Италиядағы фашистік диктатура

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 22:07, дипломная работа

Краткое описание

Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.

Оглавление

Кіріспе 3-6
І-тарау. Италиядағы фашистік диктатура
1.1. 1922 жылғы билік басындағы саяси дағдарыс және фашистік
диктатураның орнауы 7-21
1.2. Италиядағы империалистік теңденцияның күшеюі және
фашистік диктатураның күйреуі 22-30
ІІ-тарау. Германиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері
2.1. Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А.Гитлердің үкімет
басына келуі 31-39
2.2. П-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия және фашистік
режимнің күйреуі 40-52
2.3. П-дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт келісімдер 53-61
Қорытынды 62-63
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Дип.-Италиядағы-фашистік-диктатура.doc

— 623.50 Кб (Скачать)

Кейіннен  Грецияға шабуыл жоспары Югославияға  шабуыл жоспарымен толықтырылды. 1941 жылы көктемде Югославия үкіметі үштік пактіге қосылды. Бұл Югославияда наразылық отын тудырды. 2 күн пактіге соң үкімет құлады. Жаңа үкімет КСРО-мен келіссөздерге келді. Бұдан соң Гитлер Югославияны жау етіп таныды. Югославияға және Грецияға шабуыл жасау бір мезгілде үйғарылды.

1941 жылы 5 сәуірде  Югославия КСРО-мен келісімге қол қойды. 6 сәуірде фашистік Грецияға және Югославияға шабуыл жасады. Югославияға бірнеше бағытта: Болгариядан, Венгриядан, Австриядан шабуыл жасады. Неміс фашистік әскері басымдықтың нәтижесінде Югославия территориясына дендеп ене бастады. 12 сәуірде олар Белградқа жетті. 17 сәуірде Югославия капитуляцияланды. 29 сәуірде Греция капитуляцияланды.

1941 жылы мамырда  неміс әуе-десанттары Крит аралын  басып алды. Бұл жерде Балкан аралын оңтүстіктен қорғап тұрған маңызды база орналасқан болатын. Балкан мемлекеттері енді фашистердің қолына өтті.

Балканды  жаулап алған соң фашистік Германия енді таяу Шығысқа кіруге әрекеттенді. Францияда Виши үкіметімен келісе отырып, Германия Сирияда әуе-десант базасын құрмақшы болды. Араб халықтарының ағылшындарға және француздарға қарсы ұлт-азаттық көтерілісін өз мүддесіне пайдалануға тырысқан фашистер Ирактағы ағылшын төңкерісіне дем берді. Алайда ағылшын әскері Ирактағы көтерілісті басып жаншыды. "Еркін Франция" әскери бөліктерімен олар Сирия территориясында енді және ондағы фашистік әскерді талқандады. Сирияда және онымен шекаралас Ливанда билік ағылшындармен "Еркін Франция" қолына өтті. Еркін Франция жетекшілігі Литванның және Сирия тәуелсіздігін таныды. Алайда ағылшын және француз әскерлері Бұл территорияда қалдырылды [30].

КСРО-мен соғысқа дайындалып жатқан Германия таяу Шығыстағы бұл қимылдарға жауап бере алмады.

1941 жылдың  жазына қарай фашистер өз билігін Батыс Еуропада және Орталық Еуропада жүргізді. Германия және Италия екінші дүниежүзілік соғыс барысында 9 Еуропалық мемлекеттерді жаулап алды. Ұлттар Лигасы өмір сүруін тоқтатты. Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндия Германияның одақтасы болды. Португалия және Испания фашистік Германияны және Италияны қолдады. Швеция, Швейцария және Эйра (Ирландия) бейтарап болып қала берді.

Фашистер  оккупациялаған елдердің саяси жағдайы  әртүрлі болып қалды. Гитлершілердің Австрияны Германияның құрамына қосты және ол Германияның бір бөлігі ретінде саналды. Чехословакия бөлшектенді:

  1. Судет жерлері. Ол Германия құрамына кірді.
  2. Богемия және Моравия протекторат болды.
  3. Словакия-тәуелсіз болғанымен ол Германия құрамына кірді. Хорватия, Босния, Герцогавенияда тәуелсіз Хорватия мемлекеті құрылды.

Оккупанттар Грецияны үш зонаға: германдық, итальяндық және болгарлық бөлді.

Батыс Еуропалық Дания, Норвегия, Бельгия, Голландияда оккупанттар марионеттік үкіметті билік басына қойды. Люксембург толығымен Герамния құрамына еніп кетті.

Франция-Германия оккупациялаған елдердің ішінде ерекше жағдайда қалған ел болды. Францияның қалған флотының және колонияларының Англия жағына өтіп кетпеуіне қалаған Германия Францияда Виши үкіметін қалдырды.

