Италиядағы фашистік диктатура

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 22:07, дипломная работа

Краткое описание

Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.

Оглавление

Кіріспе 3-6
І-тарау. Италиядағы фашистік диктатура
1.1. 1922 жылғы билік басындағы саяси дағдарыс және фашистік
диктатураның орнауы 7-21
1.2. Италиядағы империалистік теңденцияның күшеюі және
фашистік диктатураның күйреуі 22-30
ІІ-тарау. Германиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері
2.1. Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А.Гитлердің үкімет
басына келуі 31-39
2.2. П-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия және фашистік
режимнің күйреуі 40-52
2.3. П-дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт келісімдер 53-61
Қорытынды 62-63
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Дип.-Италиядағы-фашистік-диктатура.doc

— 623.50 Кб (Скачать)

Фашистік  қозғалыстың басшылары фашизмнің  идеологиялық принциптік негізін жүйелеуге тырысты.

1921 жылы қарашада  фашизмді конституциялық партияға  айналдырды. Қайта құрылған фашистік партия негізі ұлттық идея болып табылатын жаңа программамен шықты. Фашистер қазіргі қоғамды, әлеуметтік ұйымдарды тап емес, ұлт билеу керек екендігін дәлелдеді. Бағдарлама: "Ұлт - өзінің кұрамына өткен қазіргі және болашақ ұрпақты біріктіретін ағза болып табылады" деп жазылды. Жеке адамдар өткінші кезең болып есептелді. Осыдан жеке және топтың мүдделері ұлт мүддесін жоғарғы қоюы қажет деген көзқарас туды. Бағдарламада фашизм деген саяси экономикалық, әскери ағза болып табылады делінген.

1921 жылы съезден кей  фашистер өздерінің бағыттары  бойынша белсенді тұрде жүргізе бастады. Саяси күресте фашизм өздеріне қарсылас болып табылатын парламентке және демонстрант мүшеге кедергі келтіруге тырысты. Фашистер халық партиясының оң және сол қанаттарын жауластыруға әрекеттенді. 1922 жылы қаңтарда Пия 11-нің таққа келуімен фашистер Ватикан мемлекетімен жақындасу мүмкіндігі туды. Ағылшын жылнамашысы Гвин: «Жаңа Рим папасы Милан архиепископы кезінде-ақ фашистердің мадағына, сеніміне ие болған адам» деп жазды.

Фашистер әскери облыста  партия құрумен әскери күшті орталықтандыруға қол жеткізді. Жеке әскери отрядтар (скавадрылар) фашистердің милициясына айналды. Оның уставына әскери маман генерал Гандольфо құрды. Сквадрлар партияға бағынышты болды. Осылайша фашистік басшылар маңызды мақсаттарды іске асыру үшін жеке әскери отрядтарын құрды. Муссолини билікті басып алуға тырысты.

Әсіресе фашистік партия кәсіподақтарының қозғалыстарды ұйымдастыруда үлкен жетістікке жетті. Болоньеде 1922 жылы қаңтарда фашистер тұрған кәсіподақтардың съезі болып өтті. Съезде фашистік партияның өкілдері болды. Шешім бойынша фашистер тұрған кәсіподақтар фашистік партияларға бағынышты болуы тиіс болды.

Фашистік  кәсіподақ ең алдымен ұлттық мүддені алға қоюы тиіс болды. Буржуазия мен жұмысшы тап арасында саяси диолог ұйымдастыруды көздеді.

1922 жылдың бастарында фашистер жастар арасында әсіресе, ұсақ буржуазияның оқымыстылардың арасында ықпалын күшейте бастады. Муссолини өз партиясын жастардың партиясы деп мәлімдеді. Муссолини өзінің үндеуінде салтанатты тұрде жастарды ескі партияға қарсы қойды.

