Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2015 в 16:45, реферат

Краткое описание

Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне-бірі тірек, қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді. Достық, туыстық, жолдастық, сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерге жақын, кей жағынан ұқсас бола отырып, өзіндік өзгешеліктерге ие

Оглавление

Кіріспе
1. Негізгі бөлім: Адамдар арасындағы достық сезімі.
1.1Достық ұғымына қатысты анықтама және достық түрлеріне сипаттама.
1.2.Достық және өзара түсіністік ұғымы.

2. Ұлтаралық достық.
2.1. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
2.2. Тамыры тереңге жайылған татулық.

Файлы: 1 файл

Достык docx.docx

— 202.46 Кб (Скачать)

Қазақстанда 4 республикалық, 15 аймақтық ұлтық газеттер шығады, 6 ұлттық театр лар бар. олар- қазақ, орыс, неміс, ұйғыр, корей, өзбек театрлары.

Жыл сайын этникалық топтардың 10-ған кітаптары жарық көруде. Наурыз, Масленица, Рождество сияқты мерекелер тойлануда.

Ассамблея қызметі ұлтаралық қатынасты нығайтып, халықаралық аренада Қазақстанның беделін арттыра түсуде. БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан, елімізде болған сапарында Қазақстан ұлтаралық тұрақтылықты сақтай отырып, әлемнің өзге елдеріне үлгі болуда деп айтқан еді.

Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан шаралары аз емес. Елімізде 130-дан астам ұлт қоныстанған болса, біздің аймақта да бірқатар ұлыс өкілдері тату-тәтті тіршілік кешуде. Бейбітшілік бесігін тербетіп, бақыт ордасына айналған қасиетті Шығыс өңірінде бүгінгі таңда грек, еврей, қырғыз, корей, неміс, славян, татар, түрік, өзбек, шешен және «Қазақстан орыстары қауымы» секілді 11 этномәдени орталық ұлттық салт-дәстүрдің жаңғырып, мәдениет саласының өркендеп, бірліктің беки түсуіне өз үлестерін қосып келеді. Мемлекеттік тілді оқып-үйренуді түрлі этнос өкілдері басты міндеттерінің бірі санап келеді. Бір шаңырақ астында қоныстанған соң ұлтаралық келісімді нығайтып, достық шеңберін ұлғайту мақсатында бірлесіп атқарған жұмыстар да аз емес.

Еліміздің ең басты байлығы тәуелсіздік пен бейбітшілік екенін ескерсек, келешек ұрпаққа аманат етуді мақсат тұтуда да этноорталықтардың атқаратын қызметі маңызды. Татулықтың тірегіне негіз болып отырған сарабдал саясат шеңберіндегі атқарылып жатқан тындырымды жұмыстар да өз жалғасын табуда. Оған дәлел, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы алдағы уақыттардың жұмысын нақтылап, этномәдени бірлестіктердің қызметін үйлестіріп келеді. Бұлардың барлығы қоғамдық-саяси ахуалға, этносаралық келісім мен бейбітшіліктің нығаюына оң ықпал ететін факторлар. Соның бір дәлелі ретінде облыстағы барлық этномәдени орталықтар өздерінің қолөнер бұйымдары, ұлттық тағамдар көрмелерін дайындап, концерттік бағдарламалар көрсеткенін айтуға болады. Наурыз мерекесінде түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық билері мен әндері шырқалып, тұрмыстық бұйымдары көрмеге қойылды.

Қазақстандықтар халықтар достығының қол жетпес байлық, қазына екендігін жақсы үғынады. Әр түрлі үлттар арасында түсініспеушілік болмаса, заң алдында барлық адамның тендігі болмайынша, мемлекеттің өсіп-өркендеуі, демек, бақытты өмірдің болмайтынын жақсы ұғынып, түсінеді.

Қазақстанның әрбір азаматы біздің бірлігіміз - көпжақтылығымызды сақтауда екенін түсінеді. Еліміздің Негізгі Заңының да "Біз, Қазақстан халқы..." деп басталуы тегіннен - тегін емес. Қазақстан халқы - бүл біртұтас қауым, сонымен бірге әрбір үлт қайталанбас ұғым, өзінің тілі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері бар. Осыған орай, Каталон үкіметінің Президенті Жорди Пужольдің мына сөздерінің көкейкестілігін атап өту керек: "Біздер испандықтармыз, бірақ барлық басқа испандықтарға қарағанда біз өзіміздің өзгеше екендігімізді    түсінеміз.     Біз    испандықтармыз,    сонымен    бірге

түсіністік, қүрметпен каталондықтармыз. Біздің испандықтар болып қала бергіміз келеді, өз тіліміздің, мэдениетіміздің, дәстүрлі саяси институттарымыздың болғанын қалаймыз және біздің басқа халық екендігімізді Испанияда кабылдаса дейміз".