Германия  және оның одақтастары КСРО жеріне шабуылға дайындалды. "Барбаросса" жоспары бойынша КСРО жерін Англиямен соғыс біткенге дейін қысқа мерзімде жаулап алу көзделді. КСРО иелігіне үш бағытта: Ленинград, Мәскеу, Киев бағыты бойынша шабуылдау көзделді. Бұл соғыс қимылының ең соңғы нүктесі Волга-Архенгльск нүктесі болып табылады. Бұл линиядан шығысқа қарай созылып жатқан Урал өндірістік аймағын әуе күштерінің қолдауымен басып алу жоспар бойынша көзделді. КСРО территоиясына шабуыл мерзімі алғашқыда 1941 жылдың мамырына белгіленді.Сонан соң Балкандағы соғыс қимылына байланысты шабуылды бастау мерзімі 1941 жылдың 22 маусымына белгіленді. Гитлершілер жоспарлаған "найзағайлы соғыс" 8-10 аптада ары кеткенде қысқа дейін бітеді деп ойлады. Гитлер КСРО-мен соғыста өте қатаң болуды, коммисарларды қыруды, жалпы отарлаушыларға кім қарсылық көрсетсе, соларды аяусыз қыруды талап етті. барлық Ресей территориясын өз үкіметі бар бірнеше мемлекеттерге бөлуді жоспарлады [31].

Гитлердің талабына сәйкес Германияның жоғарғы әскери басшылығы халықаралық нормаға қайшы келетін соғыс тұтқындарын өлтіруі туралы бұйрық шығарды.

"Найзағайлы соғыстың" өте қысқа уақытта болатындығына күмән келтірмей Германия КСРО-ның Еуропалық бөлігін неміс отарлаушыларының өмір сүру аймағына айналдыруды көздеді.

"Ост" (Шығыс)  жоспарына сәйкес КСРО жерінің  батыс аудандарынан 30 жылдың ішінде Сібірге халықтарды қоныс аударпақшы болды. Сонымен қатар Польшадан, Чехословакиядан тұрғындарды көшірмекші болып жоспарлады. Ал Бұл тұрғындардан тартып алынған жерлерге 10 миллион неміс келетін болды. Шамамен 14 миллион жергілікті тұрғындарды өз жерінде қалдырып ассимиляцияламаушы болды.

Өздеріне Еуропаның барлық экономикасын бағындырған фашистер барлық күшті КСРО-ға қарсы жұмылдырды. Фашистік Германияның әскеріне Италия, Румыния, Венгрия, Финляндия әскері қосылды. 1941 жылы жазда 190 дивйзия оның ішінде 153 неміс дивизиясы КСРО шекарасына бағытталды. Неміс әскерінің құрамында 19 танк, 14 жылжымалы дивиязия болды. Германия және Оның одақтастарының КСРО-ға қарсы бағытталған әскерінің жалпы саны 5,5 млн адамды құрады. Оның иелігінде 47 мың құрал және минометтер, 4300 танк, 5000-ға жуық самолеттер болды. Германия КСРО-ны оқшаулап Англиямен келісімге келуге тырысты.

1941 жылы 22 маусымда  таңертең сағат 4-те фашистік  әскер соғыс жарияламастан КСРО территоиясына енді. КСРО-ның ¥лы Отан соғысы басталды. Герамнияға Румыния, Италия, Венгрия, Словакия, Финляндия, Хорватия қолдау көрсетті. Сонымен қатар Франко бастаған испан үкіметі, фашистік Франция көмек берді.

Фашистердің тұтқиылдан шабуылдауы оларға уақытша басымдық берді. КСРО әлі де өз әскерін мобилизациялап үлгерген жоқ еді. Сол кезде КСРО қарулы күштерінің жалпы саны 5,3 млн адам болды. Кеңестік әскер фашистік блоктан танк және самолеттердің жалпы саны жағынан басым болды. Бірақ оның көпшілігі ескірген еді [32].

Кеңес әскерінің  соғысу мүмкіндігіне ықпал еткен  негізгі факторлардың бірі сталиндік жаппай репрессия еді. Репрессия жылдарында көрнекті маршалдар, саяси жеткшілер қуғындалған еді. КСРО-ның қорғаныс жоспары Сталиннің қате ұсынысынан кейін әлсіреген еді. Сталин гитлерлік Германия батыстан Мәскеуге емес, көмір және астықты пайдалану мақсатымен оңтүстік-батыстан Украйна территориясынан шабуыл жасайды деп жоспарланды. Сондықтан КСРО-ның негізгі қарулы күші аталған аймақта орнады.

