Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 07:06, реферат
Асар- бір отбасының қолынан келмейтін жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары «асарға» шақырылады.Мысалы, үйсалғанда, мол егін жинағанда, тағы сол сияқты көлемді, ауыр жұмыстарға шақырылады.Асарға келушілер еңбегі үшін ақы талап етпейді.Оның есесіне асарға шақырушы адам оларға арнайы мал сойып, қымыз құйып, жақсы тамақ әзірлеп, тойғызады. Асар- қазақ елінің ұжымдасып жұмыс істеуінің әдемі бір көрінісі.
Ақ жол (ырым). Бұл ырым бойынша күйеуінің көзіне шөп салмаған әйел жаралы адамның үстінен аттап өтсе, ауру жазылады. Егер аттаған әйел күнәлі болса, ауру табан астында өледі.
Сұрақ. - Тұрмыста судың қандай пайдасын білесің?
Жауап -Ас әзірлеуге, киім- кешек жууға, үй тазалауға, бақша егуге, жуынуға, өсімдік өсіруге т.б.тұрмыс әрекеттерінде қолдануға болады.
2- баяндама. Тақырыбы . « Ет етке , сорпа бетке»
Мақсаты: Жас ет пен сүр еттің ерекшелігін анықтау арқылы еттің маңыздылығын көрсету.
Ет - ең негізгі тағамдық
Пісірген кезде ет 40 пайыздай салмағын жояды. Одан суы, экстрактивті заттары, минералды тұздары бөлінеді де, ерітіндіге айналып сорпаға шығады.
Наурыз
көжеге соғымбасының арнайы сойылған
қойдың басын, етін салады. Сүр ет дегеніміз
–ыстап кептірілген ет. Етті ұзақ сақтау
үшін ыс салып сүрлеу дағдыға айналған
тәсіл, ол әсіресе соғым етін сақтау үшін
кең қолданылады. Дұрыс сүрленген соғым
еті мейіздей сары болады. Мұндай сүр етті
қанша уақыт сақтаса да, бұзылмайды. Ыс
сіңген еттің хош иісі, жағымды кермек
дәмі болады. Бірақ оның сорпасы жайсыздау
келеді. Сондықтан оған жас ет қосып, асады.Сүр
ет пен жас етті араластырғанда, сорпа
дәмді болады. Еттің құрамындағы дәрумендерге
тоқталайық.
Сұрақ. - Еттен жасалатын тағам түрлерін ата ?
Жауап - Еттен тұшпара, манты, қуырдақ, бес бармақ, палау, кәуәп т.б. тағамдар жасалады.
3-баяндама. Тақырыбы. « Сорпа»
Мақсаты: Сорпаның пайдасын анықтау арқылы маңыздылығын дәлелдеу.
Сорпаның
азықтық нәрі көп ,асты жеңіл
таратуға, жұғымдылығын арттыруға
әсері мол. Сорпада оған
Сұрақ. - Сорпаны еттен басқа тағы қандай тағамдардан алуға болады
Жауап
.- Сорпаны балықты, көкөністі,
саңырауқұлақты қайнатқанда
1, 2, 3 демаламыз жинап күш
4, 5, 6, отыр тұр шалқы
7, 8, 9 тартамыз қобыз
10 орныңа қон .
Осы сергіту жаттығуын жасағанда денемізде көмекке келген не?
4-баяндама Тақырыбы «Ағы бардың бағы бар»
Мақсаты: Сүттің қасиеттерін ашу арқылы маңыздылығын көрсету.
Сүт-сүтқоректі жануарлардың сүт бездерінен бөлінетін секрециялық сұйық. Сүттің өзі және одан өндірілетін өнімдер өте сіңімді және адам ағзасы үшін өте пайдалы тағам.
Кезінде академик И.П.Павлов сүтті «табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағамы» деп бағалаған болатын. Қоректік жағынан алғанда бұл тағамдық құндылығымен ағза үшін аса маңызды табиғи өнім.
Сүттің тарихы ертеден басталады. Археологтар бір қазбадан тапқан ірімшік қайнататын қазанды жер астында 5000 жылдай сақталған деп топшылайды.
Сүтті
баладан бастап, қарияларға дейін
ішеді. Өйткені, ол дәрумендерге, көмірсу
мен майларға, ақуыз бен минералды
заттарға, микроэлементтер мен
Сүт- химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр.
5-баяндама. Тақырыбы «Ағарған ішкен азбайды.»
Мақсаты: Құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету.
