Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 22:07, дипломная работа
Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.
Кіріспе 3-6
І-тарау. Италиядағы фашистік диктатура
1.1. 1922 жылғы билік басындағы саяси дағдарыс және фашистік
диктатураның орнауы 7-21
1.2. Италиядағы империалистік теңденцияның күшеюі және
фашистік диктатураның күйреуі 22-30
ІІ-тарау. Германиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері
2.1. Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А.Гитлердің үкімет
басына келуі 31-39
2.2. П-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия және фашистік
режимнің күйреуі 40-52
2.3. П-дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт келісімдер 53-61
Қорытынды 62-63
Пайдаланылған әдебиеттер
1932 жылы 13 наурызда сайлау болды. Эрнст Тельман 5 млн, Гинденбург 18,6 млн, Гитлер 11,3 млн дауыс жинады. Ал национистердің лидері Дюстерберг 2,5 млн дауыс жинады. Гитлер кандидат болуға құқығы болмағанын айта кетуіміз қажет. Өйткені ол Германияның азаматы емес еді (ол Австрияның азаматы болатын). Алайда, Бруаншвейгтің фашистік үкіметі оған герман азаматтығын берген болатын. Фашистердің сайлау қорын капитал магнаттары қаржыландырды.
Сайлау қорытындысы бойынша ешқайсы кандидат көп дауыс жинай алмады. Сондықтан сайлаудың екінші туры болды. Президент болып Гинденбург сайланды. Бірақ Гитлер 13,4 млн дауыс алды. Осылайша Гитлерді қолдайтын бұқаралық база бар екендігі анықталды.
1932 жылы 30 мамырда
Брюнинг үкіметі отставкаға
Компартия фашистермен соғысқа қарсы күресу үшін барлық күштерін мобилизациялай бастады. 1932 жылы 12 маусымда Берлинде компартия басшылығымен антифашистік конгресс өтті. Конгреске 1465 адам қатысты. Олардың 379 КПГ мүшесі еді. 132 СДПГ мүшесі, 964 адам адам партиядан емес. Конгресте антифашистік комитет құрылды.
Фашизммен күреске халық белсене қатыса бастады. Вупперталдегі антифашистік қозғалысқа 70 мың адам қатысты. Эссенде-60 мың, Дортмунде-30, Эрфуртте-40 мың адам антифашистік қозғалысқа қатысты. Компартия СДПГ-ға бірлесіп, фашизммен күресуге шақырды. Алайда СДПГ бұл ұсынысты қабылдамай тастады. Бұл СДПГ позициясының әлсіреуіне алып келді. 20 шілдеде Пакен Пруссияның социал демократиялық үкіметін таратты. Сөйтіп өзін империя коммисары етіп жариялады.
Пакен Рейхстагты 1932 жылы 31 шілдеде таратып сайлау өткізді. Коммунистер 5,3 млн дауыс, фашистер 13,7 млн дауыс жинап парламентке 230 депутат енгізді. Алайда бұл фашистердің үкімет құруына жеткіліксіз еді.
Пакен Рейхстагты тағы таратып, 6 қазан 1932 жылы сайлау өткізді. Коммунистер-6 млн дауыс, социал демократтар-7,2 млн дауыс алса, фашистер-2 млн дауыстан айырылды. Олардың мандаттарының саны 230-дан 196-ға дейін түсіп кетті. Бұл фашистер арасында үрей туғызды.
Алайда герман басшылығы фашистердің үкімет басына келуіне мүмкіндік туғызды. Қазандағы сайлаудан Пакен отставкаға кетті. Шмейхер тағайындалды. Бұл фашистерге жақын үкімет болды. 1933 жылы 5 ақпанда Кельндегі банкир Шредердің вилласында Пакен, Тиссен және Гитлердің кездесуі өтті. Гитлер үкімет басшысы болу керек деп шешілді.
Бұған қарсы КПГ ОК Берлиндік пролетариатты фашизмге күресуге шақырды. 1933 жылы 25 ақпанда 150 мың жұмысшы Берлин көшелеріне ереуілге шықты. Алдыңғы қатарда Э,Тельман, В.Ульбрихт, Д.Шеер, В.Флорин болды.
1933 жылы 30 қаңтарда президент
Гинденбург Гитлерді
Гитлершілердің үкімет басына келген кезі Германия тарихында ең көмескі кезең болып табылады. Елде Агрессивтік диктатура орнады. Фашизм жұмысшы қозғалысын жоюды мақсат етті. Сыртқы саясатта Герман империализмінің дүниежүзіндегі гегемондығын орнатуды жоспарлады.