1922 жылыдың басында Италиядағы экономикалық дағдарыс өз дегеніне жетті. Осы жылдың январында жұмыссыздардың саны 607 мыңға жетті. Ірі елі монополиялық бірлестік шығынға ұшырады. (Ильва және Янсольдо). Елдің ең ірі банкісі Банно итальяно ди сконто банкротқа ұшырады. Бұл банк пен елдің ірі өндіріс магнаттарына байланыстарына байланысты болатын. Олар үкіметтен банктың шығынын ұлттық бюджет қорынан жабуды сұрады. Бірақ Бономи бұл қадамға бармады, соның нәтижесінде оның алып өндірісшілерінің арасында абыройы жоғалды.

1922 жылы 2 қаңтарда  Бономи үкіметі отставкаға кетті.  Италияның бірігуінен кейін оның жағы биліктегі дағдарысты жуды. 25 ақпанда үкімет басына коалициялық үкімет келді. Оның басында Факт тұрды. Бұл премьерді кейінірек Ромул Августоли деп атап кетті. Бұдан артық абыройсыздық жоқ еді. Ақпанда үкімет дағдарысы кезінде фашистер Бономиде, Римде, Флоренцияда шерулер өткізді. Шерулер «Жасасын диктатура», «Парламент тарасын» деген лозунг астында өтті. Муссолини «Біз диктатураға барамыз ба?» деген тақырыпта мақала жазды. Оның ойы бойынша фашистік демонстрацияның Бономидегі лозунгілері болашақта бүкіл Италияны қамтиды. Фашистер билеуші либералдарға ашық түрде қарсы шыға бастады. Муссолини: «XIX ғасыр,- деп жазды,- «бәрі» деген демократияның ұранымен толды. Енді «азшылық» және «таңдаулылар» деген сөзді айтатын уақыт келді»-деді. Либералдық билеуші таптың саяси үстемдігі, елді билеу мүмкіндігі таусылуы да мүмкін. Енді фашистердің антидемократиялық сипаты айқындала бастады. Италияда демократияға деген немқұрайлы пікір қолайлы болды [14].

Жұмысшы тап фашизммен күресу үшін демократияны емес пролетариаттық бірлікті көздеді. Жұмысшы тап қозғалысында демократияны қорғау және антифашистік құралды табу идеясы болмады. 1922 жылы ақпанда жұмысшы тап қозғалысының антифашистік "Еңбек одағы" атты кәсіподақтық ұйымы құрылды. Оны құруды жалпы еңбек конфедерациясының басшылары және еңбекшілердің автономды, таптық, кәсіподақтық ұйымдары маңызды роль атқарды. Олар бірігуге әрекет жасады. Алайда бұл бірігу фашизммен күресуде әлсіз болды. "Еңбек одағының" басшылығында еңбекшілердің әскери комитеті реформа жасаушылары тұрды. Олар бұл кезде елде қандай да демонстрациялар жасауды дұрыс көрмеді.

Еңбекшілердің кәсіподақтық ұйымдарының антифашистік күресінің әлсіз болуына екі пролетарлық партиялардың бірлігінің болмауы да әсер етті. Социалистік партияның фашистерге қарсы қандай да бір позитивті бағдарламасы болмады. Срциалистік партия фашизмге қарсы қарулы қарсылықтың өріс алуына қарсы шықты. Ал коммунистік партияға келетін болсақ, 1922 жылы наурызда ол тағы да сектанттық жүйесін таңдады. Бұл сектанттық жүйе Римдік тезистің символына айналды. Ол бойынша: "Фашизм мен буржуазиялық демократияның арасында ешқандай да айырмашылық жоқ. Бұның бәрі буржуазия диктатурасының формалары. Партияның тактикасы сыртқы жағдайларға байланысты өзгермеуі тиіс. Тезис Италияда пролетарлық диктатураның орнына Советтік биліктің орнауын шақырды." Жұмысшылардың антифашистік күресі сәтсіздікке ұшырады. Жұмысшы қозғалысының өз ішінде фашизмге қарсы қырқысудың нәтижесінде әлсіреді. Новарадағы, Ломбардиядағы және Рим пролетариаттарының ереуілдері (1922 жылы көктем және жазда) осы халге ұшырады[15].

