Италиядағы фашистік диктатура

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 22:07, дипломная работа

Краткое описание

Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.

Оглавление

Кіріспе 3-6
І-тарау. Италиядағы фашистік диктатура
1.1. 1922 жылғы билік басындағы саяси дағдарыс және фашистік
диктатураның орнауы 7-21
1.2. Италиядағы империалистік теңденцияның күшеюі және
фашистік диктатураның күйреуі 22-30
ІІ-тарау. Германиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері
2.1. Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А.Гитлердің үкімет
басына келуі 31-39
2.2. П-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия және фашистік
режимнің күйреуі 40-52
2.3. П-дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт келісімдер 53-61
Қорытынды 62-63
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Дип.-Италиядағы-фашистік-диктатура.doc

— 623.50 Кб (Скачать)

1937 жылы наурызда көтерілісшілер Мадридке кезекті шабуылын жасады'. Жорықшылардың ішінде итальяндық экспанциялық корпусы маңызды роль атқарды. Олар ұзақ дайындықтан соң Гвардалахар және Мадридке бет түзеді. Техникалық басымдығымен сан жағынан көптігімен фашистік әскерлер алғашқыда тек алға жылжыды. Фашистерге қарсы құрамында Гарибальди отряды бар интернационалдық бригада жіберілді. Интернационалдық отряд фашистердің күшімен салыстырғанда кем еді. Бірақ олар танк және әуе ұшақтарымен қаруланған фашистерге төтеп бере алды. Гарибальди батальоны Гвадалаха түбіндегі 10 күндік соғыста шешуші роль атқарды. Италияның экспанциялық корпусы сәтсіздікке ұшырады.

Гвадалахар  түбіндегі жеңіліс итальяндық экспанциялық корпусқа орасан зор соққы берді. Италия басшылығы қарсыластарына шешуші соққы беру үшін Франкодан көмек сүрауға мәжбұр болды. Муссолини жаңа әуе күштерін Испанияға жіберді. Осымен бір мезетте итальяндық флот Жерорта теңізінде республикандық Испанияның портына бет түзеген барлық пороходтарды тонады. Муссолини Франко тарапынан болып жатқан соғыс тәсіліне көңілі толмады. Муссолини шешуші шайқасқа шығуға тырысты. Ал Франко нақты шешім қабылдамады. Итальяндық экспанциялық корпус өз бетінше шещуші ұрысқа шығуға бата алмады.

Испаниядағы интервенцияға  фашистік үкімег 14 млрд лир жүмсалды. Бұл италия бюджетінің 1936-1937 жылғы 2/3 бөлігін құрады. Гитлерлік Германияның Франкоға берген көмегінен 6 есе көп болды. Муссолини өзі мақсат еткендей әскери немесе саяси жетістіктерге жете алмады. Ал Франко барлық әскери қимылдар бітісімен Италияның әскерін әкетуін талап етті.

Фашистік  Италия мен Гитлерлік Германияның  Испанияда бірлесе қимылдауы, олардың жақындасуына тұрткі болды. 1936 жылы қыркүйекте Германия министрі Франконың сапары кезінде екі ел арасында интервенцияға қатысты мәселермен қатар фашизмнің агрессиялық мақсаттары да талқандалды. Бұл келісімдер Италияның сыртқы істер министрі Г.Чианоның 1936 жылы қыркүйекте Берлинге сапары кезінде нақтыланды. Сапар барысында Локарн келісімін қайта қарау туралы протоколға қол қойылды. Протокол Германия сияқты Италияның да Ұлтттар Лигасынан шығуын көздеді. Соған қарамастан Жерорта теңізі Италияның ықпал ететін аймағы болып табылатындығы нақтыланды. «Антибольшевикке» арнайы пункт жазылды. Германия Италияның Эфиопияны жаулап алуын ресми тұрде мойындады. Соған қарамастан екі мемлекет Еуропада бірлесксн саясат жүргізуге келісті.

Муссолини 1936 жылы 1 қарашада Миланда сөйлеген сөзінде: «Вертикаль бойынша Берлин-Рим ось болып табылады. Осы ось бойында барлық Еуропа мемлекеттері бірігуі қажет»-деді.

