Италиядағы фашистік диктатура

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 22:07, дипломная работа

Краткое описание

Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.

Оглавление

Кіріспе 3-6
І-тарау. Италиядағы фашистік диктатура
1.1. 1922 жылғы билік басындағы саяси дағдарыс және фашистік
диктатураның орнауы 7-21
1.2. Италиядағы империалистік теңденцияның күшеюі және
фашистік диктатураның күйреуі 22-30
ІІ-тарау. Германиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері
2.1. Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А.Гитлердің үкімет
басына келуі 31-39
2.2. П-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия және фашистік
режимнің күйреуі 40-52
2.3. П-дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт келісімдер 53-61
Қорытынды 62-63
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Дип.-Италиядағы-фашистік-диктатура.doc

— 623.50 Кб (Скачать)
  1. жылы 11 наурызда Германия Австрияны жаулап алды. Австрияны жаулап алғаннан кейін герман империализмі Чехословакияға агрессияны жоспарлады. 1938 жылы 30 қыркүйекте Мюнхенде Германия, Англия, Франция және Италия арасында келісім болды. Ол бойынша Германиямен шекаралас Чехословакияның барлық аудандары Германияға берілетін болды және ондағы қару-жарақ құрылғыларының барлығы Германияның меншігі болып табылатын болды. Сонымен қатар, англо-германдық бір-біріне шабуыл жасамау туралы туралы келісімге қол қойылды. 1938 жылы 6 желтоқсанда Франциямен дедәл осындай қол қойылды. Осылайша ағылшындық және франциялық үкіметі Германияны КСРО-ға қарсы айдап салуға ұйғарды. 1939 жылы 15 наурызда Германия Чехословакияны бүкіл территориясын жаулап алды. Елдің барлық саласын германизациялау басталды. 1939 жылы жазда фашистік Германия КСРО-ға бір-біріне шабуыл жасамау туралы келісімге қол қоюға ұсыныс жасады.
  2. жылы жазда Имперлік кеңесте ең даярлық мәселесі және таяудағы соғыс жоспары талқыланды.

 

 

 

2.2. ІІ-дүниежүізілік соғыс жылдарындағы  Германия және фашистік режимнің күйреуі.

1939 жылы жазда  фашистік Германия соғысқа дайындықты аяқтады. Германияның экономикалық саласы соғыс жағдайына бейімделді. Жаяу әскердің, жаңа қару тұрлерінің әсіресе танк және үшақтардың саны мен сапасы жағынан Герамния өзінің Еуропадағы бәсекелестері Англия мен Франциядан асып түсті. Ал Флот саласындағы Германия өз бәсекелестерінен тұрмады. Бұл А.Гитлерді қорқытпады. Соғыстың тағдыры құрлықта шешілер деп ойлады Гитлер.

Гитлердің соғыс  жоспары бойынша ең алдымен Польшаға шабуыл жасау қажет болды. 1939 жылы 11 сәуірде Гитлер "Ақ жоспарға" қол қойды. Ол бойынша "қарулы күштің міндеті Польша әскерін жою болып табылады" делінген. Польшаға шабуылды 1 қыркүйектен қалдырмай бастайтын болып келісілді.

Мюнхен тәжірибесіне сүйене отырып, Гитлер Польшаға Англия және Франция қолдау көрестпейді деп болжады. 1938-1939 жылдары Чехословакияны жаулап алу кезінде Англия және Франция көмек көрсетпеген болатын [27].

31 тамызда Польша формасын киген топ немістің Глейвица қаласындағы радиостанцияны басып алды. Осылайша Гитлер Польшаға шабуыл жасауға сылтау тапты. 1 қыркүйек 1939 жылы таңертең Германия Польшаға шабуыл жасады. 1939 жылы 3 қыркүйекте Англия және Франция Германияға соғыс жариялады.

II дүниежүізілік соғыс басталды. Фашистік Италия Германияның соғыспайтын одақтасы екендігін білдірді. АҚШ өзінің бейтараптығын көрсетті.