 

2.2. Тамыры тереңге  жайылған татулық.

 

Тамыры тереңге жайылған татулық тірегінің ордасына айналған қазақ елінің бірлігі мен берекесі тарқаған емес. Ұлт пен ұлыстың татулығы бүгінде елдегі қоғамдық ынтымақтастықты сақтап отыр. Байтақ елде жалпақ жұрттың бірлігі бұзылмай, татулығы тарқамай өмір сүріп жатқандығы үлкен мақтаныш. Бір шаңырақ астында ұлттың ұйытқысына себеп болып отырған сарабдал саясатымыз мен Ата заңымыздың аясында атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі екендігі белгілі. Әлемде ұлтаралық бірлігімен, татулығымен ерекшеленетін ұлт екенімізді ескерсек, тұрақтылық пен бейбітшілік үйлесім тапқан елміз. Сонымен қатар халықтардың өзара түсінушілігі мен берекесін тапқан бірлігінің арқасында да татулық діңгегі ажыраған емес.

Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады.  
Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке - жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.

Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә! Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не? 
Әрине, халқымыз ең әуелі тыныштықты қалайды. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату - тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.

Халықтың экономикалық тұрғыдағы теңдігі, саяси, мәдени дамуы өзара достықты, түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген құрметін көрсетеді. Жаңа ғасырға қадам басқан еліміз үшін ең қымбат қазына – ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін және жарастықты қастерлей отырып төрімізге енгені белгілі. Мемлекеттің стратегиялық мақсаттары мен әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруда ел бірлігін жарастыра білудің маңызы арта түсті. Сол ауызбіршілік, тұрақтылық пен ұлтаралық қарым-қатынастың нәтижесінде бейбіт қоғамның шынайы  бейнесі  қалыптасты. Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде достығы нығайып, бірлігі бекемделіп, тұтастай ынтымақтастық ортасына айналғанын айту артықтық етпес. Қазіргі күні де осы көпұлттылық пен татулықты сақтау бүгінгі күннің өзекті міндеті деп сезіну қажет. Бұл жөнінде Елбасы Қазақстан халқына кезекті бір жолдауында: «Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен, этносаралық, конфессияаралық татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі әлемге таныламыз», - деп ерекше атағанын айтуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Ойымды қорыта келе, Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Жаман дос» атты әңгімесіне тоқталсам деймін. Кішкентай кезіңде оны өзің де оқыған шығарсың. Қайталай еске салайын. Екi дос кiсi жолдастасып келе жатып, бiр аюға ұшырасыпты. Бұл екi кiсiнiң бiреуi әлсiз, ауру екен; екiншiсi мықты, жас жiгiт, аюды көре ауру жолдасын тастап, өзi бiр үлкен ағаштың басына өрмелей шығып кеттi дейдi. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрменi жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кiсi болды да жатты. Аю өлген кісіге тимейді дегенді есітуі бар еді. Расында солай екен. Аю бұл жатқан кiсiнiң қасына келiп иiскелеп тұрды да, дыбысы бiлiнбеген соң тастап жөнiне кеттi. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсiп, аурудан сұрапты:

–  Достым, аю құлағыңа не деп сыбырлап кеттi?

Сонда ауру кісі:

– Аю құлағыма екiншi рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деп ақыл айтты, – дептi.

Демек досыңның тек қана қуанышқа ортақтасқанына бола «досым, досым» демей, басқа түскен қиын істе бір сынап алған абзал-ау!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Елеусізова С. Қарым-қатынас  психологиясы. – Алматы: «Рауан». 1996

2. Маралов В.Г. Основы самопознания  и саморазвития. М. 2002

3. Спиркин А.Г. Сознание  и самоссознание. М., Политиздат, 1972

4. Қ. Жарықбаев, Ө. Озғанбаев «Жантануға кіріспе», А., 2000ж.

5. И.А. Зимняя  «Педагогическая психология», М., 1997 ж. 397 б.

6. Кутумбаев «Психология успеха».

7. М.М. Мұқанов «Жас және педагогикалық психологиясы», А., 1996 ж.

8. В.С. Мухина «Возрастная  психология», М., 2000 ж.

9. Р.С. Немов  «Психология», М., 1998 ж.

10. М.П. Оспанбаева, У.Ә. Тұрғынтаева «Психологиялық қызметті ұйымдастыру».

11. А.С. Прутченков «Социально-психологический тренинг в школе».

12. Г.П. Предвечный, Ю.А. Шерковина «Социальная психология», М., 1975г.

сурет http://www.zharar.com/kz/referat/1527-dos.html 
© www.ZHARAR.com

 

 


Информация о работе Қазақстан халықтарының бірлігі күні