Екі диктатор да Римде және Берлинде жасалған келісімдерге сенімді болғанымен Берлин-Рим осіне нақты сенімді бола алмады. Италия дипломатиясы Англиямен қарым-қатынасты үзбеуге тырысты. Бұған дәлел 1936 жылы күзде Англия- Италия арасындағы Жерорта теңізі жолдарын келісіммен пайдалану туралы шарта қол қоюы болып табылады.

1937 жылы қыркүйекте Муссолини Германияға келді. Гитлермен бірге ол әскери зауыттарды, әскерді аралап танысты. Миллионға жуық адам қатысқан Берлиннің олимпиада стадионында Муссолини мен Гитлер сөз сөйледі. 1937 жылы 6 қарашада Италия және Германия мен Жапония арасында антикоминтерндік пактіге кірді. Сондай-ақ "коммунистік күресті" сылтауратқан империялық мемлекеттер жаңа дүниежүзілік соғыстың инициативасын өз мойындарына алды.

Испанияға Германиямен  бірлесе отырып интервенция жасау, Италияда ішкі полицейлік террорды күшейтумен қатар жүрді. Елдің ірі кәсіпорындарында, өндіріс орындарында жұмысшылардың фашистік интервенцияға қарсы қозғалыстары болып жатты. Бұған тұрткі болған коминтерннің ҮІІ конгерсі еді [18]. 1937 жылы көктемде Миланда антифашистердің ірі өкілдері тұтқындалды. Олардың республикалық Испания үкіметін қайта құруды мақсат еткен қозғалыстар ұйымдастырған деп айыптады. Коммунистерге, республикандықтарға, социалистерге аяусыз жаза кесті. Елдегі репрессияны тоқтатпастан Муссолини шетелдегі жүрген антифашистік өкілдерін қудалады. 1937 жылы маусымда Францияда ағайынды Карло және Нелло Росселиді өлтірді. Олар "әділдік және бостандық" ұйымының белсенділері болатын. Халықаралық қоғамдық пікірдің ықпалы болуы соншалық, тіпті Италиядағы фашизмнің ақпарат құралдары негізсіз аяқталған мақалалар жазды. 24 сәуір 1937 жылы Римде 10 жыл тұрмеде отырып келгеннен кейін Антонио Грамши қайтыс болды. Дүниежүзіндегі халық наразылығын 1936 жылы Грамшиді тұрме ауруханасына әкелуді мәжбүрледі.

Грамши тұрмеден шыққаннан кейін бір аптадан соң қайтыс болды. Грамши тұрмеде жатып "Абақты дәптері" атты монументальды еңбектер жазды. Грамши бұл еңбектерде өз тәжірибесінің тамаша синтезін және идеяларын жазып, Италияның барлық интеллегенция қауымына, итальян жұмысшыларына мұра етті. Антифашистік қозғалыс өзінің көрнекті өкілдерінің бірін жоғалтқанымен фашизмге оппозияциялық көптеген топтар пайда бола бастады. Испания майданында алғаш рет коммунистер мен социалистер бірікті.

1937 жылы екі  партияның арасында бірігіп қимыл  жасау туралы пактіге қол қойылды. 1936 жылдан бастап Италияның көптеген қалаларында антифашистік топтар пайда бола бастады. Бұл топтарды студенттер, жастар, интеллегенциялар, жұмысшылар құрады. Жас буын өкілдерінің антифашистік көзқарасының қалыптасуы фашизмнің ел ішіндегі террорлық іс-әрекеттері, халықаралық фашизмнің империялық соғыстарға дайындығы болатын.

Германия мен Италия 1937 жылдан бастап мүдделері ортақ  мемлекеттерге айналды. Екі мемлекеттің жақындасуына Германияның Австрияны себепсіз жаулап алуы ықпал етті. 1937 жылы күзде Германия сыртқы істер мингистрі Риббентроп Италияға келеді. Ондағы мақсаты Гитлердің Австриядағы саясатына Муссолинидің көзқарасын білу болатын. Муссолини қарсы болмады.