1922 жылы фашистік  террордың өсуі жаңа үкімет  дағдарысын тудырды. Италияның социалистік партиясында реформистер мен максималистердің арасында келіспеушілік туды. Олар алғаш рет буржуазиямен келісімге келу арқылы фашизмді жоюды мақсат тұтты. Алайда бұл келісімнің негізін қалай жасау керектігін анықтай алмады.Үкіметтегі дағдарысқа ықпал етуге және үкімет құруға тырысқан еңбек одағы жалпы ұлттық ереуіл ұйымдастырды. Ол 1922 жылы 1 тамызда басталды. Еңбекшілер фашистік террорға бейбіт, заңды антифашистік сөздермен шектелуге шақырды. Бүған қарамастан ереуілшілер фашистермен қарулы қақтығыстарға барды. Пармде қантөгіскен күрес болды. Алайда Факттың екінші кабинеті құрылғаннан кейін Еңбек одағы ереуілді тоқтату туралы бұйрық берді. Бұл бұйрық тамыз ереуілін тоқтатты. Бұл кезде пролетариат өзінің әскери мүмкіндігін көрсеткен болатын. Тамыз ереуілінен кейін жұмысшы қозғалысы өзінің дағдарысын басынан кешті. Еңбек одағы тамыздың соңына қарай тарап кетті [16].

1922 жылы қазанның  басында Социалистік партияның  18 съезі шақырылды. Мұнда партияның фашизмге қарсы саясаты жалпы партияның болашақ күрестері бойынша максималистер мен реформистердің арасында қызу пікірталас туды. Көптеген максималистердің өз сөздерінде реформистерді партиядан шығару керек екендігін алға тартты. Реформистерді партиядан шығару туралы резолюция 29119 дауысқа қарсы 32106 дауыспен бірауыздан қабылдады. Социалистік партиядан шыққан реформашылар өз алдарына Унитарлық социалистік партияны құрды. Бұл кезде коммунистік партия фашизмге қарсы тағы да бір әрекет жасап жатты. 1922 жылы 8 қазанда КПИ кәсіподақтың комитеті ВКТ сол қанатын съезге шақырды (Милан). Съездің құрамына максималистер, коммунистер, революциялық синдикалистер кірген комитет құрды. Бірақ енді шет болатын, Италияның жұмысшы таптың ішкі ынтымақтастығының жоқтығы, басшылықтың фашизмге қарсы бірыңғай саяси ұстанымының болмауының нәтижесінде халықты өз жанына жинауға кедергі келтірді. Фашистер өздерін Факттың ықпалсыз үкіметі жанында еркін сезінді. 1922 жылы тамыздағы оқиғадан кейін Италиядағы қос үкімет туралы сыбыстың шығуы негізсіз емес. Факт үкіметінің аңқаусыздығының нәтижесінде фашистер өз биліктерін провинцияларға орната бастады. 16 қазанда фашистердің құпия жиналысында билікті әскер күшімен тартып алу жөнінде шешім қабылдады. 17 қарашада Муссолинидің билік басына әскери төңкеріс арқылы келуге дайын екендігі айқын болды. Оқиға шапшаң дамып жатты. 24 қазанда Неопальде Сан-Карло театрында фашистік съезд шақырылды. Бұл қалаға делегаттардан басқа тұрлі елдердің түкпір-түкпірінен 40 мың фашист келді. Съездің ашылуында сөйлеген Муссолини сөзі үкіметке жарияланған ультиматум болды. "Біз, қазіргі палатаның төрағанын қалаймыз ұлттық және антиүлтшылдық күресті сақтап отырған Шутов нетралитетінен шығуды талап етеміз. Біз сыртқы істер министрлігінің, әскери, теңіз, еңбек, қоғамдық жұмыс министрліктерінің болуын талап етеміз. Бұл талапты ешкімнің де шектен шыққандық деп санамайтындығына сенімдімін".

