Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 22:07, дипломная работа
Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.
Кіріспе 3-6
І-тарау. Италиядағы фашистік диктатура
1.1. 1922 жылғы билік басындағы саяси дағдарыс және фашистік
диктатураның орнауы 7-21
1.2. Италиядағы империалистік теңденцияның күшеюі және
фашистік диктатураның күйреуі 22-30
ІІ-тарау. Германиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері
2.1. Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А.Гитлердің үкімет
басына келуі 31-39
2.2. П-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия және фашистік
режимнің күйреуі 40-52
2.3. П-дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт келісімдер 53-61
Қорытынды 62-63
Пайдаланылған әдебиеттер
1941 жылдың басынан шикізат кен отынының жетіспеуіне байланысты Италия өнеркәсібі елеулі қиындықтарға ұшырады. Негізінен көмірмен қамтамасыз ететін Германия КСРО-мен соғыс бастаған соң, әкелуді күрт азайтты. Румыния мен Албаниядан тасылынып жасалған мұнай қоры 1941 жылдың соңына қарай таусылды. Елде болат жетіспей қару-жарақ шығару қысқарды. 1941 жылдың соңына соғыстың тапсырыстарын орындайтын 729 кәсіпорын жабылды. 1942 жылдың ортасынан, соғыстың басынан өндірісін кеңейткен кәсіпорындардың да жұмысы бәсеңдеді. 1941 жылдың екінші жартысынан халықтың жағдайы тым нашарлады: салықтың көп болуы, азық-түліктің жетіспеу, инфляция, эпидемия, жұмыссыздық, қайыршылық, алыпсатарлық.
1942 жылдың қазанында фашистік режим 20 жылдығын тойлады. Той ағылшын-американ авиациясының Италия қалаларын атқылауына сәйкес келді. 1942 жылдың күзінен бастап полиция мәліметі Муссолиниге оның айналасындағылардың бәрі бірдей оны қолдамайтындығы жөнінде хабарлап отырды. Муссолини 1943 жылдың көктемінде партия мен үкіметтің басқарушы топтары арасында «қатаң тазарту» жүргізді. Бас штабтың басшысы Каваллеро және Чиано сияқты басқарушылар орындарынан алынды. Муссолинидің іс-әрекеті тепе-теңдігін жоғалтқан адамның қозғалысын елестетті. Барлық көрнекті фашистер қызметінен айырылды. Олардың орына диктатордың айтқанын бұлжытпай орындай беретіндер келді. Муссолини 24 маусымды партияның мәжілісінде өзін жақтырмайтындарды ұрсып-кесіп, қатты тиісіп сөз сөйледі. Үш күннен соң ағылшын-американ әскерлері Сицилияға түсірілді. Соғыс қимылдары континентальдық Италия территториясына жақындады.
1942 жылы Муссолини
ауырып жатқан кезде, оның
Мәжілісті Боттон бітім туралы мәселе көтерді. Бір-бірімен айтыс басталды. Мәжіліс депутаты Гранди фашистік режимнің жеңіліс тапқанына жауапты көсем сенсің деп айыптады. Мәжіліс он сағат үзіліссіз жұмыс істеді. Гранди ұсынысы дауысқа қойылды. Ұсынысқа 9 адам жақтап, 7 адам қарсы дауыс берді. Мәжіліс аяқталысымен Гранди ол туралы корольге хабарлап, үкімет басшысына Бадольоны тағайындау туралы декрет дайындады. 25 шілдеде король Виктор Эмануэль Муссолиниді қабылдап, оған көп кінә артты, Бадольоны оның орына тағайындады. Муссолини күзетпен әкетілді. 25 шілдеде кешкі сағат онда радиодан "король каваллер Бениго Муссолинидің отставкасын қабылдап, орына маршал Бадольоны тағайындады" деген хабар таратылды. Италия қалаларының көшелеріне фашистік режимнің құлағағына қуанған халық лық толды.
П-Тарау. Германиядағы фашистік режим оның ерекшеліктері
2.1. Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А.Гитлердің үкімет басына келуі
Германияда революция өрті шыққанда және Веймар республикасының пайда болуы кезінде А.Гитлер 1919 жылғы Версаль келісіміне қарсы тұру үшін саясатқа араласа бастады. Бұл кезде ол ескі полкінің құрамында болатын, оған саяси партиялардың ішінде тыңшылық жасау жүктелген. 1919 жылы қыркүйекте Гитлерге неміс жұмысшылар партиясының анықтамасын алу табыс етілді.