Гитлер 1938 жылы 11 наурызда Австрияға шабуыл жасады. Муссолини Италияның жаулап алу соғысына дайын екенін мәлімдеді. 30 наурызда сыртқы саясаттағы қызметі үшін империяның маршалы деген атақ алды. Италия мен Германияның одағы одан әрі нығая түсті. 1938 жылы мамырда Гитлер Италияға келді. Германия мен Италия жақындаса түсті. Мұны 1938 жылы Студенттік дағдарыс шегіне жеткен кезде Гитлердің Чехословакия туралы кемсіткен баяндамасынан Муссолинидің сөзі кем түспегенінен байқауға болады. Сонымен қатар, Муссорлини егер соғыс конфликт болатын жағдайда Гитлер тарапынан болтанын мәлімдеді. 28 қыркүйекте Чемберлен Муссолинимен дүниежүзілік соғыстың басталуын тоқтау үшін кездесті.

Мюнхен конференциясында Германияны КСРО-мен соғысуға бағыттады. Мюнхен конференциясының антисоветтік бағыты Муссолиниді қанағаттандырды. 1938 жылдың соңында Италияның префектілерінің жабық кеңесінде Муссолини: "Мюнхен сөзі 1861 жылдан бері Италияның маңызды, шешуші рольге ие болуының алғашқы белгісі" деді. Мюнхен болған оқиға Еуропадағы большевизмнің ақырғы сәтінің болғандығын білдірді.

Антибольшевиктік жорық Италияның маңызын, беделін көтеруі тиіс, Гитлердің шығысқа жорығы Италияның Жерорта теңізіне мүдделі екендігін басқа державаларға білдіруге мүмкіндік береді. Міне осындай көзқарасты Италияның билеуші топтары толығымен қолдады.

Мюнхен күндерінде Даладье Эфиопияны Италияның отары ретінде ресми тұрде мойындауынан екі ай өтер өтпес Чианоның басшылығымен болған антифранцуздық демонстрациясында қара көйлектілер алғаш рет "Тунис, Джибутти" деп айқалады. Италияның сыртқы агресивтік саясаты елдің өмірін милитаризациялаумен қатар жүрді. Муссолини Германиядағы әскери шеруде "Прусстық қадам" жасауды көрісімен, оны Италия әскеріне "Римдік қадам" деген атпен енгізді. Осыменен бір мезгілде партияның арнайы жарлығымен қол алысу тоқтатылып, оның орнына фашистік сәлемдесу енгізді. Гитлершілермен тағы бір ұқсастығы нәсілдік идеология және антисемиттік заңдылықтың болуы еді. 1938 жылы манифест жарияланды. Мұндай фашистік ғалымдардың "фашизмнің нәсілдік проблемаға көзқарасы" ресми тұрде жарияланды. Бұл манифестің 10 пунктінде итальян халқының арийлік нәсілдікке жататындығы айтылған. "Таза итльяндық нәсілдің" бар екендігі жазылған. Ал Бұл нәсілге еврей халқы кірмейді және еврейлерден сақтану керек делінген. Манифестің шығуымен антисемиттік және реалистік толқын күшейе түсті, ішкі министрлік жанынан "халықтар және нәсілдер мәселесіне байланысты жоғарғы кеңес" құрылды. 1938 жылы қыркүйекте антисемиттік заңдылықтар жарияланды: еврейлер мектептерде, ЖОО-да ұстаздық етуге тыйым салынды. Академия мүшелігінен, институттардан және әртұрлі ғылыми және мәдени ұйымдардан шығарылды.

Қарашада  Италияның министрлер кеңесінде жаңа заңдар жинағы жарияланды: еврейлердің мемлекеттік және жартылай мемлекеттік қызмет етуіне тйым салынды. Еврейлердің балаларына арнайы сыныптар ашылды. Еврейлерге "Арийлік еместер" сияқты итальяндықтармен отбасы құруға, некеге тұруға тыйым салынды. 1938 жылы қазанда ұлттық өмірді фашистеу аясында білім беру, ағарту саласында реформа жасады. Бұл реформаның негізі "Саяси азаматты" жас кезінен фашистік идеяда тәрбиеулеу қарастырылды.

