың қуанышына қуанып, қайғысына ортақтасатын, өлімге дейін бас тігетін адал дос болу деп санаймын.

Не жетеді нағыз досқа, асылға.

       Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда.

      Қиналады – сен қиналсаң болғаны,

             Ұйықтамасаң – ұйықтамайды ол-дағы -

деп кезінде ағылшын драматургі, ұлы ақыны Уильям Шекспир текке жырламаған-ау әсте. Достық сезімнің нәзік жіп тәрізді үзіліп кетпеуі үшін, айналаңдағы достарыңды жөнімен таңдай біл. Имам Жафар-Садық «Мынадай бес адамды дос көруге болмайтынын» айтып кеткен:

Өтірікші. Оның әрбір ісіне әрдайым сақ бол, себебі сені күтпеген жерде алдауы мүмкін;

Ақымақ. Саған жақсылық жасағысы келсе де, мәселенің байыбына бармастан жамандық жасап қоюы мүмкін.

Сараң. Ең қажетті шақта немесе сын сағатта, дүние үшін сені тастап кетуі мүмкін;

Қорқақ. Басыңа алмағайып күн туса, тайсақтап сенен қашып кетуі мүмкін;

Пасық. Болмашы нәрсеге бола, сені жарға итеруі әбден мүмкін.

Ата-бабаларымыз досыңның ақылды болуын қалап: «Ақылды дұшпаннан қорықпа, ақымақ достан қорық», «Досың өзіңнен жақсырақ болсын»  деген.

Надан адаммен дос болу ешқашан жақсылыққа апармайды, жолыңды оңғармайды, мінез-құлықты бұзады. Ал дұрыс дос таңдай білу жөнінде ислам ғалымдары мынадай ақыл кеңес айтады:

1. Досың ақылды болсын.

2. Досың адал әрі аңғарымды  болсын.

3. Досың көркем мінезді  болсын.

4. Досың ақпейіл әрі  насихат беруші болсын.

5. Досың сырыңды және  кемшілігіңді жасырушы болсын.

«Тең-теңімен, тезек қабымен» демекші, уақыт өте келе кез-келген ортадағы адамдар бір-бірінің мінез-құлықтарына байланысты топтасып, бірігіп дос болып жатады. Мәселен, біріккен достарға аңғарып қарасаңыз, бірі – ашық мінезділер, бірі – тұйық мінезділер, тағы бірі – бұзық мінезділер, енді бірі – аферистер. Дос болу үшін адамдар бір-біріне тілек білдірмейді. Қазақ халқында дос болу үшін белгілі бір шартта жоқ. Ал ерте заманда әлем халықтары адамдарының бір-бірімен әдейілеп дос болуы үшін, достыққа алуан түрлі талаптар қойып, келісім-шарттар ойлап тапқан. Мысалы, Австралия аборигендерінде – олар өздерінен үш мәрте бір затты сатып алған адамды ғана дос санап сыйласады екен. Ал, скифтерде – дос болу үшін келісім-шарт жасасқан. Саусақтарынан қылышпенен қан шығарып бір ыдысқа біріктіріп, дос болуға ант берген. Бұндай рәсім достықты ешкім де, ешнәрсе де айыра алмайды деп сенген.

 

 

 

 

1.2.Достық және  өзара түсіністік ұғымы.

 

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді.

Өзара түсіністілік ұғымына келетін болсақ Қазақстан мемлекетінің 134-тен астам ұлт өкілдерінің басын біріктіріп татулықта, бірлікте, түсіністікте өмір сүріп жатқанына міне 20жылдан астам уақыт өтіп кетіпті. Барлығымыз білетін 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Тілі, діні, салт- дәстүрі әр түрлі осыншама көп халықтың бір елде біте қайнасып тұрып жатқаны біріншіден – Алланың, екіншіден - адамдар арасындағы достық пен өзара түсіністіктің болуына байланысты деп ойлаймын.

 

Адамдар арасындағы өзара түсіністік

 

Түсіністіктің бірнеше мағынасы болуы мүмкін, бірақ сөз қозғағалы отырған ұғым ол - өзара түсіністік, яғни – басқа адамды төзімділік пен ықылас білдіріп қабылдау.

 

Бір-бірімізді түсіну не үшін қажет?

 

Түсіністік – бір-бірімізбен келісушілік пен татулықта өмір сүрудің бір жолы. Түсіністіктің болмауы қауіпті салдарға әкелүі мүмкін. Мысалы ұлттар бір-бірін түсінбегеннен соғыс пайда болады. Адамдар бір-бірін түсінбегеннен нәсіл кемсітушілігі, неке бұзылуы, қылмыс т.б. жағымсыз істердін пайда болуы мүмкін. Джон Максвеллдің айтуынша бойынша басқаларға қарсы түсініспеушілік – біздің қоғамымыздағы шиеленістердің қайталана беретін қайнар көзі.

 

Түсініспеушіліктің себептері қандай болуы мүмкін?