Бұл партияның ешқандай бағдарламасы, жосапары болмаған. Оның қорында тек бірнеше марка болды. Бірақ Гитлерді оның идеясы қызықтырды. Гитлер бұл партияға мүшелікке кірді. 2 жыл өтер-өтпес уақыттан соң Гитлер бұл партияның жетекшісі болып тағайындалды. Гитлер неміс жұмысшылар партиясының атын Германияның ұлтшыл социал жұмысшы партиясы атына өзгертті. (НСДАП) Осыдан кейін ұлтшылдық социалист сөзінен шыққан "нацизм" термині пайда болады. Гитлер өз қызметін партияның қалыптасуына арнау үшін әскерден кетеді. Бұл мақсатқа жету үшін Германияда жағдай қолайлы еді. Экономикалық жағдайларға наразылық және жеңген елдерге қарсылық туып жатқан болатын. Гитлер 25 пункттен тұратын өз бағадарламасын жасады. Оның мазмұны антисемитизм, национализм, арий нәсілінің артықшылығы, либералдық партиялардағы жек көрушілік және фюрерлік принцип болды. Бағдарлама кімде кішкентай наразылық болса тарта алатындай өте сәтті жасалды. Ол нацистік партияға-свастика символын және өзінің алдындағы билеушілерге еліктеп "Хайль" деп сәлемдесуді енгізді. Ол партияның көзқарастарын кең тарату үшін "Фелькшпер беобахтер" газетін шығаруға тырысты. Партия жинаған қорын қорғау мақсатында қоңыр көйлектілер отрядын құрды. Бұл отрядты оның жақын досы Эрнс Рема басқарды. Келесі ұйым Гитлердің жеке гвардиясын болды. Оның мүшелері өз фюрерінің мүддесі үшін қасық қаны қалғанша күресуге ант берісті.
1923 жылдың соңына қарай Гитлер Веймар республикасының күреу алдында тұрғанына анық көзі жетті және "Берлинге марштың" кезі келгенін түсінді [21]. Сөйтіп, "еврейлік-маркстік сатқындардан" тұратын үкіметті құлатуды мақсат етті. Армияның қолдауымен ол Германияда нацистік бақылау орнатпақшы болды. Гитлер өз жосспарын жасауда хатшының және әскерінің ішінде әйгілі генерал Эрих Людендорфтың көмегіне сүйенеді. Эрих Людендорф I дүниежүзілік соғыстың ардагері, революционер және милиторист болатын. Гитлер және Людендорф саяси дағдарысты пайдалана отырып Мюнхенде төңкеріс ұйымдастырды.
8 қазан күні кешке 3000 адам "Бюргербраукеллер" орына жиналды. Бұл Мюнхендегі сыра ішетін залда Бавария үкіметінің мүшесі Густав фон Кара мен бірге жергілікті жоғарғы шенеунік-Ген Отто фон Лоссов болды. Отто фон Лоссов Баварияның әскери күшетірінің басшысы болатын. Сонымен қатар, Бавария полициясының басшысы ханс фон Шайссер болды. Кара трибунада сөйлеп жатқан кезінде 600-ге жуық қаракөйлектілердің штурмавиктері залды байқатпай қоршап алды. Нацистердің лидері А.Гитлер өз жақтастарымен залға қараңғылықты жамылып кіріп алды. Столдың үстіне шыққан А.Гитлер "ұлтшылдық революциясы басталды" деп айқайлады. Сонан соң көпшілікке: "Залда 600 адам бар. Ешкімге кетуге рұқсат етілмейді. Бавар және Берлин үкіметі құлады. Дәл қазір жаңа үкімет құрылады. Рейхсвер казармасы және полиция алынған. Барлығы свастика белгісінің агтында жаңа күреске көтерілуі тиіс" дейді. Трибунаға бұрылған Гитлер фон Караға, фон Лоссовка және фон Шейссерге келесі бөлімге өтуіне дөрекі бұйырды. Бұл жерде Гитлер өзінің фон Эрихпен және үкімет құратындығын және олардың тұтқындалатынын мәлімдеді. Бүған қарсылық білдірген көпшілікке ашуланған Гитлер нацистік үкіметті қалайда құратындығын мәлімдеді.
