Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 00:55, реферат
Сотта өз істерін табысты жүргізу үшін заңдарды жақсы біліп және сот өндірісінің формальдылығын жете сезініп түсінумен қатар, өз ойын анық бір-бірімен байланыстыра жеткізе білуі керек. Бірақ кез-келген азамат мұндай білімдер мен қасиеттерге ие емес. Осылардың негізінде қажетті заң көмегін алуда сот істерінде тек қана кеңестер беріп қоймай, сот ісін де өзінің сөзімен, сөйлеу өнерімен алып шығатын адамның қажеттігі туады. Сот ісіне қатысып отырған заң көмегін беруші тараптың әрекетіне қосымша оның атынан іс жүргізу құжаттарын толтырып, сот жарыссөзінде азаматтың құқығымен мүддесін қорғап сөйлеуін құқық қорғау деп атайды.
Кіріспе
Азаматтық істер бойынша соттағы өкілдік
1. Соттағы өкілдіктің түсінігі
2. Соттағы өкілдіктің негізі және түрлері
3. Сотта өкіл бола алатын тұлғалар және сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар
Қорытынды
Кіріспе
Азаматтық істер бойынша соттағы өкілдік
1. Соттағы өкілдіктің түсінігі
2. Соттағы өкілдіктің негізі және түрлері
3. Сотта өкіл бола алатын тұлғалар және сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар
Қорытынды
Кіріспе
Дамудың демократиялық принциптерін қамтамасыз етуде соттағы өкілдіктің, өкілдердің,оның ішінде адвокат-өкілдердің алатын орны ерекше. Ол ең алдымен қоғамның әртүрлі салаларында жиі-жиі кездесіп тұратын заңсыздықтарды болдырмау үшін күреседі. Ал қазіргідей өтпелі кезеңде, орын алып отырған келеңсіздіктермен қатар күні кеше ауылшаруашылығында жүргізілген жекешелендіру барысында туындаған проблемалар және әртүрлі жеке фирмалар мен ЖШС-тер өмір сүріп жатқан қазіргі кезеңде орын алып жатқан заңсыздықтардан аяқ алып жүре алмайсың. Сонымен қоса тергеу, тексеру, жауап алу барысында құқық қорғау орындары тарапынан жіберіліп жатқан заңсыздықтар да аз емес.
Соңғы кездері әлеуметтік көмек мәселесі көп проблемаларды туындатып отыр. Көп жағдайларда әлеуметтік көмекті мүшелерінің заң талаптарын жете білмеуі салдарынан кейбір азаматтарға тиесілі әлеуметтік көмек көрсетілмей келеді. Немесе керісінше, алуға тиісті емес азаматтар көмек алып жатады. Әрине, соңғыларына көп жағдайларда қылмыстық іс қозғалатыны да заңды құбылыс. Бірақ, соған тек әлеуметтік көмек алып жүрген адам ғана кінәлі ме? Міне, осындай кездері адвокат -өкілдердің атқаратын рөлі зор.
Азаматтардың өздерінің сот істерін өздері жеке жүргізуге көптеген жағдайларда мүмкіндіктері бола бермейді. Олар басқа қалада өтетін сот отырысына өздерінің күнделікті шаруасынан қол үзіп барулары керек болады, сондай-ақ ертедегі римдіктердің айтуы бойынша, «өз істерін жеке жүргізу ауруда, жасының келуі де, аяқ астынан жолсапарларда және көптеген басқа себептерде кедергі келтіреді демекші, шын мәнісінде барлық уақытта ойлағанындай, барам деген жеріңе бара алмайсың, айтсам ба деген ойыңды айта алмайсың. Сондықтан кейбір нақты іс-әрекеттерді атқару үшін басқа адамдарға өз атыңнан өкілдік беріп, өз істеріңді атқаруды тапсыру қажеттілігі туындайды яғни соттағы іс-әрекетіңді атқару соттағы өкілдік дегеніміз – бір тараптың яғни өкілдің екінші тараптың, яғни екінші өкілдік берушінің мүддесін қорғап соның атынан іске қатысуы.