Англия және Франция соғысты қазір бастамайды деп болжаған Германия басыт майданда аз санды қарулы күш қалдырып, барлық күшті біріктіріп, Польшаға үш бағытта шабуыл жасады. Польшаға танк және авиация бойынша басым 5 неміс әскері (армиясы) жіберілді. 62 неміс дивизиясына, сонымен қатар 7 танк, 4 жылжымалы дивизияға Польшаның 30 жаяу әскери дивизиясы және атты әскері қарсы тұрды. Польшаның әскері әлі мобилизацияланып үлгермеген еді. Польша қарулы күштерінің техинкалық жабдықталуы Германия әскерінен көш кейін еді. Польша өзінің "армия королі" деп аталған аты әскеріне сүйенді. Неміс авиациясы Польша әуе күштерінен 5 есе көп болды.

Польша әскерлері ерлікпен күресті. Атты әскерлері неміс танкілеріне қарсы шапты. Алайда герман әскері басым болды. Варшава 20 күн ерлікпен шайқасты. 28 қыркүйекте Варшава алынды және қазан айының басында барлық қарсылықты түпкілікті жойды. Польша бұл шайқаста жеңіліс тапты.

КСРО бейбітшілікті  сақтау мақсатында Германиямен ымырауға келуге тырысты. 18 қыркүйекте Германия және КСРО басшылығы Польшадағы кеңес-гермен әскерлерінің іс-әрекеті "бір-біріне шабуылға жасамау туралы" пактіге қайшы келмейтіндігін мәлімдеді. Польша территориясында герман және  кеңес  әскерлерінің  демаркациялық  шебі  белгіленді.   1939 жылы  28

қыркүйекте Мәскеуде совет-герман бірлескен "достық және шекара" туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісімге сәйкес шекара "Керзон линиясы" бойынша белгіленді. 1939 жылы 1 және 2 қарашада батыс Украина және Батыс Белоруссия КСРО құрамына енді.

Германиямен достық келісімінің салдары өте көп болды. Онда КСРО территориясына дейінгі Польша аймағында демократиялық жүйені жойып, Германия өз тәртібін енгізді.

Эстония, Латвия, Литва басшылығы КСРО мен бір-біріне көмек көресту туралы пактіге қол қойды. КСРО аталған елдерде өз әскери горнизонын орнатуға құқық алды.

Финляндия үкіметі  КСРО тарапынан көмек алудан бас  тартты. Кеңес-Финляндия қатынасы шиеленісті. 1939жылы 30 қарашада КСРО Финляндия шабуыл жасады.

Сол кезде, Германия Польшаға соғыс ашқан кезде батыста таңғажайып соғыс (странная война) жүріп жатты. Англия және Франция әскерлері Германияға шабуыл жасамады. Англия және Францияның 110 дивизиясы Германияның 23 дивизиясы қарсы тұрған болатын.

Польша жеңілгеннен кейін де "таңғажайып соғыс" жалғасты. Англия және Франция басшылығы қорғанысты жөн көрді. Англия және Франция басшылығы Германияның КСРО-ға шабуыл жасауынан үміттерін үзбеді. Француздық генерал де Голльдің пікірінше "Кейбір топтар жаулық іс-әрекетті Гитлерден емес Сталиннен іздеді" деп айтады [28].

Кеңес-Финляндия соғысы кезінде Ұлыбритания және Франция басшылығы Финляндияға көп мөлшерде әскери қару-жарақтар жіберді. 1940 жылы 5 ақпанда олар Финляндияға әскер жіберіп КСРО-ға шабуыл жасамақшы болды. КСРО-ны ¥лттар Лигасы мүшелігінен шығарды. Англия және Франция кеңестік Кавказдағы мұнай ошақтарына шабуыл жасамақ болды. Ол үшін Сириядағы, Ирактағы, Турциядағы әскери базаны жабдықтады. Сонымен қатар англо-француздық суасты кемелерінің Қара Теңіздегі іс-әрекеттері жоспарланды.