Мюнхендегі оқиға Берлинге мәлім болған кезде Рейхсвер басшысы Ген Ханс фон Зеект жергілікті үкімет еш шара қолдана алмаса, көтерілісті өзі басатындығын айтты.
Таңертең Гитлер қолдау таппаған көтерілістің сәтсіздігі туралы естіді. Бірақ Людендорф кері шегінудің қажетсіздігін түсінді. Таңертең сағат 11 жиналған ұлтшылдар Мариенплац орталығына қарай жөнелді. Колоннааның бас жағында Гитлер, Людендорф, Геринг және Юлиус Штрайхер жүріп келе жатты. 3000 ұлтшылдарға 100 жуық полицейлер қарсы тұрды. Гитлер полицейлердің берілуін талап етті. Жауап ретінде оқ атылды. Бірнеше мезеттен кейін 16 ұлтшыл және үш полицей мерт болды. Көптеген адам жараланды. Герингтің жанбасына оқ тиіп құлады. Гитлерді жақтастары қауіпсіз аймаққа алып кетті. Людендорф басын иместен алға қарай жүрді. Полицейлер әйгілі соғыс ардагеріне оқ атпады.
"Пивной путч" сәтсіз аяқталғанмен, белгілі бір саяси жетістіктерге жете алды. Гитлер ашық іс-әрекетке көшу саяси билікке жетудің оңтайлы әдісі емес екенін түсінді. Маңызды жеңіске жету үшін бұқара халықтың көмегі және финанстық пен өндіріс магнаттарының саны қажет болды. Тек осы жоспар саяси олимпке жетуді көздеді.
1924 жылы 26 ақпанда
Гитлерді отанына опасыздық
Гитлерді бір жылға бас бостандығынан айырды. Оның сот залындағы тәртібі немістерді таң қалдырды. Оны ұлы ұлттық батыр деп санады. Гитлер Ландабергтегі абақтыда тоғыз ай отырды. Оған жайлы камера берілді. Ол жерде ол оқ қателіктерін сараптады. Бұл жерде ол "Майн камф" еңбегін жазды. Кейін Бұл еңбек нацистік қозғалыстың библиясы болды. Бұл кітабында Гитлер өз өмірі жайында, бағдарламасын, өзіндік философиялық ойларын жазды. Гитлерді дарвинизм үлгісінде жазды: тұлға, халық өмір сүру үшін жалғасып жатқан күрестік субъектісі болып табылды. Мораль ақымақтық, үстем болуы күште. Нәсілдік үстемдікте немістер еврейлерді қаралады. Егер Германия өзінің ішкі жағайына аянбай күрес жүргізсе қайта ұлы атанады. Тек қана халық қолдауына сүйенген диктатордың арқасында Германия "өмір сүру аймағын" сыртық жаулардан тартып ала алады. Жаңа нацистік қозғалыс Германияның болашпақ дамуына стратегияны енгізуі тиіс болды. "майн камф" еңбегі көп сөзді болғанымен, оның атағы бірті-бірте шыға бастады. 1939 жылы бұл кітап он бір тілге аударылды, жалпы тиражы 5,2 млн дананы құрады [23]. Гонарар Гитлерді бай етті.
1923 жылғы оқиғаның жеңілісі нацистік партияның уақытша тоқырауын тудырды. Алайда, 1924 жылы желтоқсанда Ландсбург түрмесінен босанып шыққан Гитлер нацистік қозғалыстың қайта жандануына ат салысты. Өзінің жақын жақтастарының Виртуоз, пропагандис Пауля Иозеф Геббельстің, I дүниежүізілік соғыстың батыры, ұшқыш-капитан Герман Герингтің қолдауымен Гитлер халықтың қолдауын табуға кірісті. Олардың алдында екі жол тұрды: Грегор Штрассер басқаратын солтүстік социалистер және Мюнхендегі оңшыл ұлтшылдарды таңдау мәселесі тұрды. 1926 жылы ақпанда партия конференциясында Гитлер Штрассерді алады. Осылайша нығайып келе жатқан социалистік қозғалысқа ықпалын азайтты. Өзінің шешендік қасиетімен және саяси көрегендігімен Гитлер оң және сол қанатты өзіне тарта алды. Ол аз қамтылған тапты қолдады. Оның заңды жолмен билікке келу әрекетінің арқасында алған "Адольф-законник" атағы консерваторлар мен нациалистердің арасында атағын шығарды. Халықтың сеніміне кіре білу және оңшыл консерваторлармен ынтымақатстығы Гитлерді саяси биліктің шыңына жетеледі. Ол "Пивной путч" сыраханасында болған қателіктерін қайтамалауға тырсты. Гитлердің қолдаушылары көбее түсті. Оны ірі жеке иеліктері бар адамдар қолдай бастады. Мюнхенге ірі идустриалды иелігі бар екі адам көшіп келеді. Бұл-темір трестінің қожайыны Дриц Тиссен және концерн директоры Стиннес Минуболды. Тиссен нациалистік партияға 100 мың алтын марка бөлді. Инфляция дәуірінде бұл үлкен қаржы болатын.
