Салауатты омир салты

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 09:49, доклад

Краткое описание

Темекі тарту - зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі Статистика бойынша планетада ересек халықтың 40%-ның темекі тартатындығын анықтады (60% еркек, 20% әйел) Оқушылардың жартысы мектептегі, ауладағы жасы үлкен балаларға еліктегісі келіп темекі тартады. Ал балалардың жартысы ерекшелікке, құпиялыққа ұмтылмастан темекі тартады. Темекі мен сіріңке тауып таса жерге жасырыну олар үшін бір ерекше оқиға сияқты.

Файлы: 1 файл

Салауатты өмір салты.docx

— 24.55 Кб (Скачать)

                             Салауатты  өмір  салты

Темекі  тарту  -  зиянды  әдет  және  нашақорлықтың  бір  түрі

Статистика  бойынша  планетада  ересек  халықтың  40%-ның темекі  тартатындығын анықтады (60%  еркек, 20%  әйел)

Оқушылардың  жартысы  мектептегі,  ауладағы  жасы  үлкен  балаларға  еліктегісі  келіп  темекі  тартады.  Ал  балалардың  жартысы  ерекшелікке,  құпиялыққа  ұмтылмастан  темекі  тартады.  Темекі  мен  сіріңке  тауып  таса  жерге  жасырыну  олар  үшін  бір  ерекше  оқиға  сияқты.

Қыздар  арасында  темекінің  таралуына  негізгі  себеп,  жалған  түсінік  табиғи  қалпынан  ерекшеленуге  ұмтылу,   ер  балаларға  ұнау  ниеті  болып  табылады.

Темекі  тартатын  адамда  никотинніңі  ықпалынан  асқазан  шырынының  қышқылдығы  төмендейді,  қан  қысымы  артады,  орталық  нерв  жүйесінің жоғарғы бөлігі  мен жүректің  қызметі бұзылады.Темекі  түтініндегі акролейннің әсері жағдайдағы  жарақат және  оның  қабынуы,  жөтел,  тоқтамай  көз жасының ағуы  түрінде пайда болады.  Темекіні  ұзақ  тартқанда тісте жорқымақ  пайда болып,  қанқұрт жейді.  Темекімен созылмалы гастрит,  асқазан жарасы  мен тоқ ішектің таралу  жиілігі арасындағы  нақты тәуелділік  аталады.  Елу жасқа дейін темекі  тартатын  әйелдерде миокард инфаргі,  темекі  тартпайтындарға  қарағанда  жиырма  есе  жиірек  болады.  Бронхитпен  аурушылардың  75%-ы  темекі  тартушылар  болып  табылады.  Мектеп  жасында  темекі  тартуды  бастаған  адамдар  өкпе  рагымен  осы  бір  жаман  әдетті  25  жастан  кейін  бастағандарға  қарағанда  жиі  ауырады.

Темекі  бізді  ішімізден  әлсіретіп  қана  қоймайды,  сондай-ақ  сыртқы  кебетімізді  өзгертеді.  Түтінен  шыққан  зиянды ,  улы  заттар  беттегі  ұсақ  тамырлардын  зақымдайды.  Соның  салдарынан  безеу  пайда  болады.

Адамдардың  85%-ның  темекінің  өте  қауіпті  екендігіне  мән  бермейтіндігі  немесе  оны  жете  бағаламайтындығы  анықталды.  Жыл  сайын  жер  бетінде  темекіден 3  миллион адам  өледі,  яғни  темекіден әр  13  секунд  сайын бір адам    көз жұмып отырады.

Мас  болу  -  аса  қауіпті  тосын  жағдайлардың  бірі.  Статистика  бойынша  суға  батқан  адамдардың  көпшілігі  мас  күйінде  болғандығын,  әрбір  бесінші  жол-көлік  оқиғасының  алкогольге  байланысты  екендігін,  кісі  өлтіру  және  тағы  басқаларының  да  едәуір  үлесінің  мас  күйінде  жасалатындығын  көрсетеді.

Алкоголь  нейродепресанттар  тобына  - ми  орталығы  қызметін  әлсірететін,  бұған  оттегінің  келуін  азайтатын   заттар  тобына  жатады.  Бұл  ми  қызметін  әлсіретеді,  Қисық  жүріс-тұрысқа,  аузын  бұрап  сөйлеуге,  ойдың  бұлдырлығын,  назарды  жоғалтуға  алып  келеді.

Жасөспірімдер  алкогольді  белгілі  бір  уақытта,  мезі  болған  мәселелерден  құтылуға,  пікірлесудегі ұяңдықты  жеңуге,  көңілді кештерде  өзінің  сенімділігін  және  батылдығын  көтеру  әдісі ретінде пайдаланады.

Алкоголь  сені  ақылды  және  қызықты етеді  деп  ойлау  қисынсыз.  Өмірде  бәрі  керісінше  болады.  Мас  адамның  сыр  көзге  қалай  жағымсыз  әсер  ететіндігін  еске  түсіру  де  жеткілікті

Жыл  сайцы  жер  шарында  алкогольден  6  миллионға  жуықадам  өледі.

Есірткі  -  у  барлық  органдарға,  ұлпаға,  әсіресе  орталық  нерв  жүйесіне  жағымсыз  әсер  ететін  у.  Есірткіге  үйрену,  оған  тәуелді  болу  айықпайтын  дерт.  Одан  адм  өз  бетімен  құтыла  алмайды.   Нашақорлық  адамның  тәндік  психикалық  қызметін  түпкірлікті тоздыруға алып  келеді.

Маскүнемдік  пен  алкоголизм  кезінде  адам  қайтарымы  аз  болса  да  жұмыс  істей  алады,  ал  нашақорлық  еңбек  қабілетінің  жылдам  жоғалуыфна  және  өлімге  алып  келеді.  40-45  жасқа  дейін  жететін  нашақор  сирек  кездеседі.

Күшпен  емделуде  жатқан  жасөспірімдер  арасында  3%-дан  астамы  10  жасқа  дейін,  16%-ы  12  жастан  нашақорлықпен  әуестенген..  Ең  қауіпті  жас  -  14  жас,  өйткені  тексерілгендердің  жартысы  есірткіні  осы  уақытта  пайдаланған.  Балалардың  есірткіге  құмарлығының  себептері  мынадай:

Қызыққандығы - 40%-ға  жуық; достары  үйретті  - 20%,  еріккендіктен - 18%


Информация о работе Салауатты омир салты