Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 22:07, дипломная работа
Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.
Кіріспе 3-6
І-тарау. Италиядағы фашистік диктатура
1.1. 1922 жылғы билік басындағы саяси дағдарыс және фашистік
диктатураның орнауы 7-21
1.2. Италиядағы империалистік теңденцияның күшеюі және
фашистік диктатураның күйреуі 22-30
ІІ-тарау. Германиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері
2.1. Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А.Гитлердің үкімет
басына келуі 31-39
2.2. П-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия және фашистік
режимнің күйреуі 40-52
2.3. П-дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт келісімдер 53-61
Қорытынды 62-63
Пайдаланылған әдебиеттер
Бас кезеңде екі жат та мүндай соғыс түрін қаламады. Конфронтация шындыққа айналған кезде екі жат та жаңа соғыс тұтана қалған жағдайда жеңетініне сенімді болмады. Соғыс қорытындысының айқын болмауы екі жатқы да бір жақты да басымдылыққа ұмтылдырды, алайда неғүрлым жаңа қару түрлерінің пайда бола беруі қақтығыс соңының қандай боларын болжауды тиіпті қиындатты. "Қырғи қабақ соғы:" бүкіл планетаны шарпыды. Ол дүниені екіге, екі соғыс-саяси және экономиккалық топтарға, екі қоғамдық-саяси жүйеге бөлді. Осы ауқымды бәсекелестіктің барлық айнасында "қара-ақ" деп қаралады.
"Қырғи қабақ соғыс" бағымызға қарай қанды соғысқа ұласпаса да, саясат пен ақыл-ойды барынша милитаризациялады. Дүниежүзілік саясатта барлығы соғыс қуаттылығы жағынан есептелінді. Күш қолдану қаупі БҰҰ Жарғысына сәйкес болмаса да "ядролық қорқыту" саясаттың басты қарулы болып табылды. Жанталаса қарулану бейбіт кезеңде АҚШ пен КСРО аймағында соғыс-өнеркәсіп комплекстерін қалыптастырды. Осы саланы басқарған министрліктер мен ведомствалардың саяси ролі өсті. Халықтың санасын милитаризациялау саяси ролі өсті. Халықтың санасыне милитаризациялау жүргізілді. Соғыс қызметі ерлікке саналады. Жауыз, аяусыз коммунист және дәл осындай империалист бейнесінде жау образы қалыптастырылды. Екі елдің мәдениетіне де дәл осы сіңірілді. "Шпиондық" романдар дәстүрлі детективтерді ығыстырды.
"Қырғи қабақ соғыс" дүниежүзілік саясаттың басым құбылысы ретінде ішкі өмірге де едәуір ықпал етті. Дүниені "қара-ақ" деп тану сыртқы дүниеге қауіп сезімін ұялатты және сыртық жау алдында жасанды іштей итермеледі. Алдыңғы ой-пікір арандатушылық іс-әрекет деп танылды. Осы АҚШ-та азамат құқы мен бостандықтарының жапппай бұзылуына, ал КСРО-да тоталитарлық режимнің нығаюына әкеп соқты. Сонымен қатар "Қырғи қабақ соғыс" Батыс елдерінде "ерекелі мемлекетті құру" мақсатындағы әлеуметтік реформаларды жүргізуді аяқтау үшін стмиул болды және ол коммунизм идеясына еніп кету барьері саналады.