 

Түсініспеушіліктің себептері әр-түрлі болуы мүмкін: саяси, діни көзқарастар, дүниеге көзқарас, психологиялық ерекшеліктер. Неге кейбіреулері ақтарды, кейбіреулері қараларды жек көреді? Неге әрқашанда кемсітушіліктер, бөлінулер болып тұрады? Бұның барлығы айырмашылықтарды мойындай алмағандықтан. Адам өзін басқалардан жоғары көруі мүмкін. Түсіністік табудың бір жолы – бір-біріміздің айырмашылықтарымызды жоғары бағалау.

Дегенмен, түсініспеушіліктің ең басты себебі адамды тыңдай алмауда жатыр. Қатынасу процессінің ең маңызды бөлігі – тыңдай білу. Егер бір кісі қасындағы сұхбаттасын ықыласпен тыңдаса, бұл, біріншіден, ол адамның әдепті екенін білдіреді, екіншіден, сұхбаттасының айтқысы келген көзқарасына мән бергені ол адамның ойын дұрыстап жеткізуіне көмектеседі.

Адамдарға құрметпен қарау қабілеттілігін дамыту үшін әр жеке адам даралығын көру білу керек. Басқаша айтқанда, тек қана сол адамға тән мінез-құлықты көру, түсіну.

Ендеше, жағдайдың түрі болсын, бір-бірімізді ықыласпен тыңдай, түсіну білу қажет.  Бұл ойды еліміздегі соңғы девальвация тақырыбына да келтіруге болады. Ұлттық банк басқармасы халықтың жағдайын түсінуі керек, ал халық алдымен девальвацияның пайда болуының негіздері мен себептерін үйрену, түсіну қажет. Егерде екі жақтың біреуі түсіністікте қателік жіберсе, бұл мәселе қауіп-қатердің түріне апаруы мүмкін. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.  Ұлтаралық достық.

 

2.1. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.

 

 

Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге этнос өкілдері «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» дегенді ұранға айналдырған. Ұлтаралық татулықты нығайтуға Қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың өкілі келешек ұрпағымыз үшін этносаралық достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауына еңбек етіп, атсалысады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тұрақтылықты сақтаудың алғы шарты ретінде бірінші экономиканы өркендетудің қажеттілігін алға қойған. Сол себепті, «Алдымен экономикаға» қағидасын ұстана отырып, экономиканың әр саласында білек сыбана қызмет істеп жүрген барлық этностың басын қосып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құруы – өзге халықтарға үлгі-өнеге бола білді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылғы Жарлығы бойынша 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні ретінде аталып өтуде.

100-ден астам ұлт тұратын  Қазақстан халқы үшін бұл мерекенің  орны бөлек. Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығы негізінде  Елбасы жанынан кеңесші-қатысушы  орган ретінде Қазақстан халықтарының  Ассамблеясы құрылды.

Ассамблея құру туралы идеяны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының Форумында көтерген болатын.

Қазақстанда барлық этностардың еркін  дамуы    үшін  барлық жағдай жасалған. Қазақстан Республикасында мемлекет құрушы этнос қазақ үлты болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың       "Қазақстан   халықтары   Ассамблеясын   құру туралы" Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен үлтаралық кслісімді нығайту мақсатында 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халықтарының     Ассамблеясы     кұрылды.    

Ассамблея өз кезегінде мына мәселелерді жүзеге асырып келеді:

- республикада ұлтаралық  және конфессияаралық ынтымақты, қоғамда тұрақтылықты сақтау;

- Қазақстан аумағында  тұратын барлық ұлттар мен  ұлыстардың ынтымағын, ұлттық- мәдени  құрлымыдары мен теңдігін сақтау  және дамыту;

- азаматтардың жетілген, демократиялы нормаларға негізделген  саяси мәдениетін қалыптастыру;

- мемлекеттік ұлт саясаты  негізінде ұлттық мүдделерді  сақтау;

- әлеуметтік қарама - қайшылықты бейбіт жолмен шешу.

Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Ассамблеяның мәңгілік төрағасы болып табылады. Ол Ассамблеяның басты бағыттарын айқындайды және бекітеді.

Ассамблея құрамы мемлекеттік органдардан, ұлттық - мәдени және басқа да қоғамдық ұйымдар мен беделі жоғары жеке тұлғалардан қрылған. Қазіргі кезде оның құрамында 350 мүше бар.

Ассамблея өз жұмысын Астана мен Алматы қалаларындағы кіші ассамблеялар арқылы жүргізеді. Ал аймақтарда Астана мен Алматы қалалары мен облыстар әкімдерінің жанында кеңесші - қатысушы орган ретінде қызмет етеді. Қазіргі кезде 22 республикалық және аймақтық ұлттық- мәдени орталықтар бар, олар 470 облыстық, қалалық және аудандық ұйымдарға біріккен

Елімізде 100 ұлт мектептері, 170 жексенбілік мектептер бар, оларда 23 ұлт тілдері оқытылады. 3 ұлттық жаңғыру мектептерінде 23 бөлімше бар, бұларда 12 ұлттың ана тілі оқытылады. Үкімет жыл сайын бұл мектептерге 12 млн. тенге бөліп келеді.Жергілікті бюджеттен де оларға қаржы беріледі.

Информация о работе Қазақстан халықтарының бірлігі күні