Гитлершілердің үкіметі финанстық капиталдың ашық диктатурасын болып табылады. Оның құрамына моноплистер Гугенберг және Шахт кірді [25].
Алғашқы күннен бастап үкімет жұмысшыларға қырғидай тиді. 1933 жылы 1 ақпанда рейхстаг таратылып жаңа сайлау өткізілді. 4 ақпанда президент Гинденбург белгісіне кез-келген жиналысты және бұқаралық ақпарат құралдарын жабатын құқық беретін декретке қол қойды.
Бұл декрет бірнеше күннен кейін, полицейге қару қолдану құқығын және фашистік отрядтардан құралған көмекші полицей құру құқығы қосып қабылданды. Фашистер өз саясатына қарсы көзқарасты адамдарды қудалай бастады. Гитлер билік құрған алғашқы күннің өзінде түрмеге 18 мың антифашистер қамалды. Қамалғандардың ішінде сонымен қатар социал-демократтар, интеллегенция болды.
Фашистердің өздеріне қарсы көзқарастағы адамдарды қуғынға ұшыратқанына қарамастан антифашистер күресін одан әрі жалғастырды. Гитлердің үкімет басына келген күні КПГ жұмысшылары бүкілхалықтық ереуілге шақырды. 7 ақпанда Цойтенде болған КПГ ЦК пленумының ашылымында Э.Тельман өз сөзінде фашистік үкіметі жаңа соғыстың және буржуазияның диктатурасының үкіметі деп айтты. Компартия фашистік режимге қарсы бұқаралық қарсылықты тудыруға тырысты. КПГ ОК-ті СДПГ-ға бүкілхалықтық бірігіп, фашизмге қарсы бірлесіп майдан ашуды ұсыныс жасады. СДПГ басшылары бұл ұсынысты қабылдамады. Олар тек қолайлы сәттің тууын күтті. 27 ақпанда Э.Тельман социал-демократиялық партияға, христиандық партия және ерікті кәсіподақтың мүшелеріне біріккен антифашистік майдан құру туралы ұсыныс жасады. Бірақ бұл үндеу келесі үндеулер сияқты СДПГ және кәсіподақтар тарапынан қабылданбай тасталынды. Жұмысшы тобының және еңбекшілердің ынтымағының болмауы фашистердің үкіметі басына келіп нығаюына мүмкіндік жасады.
Үкіметтің билік құрған күндерінде жағдайы жақсы болмады. Фашистер рейхстагтағы келесі сайлауда жеңіліп қалмауға тырысты. Олар тағы да елдің жеткші монополияларына үміт артты. 20 ақпанда Гитлер Германияның ірі өндіріс иелерінің жиналысына шақырды. Бұл жиналыста рейхстагтағы сайлау компаниясы үшін фашистік партияның қорына 3 млн марка жиналды.
Сайлау алдында гитлершілер құбыжық жоспар құрды. 27 ақпан 1933 жылы түнде Геринг басшылығымен фашистер рейхстагты өртеді. Бұған гитлершілер коммунистерді айыптап, жалпыға бірдей қүғын-сүргін жүргізді. Тек Берлиннің өзінде бұл түні 1500, ал бүкіл елде 10 мыңнан астам коммунистер тұтқындалды.
1933 жылы 3 наурызда гитлершілер жұмысшы қозғалысына маңызды соққы берді. Германия коммунистік партиясының төрағасы Э.Тельман тұтқындалды.
1933 жылы 5 наурыздағы
Рейхстагтағы сайлау
Компартия үкіметі
тарапынан қуғын көріп
Сайлаудан соң Гитлер жақтастары қуғын-сүргінді одан әрі жалғастырды. Эсестер тобы халықтың гитлершілер үкіметінің алдында үрейін тудыру үшін көшелерде адамдарды қорлық-зомбылыққа, ұрып-соғуға ұшыратты. түрмелерге сотсыз және айыптаусыз жұмысшылар және интеллегенциялар жабылып жатты.
24 наурызда
рейхстаг өзіне төтенше
2 мамырда
фашистер кәсіподақтарды жойды.
