Ата салтың - асыл қазынаң

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 07:06, реферат

Краткое описание

Асар- бір отбасының қолынан келмейтін жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары «асарға» шақырылады.Мысалы, үйсалғанда, мол егін жинағанда, тағы сол сияқты көлемді, ауыр жұмыстарға шақырылады.Асарға келушілер еңбегі үшін ақы талап етпейді.Оның есесіне асарға шақырушы адам оларға арнайы мал сойып, қымыз құйып, жақсы тамақ әзірлеп, тойғызады. Асар- қазақ елінің ұжымдасып жұмыс істеуінің әдемі бір көрінісі.
Ақ жол (ырым). Бұл ырым бойынша күйеуінің көзіне шөп салмаған әйел жаралы адамның үстінен аттап өтсе, ауру жазылады. Егер аттаған әйел күнәлі болса, ауру табан астында өледі.

Файлы: 1 файл

Ата салтың.doc

— 1.64 Мб (Скачать)

Сұрақ.  -   Тұзды  тұрмыста тағы қандай жерлерде қолдануға болады?

Жауап.    -  Тұзды  шыны ыдыстарды  жуған  кезде қолдануға.малдарға салып қояды.  
 

 

9- баяндама. Тақырыбы «Табиғат пен тағам  арасындағы байланыс»

Мақсаты: Табиғат пен тағам арасындағы байланысты  ашу арқылы Наурыз көженің қасиеттерін көрсету.

       

Халқымыз  даналықпен тағам түрлерін топтап, белгілі бір түстерге балап айтады екен.

Олар :

1.КӨК.-көктемде тасыған су жер- дүниені көк толқын етеді. 

2.ҚЫЗЫЛ.-қарындары тойғанда қазы-қартаға да қарамай қалатын халқымыз 3 күн ет жемесе тістері қышып, қызылсырайтыны тағы бар. Ендеше барлық ет тағамын қызылға балайды. 

3.ЖАСЫЛ.- жерден өсетін өнімдердің бәрін жасыл өсімдіктің дәні деп түсінеміз. 

4.АҚ-барлық сүт тағамдарын ақ сүтке теңеу орынды.

5.САРЫ-май өзінің түсінің сарылығымен бірге ең асылын «сары майдай» сақтаған. 

6.ҚОҢЫР-бидайдың,тарының талқанын көжеге умаждап қосатын ұнды, кеспені қоңыр түске теңейді. 

7.ҚАРА-тұзды қасиетті қара дәм, қара бас тұз дейді.

       

Осы жеті түс белгілі тәртіппен орналастырылғанда, қайтадан ақ сәуле түзеді. 

Сұрақ: -   Осы түстерден неліктен басқа  емес,ақ сәуле пайда болады?  

Жауап: - Ақ сәуле дегеніміз - Күн Ананың нұры, шуағы, жылуы. Наурыз күні ақ дастархан  жайылып,  ақ тілектер айтылып, ақ пейілді аталар ақ баталарын берген, төрт түлік төлдеп, аузымыз аққа кенелген уақыт емес пе!? Наурызда жауған қар аппақ, үлпілдек болғандықтан «ақша қар» деп аталады. Қыз Жібекті сипаттағанда да айтылған емеспе:     

« Қыз  Жібектің дидары

 Наурыздың  ақша қарындай» 

деген жыр жолдары да осы ұғымдармен сәйкес келеді. 
 
 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Жүргізуші:

Сұрақ. – асқа, дастарханға  байланысты ырым - тыйым  сөздерді атаңдар?

Жауап.- Ақты төкпе,

               Малды теппе.

               Тұзды баспа, 

               Есікті теуіп ашпа.

               Дастарханнан аттама,

                Шаңырақты шайқама.

                Малды басқа ұрма,

                Үйде отырып ысқырма 

Сұрақ.  -  Еңбекке, тағамға  байланысты мақал-мәтелдерді атаңдар?. 

Жауап:

Еңбектің  наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті. 

Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей. 

Ас-  адамның арқауы.

Ас атасы  –нан.

                 

Асты  көрсең, қадыр тұт,

Досты көрсең, қыдыр тұт. 

Нан бар  жерде – жан бар.   

Шай болса  да дәмді болсын,

Май болса  да  өңді   болсын. 

Бұқтырып  қойған көженің қоюы мен суы  бір,  

Берекелі  ауылдың ойыны мен дауы бір.                    

  

Жүргізуші.  – Ал енді осы конференциядан наурыз көженің құрамын, пайдасын қаншалықты ұққанымызды тексеріп көрейік.

                      - Алдарыңда жатқан тірек сөздерді  топта ақылдасып барып орналастырыңдар.  

Минералды  заттар-  кальций, фосфор, калий т.б.

 

Ақуыздар -  сүт тағамдары, ет тағамдары, дәнді дақылдар. 

Көмірсулар –сүт тағамдары, дәнді дақылдар . 

Дәрумендер- В1 В2 В6   А Д Е. 

4. Қорытынды  кезең

Ақ әже   ақ тілегін айтып наурыз көжені таратады. 

            

Ашық  болсын қос қабақ

            

Таспен  атқанды аспен ат.

            

Бейтаныс  та, таныс та,

            

Бүгін төрде бас қонақ.

           

            

Арпа, бидай, тары бар,

            

Қатық, малта, ағы бар.

            

Ішілетін, жейтіннің 

            

Бұл көжеде бәрі бар.

 

            

Ошақта  көп шоқ әлі,

            

Астың ауыр обалы.

            

Астан үлкен ешкім жоқ,

            

Қазан аузы жоғары.

 

Әділқазыларға сөз беру –

«Шешен  тілді  шеберлер номинациясы  – 1-  топ »

  «Алғыр ойлы ұландар  номинациясы -   2- топ»   

   « Өнегелі өрендер  номинациясы- 3- топ»

   

Конференцияға қатысушы қонақтар өздерінің лебіздерін білдірді.            

                                        ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » 2007,  ақпан
  2. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005 жыл
  3. Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы. 2007, наурыз
  4. «Ақиқат» журналы 1993, № 42
  5. С.Кенжеахметұлы «Қазақ халқының салт – дәстүрлері» Алматы, 2004
  6. «12 жылдық білім» Республикалық ғылыми - әдістемелік және ақпараттық – сараптамалық журнал 2006, № 4
  7. «Наурыз» Аруна баспасы, 2001
  8. К.Хикмет «Даналық сүрлеуі» «Қасиет» баспасы , Алматы, 2006
  9. А.Жүнісов «Фәниден бақиға дейін» «Қайнар» баспасы, Алматы 1994
 

Құрастырушылар:

Абилтаева Гүлмира Қазакенқызы,

Мұсатаева Зергүл Жеңісқызы,

Тлеукенова  Гүлназ Оралханқызы 

бастауыш  сынып мұғалімдері 

                                                                           

Информация о работе Ата салтың - асыл қазынаң