"Қырғи қабақ соғыс" қарулануға көп қаржы шығаруды талап етті, инженерлер мен жұмысшылардың ең таңдаулары қарудың жаңа тұрін шығарумен айналысты. Жанталаса қаруланудан естіп білмеген ғылыми жаңалықтар тудырды. Ол ядролық физика мен космостық зерттеулердің дамуына ықпал етті, электроника қуатының өсуі пен жаңа материалдар жасауға жағдай туғызды. Жанталаса қарулану Кеңес экономикасын қанаттандырып, американ экономикасының бәсекелестік қабілетін төмендетті. Сонымен қатар кеңес-американ бәсекелестігі АҚШ-тың коммунизм күресінің алдыңғы шебі болған Батыс Германия мен Жапонияның саяси және экономикалық позициясын қалпына келтіруге қолайлы әсерін тигізді. АҚШ пен КСРО бәсекелестігі отар мен тәуелді елдер халықтарының тәуелсіздік үшін күресін жеңілдетті, әрі туындаған "үшінші дүниені" [39] ықпал ету аймағы үшін аймақтық және жекелеген қақтығыстардың бітпейтін орталығына айналдырды. Былайша айтқанда, "қырғи қабақ соғыс" екінші дүниежүзілік тарихқа терең және жан-жақты әсер етті. "Қырғи қабақ соғысты" болдырмауға болар ма еді? Оның пайда болуы көбіне екінші дүниежүзілік соғыс қорытындысының әртүрлілігіне байланысты болып табылады. Оның ең бастысы дүниеде ғаламдық бәсекелестікті бастай және ұзақ жүргізе алатын екі державаның ғана қалғаны еді. Басқа Ұлы державалардың бұған күш-қуаты жетпеді. АҚШ пен КСРО осы жағдайда тек Ұлы жержавалар емес, басты Ұлы державаларға айналды. Осылайша дүниенің екі полюстікке айналуы бәсекелестікті тудырмай жағдайы, экономикалық, әлеуметтік және саяси құрылысы әртүрлі ғана емес, дүниетанымы да әртүрлі мемлекеттердің қатысуы оған ерекше форма, орта ғасырлардағы діни соғыстарды еске түсіретін идеологиялық қақтығыс сипатын берді. Сондықтанда "қырғи қабақ соғыс" болмаса, жағдайдың қандай болатынын елестеуге болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмысымызда қорытыа айтарымыз, фашистік режимдегі Италия және Германия тұтатқан екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы өртіне су себілгенде адамзат өзінің тарихи дамуының жаңа сатысына енгендей болды. Адамзат келесі ең сұрапыл және ең ауыр соғыс біткенен кейін келсі соғысты ойлаудың өзі қорқынышты еді.
Екінші дүниежүзілік соғыс миллиондаған жанның өмірін қиып кетті. Бұл соғысты адам шығыны I дүниежүзілік соғыспен салыстырғанда 5 есе көп болды. Ал материалдық шығын 12 есе көп болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихының түбегейлі бетбұрыс кезеңі болып табылады. Соғыстың негізгі қорытындысының негізгі мәні бостандық сүйгіш халықтардың фашизмді жеңуінде жатыр. Фашистік Германия мен Италия жеңілді. Олардың қарулы күштерінің, саяси жүйесінің, идеологиясының күлі көкке ұшты. Фашистік режим құлады, фашистік партияға шектеу қойылды. Фашистердің басшылары сотқа беріліп, тиісті жазасын алды. Соғысқа дейін екпінді болып келген фашизм күйреді. Фашистер басып алған елдер тәуелсіздігін алып, демократиялық жолға бағытталып, дамуыдың одан арғы сатысына түсті.
Фашистердің тізе бүктіруде КСРО шешуші роль атқарды. Совет-герман майданында фашистердің негізгі қарулы күштері ойсырай жеңілді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі Екінші дүниежүзілік соғыстың түбегейлі бетбұрысына ықпал етті. Соғыстан кейін КСРО-ның халықаралық беделі өсіп, дүниежүзіндегі екі Ұлы державаның біріне айналды.
Герман фашизмнің күйреуі және милитаристік Жапонияның тізе бүгуі, Еуропаның және Азияның саяси картасына үлкен өзгеріс әкелді. Егер соғысқа дейін социализм тек КСРО жерінде жеңіске жетсе, енді бұл жүйе Моңғол Халық Республикасында, Албанияда, Югославияда, Болгарияда, Румынияда, Венгрияда, Чехословакияда, Польшада, Герман Демократиялық Республикасында, Вьетнамда, Қытайда жеңіске жетті. Дүниежүзілік социализм жүйесі пайда болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс барысында империализмнің отарлық жүйесі жойылды. Көптеген отар елдер-Сирия, Ливан, Вьетнам, Лаос, Камбоджа, Индонезия, Бирма, Филлиппина, Корея өз тәуелсіздіктерін алды. Индия мен Малазияда патриоттар тәуелсіздікті талап етті. Отарлаушылар өзінің колониялық жүйесін сақтап қалу үшін Үнді-Қытайдағы, Индонезиядағы жүргізген соғыстарынан ешнәрсе шықпады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде отарлық жүйеге қарсы ұлт-азаттық күрес соғыстан кейінгі кезеңде де жалғасты.