Сотта өз істерін табысты жүргізу үшін заңдарды жақсы біліп және сот өндірісінің формальдылығын жете сезініп түсінумен қатар, өз ойын анық бір-бірімен байланыстыра жеткізе білуі керек. Бірақ кез-келген азамат мұндай білімдер мен қасиеттерге ие емес. Осылардың негізінде қажетті заң көмегін алуда сот істерінде тек қана кеңестер беріп қоймай, сот ісін де өзінің сөзімен, сөйлеу өнерімен алып шығатын адамның қажеттігі туады. Сот ісіне қатысып отырған заң көмегін беруші тараптың әрекетіне қосымша оның атынан іс жүргізу құжаттарын толтырып, сот жарыссөзінде азаматтың құқығымен мүддесін қорғап сөйлеуін құқық қорғау деп атайды.
Азаматтық істер бойынша соттағы өкілдік
1. Соттағы өкілдіктің түсінігі
Сотта өз ісін жақсы жүргізу үшін азаматтық заңдар мен іс жүргізу үшін азаматтық заңдар мен іс жүргізу тәртібін жақсы білу керек. Бұл істе әр азаматтың ойын ойдағыдай жеткізуге білуі керек. Бірақ мұндай қасиеттерге барлық азамат бірдей ие емес, сондықтан сот жүргізу ісінде өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін өкіл алуға құқылы.
”Соттағы қылмыстық не азаматтық істі азаматтар мен заңды тұлғалар өз құқықтарын қорғау үшін жеке жүргізсе белгілі бір ыңғайсыздықтар туады”.[1] өйткені оның заңды білмеу салдары не сөйлеу шеберлігінің болмауы өз мүддесін қорғап шығуға кедергі келтіріп, жеңіліске ұшыратуы мүмкін. Соның үшін сот ісін жүргізгенде тараптарға өкіл қажет деп ойлаймын. Соттағы өкілдік дегеніміз бір тараптың, яғни өкілдің екінші тараптың,өкілдік берушінің атынан сот ісіне қатысуын айтамыз.
Соттағы өкілдік сот пен өкіл немесе өкіл мен тараптар арасындағы құқықтық қарым-қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығының дербес институты болып табылады.
Бұл институт екі процессуалды қарым-қатынастарды реттейді.
Олар:
- Сотпен өкіл арасындағы;
- Сотпен тараптар немесе өкіл мен тараптар арасындағы.
Тараптармен өкіл арасындағы қарым-қатынас ғылыми әдебиеттің негізі болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 58-бабына сай азаматтық істерді жүргізу өкіл арқылы рұқсат етіледі. Азаматтар (соның ішінде яғни тараптар) өз ісіне өзі басшылық етсе де немесе өкіл арқылы жүргізсе де болады. Соттағы өкілдіктің өкіл болуының үш себебі бар. олар: төмендегідей:а)тараптардың келісімі болған жағдайда; б) тараптардың заңды көмек алуы қажет болған жағдайда; г) әрекет қабілеті жоқ, әрекет қабілеті шектеулі және жас өспірімдерге өкіл тағайындалады.
Соттағы өкіл өз ісін жақсы атқару үшін, ол азаматтық заңды және өз ойын жете түсіндіре білуі қажет. Соттағы өкілмен қатар құқық қорғаушылық ұғымда бірге қолданылады. Құқық қорғаушылық дегеніміз – іске қатысатын, заңды кеңес беретін, тараптардың құқықтарымен міндеттерін қорғайтын тұлға.
Соттағы өкілмен құқық қорғаушылық арасында қызметіне байланысты айырмашылығы көп.
Соттағы өкілдіктің анықтамасын басында көрсетіп өткенмін, алдыңғы уақыттада сол туралы жазамын, ал құқық қорғаушылыққа келсек оған құзыретті органдар, прокуратура басқа да мемлекеттік органдар және заңды тұлғалар болып табылады.
Енді соттағы өкілдіктің мақсаттарына келсек. Олар:
- сотта тараптарды қорғау;
- сотта тараптардың құқықтарымен бостандықтарын қорғау;
- істің дұрыс шешілуіне жәрдем беру.
Азаматтық іс жүргізудегі өкілдіктен азаматтық құқықтың айырмашылығы:
- өкілмен тарап арасындағы мақсат пен сипатына байланысты;
- өкілдердің құқықтарына байланысты;
- өкілдердің қызметіне байланысты.
”Соттағы өкіл дегеніміз азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының дербес жеке субъектісі болып табылады”.[2]
1. Іске өз атынан емес, ол тараптардың атынан қатысады.
2. Біткен іске заңды қызығушылық танытпайды.
Соттағы өкіл- ол жеке тұлға, заң, жарғы және ережеге сай өз құзыреті шеңберінде тараптардың құқықтарымен міндеттерін қорғау.
