Салауатты өмір салты

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2012 в 16:29, доклад

Краткое описание

Салауатты өмip сүру салты дегеніміз — биоәлеуметтік категория. Сондай-оқ адамдардың ic-әрекеттеріне байланысты болады.

Оглавление

1.«Өмір салты» және «Салауатты өмір салты» ұғымдарына түсініктеме.

2.Салауатты өмір салтының негізгі мақсаты, құрылымдары.

Файлы: 1 файл

4-тақырып Өмір салты және салауаттылық.doc

— 46.50 Кб (Скачать)


               Салауатты өмір салты және салауаттылық.

 

1.«Өмір салты» және «Салауатты өмір салты» ұғымдарына                       түсініктеме.

 

2.Салауатты өмір салтының негізгі мақсаты, құрылымдары.

 

 

Салауатты өмip сүру салты дегеніміз — биоәлеуметтік категория. Сондай-оқ адамдардың ic-әрекеттеріне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, кунделік уй тұрмысы, материадлық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін, коғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай 6iлyi, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, 6ipeyді-6ipeyгe шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу. Сонымен өмір сүру салты дегеніміз - тұлға мен  қоғам денгійінің прогрессивті дамуының көрсеткішінің категориясы.

Салауатты өмip сүру салтының жоғары немесе төмен деңгейде болуы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болады. Адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды биологиялық қасиеттеріне де байланысты болады.

Адамдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес салауатты Өмір сүру салты біркелкі болмайды. Болу керек деп айту да дұрыс емес. Әр адам өзіне тән қалыптасқан өмір салтымен тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа "ген" арқылы беріліп отыруы мумкін. Міне, осыған байланысты "салауатты өмip сүру салтының" үш категориясы болады:

і) Салауатты өмір сүру деңгейі;

2) Салауатты өмip сүрудің сапасы;

3) Салауатты өмір сүрудің стилі.

Салауатты өмip сүру деңгейі дегеніміз - экономикалық категория. Адамдардың материалдық және моральдық-рухани қажеттілігі толығымен камтамасыз eтілуі.

Салауатты өмір сүрудің сапасы дегеніміз - әлеуметтік категория. Үй-іші қызмет істейтін орындары (оқу орындары, мектептер) неше турлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабораториялық жабдықтармен камтамасыз етілуі.

Салауатты өмір сүрудің стилі дегеніміз — әлеуметтік-психологиялық категория - адамның қоғамдық орындарда (мектептерде) өзін-өзі ұстап және көрсете білуі. Белгілі 6ip қалыптасқан стандартты ұстап, өмір cypуді.

Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасі эквипотенциалды болып келеді. Сондықтан да, адам денсаулығының жақсы және жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты болады. Ал, салауатты өмір сүру тарихи және ұлттық дағды, дәстүрлер арқылы қалыптасады. Сондай-ақ тұлғаның бейімділігіне байланысты болады.

Адамнын жүріс-тұрысы оның тіршілікке қажетті заттарын пайдалануға қарай дамиды.

Адам өзінің жеке басының ерекшелігіне сәйкес өмір сүреді. Белгілі бір ұжымдарда қалыптасады, сол ұжым мүшесі болып сіңіп кетеді. Қызмет еткен ұжым мүшелерімен бірге өсіп, біте қайнасып кетеді. Адам бір-біріне көмекке келеді. Адамның басына түскен ауыр жағдайлармен бөліседі. Адамның жүріс-тұрысы біркелкі емес. Ол тәрбиеге байланысты болады. Тәрбиелі үйлердің балалары сүйкімді, тәртіпті келеді. Үлкенді аға, кішіні іні деп ерекше көзге тyciп турады. Жақсы тәрбие көрген балаларды педагогтар бірден тани кетеді. Ал тәрбиені аз көрген балаларды бірден ажыратуға болады. Тәжірибелі мұғалім, адам оларды бірден байқап отырады. Жалпы қазақ елін ежелден салауатты өмip сүрудің салтының символы деп есептеуге болады. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" деп егде адамдар өзінің ұрпақтарына үйретіп отырады. Өмip сүру салты мен денсаулықтың ара-қатынасына салауатты өмір сүру салты туындайды. Салауатты өмір сүру валеология ғылымының негізі  болып есептеледі. Салауатты өмip сүру салты адамның профессионалды іс-әрекетінің, қоғамдық қызметі мен күнделікті тіршілік ету функцияларымен дамып отырады. Бұлар денсаулықтың қалыптасуына және оның сақталуына, мықты болып бекінуіне жәрдемдеседі. Осыдан келіп қоғамдық денсаулық қалыптасады. Жалпы алғанда адам денсаулығы 6ipiнші орында болуы қажет. Бірақ жас жеткіншектер өздерінің денсаулығына онша мән бермейді. Ол жастық өмірдің белгісі, тәрбие жұмыстарының әлсіздігі. Сондықтан да балаларды жас кезінен бастап денсаулығын сақтай білуге тәрбиелеудің қажеттілігі туындайды.

