Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 07:06, реферат
Асар- бір отбасының қолынан келмейтін жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары «асарға» шақырылады.Мысалы, үйсалғанда, мол егін жинағанда, тағы сол сияқты көлемді, ауыр жұмыстарға шақырылады.Асарға келушілер еңбегі үшін ақы талап етпейді.Оның есесіне асарға шақырушы адам оларға арнайы мал сойып, қымыз құйып, жақсы тамақ әзірлеп, тойғызады. Асар- қазақ елінің ұжымдасып жұмыс істеуінің әдемі бір көрінісі.
Ақ жол (ырым). Бұл ырым бойынша күйеуінің көзіне шөп салмаған әйел жаралы адамның үстінен аттап өтсе, ауру жазылады. Егер аттаған әйел күнәлі болса, ауру табан астында өледі.
Ата салтың - асыл қазынаң
Қылмыстың ауыр түрі ретінде пара –біреуге ауызбастырық үшін, болмаса қолында билігі бар кісінің жасаған қандай да бір «жақсылығына» байланысты беріледі. «Парақорлық», « жемқорлық»- бұл бұрыннан келе жатқан дерт. Пара алушыға, пара берушіге пара алу мен берудің ортасында жүрген делдал адамдарға Қылмыстық кодексте қылмыстық жаза белгіленген.
Асар-
бір отбасының қолынан
Ақ жол (ырым). Бұл ырым бойынша күйеуінің көзіне шөп салмаған әйел жаралы адамның үстінен аттап өтсе, ауру жазылады. Егер аттаған әйел күнәлі болса, ауру табан астында өледі.
Айдар- балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластыра өріп қояды. Мұны айдар дейді. Бұрын ел бұл ғұрыпты көп қолданған.Балаларға Айдар деп те ат қойған. Бұл ғұрып негізінен ер балаға жасалады.Сәбилерге шаш орнынап кекіл, тұлым да қойылады.
Ас беру- ұлттық дәстүр.Қазақ халқының ертеден келе жатқан ең үлкен тойы- осы ас беру. Бұл дүниеден өткен ең белгілі адамдардың жылы толғанда оған жасалатын зор құрметғжұртшылықтың ұлы жиыны, бас қосуы.Аста жүздеген ордалар, киіз үйлер тігіліп, үш жүзге бірдей сауын айтылады.Бұған әр елден есімі белгілі ақсақалдар, батырлар, ақындар, палуандар, әншілер, мергендер, жыршылар, көкпаршылар, арнайы шақырылып, жүйрік аттар келеді.
Аманат- бір адамның екінші біреуге аман сақтау үшін беретін қазынасы, ақшасы,мүлкі немесе бағалы заттары. «Аманат»- түбірі аман деген сөзден шыққан болу керек. Аманатты сақтау және оны мезгілінде тапсыру зор адамгершілікке жатады. «Аманат- аман сақтайды» дейді қазақ халқы. Аманатқа қиямет жасамайды. Ол өте ауыр күнә деп есептеледі.
Аманаттың бұрын еларалық қатынаста да үлкен мән- маңызы болған. Көбінесе, ол бірлік, татулық, бітім жолына қызмет еткен.Тарихымызда « ақ үй аманат алып барған екен» деген деректер жиі кездеседі. Ерте кезде жауласушы екі ел татуласқан кезде аманатқа адамдар да қалдырып кететін болған.
Айырылысар көже- көрші қонғанда ерулік беріп, қыстай немесе жаздай бірге отырған, сыйласқан отбасылар қоныс аударып, бөліне көшкен жағдайда олар бір- бірін енді «айырылысар көжеге» шақырады. «Көже» деген аты болмаса, сыйлы,сыбағалы табақ тартылады.Олар бір- біріне ризашылықтарын білдіріп, «ұрыспай айырылған, ұялмай қосылады» деп тағы да аман-есен қосылуға тілек білдіреді. «Айырылысар көжені» әдетте көшетін отбасы береді.
Ауызбастырақ- біреуді сөзбен жығып, ұтыпоны орнынан тұрмастай етіп, өлең шығарғанда немесе әзіл тастағанда, ұтылған адам әлгі сөзді басқа адамға таратпас үшін « ауызбастырық» береді. Онысы бұл сөзді ешкімге айтпаңыз деген жалынуы, кешірім сұрауы болып табылады.»ауызбастырық» алған адам әлгі сөзді ешкімге тіс жарып айтпауы керек.