Сол күні 40 мың  фашист трибунада тұрған Муссолинидің алдынан өтеді. "Мен, салтанатты тұрде мәлімдеймін,-дейді ол,-бізге үкімет билігін береді немесе біз оны өзіміз тартып аламыз. Италияның барлық аумағында бірдей іс-әрекет етіп, билеуші топтың алқымынан алуылыз керек"-дейді. Парадтағы сөзінен кейін Муссолини "Везувий" қонақүйіне барады. Ол жерде Муссолини жақтастары мен елдегі барлық фашистерді мобилизациялау туралы және қазанның 27-28 күндері шабуыл жасау туралы шешім қабылданды. Муссолини Неопальдан Миланға шүғыл тұрде аттанды. Ал жорықта ұйымдастыру жөніндегі фашистік штаб Перуджиге орналасты. Алайда 28 қазанға дейін Муссолини Фактқа өзінің үкіметке қатысты екендігі туралы мәлімдеді. Бұл кезде елдің әр аумағынан Римге жорық басталған болатын. Факт Саландра бастаған солшыл либералистердің ықпалымен отставкаға кетті. Саланда Муссолинимен бірге өз үкіметін құруға үміттенді.

28 қазанда  таңертең Факт корольге барады. Мақсаты корольге отставка жөнінде мәлімдеу, қысып таяң шақтан шығу туралы декретке қол қойдыру болатын. Яғни фашистерге қарсы тойтарыс беру болатын. Бірақ Факт корольдің келісміне мүдделі болмады. Король қысыптаяң шақтан шығу туралы декретке қол қоймады. Факт декретке қол қою туралы корольді онша қыстамаған болу керек. Факт Муссолини фашистердің құрған кабинетінде билік етуден үмітін үзбеді. 28 қазанда таңертең Муссолини өте толқулы болды. Ол корольдің қысылтаяң шақтан шығу декретке қол қоймағанын білмейтін еді. Сондықтан Саландрамен комиралистік келісімге келуге сәл-ақ қалды Ол бойынша Саландра бастаған құрамда фашистер бар үкімет құрмақшы болды. Муссолини жақтастары Бұл комиралистік келісімге келуге жібермеді. Корольдің қысыптаяң шақтан шығу туралы декретке қол қоймағанын естіген Муссолини қайта батылданды. 29 қазан түсте корольдің адъютанты Ген Читтадини Муссолиниге телефон арқылы келуге шақырып жатқанын хабарлады. 30 қазанда 10 сағат 42 минутта Рим вокзалына келіп түседі. Бұл кезде Римге елдің әр аумағынан фашист колонналары келіп кіріп жатты.

Фашистер  еш қарсылық көремегенмен, олар соғыс даласында жүгендей болды. Олардың қарулы отрядтары көшелерде шеп құрып тұрды. Муссолини корольге бармас бұрын әскери фашистік форма: қара көйлек, сүр-жасыл шалбар және крага киді. Өзінің ойынша тарихта қалатын сөзі: "Ұлы мәртебім, мен кешірім сұраймын қара көйлек киіп келгенімен, мен ғана соғыс даласынан келдім. Мен сізге Виторио Венетто уақытындағы Италияны қайтарамын. Сіздің құзырыңыздың адал қызметшісі болып қаламын." Муссолини мен Виктор Эмануэлбдің сағатқа жуық сұхбатынан кейін, "салтанатты көңіл-күйдегі қауым" олардың балконға шығуын сұрады.

Келесі күні 31 қазанда Муссолини бастаған жаңа үкімет құрамын құру міндеті тұрды. Әрі примьер, әрі сыртқы істер министрлігін басқарған Муссолиниден басқа 13 министрдің 3 ғана фашист болды. Сондықтан Халық партиясы өкілдері, армия және флоттың жоғарғы лауазымды азаматтары болды. Үкімет коалициялық болып жаралғанмен, оның мүшелері тұрлі топтар мен партия өкілдерінен шақырылмады. Үш министрлер ірі өндіріс басшыларымен тығыз байланыста болды. Бұл ірі буржуазия тарапынан үкіметке қолдауды күшейтті. Жаңа үкімет құрылғанан кейін өндіріс конференциясы өздерінің жақтас екендігін білдірді.