"Баланы жастан..." тәрбиелеу керек дейді қазақ. Өмip тәжірибесінен жинақталған қағида екені өзінен-өзі белгілі. Осыдан келіп денсаулық зор байлық деген ұғым қалыптасады.

Жер шары халықтарына әлеуметтік-гигиеналық зерттеу жургізу нәтижесінде жинақталған орасан коп құжаттарды талдай келіп, дуние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), (ВОЗ) мына төмендегідей тұжырым жасады. "Жер шарының халықтарының денсаулықтарының сақталуының 49-53% адамдардың салауатты өмір сүру салтына тысты екенін анықтады. Бip сөзбен айтқанда адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты, ал17-20% әлемдік экологиялық факторүнемі өзгеріп отыратын табиғи құбылыс, оны молшерден тыс өзгертетін адамдардың өздері (антропогендік фактор). Әcipece, тәрбиесі мен түсінігі аз адамдар табиғи экологияны үнемі бұзып жіберіп отырады. Ал, 18-22% тұқым құалайтын себептерге байланысты (оны генетикалық  себеп деп ғалымдар есептейді), 8-10% денсаулық сақтау орындарының қызмет icтeyiнe байланысты деп қорытынды жасалған.

Қорыта айтканда, салауатты өмір сүру салты көп факторларға

(экономикалық, әлеуметтік, адамның жеке басының тәрбиесі мен біліміне) байланысты екені толығымен анықталды.

 

 

     Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасының аясында республика бойынша медициналық-демографиялық көрсеткіштерді толығымен жақсартуға бағытталған іс-шаралар қолға алынып жатыр.

Бізге демографиялық дамудың, ана мен бала, жалпы азаматтар өлімінің азаюы, бала тууға ынталандырудың нақты есептелген көрсеткіштері керек», - деп мәлім етті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиында.

 

Ана мен бала өлімін азайту елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі басты бағыттар болып табылады. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде Қазақстанда ана мен сәби өлімі көрсеткішінің  төмендеу үрдісі байқалуда.

 

Айта кетсек, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының аясында әйелдер мен жаңа туған сәбилерге көрсетілетін медициналық көмектің қол жетімді болуы мен сапасын арттыру бөлімінде перинаталды көмекті аймақтандыруды жетілдіру жүзеге асырылып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тиімді перинаталды технология мен балаларда болатын сырқаттарды ықпалдаса емдеуді енгізу жұмыстары күшейген.

 

Бүгінгі таңда әйелдер мен балаларды алдын ала тексеру, алдын ала иммундау тұрақты түрде жүргізіліп, қосымша репродуктивті технологиялар дамуда. Денсаулық сақтау саласында 5 жасқа дейінгі балаларды диспансерлік қадағалау күшейтіліп, тұрақты түрде жүкті әйелдердің денсаулық жағдайына мониторинг, босануға дейін генетикалық аурулар мен бала дамуындағы туа пайда болатын сырқаттарға скрининг жасалады. 

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, республикадағы барлық азаматтардың әртүрлі сырқаттарға шалдығу көрсеткіші (алғаш рет тіркелген аурулар саны)  әр 100 мың  жан басына шаққанда 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55 386,6-дан 54 109,6-ны құрады. Халықтың табиғи өсімі 13,76  (2010 жылдың тоғыз айында 13,46 болған); бала туу деңгейі – 22,62 (2010 жылдың тоғыз айында 22,57 болған) құрады.

 

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы Қазақстан азаматтарының денсаулық жағдайын жақсартып, еліміздің  орнықты әлеуметтік-демографиялық  дамуын қамтамасыз  етуге, сонымен қатар, алдын алу шараларын, скринингтік зерттеулер, ана мен бала денсаулығын қорғауды күшейтуге бағытталған. 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған   әдебиеттер:

1.              Марков В.В. Основы здорового образа жизни и профилактика болезней. М.: Академия, 2001.

2.              Приходько Н.Г., Лукьяненко М.В. Валеология. Курс лекций. Алматы, 2002.

3.              Токарев В.А., Таткеев Т.А. Проблемы формирования, укрепления и сохранения здоровья. Караганда, 2001.

6.              Амосов Н.Р. Раздумья о здоровье. М., 1987.



Информация о работе Салауатты өмір салты