Ауыз
тию- алыс сапарға, емделуге шыққан адам
ауылдлың үлкен үйінен дәм татып аттанатын
ырым бар. Сол дара шаңырақтың киесі қолдасын
деген сенімінен шыққан. Сондай-ақ дастархан
үстіне келген адам дәмнен ауыз тиюг тиіс.
Мұндайда әйел болса- « күйеуім тастап
кетеді» деп әзілдейді. Ал еркек болса
« әйелім тастап кетеді» дейді. Қазақтың
дәстүрі бойынша үйіне келген адамға дәм
ауыз тигізбей шығаромауы керек.Халықта
«үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады»
деген сөз бар.Мұның бәрі қонаққа да, асқа
да еерекше ықыластың, көзқарастың белгісі,
халықтың өзіне тән қонақжайлылығы мен
кеңпейілділігін танытады.
ҚҰТТЫМБЕТҰЛЫ НАУРЫЗБАЙ
Құттымбет (Құтпанбет) ұлы Наурызбай (1706-1781) жоңғар басқыншыларына қарсы күресте аты шыққан атақты батырлардың бірі, белгілі қолбасшы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Мекені Алматы қаласы маңындағы Жалпақтөс, Серіктас деген жерлер.
Ел басына түскен ауыртпалық өзге замандастары сияқты Наурызбайды да ерте есейтеді. Оның ересектер қатарына қосылуына нар тұлғалы алып денесі де септігін тигізген сияқты. Халық жадында оның «Торы ала тұлпарды, түйе тұрпатты» батыр бейнесінде қалуы да содан.
Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы күресте өтеді. Ол атақты Аңырақай шайқасына қатысып, жиырма үш жасында қалмақ батырлары Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе жекте өлтіріп, батыр атанады. Батырдың ерлігіне риза болған елі: «Наурызбайдың екпіні таудан асқан тасқындай. Қалмақты қойдай қырады, оттан судан тартынбай. Тор ала тұлпар астында, шойын шоқпар қолында. Түйе тұрпатты тұтқыр ер, оңды солды ұрады» деп, оның атын жырға қосып, мақтан тұтады.
Аңырақай шайқасы қазақ қауымы біріксе, жоңғарларды жеңетінін, жау қолында қалған жерді азат етуге болатынын анық көрсетіп береді. Абылай Арқаға барғаннан кейін тұс-тұсқа жаушы жіберіп, жаңа күш топтайды. Осыған Ұлы жүзден Өтеген, Райымбек, Наурызбай секілді батырларды шақырады. Райымбек бара алмай қалады, Өтеген мен Наурызбай жауынгерлерін ертіп, мерзімді уақытында жетеді. Бірақ кейін Өтеген батыр Абылайдың Қытаймен жасаған қарым-қатынасының саяси мәніне түсінбей, оған қарсы болып, еліне қайтып кетеді. Ал Наурызбай Абылайдың қасында болып, оның сенім артар атақты батырлардың біріне айналды.
Қол бастап талай шайқасқа қатысқан Наурызбай батыр 1750-1752 жылдары Бәсентиін Малайсары, Қыстық Малай, Шапырашты Қасқары батырлармен бірге тізе қоса қимылдап, қазақ қолының жеңісті жолын жалғастырып, жоңғарларды Тұрпаннан асыра қуып тастайды.
Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық соғысына Наурызбайдың өзімен бірге Құдайберген, Шолпан, Дүйсен деген бауырлары да қатысады. Бірақ олардың бәрі де жау қолынан қаза табады.
ТОЛЫБАЙҰЛЫ ОЛЖАБАЙ
Толыбайұлы Олжабай (1709-!783) – жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақтың атақты батырларының бірі. Шыққан тегі – Орта жүздің Арғын тайпасынан.
Олжабайдың арғы атасы Айдабол он үш жасында би болған. Осы Айдаболдың үш әйелінің бәйбішесінен – Жанқозы, Малқозы, Кенжеқозы, ортаншы әйелінен Қарақозы, Бозқозы, Аққозы, тоқалынан – Қожагелді мен Тайкелтір туады. Балаларының бәрі де «сен тұр, мен атайын» әрі шешен, әрі батыр болып өседі. Жалғыз-ақ бәйбішесінің Кенжеқозысы қыршын жас кезінде өліп, айттырып қойған қызы оң жақта жесір қалады. Ол үйсін Қаратай батырдың қызы екен. Әкесі осы қызды тоқалдан туған Тайкелтірге алып берем дегенде, Жанқозы: «кіндіктесімнің жесірін тоқалдың баласына алдырмаймын» деп, зорлықпен қызды інісі Малқозының баласы Толыбайға алып береді. Осы Қаратай батырдың қызынан Олжабай туады.