Бұл жоспарлардың барлығы іске аспады. 12 наурызда Кеңестер Одағы мен Финляндия арасында бейбітшілік туралы келісімге қол қойылды. Карельдік перешайка КСРО құрамына Ленинградтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында берілді.

Таңғажайып  соғыс кезінде Германия Францияға  шабуыл жасауға даярлануды аяқтады. Сонымен қатар Батыс Еуропаның басқа мемлекеттерін жаулап алуға дайындықта бітті. I дүниежүзілік соғыс кезіндегідей Францияға шабуыл ең алдымен бейтарап елдер Голландия және Бельгия шабуыл арқылы іске асу керек болды. Бірақ 1914 жылдан ерекшелігі басты соққыны Люксембург арқылы беру көзделді. Германияның батыс майдандағы жалпы әскер саны англо-француздық әскер санымен тең болды. Бірақ Германия әуе күштері бойынша басым болатын. Екі жақтың танк мөлшері шамамен тең болды. Гитлерлік Германия, Франция, Голландия, Люксембург және Бельгияны жаулау жоспарымен қатар, Скандинавия елдерін жаулап алуға бел буды. (Дания   және   Норвегия).    1940   жылы   9   сәуірде   неміс    әскері    соғыс

жарияламастан Норвегия жеріне енді. Дания өкіметі Германияға қарсылық көрсетпеді. Ал Норвегия Англия және Франциядан көмек сұрады. Англия және Франция бірнеше ондаған десантты Норвегия жеріне түсірілгенімен, олар неміс әскеріне қарсылық көресте алмады. Неміс әскеріне Квислинг бастаған норвегиялық фашистер қолдау көрсетті. Норвегия әскері жеңілді. Оның қалдықтары Англияға эвакуацияланды. Норовегия территориясы оккупацияланды. Норвегия үкіметі Англияға қашып бас сауғалады.

Норвегияны  оккупациялап болған Германия Францияға, Бельгияға, Голландияға шабуылды бастады. 1940 жылы 10 мамырды таңертең неміс әскері Бельгия және Голландия территоиясында енді. Бельгия және Голландия соғыс жариялап, Англия мен Франциядан көмек сұрады. Неміс әскерінің шабуылынан хабардар болған Англия және Франция алдын-ала келісілгендей Бельгияға жылжыды. 14 мамырда Голландия жеңілді. Францияның билеуші таптарында үрей пайда болды. 24 мамырда Бельгия капитуляцияланды. 400 мыңдық англо-француздық әскери топ Францияның солтүстік жағалауындағы Дюнкерн ауданында қоршауда қалды. Неміс танк дивизиясы Дюнкернді алуға мүмкіндігі бар еді. Алайда Гитлер танк дивизиясы келесі іс-әрекеттерге қажет болатындығын айтты. Тек жаяу әскер соғысты. Дюнкерннен англо-француздық әскер эвакуацияланды. Қоршауға түскен топтың тастап кеткен қару-жарағы Германия иелігіне өтті.

1940 жылы 5 маусымда  Дюнкернді ликвидацияланған Германия  шабуылды үдете түсті. Неміс танкілері еш қарсылық көрместен Парижге жетті. 1940 жылы 10 маусымда Франция үкіметі Парижден Францияның оңтүстік-батысындағы Бордо қаласына қашып кетті. Париж "ашық" деп жарияланды.

Сол күні 10 маусымда фашистік Италия Францияға соғыс  жариялады. Вейган және Петэн бастаған капитулянттар іс-әрекеттерді тоқтауды талап етті. Олардың мақсаты жүзеге аспады.