1933 жылы 23 маусымда СДПГ тартылды. Жұмысшы тап толығымен өз ұйымдары мен партияларынан айырылды. Шілде айында елде тек национал-социалистік партия ғана өмір сүрсін деген заң шығарылды. 1933 жылы желтоқсанда шыққан "Мемлекеттің және партиялардың ынтымақтастығын қамтамасыз ету туралы" заңның шығуымен национал-социалистік партия елдің билеуші ұйымы болып табылды.
1933 жылы қыркүйекте рейхстагтың өртелуіне байланысты правонационалистік сот процесін жүргізді. Коммунистерді айыптай отырып, олар дүниежүзілік қауымдастықты алдында Германиядағы террорлық іс-әрекеттерді ақтау үшін және "әлемдік коммунизммен" күресуде "жеңіпаз" болып көрінгісі келді.
Сот процесі Лейцпцигте 21 қыркүйектен 23 қыркүйекке дейін болды. Басты айыпкер болып, халықаралық коммунист Георгий Димитриев саналды. Ол Германияда эмиграцияда жүрген болатын. Фашистер Димитриевті айыптау үшін бар мүмкіндікті пайдалануға тырысты.
Г.Димитриев қорғау үшін елдің барлық аумағында қозғалыстар болды. Бұл қозғалыстың басында КСРО тұрды. Қозғалысқа тек жұмысшылар емес сонымен қатар қала тұрғындарының орта табын және алдыңғы қатарлы интеллегенцияны қамтыды. Г.Димитриевтің түрмеде жатып анасына, әпкесіне, Анри Барбюуға, Ромен Ролланға жазған хаты қозғалыстың өртіне май құйды. Парижде гитлерлік фашизмнің құрбаны болған жандарға көмек көрсететін Халықаралық комитет құрылды. Лондонда рейхстагты фашистер жақұқанын дәлелдейтін сот процесі құрылды. Лейцигтегі сот айыптаушыларды ақтауға мәжбүр болды. Бұл халықаралық антифашистік қозғалыстың үлкен жемісі болды.
Гитлер және фашистік билік өкілдері бұрынғы берген уәдесін орындамайтындығы айқындала түсті. Ұсақ буржуазия арасынан жүргізіліп жатқан гитлерлік саясатқа көңілі толмайтындары пайда бола бастады. Елде "жаңа төңкеріс" туралы сөздер шыға бастады. Гитлер наразы топтарды және оппозициялық көзқарастағы адамдарды жоюға кірісті. 1934 жылы 30 маусымда Германия тарихына "ұзын пышақ түні" деген атпен енді. Бұл түні 1200 адамнан астам антифашистік көзқарастағы интеллегенция өкілдері мен жұмысшылар өлтірілді.
Фашистік
Германияның антикоммунистік
АҚШ және Англия тарапынан Германияның бұрынғы қарыздары кешірілді. Америкалық және ағылшындық фирмалар Германияға әскери-техникалық көмектер жасады.
1933 жылдан бастап Германия басқа капитлистік мемлекеттер сияқты дағдарыстан шыға бастады.
Гитлерге үкіметтің шығарған декреттерінің бірқатары ірі монополистердің құқығын қорғады. ¥сақ бәсекелестерді жойды. Мемлекеттікк-монополистік капитализм қарқынды дамыды.
Көмір өндіру, темір, болат, мыс, никель және т.б. материалдары үзіліссіз ұлғайды. 1932-1939 жылға дейін шикізатты шет жақтан әкелу екі есе өсті. 1936 жылы қазанда енген "төртжылдық жоспар" нәтижесінде стратегиялық әскери материал саласында тәуелсіздікке жетті. Жаңа әскери зауыттар құрылысы қарқынды түрде жүргізілді. Бұныменен бір мезетте бейбіт өндірісті әскери өндіріске айналдырып, әскери техниканы жинақтай бастады.
Гитлердің айтуы бойынша Германия 6 жыл ішінде қарулануға 90 млрд рейхсмарка жұмсаған. 1938-1939 жылдар ішінде әскери салаға бөлінген қаржы 58% құраса, 1933-1934 жылдары 23% сұраған.
Экономиканы милитаризациялаумен қатар фашистік үкімет бұқаралық үгіт-насихат жүргізе бастады. Өзінің саяси қарасыластарын жойған фашистер халыққа өтірік пен уәдені үйіп-төгіп, ықпал ете бастады.
Германдық фашистер әлеуметтік қайшылықтарға көңілі толмайтын халықты өзіне шебер тарта білді. Халықтың жағдайын көтере алатын қаржыны өзінің агрессиялық саясатына пайдалана білді. Реваншистік міндетін орындау үшін фашистер тағы да халықтың наразылығын пайдаланды, яғни халықтың Версальдық тонаушылық келісіміне деген наразылығын өршіте түсті.