22 маусымда  таңертең неміс әуе күштері  әуежайда тұрған кеңес ұшақтарын бомбалап істен шығарды. Соғыстың алғашқы күнінде Кеңес Одағы 1200-ден астам ұшағынан айырылды. Қорғанысты ұйымдастыру әлсіреп қалды. Өте жақсы қаруланған неміс әскерлері 28 маусымда Минск қаласын алды. Шілденің ортасына қарай немістер Прибалтика және Белоруссия аймағын түгелдей бағындырды. Украйна және Молдова жерлерін бағындырған немістер Ленинград, Смоленск, Киев қалаларын қауіп төндірді. Кеңес әскері ауыр жеңілістерге ұшырады. Шекаралық аймақтағы 170 дивизияның 70 дмвизиясы жарты құрамынан және техникасынан айырылды 28 дивизиясы толық қатардан шықты. Тұтқынға жүздеген мың кеңес солдаттары мен офицерлері түсті. Алғашқы жеңістерге масайраған гитлершілер «найзағайлы соғыс» іске асты деп ойлады. Шабуылдан соң атпа өткеннен кейін Гитлер «Барбаросса» жоспарынан кейінгі қимылдар туралы директиваға қол қойды. Онда КСРО-ны талқандағаннан кейін англо-американдық коалицияны жою үшін қарулы күш нығайтылуы тиіс болды. 1941 жылы күзде Гибралтар, Суэц каналы, Солтүстік Африканы, Таяу Шығыстағы, Индияны жаулап алу міндеті тұрды.

Алайда гитлершілер  қателескен еді. Соғыстың алғашқы күнінен  бастап олар Кеңес халқының және әскерінің ерлікпен күрескен қарсылығына душар болды.КСРО-да Сталин басқарған мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. 1941 жылы 29 маусымда фашистік басқыншыларға қарсы бүкілхалықтық директиваға Сталин қол қойды.

Өндіріс орындары, ауылшарушылығы, көлік соғыс жағдайына келтірілді. Көптеген өндіріс орындары соғыс өнімдерін шығаруға беймделді. Жұмыс күні ұзартылды. Карточкалық жүйе енгізілді.

Кеңес үкіметі фашистердің қолы жетпейтін Сібірдегі, Уралдағы, Қазастандағы өндіріс орындарының дамуына көңіл бөлді. Қазақстанда жаңа шахталар, зауыттар, фабрикалар салынды. Қазақстанға өнідіріс орындары көшті.

Смоленск  түбіндегі шайқаста Кеңес әскері басқыншыларды екі айға жуық мерзім ұстады. Киев түбіндегі ұрыста-2 айдан астам. Одессада-2 айдан астам, Севостополь-8 айдан астам уақыт қорғанды. 1941 жылы күзде фашистерге Ленинградты блокадалау мүмкіндігі туды. Қоршау 900 күнге созылды. Ленинградты фашистер ала алмады.

Уақытша оккупацияланған  аймақта партизандар маңызды  орын алды. 1941 жылдың соңына қарай жаудың тылында 3500 партизандық отрядтар және топтар іс-әрекет етті.

КСРО халқының ерлікпен күресуінің нәтижелнде немістер үлкен  шығынға ұшырады. Ресми деректер бойынша 1941 д-жылдың ортасына қарай неміс әскері 100 мың солдатынан және офицерінен, 1284 үшағынан айырлыды. Шығынға ұшырауына қарамастан немсітер шабуылды жалғастыра берді. 1941 жылдың соңына қарай олар Прибалтиканы, Украйнаны, Белоруссияны, РСФСР-дің көпшілік жерін оккупациялады. Осылайша Мәскеуге жол ашылды.

КСРО территориясынының  біраз бөлігінің оккупацияға ұшырауы өндіріс көлемін қысқартты. Ішкі өнім екі есе азайды.

1941 жылы күзде  неміс басшылығы Мәскеуге шабуыл  жасау жоспары «Тайфунды» қабылдады. Мәскеу түбіндегі қанды-қырғын шайқастан кейін 1941 жылы 5 желтоқсанда Кеңес әскерлері қарсы шабуылға шықты. Басқыншылар Мәскеуден 100-250 шақырым қуылып тасталды. Осымен бір мезетте оңтүстікте Дондағы-Ростов ауданында, солтүстікте Тихвин ауданында шайқастар жүріп жатты. Кеңес әскерлері Ростовты азат етті және Ленинград түбіндегі неміс әскерлерінің қозғалысын тоқтатты. Мәскеу түбіндегі, Ростов түбіндегі, Тихвин түбіндегі ұрыстар фашистердің алғашқы жеңілісі еді.

Бұрынғы жаулықтарына қарамастан Англия мен АҚШ КСРО-ны қолдайтындықтарын білдірді. 1941 жылы 24 маусымда Рузвельт КСРО-ны қолдайтындығын ресми түрде жариялады.