Фашистік  мемлекеттің құқықтық құрылысы 1939 жылы парламент реформа жасауымен аяқталды. Енді палата депутаттарының орнын фашистік партияның ұлттық кеңесі және ұлттық кеңестің корпорациясы басты. Бұлар мемлекеттік орган болып табылды. Мүмкіндіктерін король тағайындаған сенатпен бірге жаңа палата жоғарғы заң шығарушы орган болып табылады. Жоғарғы заң шығарушы орган мүшелерін король декреті арқылы тағайындады.

Жаңа заң шығарушы орган пайда болғаннан кейін Италия Албанияға жорығын аяқтады. Бұл жолы фашистік үкімет өз интервенциясын ақтауға тырыспады. Муссолини Германиямен одаққа сүйене отырып, жаулап алу жолына біржола түсті. Албан королі Зогуге қабылдауы мүмкін емес ультиматум жариялап, осыменен бір мезетте итальян әскері албан территориясына түсірілді. 8 сәуірде олар Тирананы басып алды. 12 сәуірде Виктор Эмануэльді Албанияның королі етіп жариялады. Албанияны аннемициялау Германияны Чехословакияны жаулап алуына жай ғана жауап емес еді. Екі мемлекетті біріктіру халықаралық фашизмнің мақсаты болған. Бұл идеяны жасаған Чиано еді. 1939 жылы мамырда Чиано мен Риббентроп кездесуінде сыртқы істер министрлері Муссолиниден телефон арқылы Германиямен Италияның әскери одақ жасауы туралы жарлық алды. Риббентроп келісімінің жобасын дайындау жауапкершілігін өз мойнына алды. 22 мамырда Берлинде "стальной пакт" жасалынды. Ол бойынша екі фашистік мемлекеттің әскери одағы біржола жасалынды. Екі державаның қайсысы әскери қимыл жасаса, екіншісі оны қолдауы тиіс болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Италиядағы империалистік диктатуранын  күшеюі және фашистік диктатураның күйреуі.

1939 жылы 4 сәуірде Муссолини  үлкен фашистік кеңесте сөз  сөйледі. Онда Италияның жақын және үзақ жылдары ұстанатын сыртқы саясаты қарастырылды.

Әр мемлекеттің  тәуелсіздігін сол елдің теңізге  шығу мүмкіндігімен шектелді. Италия Жерорта теңізінің тұтқыны болып табылады. Болашақта халқының саны көбейген сайын жағдай қиындай түсуі. мүмкін. Мұхитқа шығу үшін темір тор: Корсика, Тунис, Мальта, Кипр, Суэц және Гибралтар жауып тұр.

Италияның бірінші міндеті  Муссолинидің айтуы бойынша Албаниядан басқа Еуропа территориясына ешқандай мүдделі емес. Италияның мақсаты мұхитқа шығу болып табылады. Ал бұл үшін Үнді мұхитына болса, Судан, Ливия аралығы, Атлантқа Франция және Солтүстік Африка аралығын өтуі тиіс. Қайсысы болса да Англия және Франциямен қақтығысады. Сондықтан Муссолини Германиямен одақтасты. Бұл Италия тылының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Ірі аумақтағы  мұндай интервенцияға Италия дайын емес еді. Содықтан ол елінің әскери күшін дамытуға кірісті. Италияның соғысқа кіруі 1942 жылға қарай жоспарланды [19].

"Стальной  пактіден" кейін бірнеше күн  өткен соң, біріккен агрессивтік соғыстар жөнінде ой бөлісті. Муссолини Гитлерге бұл соғысқа үш жылдық мерзімге дайындық керек екендігін хабарлады. Италияның әскери күші, техникалық және тактикалық жағынан Эфиопиямен соғыс кезіндегі деңгейде қалып қойды. Бұл Италияның әскери бюджеті өзгерген кезде де еш өзгеріс енбеді.

