Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 17:20, реферат
Салауатты өмір сүру салты дегеніміз — биоәлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты интегративті түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты болады.
Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді-біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу. Сонымен өмір сүру салты дегеніміз – тұлға мен қоғам деңгейінің прогрессті дамуының көрсеткішінің категориясы.
Валеология — салауатты өмір сүру салты
Салауатты өмір сүру салты дегеніміз — биоәлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты интегративті түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты болады.
Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді-біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу. Сонымен өмір сүру салты дегеніміз – тұлға мен қоғам деңгейінің прогрессті дамуының көрсеткішінің категориясы.
Салауатты өмір сүру салтының жоғары немесе төмен деңгейде болуы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болады. Адамиың психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды биологиялық қасиеттеріне де байланысты болады.
Адлмдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды. Болу керек деп айту да дұрыс емес. Әр адам өзіне тән калыптасқан өмір салтымсн тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа «ген» арқылы беріліп отыруы мүмкін. Міне, осыған байланысты «салауатты өмір сүру салтының» үш категориясы болады:
1) Салауатты өмір сүру деңгейі:
2) салауатты өмір сүрудің сапасы;
3) салауатты өмір сүрудің стилі.
Салауатты өмір суру деңгейі дегеніміз – экономикалық категория. Адамдардың материалдық және моральдық-рухани қажеттілігі толығмен қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүрудін сапасы дсгеніміз – әлеуметтік категория – үй-іші кызмет істейтін орындары (оқу орындары, мектептер) неше түрлі адам денсаулығыы қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабораториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүрудің стилі дегеніміз – әлеуметтік-психоло-гиялық категория — адамның қоғамдық орындарда (мектептерде) өзін-өзі ұстап және көрсете білуі. Белгілі бір қалыптасқан стандартты ұстап, өмір сүру».
Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквипотенциалды болып келеді. Сондықтан да адам денсаулығының жақсы жөне жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты болады. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды, дәстүрлср арқылы қалыптасады. Сондай-ақ түлғаның бейімділігіне байланысты болады.Адамның жүріс-тұрысы оның тіршілікке қажетті заттарын пайдалануға қарай дамиды. Адам өзінің жеке басының ерекшелігіне сәйкес өмір сүреді. Белгілі бір ұжымдарға қалыптасып, сол ұжым мүшесі болып сіңіп кетеді. Қызмет еткен ұжым мүшелсрімен бірге өсіп, біте қайнасып кетеді Адам бір-біріне көмекке келеді. Адамның басына түскен ауыр жағдайлармен беліседі. Адамның жүріс-тұрысы біркелкі емес. Ол тәрбиеге байланысты болады. Тәрбиелі үйлердің балалары сүйкімді тәртіпті келеді. Үлкенді аға, кішіні іні деп ерекше көзге түсіп тұрады. Жақсы тәрбие көрген балаларды педагогтар бірден тани кетеді. Ал тәрбиені аз көрген балаларды бірден ажыратуға болады. Тәжірибелі мұғалім, адам оларды бірден байқап отырады. Жалпы қазақ елін ежелден салауатты өмір сүрудің салтының символы деп есептеуге болады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп егде адамдар өзінің ұрпақтарына үйретіп отырады. өмір сүру салты мен денсаулықтың ара-қатынасына- салауатты өмір сүру салты туындайды. Салауатты өмір сүру валеология ғылымының негізі болып есептелінеді. Салауатты өмір сүру салты адамның профессионалды іс-әрекетінің, қоғамдық қызметімсн күндслікті тіршілік ету функцияларымен дамып отырады. Бұлар денсаулықтың қалыптасуына және оның сақталуына, мықты болып бекінуіне жәрдемдессді. Осыдан келіп қоғамдық денсаулық қалыптасады. Жалпы алғанда адам денсаулығы бірінші орында болуы қажет. Бірақ жас жеткіншектер өздерінің денсаулығына онша мән бермейді. Ол жастық өмірдің белгісі, тәрбие жұмыстарының әлсіздігі. Сондықтан да балаларды жас кезінен бастап денсаулығын сактай білуге тәрбиелеудің қажеттілігі туындайды. «Баланы жастан…» тәрбиелеу керек дейді қазақ. Өмір тәжірибесінен жинақталған қағида екені өзінен-өзі белгілі. Осыдан келіп денсаулық зор байлық деген ұғым қалыптсады.Жер шары халықтарына әлеумсттік-гигиеналық зерттеу жүргізу нәтижесінде жинақталған орсан көп құжаттарды талдай келіп, дуниежүзілік дснсаулық сақтау ұйымы (ДДСУ), (ВОЗ). Мына төмендегідей тұжырым жасады. «Жер шарының халықтарының денсаулықтарының сақталуының 49-53% адамдардың салауатты өмір сүру салтына байланысты екенін анықтады. Бір сөзбен айтқанда адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты, ал 17-20% әлемдік экологиялық факторларға байланысты, әдетге әлемдік экологиялық фактор үнемі өзгеріп отыратын табиғи қүбылыс, оны мөлшердең тыс өзгертетін адамдардың өздері (антропогендік фактор). Әсіресс, тәрбиесі мен түсінігі аз адамдар табиги экологаяны үнемі бұзып жіберіп отырады. Ал 18-22% тұқым қуалайтын ссбептерге байланысты (оны генетиптік себеп деп ғалымдар есептейді), 8-10% денсаулық сақтау орындарының қызмет істеуіне байланысты деп қорытынды жасалған.
Қорыта айтқанда, салауатты өмір сүру салты көп факторларға (экономикалық, әлеуметтік, адамның жеке басының тәрбиесі мен біліміне) байланысты екені толығымен анықталды.
Салауатты өмір сүру салтының негізі биологиялық және әлеуметтік принциптері.
1. Биологиялық принциптерге жататындар:
а) салауатты өмір сүру салты адамдардың жас ерекшелігі;
б) салауатты өмір сүру салты энергетикалық принциптері;
в) салауатты өмір сүру салты эстетикалық қызметке;
г) салауатты өмір сүру салты ритмикалық үрдістер;
д) салауатты өмір сүру сатгы денсаулықты арттыруға байланысты болу керек.
2. Әлеуметтік принциптерге жататындар:
а) салауатты өмір сүру салты және эстетикалық қызмет;
ә) санауатты өмір сүрудің рухани түрде жеткіліктілігі;
б) салауатты өмір сүру салты еріктігін дамыту;
в) салауатты өмір сүруде адамның «үшінші жағдайда» болмауын қамтамасыз сту;
г) өзін-өзі тежеуіне байланысты болуы.
Осы жоғарыда көрсетілген принциптерді іске асыру оңай шаруа емес. Өйткені, бұл принциптер бір-біріне қарама-қарсы келеді. Әрқашанда көңіддегідей болып шықпайды. Жақсы нәтиже бермейді. Жасыратыны жоқ, біздің егеменді елімізде денсаулық сақтау мәселссіне айтарлықтай коңіл бөлініп отырған жоқ. Халықты неше түрлі аурулар меңдеп кетті. Кейінгі жылдары жан-дүниелі дерттер адамдар арасына көптеп тарап кеткен. Қантты диабет ауруы екі адамның бірінен кездесе береді. Әрбір мың бала туса, олардың 40-ы кемтар болып туатынын медикгер айтып жүр. Оған бір мысал.