Кеңес үкіметі Англияға бірлесіп Германияға қарсы шығуды ұсынды. Англия қабылданды. 1941 жылы 12 шілдеде англо-совет келісіміне қол қойылды. Ирандағы Гитлердің басқыншылығын тоқтату мақсатында КСРО және Англия бірлескен әскер жіберді. Германиямен одақтас Иранның шах үкіметі елден қашып кетті. Иранның жаңа үкіметі КСРО-мен Германияға қарсы күресте ынтымақтастығын білдірді.

1941 жылы тамызда  Рузвельт және Черчилль Атлант мұхитының Канада жағалауында кездесіп, Атлант хартиясына қол қойды. Онда екі ел Германиямен күресу мен антигитлерлік коалиция құру мәселесі қаралды. Бүған КСРО қосылды. Дүниежүзінде біртіндеп антигерманиялық коалициялар құрыла бастады. 1941 жылы шілдеде Кеңес Одағы эмиграцияда жүрген Чехословакия және Польша үкіметімен келісімге қол қойды. Тараптар фашизммен күресте бір-біріне көмектесуге міндеттелді. 1941 жылы 27 қыркүйекте Кеңес Одағы генерал де Голльді француздардың бостандықшыл жетекшісі етіп тағайындады. Генерал де Голль КСРО-ға көпжақты көмек көрсетуге уәде берді.

Антигитлерлік коалицияның негізгі алға қойған міндеті фашистік Германиямен күресу болды. Алайда коалициялық күштердің арасында қарама-қайшылықтар болды. Англия мен АҚШ үкіметі КСРО-ның 1939-1940 жылдардағы шекарасын мойындамады. Сонымен қатар КСРО-ға беретін әскери көмегін кешеуілдетті.

Германияға  негізгі соққы беретін Еуропадағы майдан мәселесі бойынша пікірталас туды. 1941 жылы 18 шілдеде Сталин Черчилль батыс майданының ашылуы туралы ұсыныс жасады [33]. Ал Чирчилл бұл ұсынысты қабылдамай тастады.

Антигитлерлік коалицияның негізгі қадамдарының бірі үш державаның Англия, АҚШ, КСРО-ның Мәскеу конференциясы маңызды болып табылады. Бұл конференция 1941 жылы қазанда болды. АҚШ және Англия үкіметтері КСРО қарулы күштерін қару-жарақпен жабдықтауға міндеттелді. Ал КСРО үкіметі АҚШ пен Англияны маңызды шикізатпен қамтамасыз етуге уәде берді. 1942 жылы совет-герман майданындна соғыс өте күшті болды. Гитлершілерді Мәскеу түбінде талқандаған соғыс өте күшті болды. Гитлершілерді Мәскеу түбінде талқандаған кеңес әскерлері қарсы шабуылға шықты. Бұл шабуыл 1942 жылдың көктемінде дейін созылды. Кеңес әскерлері оккупацияланған аймақтарады азат етті. Ашуланған Гитлер неміс әскеріндегі генералдарды қайта тағайындады. Батыс майданның жоқтығын пайдаланған Германия барлық күш-жігерді оңтүстік бағытқа жұмсады. Ондағы мақсаты Кавказ мұнайлы өлкесін бағындырып, КСРО-ны экономикалық әлсіретуге болатын.

1942 жылы мамырда  кеңес-герман майданында фашистердің  шабуылы бастады. Неміс армиясы Сталинград және Кавказға жүретін екі бағытта шабуылын жалғастырды. Сталинград және Кавказдың 4 айға созылған қорғанысты басталды.

Ауыр соғыс  кездерінде кеңес-герман майданында фашистік Германия бұрынғы жеткен жетістіктерінен айырыла бастады. Танк және ұшақ жөнінен басымдықтан айырылды. Фашистік армия шамамен 2 млн адамынан айырылды. Сталинград түбіндегі шайқаста 1 мың неміс танкісі, 1400-ден астам неміс ұшақтары жойылды. Партизандар немістердің көп шығынға ұшырауына себеп болды. 1942 жылы көктемде оккупацияланған территриясыда 11 мың партизандық өлке пайда болды. 1942 жылдың соңына қарай партизандардың құрамына 125 мың адам болды.

Кеңес әскері фашистік блокың құрамындағы танк саны жөнінен 1,4 есе, ұшақ жағынан 1,3 есе, артиллериядан 1,5 есе болды.

Сталинград түбіндегі  жеңістер, Кавказ территориясындағы  сәтті қимылдар Кеңес әскерелрінің шабуылға шығуына қолайла жағдайлар туғызды. Кеңес басшылығының жоспары бойынша ең алдымен Сталинград түбіндегі шайқастан шабуыл басталады деп жоспарлады. ("Уран" жоспары). Сонан соң Донның орта ағысындағы шабуыл ("Сатурн" жоспары), орталық майданындағы шабуыл ("Марс" жоспары").

Информация о работе Италиядағы фашистік диктатура