Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 07:06, реферат
Асар- бір отбасының қолынан келмейтін жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары «асарға» шақырылады.Мысалы, үйсалғанда, мол егін жинағанда, тағы сол сияқты көлемді, ауыр жұмыстарға шақырылады.Асарға келушілер еңбегі үшін ақы талап етпейді.Оның есесіне асарға шақырушы адам оларға арнайы мал сойып, қымыз құйып, жақсы тамақ әзірлеп, тойғызады. Асар- қазақ елінің ұжымдасып жұмыс істеуінің әдемі бір көрінісі.
Ақ жол (ырым). Бұл ырым бойынша күйеуінің көзіне шөп салмаған әйел жаралы адамның үстінен аттап өтсе, ауру жазылады. Егер аттаған әйел күнәлі болса, ауру табан астында өледі.
1858 – 1859 жылдары
Шоқанның Қашғарияға сапары
Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнеріндегі зерттеулері. Бұл еңбектер оның өнердің осы саласындағы қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ол негізінен портрет, пейжаз және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысқан. Одан 150 – дей сурет қалған.
Науқасы меңдегендіктен Петербургтен елге оралған Шоқан туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды чиновниктен, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді» деп жазады ол бұл туралы досы Достаевскийге. Бірақ ол бұл мақсатын орындай алмай, аға сұлтандыққа өте алмай қалады. 1864 жылы наурыз айында Шоқан генерал Черняевтің шақыруымен Әулиеатаға (қазіргі Тараз қаласы) келеді. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны Ресейге қосуды жақтаған ол Черняев отрядында біраз уақыт қызмет істейді. Бірақ патша генералының жергілікті халыққа жасаған зорлық-зомбылығын көріп, тез бөлініп кетеді. Содан Верный (қазіріг Алматы) қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің аулына барып (бұрынғы Талдықорған облысы, Шоқан атындағы шаруашылық) тоқтайды. Сонда үйленіп, тұрып қалады.
Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшен тоған деген жерге қойылады.
Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыстың жағрафиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Н.И.Веселовский: «Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды. Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді.
БАЙЖАНҰЛЫ ЖАЯУ МҰСА
Байжанұлы Жаяу Мұса (1835-1929) – қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын. Туған жері – Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасы, Ақшоқы алқабы. Шыққан тегі – Орта жүз, Арғын ішіндегі Сүйіндік руы. Алғаш ауыл молласынан оқып, сауат ашады. Оң-солын тани келе өнер-білім қуып, Қызылжар, Омбы қалаларына келеді. Омбыдағы орыс мектебінде оқиды, қала өнерпаздарымен араласып, домбыра, сырнай, скрипка аспаптарын тартуды меңгереді, өзінің сезім-күйін әнге қосуға машықтанады, музыкалық әдеби кештерге араласады. Бойындағы өнерін жұрт алдында көрсете бастайды. Қалада өткерген жылдарында Жаяу Мұса сол кездің саяси-әлеуметтік өмірін тереңірек танып, туған елінің бодандықтағы мүшкіл халіне ой зерделетіп, санасы толысқан шағында елге оралады. Әрине, ел ішіндегі әлеуметтік әділетсіздіктер мен сыртқы өктемдікті жай ғана бақылаушы болып қана қалмайды, өзінің ұстанымын тиісті жерінде өнерімен де, іс-әрекетімен де көрсетіп отырады. «Ақ сиса» сияқты әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеген әндері ел ішіне тарай бастайды. Ақыры Жаяу Мұсаға «Патша саясатына наразы адам» деген айып тағылып, Тобылға жер аударылады. Тобыл түрмесінде ол генерал-губернаторға хат жазып, әскер қатарына сұранады. Мұсаның өтініші қабылданады. Осылайша, оның әскер қатарындағы әр қиырды шарлаған күрделі өмірі басталады. Тобыл, Орынбор, Қазан, Новгород, Москва, Владимир, Петербург қалаларында, Польша, Литва жерінде болады. Кейін Қоқан хандығының саясатына қарсы жұмсалған полковник М.Черняевтің әскерінің құрамында Алатау, Әулиеата, Шымкент жорығына қатысады. Осы жорықта Ресей әскерінің зорлықшыл әрекеттерін көзімен көрген Жаяу Мұса қатты налиды, ән-жырына қосады. Алыста жүріп, туған жерін сағынып «Сүйіндік» әнін шығарады. «Толғау», «Арап ұрыға», «Бозторғай», «Хаулау» әндеріне өмірден көрген сондай қиындық қиянаттар арқау болады. Өмірдің көп тауқыметін бастан өткеріп, еліне оралған Жаяу Мұса әлеуметтік-саяси теңсіздікке арналған әндер шығаруды одан әрі жалғастырады. Ақмола уезіне қарасты Құлбай деген байдың немере қызы Сапармен көңіл жарастырып, ұрпақ құрып, саясатшылықпен айналысады. Жаяу Мұса қазақтың ән өнерін мазмұн, түр жағынан байытып, шығармашылық жаңалықтар енгізіп, әуен сазын жаңа биіктерге көтерген аса дарынды композитор. Ол өз шығармаларында қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, өз заманының арман-аңсарын әнмен бедерлей білді. Оның әлеуметтік көзқарастары, азаматтық ұстанымдары сол кездің демократтық-ағартушылық озық идеяларымен астасып жатты. Жаяу Мұса әндерін күні бүгінге дейін халық сүйіп тыңдайды. Оның алуан нақышты асқақ әндері Қазақстан композиторларының көптеген шығармаларына арқау болған.