өкілдік пайда болу негіздеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: 1) шарттық – сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік акісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше рәсімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам, сотта өкіл бола алады. жалпылай айтқан кезде, өкілдік шарттық, заңдық, жарғылық және қоғамдық өкілдік болып бөлінеді.
Соттағы өкілділік дегеніміз бір тұлға, яғни соттағы өкіл берілген өкілділік шегінде басқа бір тұлғаның атынан процессуалдық әрекеттер жасауы. Осы әрекеттер негізінде өкілдік берушіге белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болған соттағы өкілдік төмендегі міндеттерге ие:
1) Тараптарды тікелей өздері қатысатын процестен босату.
2) Оларға заңи көмек беру.
3) Процеске қатысуға мүкіншілігі жоқ тұлғаларды босатып, олардың құқықтары мен міндеттерін сотта қорғау.
2. Соттағы өкілдіктің негізі және түрлері
Соттағы өкілдіктегі тараптарды сенім беруші және өкіл деп атаймыз.Өкіл іс бойынша тікелей өзіне алдын ала келісілген сый ақыдан басқа пайда көрмейді. Соттағы өкілділік АІЖК 58 бабына сәйкес азаматтар өз істерін сотта тікелей өздері немесе өкілдері арқылы жүргізе алады.[3]
Азаматтың өзінің тікелей қатысуы іс бойынша өкілді қатыстыруда өкілдің қатысу мүмкіндігін айырмашылығы. Азаматтық іс бойынша қатысып отырған әрбір өкіл өздеріне берген өкілеттілік көлемінде ғана әрекет етеді. Белгілі бір ұйымның органы ретінде қатысып отырған басшылары өздерінің қызмет бабын куәландыратын құжаттар тапсыруға құқылы.
Әрекетке қабілеттілігі жоқ тұлғалардың істерін олардың атынан заңды өкілі жүргізеді. Соттағы өкілдіктің мақсаты азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін толық қорғауды қамтамасыз етуді, соның қажеттілігін айқындау болып табылады.
Соттағы өкілдік қатынастарының 2 жолы бар:
1. Соттағы өкіл мен сенім білдірушінің арасындағы қатынас.
2. Соттағы өкіл мен соттың арасындағы қатынас.
Екіншісінде, бұлардың арасындағы қатынастар процессуалдық құқыққа байланысты сонда бекітілген құқықтар мен міндеттердің негізінде жүргізіледі.
Соттағы өкілдік институты іске қатысушы тараптардың 3-ші тұлғалардың және басқа да іске қатысушылардың құқықтары, мүдделерін толық көлемде жүзеге асырып қамтамасыз етеді. Соның ішінде егер де бұл тұлғалар белгілі бір себептермен сотта өз мүдделерін қорғауға мүмкіншілігі болмаса. М: ұзақ іс сапарда болуы, сырқаттануына байланысты соттағы өкілі әрекетке қабілетті тұлға және өкілдік берушінің атынан процессуалдық құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыратын тұлға. Азаматтық құқықтық және процессуалдық өкілдіктер көптеген бірдей белгілерге ие болады. Бірақ олардың арасында мақсатына байланысты өкілдік беруші мен өкілдің арасындағы қатынас сипатына байланысты және сотта өкіл бола алатын тұлғалардың байланысты ажыратуға болады. Азаматтық құқық өкілділіктің мақсаты сенім білдірушінің құқықтары мен міндеттерін пайда болуын, өзгеруін және жойылуын қамтамасыз етеді, ал соттағы өкілдердің мақсаты сотта тікелей қорғау мақсаттарында процессуалдық әрекеттерді жүргізуге, процессуалдық міндеттерді орындауға көмегін тигізу.
Процессуалдық өкілдікте өкіл сенім білдірушінің атына кешенді процессуалдық әрекеттер жасалады.
Бұл әрекеттер сенім білдірушінің атынан жазылған арызын бастап және басқа да процессуалдық құжаттар дайындау мен тікелей сот мәжілісіне қатысуымен сот мәжілісінде пайда болған сұрақтарға жауап берумен және т.б. әрекеттерден тұрады.
Егер де өкілдің тікелей өкілеттігі болмаса берілген өкілеттіктің шегінен шығуға жол берілмейді.
2. Соттағы өкілдік пайда болу негізі бойынша:
1) ерікті;
2) белгілі бір жарғы негізіндегі өкілдік.
1. Ерікті өкілдік – адвокаттың іске қатысуына байланысты бұны шартты өкілдік деп те атаймыз.