1940 жылы 16 маусымда  премьер-министрн болып капитулянт  Петэн тағайындалды. Петэн Германияға бейбітшілік туралы өтініш білдірді. 1940 жылы 22 маусымды Компьен орманында Франция және Германия татулық жөніндегі шартқа қол қойылды. 25 маусымда Римде франко-итльяндық келісімге қол қойылды. Франциядағы келісім бойынша Германия Францияның үштен бір бөлігін алды. Олар Париж, Лотарингия, Эльзас іс-жүзінде Германияға қосылды.

Неміс әскери тұтқындары француз түрмелерінен босатылды. Франция күндігіне 400 млн франк оккупалиялық ақы ретінде төлейтін болып міндеттелді. Келісім талабы Францияның толығымен Германия отарына айналдырды.

Францияның  жеңілуі англо-француздық каоалицияның күйреуіне әкеп соқты. Франко-германдық келісімге сәйкес француздық флот Германияның құрамына өтеді деп ойлаған. Англия 1940 жьп ы 3 шілдеде Мерс-эль-Кебир атты Алжир портына ірі әскери теңіз эскадрасына жіберді. Осы жердегі француздық кемелерін жою жоспарланды. Бұл жердегі француз кемелрін және Англия портында тұрған француздық кемелер жойылды. Осыдан соң Франция үкіметі Англиямен дипломатиялық қатынасты жойды. Тез арада Польшаны жаулап алу фашистерді масайратты. Жеңілген жерлерден көп олжа түсті. 1941 жылы оккупацияланған елдерден түскен табыс Германяиның ұлттық жылдық кірісінен екі есе асып түсті.

Неміс монополиясы  байыды. Ірі концерндердің рөлі өсті. 6 ірі концерндердің өндірісінде 2 млн адам жұмыс істеді. Германия құпия түрде ракеталық және ядролық қару түрлерін өндірді. Ірі әскери жеңістер фашистік партияны, мемлекетті нығайтты. Халықтың көпшілігі фашистердің үгіт-насихат ықпалында қалды. Германия басшылығы Францияның жеңілісінен кейін Англия қаруын тастайтындығына сенімді болды. 1940 жылы жазда Гитлер Англияға өз еркімен берілуін талап етті. Бірақ Англия үкіметі бұл ұсынысты құрлық әскерін жабдықтай бастады. Англия мобилизациялана бастады. Англия үкіметі Гитлердің компрамистік ұсынысын қабылдамай тастағаннан кейін Германия соғысқа дайындала бастады. Германияның алдында екі жол тұрды: Англияға немсе КСРО тарапына шабуыл?

1940 жылы Гитлер "Теңіз арыстан" деген жоспарға  қол қойды. Ол бойынша Англияға десант түсіру көзделді. Осылайша авиацияның күшімен Англияның флотын жеңу жоспарланды. Соғысқа дайындыққа бір ай бөлінді. Кейіннен неміс флоты Англияға өз уақытында десанттарды жеткізе алмайтындығы және неміс әуе күштері басымдық алатындай жағдайда емес екендігі белгілі болды. Неміс әуе күштері үрей туғызу мақсатында Лондонды және басқа да ірі қалаларды бомбылады. 1940 жылы 15 қыркүйекте мыңнан астам неміс әскери ұшақтары Лондонға күшті соққы берді. 15 қыркүйекте түнде Ковентри қаласы түгелімен қирады. Неміс суасты қайықтары әуе күштерінің қолдауымен барлық ағылшын аралдарын қоршауға алуға тырсты. Олар "қасқыр үйірі" деп аталған тактиканы пайдалана отырып, олар ағылшын тасымал келемелеріне шабуыл жасады. Ондағы масқат Англияны шикізаты қалдыру болатын. Алайда ағылшындар күшті қарсылық көрсетті. Англияны әуе шабуылы кезінде немістер жағы 1700-деғ астам әскери ұшақтарынан айырылды.