Дүниежүзілік соғыстан кейін бұрын халықаралық жағдайда Ұлы державалық сипатқа ие болған Германия, Италия, Жапония сияқты мемлекеттер өзінің күш-қуатынан айырылып, тәуелді елдерге айналды. Олардың күш-қуаты соғыс нәтижесінде күйреп, бірнеше жыл бойы бұрынғы бәсекелес елдермен теңесе алмады.
Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде КСРО жеңіске жеткенімен оның экономикасы, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп саласы, әлеуметтік жағдай біршама әлсіреп шықты. Әсіресе КСРО құрамындағы көптеген социалистік одақтас республикалардың соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық саласы біршама күйреді. Соның ішінде соғыс жылдырында КСРО-ның әскери күш-қуатына және тыл жұмысына шешуші роль атқарған Қазақстан болды. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында қазақстандықтар Мәскеу түбіндегі, Сталинград түбіндегі шайқастарда, соғыстағы түбегейлі бетбұрыстан кейінгі Шығыс Еуропадағы Украйна, Белоруссия, Польша, Югославия жерлерін азат етуде жан аямай, қасық қаны қалғанша күресті 500 қазақстандықтар фашистермен күресте ерліктері үшін Кеңес Одағының батыры атағын алды. Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігін еске алғанда, шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүктің есімдерін атамау мүмкін емес. Кеңес Одағының екі дүркін батыры алған Талғат Бегелдиновтың есімі Ұлы Отан соғыс тарихында алтын әріппен жазылып қалады. Зұлым фашистердің ордасын қызыл ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев, Мәскеу түбіндегі қанды-қырғын шайқаста батырлығымен аңыз болған Бауыржан Момышұлы тарих жадында мәңгі қалады.
Тылда Қазақстан соғыс жылдарында маңызды орын алды. Отан алдындағы міндетін орындай отырып, Қазақстан жұмысшылары қорғанысқа қажетті өнімдері майдан шебіне жөнелтті. Еліміз ауылшаруашылығына және соғысқа қажетті материалдарды, шикізаттарды өндірді. Соғыс жылдарында Қарағанды ондаған шикізаттарды өндірді. Соғыс жылдарында Қарағанды ондаған миллион тонна көмір берді. Балқаш кен орны түрлі-түсті металл өндіруді соғысқа дейінгі кезеңдегі жоспардан бірнеше есе артық берді. Шымкент қорғасын зауыты соғыста аталған он оқтың тоғызын өндірді. Қазақстандағы шикізат өндіру, машина құрылысы, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп бір сөзбен айтқанда Ұлы Отан соғысына жұмыс істеді.
Жалпы КСРО-да соғыстан кейін өндіріс орындарын бейбітшілік жағдайға келтіру үлкен қиыншылықпен жүргізді. КСРО үшін екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы оккупацияланған өлкелердегі материалдық шығын 679 млрд сомды құрады. Мемлекет ұлттық байлықтың 30 пайызынан айырылды. Фашистермен болған соғыста елде 1710 қала, 70 мыңнан астам елді-мекен қирады. 32 мың өндірістік орындар, 65 мыңшақырымдық теміржолы бұзылды.
Фашистік басқыншылар 100 мыңдай ұжымдар мен кеңшарды, 3 мыңдай МТС жүйесі қирады.
Жалпы фашистік Германия мен Италия, Жапонияның тұтандырған екінші дүниежүзілік соғыстағы экономикалық әлеуметтік, саяси дағдарыс соғыстан кейін Еуропаның және Азияның бірнеше мемлекеттерінде дамудың бірнеше жылында өз кедергісін келтіріп отырды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР