Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 07:06, реферат
Асар- бір отбасының қолынан келмейтін жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары «асарға» шақырылады.Мысалы, үйсалғанда, мол егін жинағанда, тағы сол сияқты көлемді, ауыр жұмыстарға шақырылады.Асарға келушілер еңбегі үшін ақы талап етпейді.Оның есесіне асарға шақырушы адам оларға арнайы мал сойып, қымыз құйып, жақсы тамақ әзірлеп, тойғызады. Асар- қазақ елінің ұжымдасып жұмыс істеуінің әдемі бір көрінісі.
Ақ жол (ырым). Бұл ырым бойынша күйеуінің көзіне шөп салмаған әйел жаралы адамның үстінен аттап өтсе, ауру жазылады. Егер аттаған әйел күнәлі болса, ауру табан астында өледі.
Қазан – тоқшылық пен берекенің, ырыс – несібенің айғағы, қасиетті киелі ыдыс.
Қазанын сындыру – отбасын ойрандау, қазанын төңкеру – аштықтың, масқаралаудың белгісі. «Жеті жарғыда» өлім жазасына бұйырылған адам 7 айып төлеп құтыла алады. Оның біріншісі – қара қазан төлеу.
Абылай хан Көкшетаудан көшкенде арғын Бекболат бидің қуып келетінін біліп, өз қара қазанын жұртына тастап кетуінде үлкен философиялық ой, толғам бар еді. Оны зерделі би Бекболат дәл шешіп атының басын тартқан.
Ежелгі қуатты сақ елінің бірлігі бұзылып, ішін ала ауыздық жайлаған кезінде, ел көсемдері халықөтың басын біріктіру үшін үлкен қазан құюға бұйырады. Сақ сарбаздары жебелерінің мыс масағын жинатып, содан нарқазан құяды. Сол қазанға пісіріліп таратылған тағамнан дәм татқан сақтар өзара өкпе – наздарын ұмытып, қазан асып от басында қайтадан татуласып, осылайша ел бірлігі сақталып қалған екен.
Көне, ертегі жырларда алтын қазан іздеу салты кездеседі.
Сөз тыңда, құлақ салып, балам, маған,
Астында дарияның алтын қазан.
Әкелсең сол қазанды ерлік қылып
Беремін Күнсұлуды қосып саған.
«Құламерген»
Бұл жөнінде академик Ә. Марғұлан: « «Құламерген» жырында теңіз астынан қазан іздеу тайпалар одағының бірлігін сипаттайды. Қазан мықты болса, ел де мықты. Қазан шаңырақ сияқты бүтіндіктің белгісі. Ол құрыса, ел де құриды» деп жазады. Осы бір аңыз - әңгімелердегі айтылған ойдың тобықтай түйіні тіліміздегі «қара қазан, сар баланың қамы үшін» деген сөзде сақталған.
Тарихқа көз жүгіртсек, жылына 1 рет ас пісіріп, қалың бұқараға дәм таттыру дәстүрі қазақ хандарының тұсында «шүлен тарату» деп атаған. «Шүлен» сөзі – мырзалықтың, берегендіктің баламасы, қазақта қолы ашық, кең, мол адамды өзі бір шүлен адам деген екен.
Ақсүйек қолбасшысы Темір заманында мешіт күмбезінің астына мыс қазанға ет пісіріп, «шүлен» таратылатындығы жазылған.
Ұлыс
күні неге өгіз сойылады?
Жас жігіттер ошақ қасына өкіртіп әкеліп өгіз сояды да, оның бауыздау қанымен ойнап жүрген жас балалардың маңдайына дөңгелек аса салады. Оның себебі күнді құрметтеуден туған.
Үркер
күздің басында шығыстан, қыстың басында
төбеден, көктемнің басында аспан
етегінен көрініп, жазға қарай мүлдем
батып кетеді. Бұл кезеңде Үркердің
көкжиектен көрінбеу кету себебі – күн
жолы наурыз айында дәл соның үстінен
өтеді. Осы кезде Үркердің қос жұлдызы
бұқаның мүйізі секілді батқан күн жолының
2 жағынан қылтиып көрінеді. Аспан көгіндегі
дәл осы көріністі Қазақстан жартастарында
шимайланған петроглифтерден – мүйізімен
Күн көтеріп тұрған алып Көк өгіздердің
суреттерден көруге болады. Ежелгі түркілер
күннің жолы мен жерге келген жаңа жылдың
белгісі деп наурызда өгізді құрбандыққа
шалу осыған байланысты.
НАУРЫЗДАҒЫ
САЛТ – ДӘСТҮРЛЕР.
Наурызнама – шат - шадыманды ойын-сауық , той. «Ол
күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп той - тамаша қылады екен» (Абай). Кей жерлерде наурыз тойы деп те аталады. Бұл күні үлкен болсын,кіші болсын осы мейрамға келіп,көңілді ойын-сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған.Тойға ат жарыс,палуан күрес,басқа да спорт бәсекесі,айтыс,түрлі ойындар мен көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Әркім үлкендерден бата тілейді. Наурызнама бұрын 3-9 күнге созылатын , халықтық ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары кеңінен қолданылатын ерекше үлкен жиын той. «Қазақтың» қазақ болғанда өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы Наурызнама. Ол күні қожаларға оқытатұғын Наурызға арналған кітап болады. Наурыз жайын ұқтыратын кітаптың атын «Салдама» дейді (Мәшһүр Жүсіп).