1939 жылы 1 тамызда  Италияның әскері 67 дивизиясы, 3 моторы, 3 жылжымалы және 3 таулы-альпілік дивизиялары болды. Жылдың соңына қарай дивизия саны 73-ке өсті. Бұл дивизиялардың қаруының көп бөлігі бейбіт кезеңдегі штаттармен құрастырылды, яғни ескірген. Жаяу әскерлерінің негізгі қаруы 1851 жылы шыққан винтовкалармен жабдықталды, артиллерия әлсіз болды, қару жетіспеді, моторлы дивизияда машина жетіспеді. Әуе күштерінде ұрысқа кіретін ұшқатың 3/1 бөлігі жарамды болды. Әскери теңіз күші басқа салалармен салыстырғанда анағүрлым жақсы болды. Алайда соғыстың алғашқы жылдарында-ақ жанармайдың жетіспеушілігі байқалды. Елдің соғысқа әскери дайындығын бас штабтың басшысы Ген Бадольо басқарды. Ол әскери өндірісті де қадағалады. 1937 жылы Бадольо тәкәппарлы тұрде Муссолиниге әскери саланың халықтың және дученің кез-келген бүйрығын орындауға дайын екендігін жариялады. Бас штабтың басшысының бұл сөзінің шындыққа жанаспайтындығын Муссолини жақсы білді. 1939 жылы жоғарғы комиссия қорғаныс саласында шикізаттың соғыс болған жағдайда жетіспейтіндігін жариялады. Бұл комиссияның есебі бойынша соғыс жағдайында Италияға 21 млн тонна тұрлі материалдар қажет: жанармай, өндіріс тауарлары, ағаш және т.б. Франциямен немесе Англиямен соғыс болған жағдайда негізгі материал Шығыс және Орталық Еуропадан әкелінді. 1939 жылдың 1 қыркүйегінде әскери өндіріске қажетті шикізат жеткіліксіз шамада болды.

Муссолини соғысты  кешеуілдетіп бастау қажеттігін түсінді. Бұл жөнінде ол Гитлерге ұсыныс жасады. Алайда фюрер бұған келіспеді.

Гитлер Германияның  әскери дайындығына еш шек келтірмеді. 25 тамызда Муссолини түнде жалпыға бірдей мобилизациялау шешімін қабылдады. Фашистік Италия Гитлер бастаған соғысқа қатысуға дайындала бастады. Чиано былай деп жазды: "Муссолини кіруге бел буды. Соғысты кейінгі қалдыру мүмкін емес. Мен көнемін". Бір сәтте бәрі де аяқ астынан өзгеріп шыға келді. 25 тамызда Римге Гитлердің елшілігі келді. Гитлер жақын арада Польшамен соғыстың болатынын және Италия тарапынан түсінушіліктің болуын қалаған. Гитлер Италияның соғысқа тез арада араласуын өтінбеді. Келесі күні Муссолини штаб басшыларын жинап, оларға соғысқа кіру үшін әскери материалдардың тізімін жасауды бүйырды. Нәтижесінде Чианоның айтуы бойынша: "Оқи алатын өгізді өлтіре алатындай нәтиже шықты". Нәтижесінде алынған құжатта 170 млн тонна әскери материалдар белгіленді. Оны тасу үшін 170 мың теміржол эшелоны қажет болды. Бұл тізімді Муссолини дереу Гитлерге жіберді. Италия қажетті материалдарды жіберген жағдайда соғысқа кіре алатынын хабарлады. Германия Италияның барлық ұсынысын қанағаттандыруға мүмкіндік жоқ еді. 27 тамызда жауап хатта Гитлер Италияның бейтараптығын хабарлауды тоқтата тұруды сұрады. Мобилизациялау іс-шараларын одан әрі жалғастыруды сұрады. Өйткені Англия мен Франция қауіп төндірген еді. Муссолини бұл талапқа келісті. Муссолини бүкіл халықты мобилизациялауды тоқтатқанымен, бірақ соғысқа дайындық тоқтаған жоқ. Запастағы офицерлер әскерге шақырылды. Италияда әскери жаттығу істері жүріп жатты. 1939 жылы 1 қыркүйекте соғыстың басталған күнінде Италия өзінің бейтарап саясат ұстанатының хабарлады. Алайда бұл өтірік еді. Өйткені осыдан бірер күн бұрын Муссолини Гитлерге "Италия бірнеше уақыттан кейін соғысқа енеді" деп салтанатты тұрде уәде берген болатын. Италияның бейтараптықты ұстанғанын білген ел бұл фашистің өз еркі емес екенін түсінді.

Информация о работе Италиядағы фашистік диктатура