Әкесі Толыбай атақты «Ақтабан шұбырындыда» босқан елді жау өтінен қорғап жүргенде оққа ұшады. Осы кезде он үшке жаңа толған Олжабай нағашысы Қаратай батырдың қолына барып, сонда тәрбиеленеді.
Халықтың шежірелерінде, ауызша әңгімелерінде Олжабай туралы өте көп айтылады, өлең жыр, дастандар да баршылық. Онда Олжабайдың батырлығы, тапқырлығы, мергендігі ерен сүйіспеншілікпен сөз болады.
Оның есімі он сан орта жүзге ұран болған. Халық жырларында: «Олжабайлап» жауға шапқанның жеңбейтіні болмаған. Үрей туғызатын ұранды пайдаланып, өзгелердің де жауға «Олжабайлап» шабатын кездері болған көрінеді.
Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары секілді батырлармен бірге тізе қоса отырып, ата жауға қарсы талай жорыққа қатысқан. Оның ерлігінің ерекше көрінетін жері Баянауылда баурайындағы қалмақтармен болған шайқасы. Осында Олжабай жиені Жасыбаймен бірге қалмақтардың жолын тосып жатады. Жасыбай жасағымен Шойынкөлге өтетін асудың аузында, Олжабай Торайғыр көліне өтетін асудың аузында жатып, жау қолын күтеді. Бұлардың жол тосып жатқанын қалмақтар да біліп, қапысын тауып, Жасыбай қолына тосынан келіп тиіседі. Жасыбай осы шайқаста қаза табады.
Жау келгенінен хабарланған Олжабай көмекке ұмтылады. Ол жауды қоршап алып, таудың бір қуысына тығып қойып қойдай қырады. Сонда Олжабайдың сұсын көрген жолдасы Төрткул Баймұрат батыр: « Енді сен дем ал, мұнда саған қарсы келер ешкім қалған жоқ. Қалған құтқаны болса, маған сауға бермейсің бе» деп, атының сулығынан ұстағанда, Олжабай: «Жасыбайдың бір бармағының да құны толған жоқ қой» деген екен күрсініп. Кейін халық қапыда кеткен есіл ердің құрметіне Жасыбайдың жау күткен асуын «Жасыбай асуы», Шойынкелді «Жасыбай көлі» атап кетіпті. Ол жерлер бүгін де солай аталады.
УӘЛИҰЛЫ АБЫЛАЙХАН
Уәлиұлы Абылайхан (1711-1781) – қазақ халқының әйгілі ханы. Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы, төре. Шежіре деректері бойынша Шыңғыс хан – Жошы хан – оның төртінші ұлы – Тоқайтемір – Қожа – Бадақұлан – Өріс хан – Құйыршық хан – Барақ хан – Әз Жәнібек – Жәдік – Шығай хан – Ер Есім хан – Жәңгір хан – Уәли Сұлтан – Қанішер Абылай сұлтан – Көркем Уәли – Абылай (Әбілмәнсүр) хан болып таратылады.
Абылай хан, әкесі Көркем Уәли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бұл кезең қазақ халқы үшін жойылып кету қаупі төніп тұрған, өлім мен өмірдің арасында күн кешкендей алмағайып заман болатын. Батысында отаршылдық дәмін татып, тәсілін меңгеріп үлгерген Ресей империясы кеуделеп келе жатты. Шығысында өзін аспан әміршісіне балайтын Қытай империясы айдаһардай ысқырып тұрған кез. Оңтүстігіндегі елдерді ислам фанатизмі тұтастындырып, тәңірлік наным сенімді өмір салты еткен қазақ даласына олар да ит көрген ешкідей ажырайып қарайтын. Әсіресе, көшпелі өмір салты ұқсас, мекен тұрағы жапсарлас Жоңғар хандығы деп аталатын ойраттардың саяси бірлестігі (1635 – 1758) аш бүйірден шаншудай қадалады. Осынау тарихи жағдайды сол кездің дуалы ауыз ақыны бір ауыз өлеңмен былай бедерлейді:
«Былай барсаң Қоқан бар,
Қоқаңдаған әкең бар.