Наурызнамада қыз-жігіттер жиналып, бас қосып ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Қыздар өздерін ұнатқан жігіттеріне «Ұйқыашардан» дәм таттыратын болған. Мұның мәнісі оларды «ұлыстың ұлы күні» ұйықтап қалмасын деген ескі ұғымнан туған.Оның үстіне «ұйқыашар» болашақ күйеулерге күш қуат, махабат, нәзік сезім әкеледі-міс деген.
Жігіттер қыз-келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді.Оны селт еткізер деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна - пәктік пен жастықтың, тарақ - әдемілік пен сұлулықтың, иіссу - бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.
Бүл күні қарттар да естен шықпайды. Оларға арнап жылы-жұмсақ тағамдардан бел көтерер деп аталатын дәм дайындалып, таратылады.
Наурыз-тілек. Достық көңіл мен тілектестіктің, адам- гершіліктің белгісі, әрі тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған.
Наурыз төл. Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді.
Наурызкөк-наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді.Оны алғаш көргендер«Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.
Наурызшешек. Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі-түрлі гүлді, қауашақты әсем өсімдікті (шөп). Оны үйде де өсіреді ...Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. Наурызшешек «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін бағалы өсімдік қатарына жатады.
Наурызша. Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.
Наурыз
есімі. Наурыз күнінде немесе айында
туғандарды халық бақытты санаған. Сондай
себеппен оларға Наурыз есімін беретін
болған. Мысалы:қазақ халқында Наурызбай
Құтпанбайұлы (1706-1781), Наурызбай Қасымұлы
(1822-1847) атты әйгілі батырлар болған.
Алтын Ордада Наурыз
есімді хан (1359-1360) болғаны тарихтан белгілі.
Наурызгүл, Наурызбек, Наурызәлі деген
адам аттары да жиі кездеседі.
ІV. « НАУРЫЗ КӨЖЕНІҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ПАЙДАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБА ҚОРҒАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ТАЛДАМАСЫ
Мақсаты:
Наурыз
көженің адам денсаулығындағы
маңызын ғылыми тұрғыдан зерттеу
арқылы көрсету.
1.Ұйымдастыру Кіршіксіз көгілдір көгіміз
кезеңі Гүлдері құлпырған жеріміз.
1- оқушы: Айтқаныңыз келсін ,
2- оқушы: Ұлыс оң болсын ,
3- оқушы: Еліміздің несібесі көп болсын ,
2.Кіріспе сөз - Наурыз мерекесінің танымдық мәні мол, жұмбақ сырлы өзіндік рәсімдері мен шартты талаптары баршылық .Соның бірі –Ұлыстың Ұлы күні Наурызнамада дайындалатын - Наурыз көже «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп,көже мейілінше мол жасалады . «Жақсы тамақ қалғанша , жаман қарын жарылсын» деп ,тоя ішу ғұрпы сақталған.Сондықтан болар наурыз көжені «көп көже», «тоқ көже» деп те атайды. Тіпті алаңсыз тойғанынша ішсін деген ниеттен болар, қаласа әркімнің өзі құйып алу еркі де болған . Мұның бәрі наурыз мерекесінің теңдік күні, еріктілік, имандылық мерекесі деген түсініктен туса керек.
Халқымызда
ежелден 7 санын қасиетті дейтіні
белгілі. Тіпті санағанның өзінде біреу,
екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу
деп айтамыз. Ешқашан сегізеу, тоғызеу
демеген. Ұлттық таным бойынша 7 қазына,
7 ата, 7күн, 7қат көк, 7 музыкалық дыбыс т.б.
ұғымдарды білеміз:
Осылардың
қатарынан орын алатын 7 түрлі дәмнен
жасалатын Наурыз көженің ерекшелігі
қандай? Әр жаңа жылда дайындалатын
осынау дәмнің құдіреті неде?
3. Негізгі бөлімі
1-баяндама Тақырыбы . «Судың маңызы»
Мақсаты: Судың өзіндік ерекшелігін ашу.
Су-тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады, ағыл- тегіл терлетеді,қалжыратады.
Су-ғажайып
зат. Су бір мезгілде 3 түрлі күйінде
кездеседі Мұз-судың қатты
Су-тіршілік көзі. Тірлігі оттегінсіз өтетін ішекте тіршілік ететін бактериялар бар,бірақ сусыз өмір сүретін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан ағзалар денесінің 50-90 пайызы судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17кг-ға кемісе, адам өледі. Адам су ішпей 1 апта ғана шыдайды.
Су- табиғатта ең көп таралған зат. Жер бетінің 2/3 бөлігін су қабаты алып жатыр. Судың тағы бір кереметі оның су қабаты, ауа қабаты, құрлық қабаты арасында тынымсыз айналыста жүретіндігі.
Судың
тағы бір қасиеті –жақсы еріткіш. Ас тұзын
суға салсақ, оның қатты түйіршіктері
еріп, мөлдір ерітіндіге айналады. Жерге
сіңген су тау жыныстарындағы әр түрлі
минерал заттарын ерітеді. Бұдан судың
физикалық қасиеті өзгереді. Дәм және
иіс пайда болады,жылынады. Жаңа қасиеттерге
ие болған жер астынан шығатын суларды
минералдық сулар деп атайды. Судағы еріген
заттарының мөлшері оның кездесетін жерлеріне
байланысты. Ішуге жарамды судың 1л. 2-20
гр еріген тұздары болады. Ол адам ағзасына
пайдалы әр түрлі сырқаттардан айығуға
жәрдемдеседі. Ондай суларды шипалы сулар
дейміз.
Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80-95 пайызы судан тұрады.Адам ағзасының құрамында қанның, ас қорытатын сөлдің, сілекейдің құрамына кіреді.