Герман фашистерінің негізгі идеологиясы Гитлердің "Майн камф" ("Менің күресім") деген еңбегінде жазылған. Бұл кітап герман халқының арасында кең тарады. Онда Гитлер герман халқының ақсүйекке жататынын және осы халықтың өмір сүру аймағының жеткіліксіз екенін, Бұл жерлдерді жаулап алу үшін аяусыз күрес, соғыс жүргізудің қажеттігін айтқан. Бұл теория герман империализмінің агрессиялық саясатын ақтауда маңызды қызмет етті.
Фашистер билікке келген алғашқы күннің өзінде-ақ идеологияға басна назар аудара отырып, елдің барлық саласына өз үстемдіктерін жүргізді. 1933 жылы наурызда үгіт-насихат жүргізетін арнайы үкімет құрылды. Бұл министрлікті Геббельс басқарды.
Фашистер өз мақсатына ғылымда да бағындыруға тырсты. Мыңдаған ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, концлегерьлерге жабылды. Ірі ғалымда А.Энштейн, М.Борн, Р.Курант, Ф.Габер және т.б. Германиядағы тарихы жазылды. Бұл тарихта герман тарихының көрнекті тұлғалары фашист болып көрсетілді. Фашистер өз мақсатында географиялық және т.б. ғылымдарды пайдаланды. Гитлершілер шовинистік өтірік теория-геополитиканы жсадаы. Ол бойынша гитлершілердің ресми доктринасы болып табылатын басқа мемлекеттің есебінен шекараны кеңейтуді дәлелдеуге тырсты.
Мәдениетті минитаризациялау арнайы ұйым мәдениет палатасы арқылы жүзеге асты. Имперлік басшылық өз жұмысын Ұлы герман жазушыларының Гейненің, Каннаның және т.б. еңбектерін өртеуден, кітапхананы тазартудан бастады.
Германияның сыртқы саясатының негізгі Еуропаның жаулап алу болатын және әлемдік гегемондыққа ұмтылды [26].
Фашистік Германия "коммунизммен күрес идеясын" қолады. және бүған АҚШ, Англия, Франция тарапынан қолдау көрсетілді.
Гитлерлік Германияның белсенді сыртқы саясаты Версаль бейбіт келісім шартын мойындамауын басталды. Германия алғашқыда құпия, кейіннен ашықтан-ашық қарулана бастады және бұл салаға көптеп қаржы бөле бастады. 1935 жылы наурызда Германия авиацияны қаруландыруға тйым салатын норманы мойындайтынын білдірді. 21 мамырда "қорғаныс туралы" декрет шықты. Шахт Германияның соғысқа даярлануының қүпия басшысы болды. Елде Версаль шартының және Локарн келісімінің ережелері қабылданбай тасталынды.
1933 жылы 14 қазанда Германия Ұлттар Лигасынан шықты. 1935 жылғы 18 маусымдағы англо-германдық теңіз келісмі фашистік Германияның әскери флот құрылысын жасауға кедергі болды.
1936 жылы 7 наурызда фашистік Германия делимитаризацияланған Рейн аймағына әскер кіргізді. 1936 жылы шілдеде фашистік мемлекеттер Германия және Италия Испанияға қарсы қарулы интервенция бастады. Әсіресе Испания оқиғасы кезінде күшейіп кеткен батыс елдерінің араласпау саясаты Гитлердің агрессиялық әрекетін күшейтті. 1936 жылы 25 қазанда Германия және Италия "антикоммунизмді" бет перде етіп байланысты нығайтты. Бұл пакт тариқа "Ось Берлин-Рим" деген атпен енді. 1936 жылы 25 қарашада Германия мен Жапония антикоминтерндік пактіге қол қойды.
Бұл кезеңде Германия Дунай бассейінде және Балкан жартыаралында өз саясатын күшейтіп жатқан болатын. Гитлерлік Германия Балканға экспанциясымен қатар, Австрия және Чехословакияны жаулап алуды жоспарлады. 1936 жылы 11 маусымда Австриямен келісімге келе отырып, Австрияның сыртқы саясатын өзіне тәуелді еіті. 1937 жылы 19 қарашада Англиямен келісм бойынша Ағылшын үкіметі Германияның Орталық Еуропадағы саясатына кедергі келтірмейтіндігін білдірді.