АҚШ Германиямен күреске бірте-бірте тартыла бастады. Оқшаулану саясатына қарсы келетініне қарамастан АҚШ Англияға көмек беруді тоқтатпады. 1940 жылы қыркүйекте АҚІП Англияға 50 эсминцев берді. Оның орына АҚШ ағылшын аралдарына және Атлант мұхитына өз әскери базаларына құруға мүмкіндік алды. Рузвельттің ұсынысы бойынша 1941 жылы 11 наурызда ленд-лиз заңы қабылданды. Оған сәйкес АҚШ мүддесін өте қажетті мемлекеттерге қару-жарақ сатылды. Ұлтыбритания қарулы күштерді АҚШ қару-жарағымен жабдықталды.

1940 жылы  неміс флотының ағылшын аралдарына  дендеп ене алмағыанын көрген Гитлер КСРО-ға соғыс басталуы ұйғарды. 1940 жылы 31 шілдедегі жиналыста Гитлер былай деп мәлімдеді: "Егер Ресей бағынса Англия ең соңғы үкіметінің айырылады. Нәтижесінде Еуропада жене Балкан елдерінде Германия үстемдік құрады". Англияға қарсы теңіз және әуе күштерінің әскери қимылдары жалғасып жатты. "Теңіз арыстаны" жоспары тоқтатылды. Бірақ Германияның қарулы күштері КСРО тарапына қарай топталды [29]. Әскери қақтығыстардың қаупінің өсуі жағдайында КСРО өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдай бастады. 1940 жылы 26 маусымда КСРО 1918 жылы Румынияның тартып алған Бессарабия өлкесін қайтарып берін талап етті. Румыния басшылығы келісті. Бессарабия және Солтүстік Буковина КСРО құрамына тамызда Латвия, Литва және Эстония одақтас республикалар ретінде КСРО кұрамына өтті.

Фашистік  Германия өзінің жаңа одақтастарымен қатынасты нығайта бастады. 1940 жылы 27 қыркүйекте Германия, Италия және Жапония үштік пактіге қол қойды. Жапония Германия және Италияның Еуропадағы "жаңа тәртібін" мойындады. Ал Германия және Италия Жапонияның Шығыс Азия кеңістігіндегі "жаңа тәртібін" мойындады. Үштік пактіге қатысушы мемлекеттер қажет жағдайда бір-біріне көмектесуге міндеттелді. Германия және Жапония мемлекеттері КСРО-ға соғыс жоспарын бір-бірінен құпия жасалды.

Германияның, Италияның және Жапонияның үштік  пактісіне кейіннен басқада мемлекеттер қосылды. 1940 жылы қарашада Румыния үштік пактіге қосылды. 1941 жылы наурызда үштік пактіге Болгария үкіметі қосылатындығын білдірді. Болгария территориясына неміс әскерлері орналасты.

Германия  Финляндия және Испанияны өз жағына тартуға тырысты. 1940 жылы қазанда Испанияның Франко үкіметі егер Испанияға Гибралтар берілетін болса, Англияға қарсы соғысатындығы білдірді. Финляндия үкіметі 1940 жылдың аяғына қарай Германия мен КСРО-ға қарсы одақтас болатындығы туралы құпия келісімге қол қойды.

КСРО-ға қарсы  шабуылға дайындық жүріп жатқан кезде Англия қарсы соғыс әуе күштерінің және теңіз флотының қимылдарымен шектелді.

Грецияға  қарсы шабуылның сәтсіз аяқталғанына байланысты Муссолини Гитлерден көмек сүрады. Гитлер Грецияға шабуыл жоспарын құрды және Солтүстік Африкаға неміс танк корпусын жібермекші болды. Оны генерал Роммель басқарды. Роммель ағылшындықтарды Египет шекарасына дейін шегіндірді.

Грецияға  қарсы "Марита операциясы" жоспары  бойынша Румыния және Болгарияға әскерді орналастыру қажет болды. Бұл әскерді 1941 наурызда Болгария арқылы Эгей теңізінің солтүстік жағалауын алу, керек болса Греция континентін басып алу көзделді.

Информация о работе Италиядағы фашистік диктатура