Бастауыш сынып оқушыларының
зерттеу-ізденушілік
жұмыстарын ұйымдастыру
(әдістемелік
нұсқау)
Бұл кітапшада Өскемен қаласының № 44 мектеп-лицейінің бастауыш сыныптарында сыныптан тыс жүргізілетін «Зерде» ғылыми қоғамының этномәдениет секциясын ұйымдастырылу үлгісі беріліп отыр. Секцияда оқушылар ұлттық салт-дәстүрлерді зерттеу, жинақтау жұмыстарымен айналысады. Соның бір дәлелі ретінде Наурыз мерекесі туралы ұмыт бола бастаған салт – дәстүрлерді жинақтап, «Наурыз көженің адам ағзасына пайдасы» атты ғылыми жоба қорғау конференция талдамасы ұсынылады.
Бұл әдістемелік нұсқау жылда тойланатын Наурыз мерекесін өткізуге көмекші құрал болып табылады.
Мұғалімдерге,
студенттерге және зерттеу жұмыстарымен
айналысып жүрген оқушыларға арналады.
М
А З М Ұ Н
Ы :
І.кіріспе
«БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЗЕРТТЕУ - ІЗДЕНУШІЛІК
ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ»...................
4ІІ.ДҮНИЕ
ЖҮЗІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ НАУРЫЗ
МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУ ДӘСТҮРІ
ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША
ЗЕРТТЕУ- ІЗДЕНУШІЛІК
ЖҰМЫСЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ
ҚҰРЫЛЫМЫ......................
ІІІ.ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ
МАЗМҰНЫ:
--ДҮНИЕ ЖҮЗІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУ
ДӘСТҮРІ.......................
--ҚЫЗЫР (ҚЫДЫР)
АТА ..........................
--САМАРҚАННЫҢ КӨК
ТАСЫ ЖІБІГЕН.......................
--ҚЫЗЫР ТҮНІ. ..............................
-- НАУРЫЗДАҒЫ САЛТ
– ДӘСТҮРЛЕР...................
IV.«НАУРЫЗ КӨЖЕНІҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ПАЙДАСЫ» ТА-
ҚЫРЫБЫНДАҒЫ
ҒЫЛЫМИ ЖОБА ҚОРҒАУ
КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ
ТАЛДАМАСЫ.....................
V.ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
Қазіргі кезеңдегі білім беру
ісінің негізгі нысаны – жас
ұрпақтың біліктілігін
Елбасының соңғы жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады.
Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.
Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.
Ғылымның жедел түрде дамуы, техникалық прогресс, қазіргі заман талабы бастауыш сынып оқушыларының жан- жақты терең ойлау қабілеттіктерін арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу- ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет. 12 жылдық білім берудің басты мақсатының бірі -құзыретті тұлғаны дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі - мәдениетттанымдық құзырет . Ол дегеніміз – жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның ролін түсіну. Өзінің халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну.
Осы орайда мектебімізде оқушыларды танымдық іс-әрекетке баулу; жүйелі түрде қатыстыру; этнопедагогика негізінде жан- жақты тәрбиелеу мақсатында бастауыш сынып оқушылары арасында этномәдениет секциясы құрылды.
Секцияны жүргізу көптеген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
1)Оқушыны ізденушілікке баулу,
2)Қоршаған
ортаны танып білуге
3)Оқушы
қоршаған ортамен таныса
4)Оқушының
таңдаған бағыты бойынша
5)Әдебиеттерді талдай білуге, анықтамалармен жұмыс істеуге үйрету;
6)Білім,
білік, дағдыларын жан-жақты
Оқушылардың таным белсенділігін, қызығушылығын арттыру мақсатында секция отырысы әр түрлі формада жүргізіледі:
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік ерекшеліктерін зерттей отырып, олардың қызығушылықтары басым, не нәрсені білуге жаны құмар «негештер» екенін аңғару қиын емес. Бірақ оларда тәжірибе жоқтығы , күрделі тақырыптарды меңгере алмайтыны, ақпарат материалдарымен жұмыс істеуге дағдыланбағаны анықталды. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру, жетелеу арқылы секция жұмысы мынадай бағыттар бойынша ұйымдастырылды:
1. Ұлттық ойындар «Дені саудың- жаны сау»
2. Ұлттық тағамдар «Ас- адамның арқауы»
3. Ұлттық киімдер «Ағаш көркі-
4. Тарихи ескерткіштер «Асыл мұра»
5. Бата түрлері «Баталы ел озар»