Былай барсаң Қалмақ бар,
Күшіңді еппен алмақ бар.
Былай барсаң Қытай бар,
Жапырағыңды бұтай бар.
Былай барсаң орыс бар,
Балаңды берсең қоныс бар.
Бір шумақ өлең аясына сол кездің әскери саяси ахуалы ғана сыйып тұрған жоқ, сонымен бірге қазақ даласына сұғын қадаған елдердің дипломатиялық талғам тәсілі мен басқыншылық тактикалары да айқын аңғарылады.
Абылай хан көзін ашар-ашпастан тағдырдың осындай зұлмат тауқыметімен беттесті. Жастайынан жетім қалған Абылай Төле би сияқты ақылгөй абыздың, Әбілмәмбет сияқты ханның, Бөгенбай сияқты батырдың тәрбиесін көріп ел жұрттың саяси әлеуметтік өміріне қоса жорық жортуылдардың да қыр сырына көз қанықтырып, көңіл зерделетіп, бой үйретіп өседі.
Абылай ханның бүкіл өмірі бір ғана мақсатқа бағынды. Ол ең далада еркін өскен қазақ халқын аман сақтап қалу үшін барлық ақыл-ойы мен қажыр қайратын сарқа жұмсады. Осынау ұлы мұрат жолында Абылай хан пендешіліктің бәрін тәрік етіп, шын мәнінде исі қазақтың біртуар көсемі бола білді. Ол он бес жасынан бастап қан майданды көзімен көріп, кейін небір қырғын шайқастарда жеке басының ерлік тапқырлықтарымен жеңіс туын желбіретті. Талай рет жекпе жекке тіленіп түсіп, Қалдан Шеріннің сүйікті жиені Шарышты бірме бір шайқаста өз қолымен өлтірді.
«Ықпалы жүрген ер еді,
Алтыннан қылыш будырған.
Абылайлап ат қойып,
Жауды көрсе құтырған»,
деп жырлады оның ерлігіне сүйсінген жырау. Бұл орайда, Абылай хан өзінен бұрынғы Мүде, Бумын, Күлтегін, Шыңғысхан, Ақсақ Темір, Едіге, Тоқтамыс, Әз Жәнібек, Керей, Бабыр, Есімхан, Қасымхан сияқты, өмірдің барлық сәтінде жеке басымен үлгі өнеге бола білген көшпелілер көсемінің соңғы тұяғы еді. Ел қамы, халық тағдырына қатысты істе Абылай хан ештеңеден тартынған жоқ. Ол елі мен жеріне қауіп төндірген Ресей мен Қытайға тосқауыл болу үшін күші жетпей, сөзі өтпей қиналған сәттерде ең сүйікті бел балаларын кепілдікке берді. Рухы осындай мықты Абылай хан ардақты батырлары қан майданда қаза тапқанда көзінің жасын сығып тастайтын кездері болған.
Абылай хан ауырып жатқанда Бұхар жырау былай деп көңілін сұрапты деген сөз бар:
«Қалыңсыз қыз алдырған, ханым ай,
Қайырусыз жылқы салдырған, ханым ай.
Үш жүздің боздағын жолыңа шалсам,
Қалар ма екен бір шыбындай жаның ай!» депті.
Халыққа қадірі артқан ханға айтылар сөз осындай ақ болар еді.
Абылай хан қазақ халқының тарих сынынан аман өтуі үшін ең алдымен елдік тұтастық пен дербестіктің қажет екенін терең түсінді. Ол бүкіл қажыр-қайраты мен ақыл-айласын тек қана осы мүддеге бағындыра білді. Бұл мүддені жүзеге асыру жолында ол ерлік ісімен де, шешендік тапқырлығымен де, көреген ақылымен де, шебер ұйымдастырушылығымен де төңірегін таң қалдырып, өз замандастарының бәрінен де бір бас жоғары тұрды. Абылай хан қазақтың айыр көмей, жез таңдай ақын жырауларын, абыз билерін ғана аузына қаратып қойған жоқ. Ол Қытай мен қалмақ тілдерінде еркін сөйлеп, олардың да ықпалды адамдарын ұтқыр сөздерімен тосылтып отырды. Абылай хан қазақтың дәстүрлі мәдениетіне де жүйрік болды. Ол өз жанынан тамаша күйлер шығарып, Шоқан айтқандай, сол заманның эпикалық қарымдағы ерлік істерін күй тілінде бейнелей білді.