Бұл кезде Гитлерге "қарыз берушілерінің" құрамына химиялық фабриканттар, "ИГ Фарбениндустри", ірі Берлиндік өндіріс иесі Эдуард фон Бюрдиг, орыс ақ гвардияшылары, тіпті шетел саясатшылары кіреді. Бұның бәрі күрделі жүйелілікпен жасалды. 1929 жылғы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Германияда кең етек жайды. Дағдарыс елінің барлық финанстық сфересан тоқырауға ұшыратты. Өндіріс көлемі екі есе қысқарды. Жұмыссыздық саны 7,5 млн адамға жетті. Тек жұмысшылардың емес, орта таптағы қала тұрғындарының да жағдайы күрт төмендеді. Мыңдаған ұсақ буржуазия күйреді.
Елдің аграрлық саласында болып жатқан дағдарыс аграрлық салаға да тартады. Дағдарыс елдің әлеуметтік жағдайын шиеленістірді. 1931 жылы қаңтар Руда кеншілерінің көтеріліс болып өтті. Оған 350 мың жұмысшы қатысты. Бүны ұйымдастырған Германияның коммунистік партиясы еді. 1930 жылы КПГ "Неміс қалаларын әлеуметтік және ұлттық азат ету" бағдарламасын жасап шығарды: банктерді және өндіріс саласын национализациялау, салықты төмендету, помещиктік жерлерді тәркілеу және бұл жерлерді шаруаларға үлестіру. Билеуші тап Германияның буржуазиялық демократиялық жүйесі елді басқару елде қажет емес көзқарасқа бет бұра бастады. Бұл билеуші тап ресми түрде ұлттық-социалистік деп аталған партия болатын. Фашистер буржуазиялық демократияның жойылып, орнына диктатураның орнауын талап етті. Гитлерлік фашистік партия монополияның мүддесін қорғады.
Гитлершілер халықтың және елдің мүддесін қорғауға уәде берді. Версаль келісіміне бұқаралық наразылықты пайдалған фашистер "Версаль жүйесі жойылсын" деп лозунг көтерді. Жұмысшылардың ауыр жағдайын ескере отырып, олар жалақыны көтеруге және жұмыссыздықты жоюға уәде етті. Солдаттар, буржуаздарға, шаруаларға уәдені үйіп төккен фашистер өздеріне бүқаралық база құра алды: Зорлық-зомбылық, басқа көзқарастағы адамдарды қуғындау жаппай етек алды. Фашистік жастардың құрған "Гитлерюгенд" сияқты ұйымдары пайда бола бастады [24].
1932 жылы Гинденбургтің президенттік мерзімі аяқталды. Жаңа сайлау науқаны 1932 жылдың наурызына белгіленді. Буржуазиялық партиялар Гинденбургтің кандидатурасын қайта ұсынуға шешім қабылдады. Гинденбургты неміс халықтық партиясы, бавар халықтық партиясы, бұрынғы демократиялық партия, социалистік демократиялық қолдады. Коммунистер социалистік демократтарға өздеріне қосылып, прусс үкіметінің президенті социалистік демократ Браундты тағайындауға шақырды. СДПГ Бұл ұсынысты қабылдамады. Сондағы сылтауы Гинденбург үкіметі немесе Гитлер үкіметі басына келмеу үшін Гинденбургқа қарсы дауыс беру керек еді. Коммунистік партия Тельманның кандидатурасын ұсынды. Коммунистердің ұйымдастыруымен елде антифашистік қозғалыстар болды.