Бұл өкілдік бойынша белгілі бір шарт негізінде тараптардың келісімі арқылы іс жүргізу шартты өкілдің негізгі қатысушысы – адвокаттар. Еңбек шартына байланысты тұлғалардың қатысуы осы өкілдің түріне жатады.
2. Заңды өкілдік – АІЖК 63-бабына сәйкес заңды өкілдік әрекетке қабілетсіз тұлғаның құқықтары мен мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары қорғаншылары арқылы жүзеге асырылады. Олар сотқа өздерінің жеке басын куәландыратын немесе әкімшілік акт негізінде қатысады. Сонымен заңды өкілдік дегеніміз заңда тікелей көрсетілген өкілдік болып табылады. Заңды өкілдік азаматтың мүлдем әрекет қабілеттілігі жоқ кезінде немесе әрекеттік қабілетінен айырылған кезде пайда болады. Бұл өкілдіктің негіздері: 1. Ата-аналық қатынастар; 2. Әкімшілік акт, егер де қамқоршы және қорғаншы етіп тағайындалған болса; 3. Асырап алу жөніндегі сот шешімі.
Заңды өкілдер 63 баптың 4-тармағына сәйкес істі жүргізуді басқа өкілге беруге құқылы. М: адвокатқа . заңды өкілдіктің бір түрі ретінде ресми өкілдікті қарастырамыз. 63- баптың 2, 3-тармақтарына сәйкес хабар-ошарсыз кетті деп танылған азаматтың атына оның өкілі ретінде мүлкіне қамқоршы ретінде тағайындалған тұлға қойылады.
63 баптың 3-тармағына сәйкес егер де белгіленген тәртіп бойынша қайтыс болды деп жарияланған тұлғаның немесе қайтыс болса, оның мұрагері қатысу керек іс бойынша мұра әлі қабылданбаған болса сотта өкіл ретінде мүлікті сақтаушы немесе мұраға қалдырылған мүлікке оны басқарып, қорғауға тағайындалған қамқоршы өкіл ретінде қатысады.
3. Жарғы немесе ереже негізіндегі өкілдік жоғары тұрған ұйымның төменгі тұрған ұйымның құқықтары мен мүдделерін қорғап сотқа қатысуы. Қоғамдық ұйымдар жүзеге асыруға тиісті қоғамдық өкілдік 59 бабының 1 нен басқа.
Қолданыстағы азаматтық іс жүргізу құқығы азаматтық істерді сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізіле алады делінген.
Әрекет қабілеттілігі жоқ адамдар өздерінің азаматтық іс жүргізу құқықтарын тек өкілдері арқылы жүргізеді. Заңды тұлғалардың істері сотта олардың органдары мен өкілдері арқылы жүреді.
Өкілдік – азаматтық іс жүргізу құқығының жеке бір институты. Құқықтық қатынастарда өкілдік екі түрге, яғни сыртқы және ішкі өкілдік деп екіге бөлінеді. сыртқы өкілдік өкіл мен соттың қатынастарынан тұрады. Ішкі өкілдік өкіл мен өкілдік берушілердің арасында пайда болады. бірінші сыртқы өкілдік азаматтық іс жүргізу нормаларымен реттеледі де іс жүргізу өкілдігі болады. ол АІЖК-нің бірқатар нормаларында көрсетіледі. Ал ішкі өкілдікте олар іс жүргізу бойынша да, сондай-ақ материалдық-құқықтық шарттар негізінде туындайтын өкілдік яғни тапсырма бойынша өкілдік.
Дегенмен, бұл материалдық-құқықтық элементтер соттағы өкілдікті азаматтық құқықтағы өкілдікпен немесе жалпы азаматтық өкілдіктің түрімен ауыстыруға болмайды.
Азаматтық құқықтағы
өкілдік пен соттағы
3. Сотта өкіл бола алатын тұлғалар және сотта өкіл бола
алмайтын тұлғалар
Азаматтық іс жүргізу бойынша сотта өкіл болу үшін кейбір азаматтарға заң бойынша рұқсат етіліп, кейбір азаматтардың категорияларына шектеу жасалынады. Яғни азаматтық іс жүргізу кодексі бойынша сотта өкіл бола алатын тұлғалар мен өкіл бола алмайтын тұлғалар бапта тікелей көрсетілген.
1. Іс жүргізуде тараптардың құқықтары мен міндеттерін заң жарғы және ережеге сай қорғауы.