Бірақ үкімет парламент  тарапынан сенімсіздікке ұшырады. Парламентте фашистер 7% болды. Егер көпшілік жаңа үкіметке қарсы дауыс берсе не болар еді? 1922 жылы 16 қарашада фашистік үкімет құрылғаннан кейінгі парламенттің 1 сессиясы шақырылды. Трибунаға Муссолини жаңа үкіметтің декларациясын оқуға көтерілді. Ол өз сөзінде парламентке бағынбайтындығын білдіреді. Бұл парламенттік сессияда үкіметке қарсы 102 депутат қана дауыс берді, 204 депутат қолдады. Қарсы болғандар: социалистер, коммунистер, республикашылдардың бір бөлігі еді. Жаңа үкімет паралмент қарауымен заңдастырылды. Муссолини Бұл кезде фашизмнің жаңа жеңісіне ие болды. Ол паралмент билігін әлсіретті.

Италия тарихында жаңа этап-фашистік диктатура кезеңі басталды. Алайда төңкерістен кейінгі алғашқы кезеңде билік ескі конституция бойынша жүрді. Муссолинидің өзі Бұл жөнінде: "Мен мемлекеттің өзегіне тиіспеуге әрекеттендім"-деді. Фашистік диктатураның кепілдігі ретінде екі жаңа институт құрылды: Үлкен фашистік кеңес (ҮФК) және ұлттық қауіпсіздіктің ерікті милициясы (ҮҚЕМ). Бұл екі институт мемлекеттегі төңкерістен кейін құрылған болатын.

ҮФК 1922 жылы желтоқсанда  фашистік партияның дирекциясы негізінде құрылды. Муссолини ҮФК төрағасы болып сайланды. Бұл кеңес іс-жүзінде парламентке баратын барлық декреттер мен заң жобаларын алдын-ала талқылады. Өзінің үкіметтегі мүшелері арқылы Бұл кеңес үкіметтегі де бақылап отырды.

ҮҚЕМ құруда Муссолинидің бірнеше мақсаты болды, яғни фашизмнің елде нықтап тамыр жаюына ықпал ету болатын. Көптеген адамдар, тіпті фашистердің өздері жергілікті жердегі фашистік террорды көбейтті. Солардың бірі Туринде 1922 жылы желтоқсанның бір түнінде 15 коммунистер мен социалистерді өлтіру болатын. Бұл қырып жоюдың негізгі сылтауы қалада екі фашистің өлі денесінің табылуы еді. ҮФК және ҮҚЕМ құрылуымен Муссолинидің елдегі саяси ықпалы күшейді.

Әрине бұл демократтар мен либералдардың саяси тобының ішінде наразылықты тудырмады деп айтуға болмайды. Бұл наразылық тек қана Нитти сияқты жеке саяси тұлғалардың фашизммен істес болудан бас тартумен ғана шектеледі.

Осылайша Италия фашистік диктатура орнаған алғашқы мемлекет болды. Өйткені елді басқарып отырған буржуазиялық демократтардың либералдың елді басқару базасы таусылған болатын. Италияда 21 жылға созылған "Қара жиырма жылдың" кезеңі қалыптасты.

Муссолини бірден құқығы шектеусіз диктатура құруға асықпады. О еңбекшілер одағының қарсылығынан қорықты. Алғашқы кабинет құрамына либералдарды, католиктерді кіргізді. Виктор Эмануэльдің ролі онша болмағанмен монархияны сақтады. Фашистік диктатураға келу біртіндеп жүзеге асты. Муссолини "Дуче"-"Көсем" деген атақ алды. Дуче үкіметтің құрамын жаңартып отырған үлкен фашистік кеңесті басқарды.

Информация о работе Италиядағы фашистік диктатура