Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 00:55, реферат
Сотта өз істерін табысты жүргізу үшін заңдарды жақсы біліп және сот өндірісінің формальдылығын жете сезініп түсінумен қатар, өз ойын анық бір-бірімен байланыстыра жеткізе білуі керек. Бірақ кез-келген азамат мұндай білімдер мен қасиеттерге ие емес. Осылардың негізінде қажетті заң көмегін алуда сот істерінде тек қана кеңестер беріп қоймай, сот ісін де өзінің сөзімен, сөйлеу өнерімен алып шығатын адамның қажеттігі туады. Сот ісіне қатысып отырған заң көмегін беруші тараптың әрекетіне қосымша оның атынан іс жүргізу құжаттарын толтырып, сот жарыссөзінде азаматтың құқығымен мүддесін қорғап сөйлеуін құқық қорғау деп атайды.
Кіріспе
Азаматтық істер бойынша соттағы өкілдік
1. Соттағы өкілдіктің түсінігі
2. Соттағы өкілдіктің негізі және түрлері
3. Сотта өкіл бола алатын тұлғалар және сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар
Қорытынды
2. Сот ісі жүріп жатқан кезде ол өз құқықтарымен міндеттерін емес, ол тараптардың құқықтары мен міндеттерін қорғауы тиіс.
3. Іс жүріп жатқанда ол тараптардың атынан сөз сөйлейді.
4. Процессуалды іс біткен соң өкілдің тараптарға деген құқықтары мен міндеттері бітеді. Соттағы өкілдікте материалды-құқықтық салдар өріс алмайды. Өкілге соттағы шығындарды жүктемейді.
Соттағы өкіл кез келген жеке және заңды тұлға бола алады. Сотта өкіл болып мыналар танылады:
1. Қорғаушы (адвокат);
2. Заңды тұлғалардың қызметкерлері;
3. Кәсіптік одақтардың уәкілетті адамдары;
4. Ұйымдардың уәкілетті адамдары;
5. Басқа адамдардың құқықтары мен міндеттерін қорғайтын ұйымдардың уәкілетті адамдары;
6. Басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі;
7. Сот рұқсат еткен басқа да тұлғалар.
Бір жағынан заң ауқымды өкілдердің қатысуын қарастырғанмен, олар істе жеңіп шығу-шықпауына кепілдік бере алмайды. өйткені бұл жерде өкіл болып отырғандардың бәрі заңгер мамандар емес. Заң азаматтардың өздерінің өкілін сәтсіз таңдауынан сақтандыра алмайды.
Сотта кез келген азаматты өкіл етіп өкілдігін ресімдеп іске қатыстыра беру практикасы 1992 жылы шыққан. Арбитраждық іс жүргізу кодексінде шықты.
Азаматтардың мүддесін дұрыс түсініп, сотта нақты заңды көмек бере отырып міндетті түрде кепілдік беретін азаматтарды қатыстыру үшін заңда күрделі істер бойынша тек маман-кәсіби адвокаттарды қатыстыру сотпен не соттың белгілі бір сатыларында және белгілі бір істер бойынша қамтамасыз етілуі керек.
Шынында ол үшін іске тек адвокаттық монополия беру үшін адвокатура туралы заңдарға өзгерістер толықтырулар енгізу керек.
Азаматтық іс жүргізу заңы сотта өкіл болу үшін кейбір азаматтардың категорияларына шектеу жасайды. Олар:
1) судьялар, тергеушілер, прокурорлар мен өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары немесе заңды өкілдері ретінде қатысқан жағдайынан басқа сотта өкіл бола алмайды.
2) Адвокатура туралы заңдармен белгіленген ережелерді бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар сотта өкіл бола алмайды.
3) Адам, егер мүдделері өзі өкіл болып отырған адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә, немесе айғақшы ретінде қатысса, сондай-ақ егер ол істі қарауға қатысушы лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса өкіл бола алмайды.
4) кәмелетке толмаған және қамқоршылық не қорғаншылық органында тұрса.
Азаматтық іс жүргізу құқығында өкіл бола алмайтын тұлғаларды кәмелет жасқа толмаған тұлғалар деп жалпы көрсетіледі. АІЖ құқығының 60-бабына сәйкес сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар: 1) судья; 2) тергеушілер; 3) прокурор және өкілді органдар депутаттары. Бірақ олар тиісті органдардың өкілі ретінде және заңды өкіл болған реттерде қатыса береді.
60 баптың 2-тармағына сәйкес адвокатура туралы заңдылықты бұзған адвокаттар сотта өкіл болмайды, заңды өкілін басқа осы баптың 3 тармағына сәйкес бір іс бойынша мүдделі қарсы тұлғаларға бұрын немесе осы уақытта өкіл ретіндде көмек көрсетіп жүрген болса немесе осы іс бойынша бұрын судья, прокурор, сарапшы т.б. ретінде іске қатысса, және лауазымды тұлғалармен туыстық қатынаста болса тұлға өкіл бола алмайды.
1. Тапсырма бойынша өкілдік ететін адам адвокат болып табылады. Ал екінші адам заңды тұлғалардың қызметкерлері. ‡шінші заңды кәсіподақтардың уәкілетті адамдардың құжаттары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіподақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың қызметкерлері сондай-ақ басқа да адамдарды істері бойынша қатысады.
Төртінші заңдармен жарғымен немесе ережелермен осы ұйым мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген. Бесінші ұйымдардың өкілетті адамдардың іске қатысушылардың өтінішімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады. Сотта мына адамдар өкіл бола алмайтындар судья, прокурор тергеуші және өкілді органдардың депуттатары сотта өкіл бола алмайды.
Адвокатура туралы заңды ережелерді бұза отырып заң көмегін көрсету туралы заңды ережелерді бұза отырып заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар сотта өкіл бола аламайды. 3-ші адам, егер мүдделері өзін өкіл болып отырған адамдардың мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе судья, прокурор, сарапшы, аудармашы, куә немесе айғақшы ретінде қатысса, сондай-ақ егер ол істі қарауға қатысушы лауазымды адалмен туысының, қатынастарда болса өкіл бола алмайды.
Қорытынды
Қазақстан өзінің егемендігін жариялаумен байланысты сот органдарының әрекеттеріне әлеуметтік – экономикалық саяси , құқықтық шеңберінде өте қатаң өзгеріске ұшыратты. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасында жаңа түрдегі соттағы өкілдік жүйесін қалыптастырудың мықты мүмкіншілігі пайда болды, яғни судьялар толық көлемде нақты тәуелсіз және мемелекеттік биліктің әлеуметтік бетке тұтарлық тармағы , басқа кез келген құқықтық мемлекетке байланысты.
Мемлекеттің қадамы
сот органдарының қалыптасу
Сот билігінің әлеуметтік тағайындалуы- азаматтардың және мекемелердің құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудан , республикалардың, халықаралық шарттардың нормативтік құқытық актілер мен заңдардың Қазақстан Республикасының Коституциясының орындалуын қамтамасыз етуден құралады.
Осылармен бірге қазіргі таңда соттардың әрекеттері Астана қаласында 06.06.2001 жылы өткізілген Сот әділдігі – бұл әділеттілік тақырыбындағы Қазақстан Республикасының Соттарынң үшінші сьезінде мемлекет басшысы Назарбаевтың қатысуымен өткізілген негіздерде туындаған өзекті мәселелер көп . Шындығында бұл ерекше мынаны сызып көрсетті .