Құрт – ұлттық тағам. Ашыған айранды сабаға құйып, бірнеше күн іркіт жасайды. Сабада пісілген іркітті майы алынғаннан кейін үлкен қазанға құйып қайнатады. Іркіт баяу қайнап, жел көбігі таралғаннан кейін қоюланады. Суыған соң таза қапшыққа құйып, суын сорғыту үшін іліп қояды. Сарысуы ағып 5-6 күн бойы әбден құрғаған соң, ұсақтап бөліп, сығып, өреге жайып кептіреді. 1-2 аптадан соң өредегі құртты қапқа салып , күн көзіне кептіреді. Құртты 2-3 жылға дейін сақтауға болады. Құрт- күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып ірімшік жасайды. Құрт өкпе ауруына, суық тиіп ауырған кезде ыстықтай ішкізіледі. Ұзақ сапарларда құрт- әрі сусын, әрі қорек. Сарысуын ауырған малға ішкізеді, шаш жууға болады, тері илеу үшін малма жасайды.
Сұрақ. – Құрттың қандай түрлерін білесің?
- Ыстық құрт, малта, сықпа құрт, езген құрт, ақ малта, ұнтақ құрт т.б.
–
Осы құрттардың қайсысын
- Езген құртты қосады, ол сорпаға , тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құртты ыдысқа салып ұнтақтайды. Езген құрт – ұлттық тағамдардың ең бір сүйкімдісі, әрі кенеулісі.
6-баяндама. Тақырыбы «Май»
Мақсаты : Майдың пайдасын анықтау арқылы маңыздылығын көрсету.
Май- барлық азықтардың негізгі нәрі, ең негізгі құнары. Мал майының өткірлік , дәмділік, емдік қасиеттері бар. Майлар- тағамның қажетті және ең калориялы құрамдас бөліктері.
Ағзаға
1гр.май сіңіп тарағанда,
Майдың
тағы бір қасиеті ол өзімен
бірге пайдаланылған басқа
Май ағзаға
тек энергиялық қуат үшін ғана емес,
пластикалық мақсат үшін де қажет. Ол дегеніміз
жаңа клетка құрылымын жасау керек. Адам
майлармен бірге А. Д. Е.дәрумендерін де
алады.
Сұрақ. – Мен осы дәрумендер
туралы толығырақ білгім
Жауап : - А дәрумені- көздің көру қабілетін жақсы сақтау үшін қажет. Ағзаның бірқалыпты өсуін қамтамасыз етеді. Егер бұл дәрумен жетіспесе, адамның жүзі солғын тартады, терісі, шашы құрғақтанып, қабыршықтанады, безеу бөртпелері пайда болып, тырнақтары сына береді, жарықтан жасқанып, көзі күндіз көріп, түнде көрмейді.
А дәрумені малдан алынатын тағамдарда, майда, ірімшікте өте көп кездеседі.
Д
дәрумені - ағзада кальций мен
фосфор тұздарын сіңіруге
Е дәрумені-
бұлшық еттердің қызметін жақсартады.
Ол маймен қатар, жұмыртқада, сүттің құрамында
болады.
7-баяндама. Тақырыбы . « Алтын , күміс тас екен,
Арпа, бидай ас екен»
Мақсаты: Дәнді дақылдардың құрамын зерттеу арқылы маңыздылығын ашу.
Тары, күріш,
арпа, бидайдың тағамдық қасиеті жоғары
және жұғымды калориялы болады. Олар
балалар мен ауруға шалдыққан
адамдарды тамақтандыру үшін ерекше
қажет. Бұлар көмірсу мен өсімдік
ақуыздарының негізі болып табылады.
Аз мөлшерде дәрумендер мен калий, кальций, магний, фосфор ,темір тұздары болады.
Ұлттық тағамдардың
8-баяндама. Тақырыбы. - «Тұзды төкпе, малды теппе»
Мақсаты: Тағамдағы тұздың алатын орнын анықтау.
Тұз -
адам организмінің қалыпты жұмыс істеуі
үшін бірден-бір қажетті зат. Ол тағамның
дәмін келтірумен бірге, тканьдердегі
су мөлшерін реттеп, асқазан сөлінде тұз
қышқылын түзеді. Адам ағзасына күн сайын
тамақ арқылы орта есеппен 10-15 грамдай
ас тұзы сіңіріледі. Ас тұзы тағамның барлық
түріне қолданылады. Тамаққа тұзды дұрыстап
салудың маңызы зор. Етке тұзды пісерден
30 минут бұрын салу керек.