Меншік құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 11:24, курсовая работа

Краткое описание

Сондықтан меншік құқығын қорғау мәселесін толық көлемде зерттеу үшін оның басқа құқық салаларымен қалай реттелетінін анықтауымыз керек. ҚР-дағы меншікті қорғаудың азаматтық- құқықтық тәсілдері азаматтық құқықтағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Азаматтық құқық меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдерін зерттейтін ғылым.

Оглавление

Кіріспе.........................................................................................................2
І. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР......................5

1.1 Меншік құқығының жалпы анықтамасы, түсінігі, ұғымы
және мазмұны...................................................................................5
1.2 Меншік құқығының нысандары мен түрлері.................................8
1.3 Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу
негіздері............................................................................................10
ІІ. АЗАМАТТАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ.........................................20

2.1 Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері..............20
2.2 Азаматтардың меншік құқығының субъектілері.........................21
2.3 Азаматтардың меншік құқығының объектілері...........................23
2.4 Азаматтардың меншік құқығының мазмұны мен жүзеге
асырылуы.........................................................................................26
Қорытынды................................................................................................29
Пайдаланған әдебиеттер...........................................................................32

Файлы: 1 файл

Меншік құқығы.doc

— 193.50 Кб (Скачать)

                                          Мазмұны

 

 

Кіріспе.........................................................................................................2

 

 І. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР......................5

  

   1.1 Меншік құқығының жалпы анықтамасы, түсінігі, ұғымы

          және мазмұны...................................................................................5

   1.2 Меншік құқығының нысандары мен түрлері.................................8

   1.3 Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу

         негіздері............................................................................................10

 

 ІІ. АЗАМАТТАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ.........................................20

  

   2.1 Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері..............20

    2.2 Азаматтардың меншік құқығының субъектілері.........................21

    2.3 Азаматтардың меншік құқығының объектілері...........................23

    2.4 Азаматтардың меншік құқығының мазмұны мен жүзеге

          асырылуы.........................................................................................26

 

Қорытынды................................................................................................29

 

Пайдаланған әдебиеттер...........................................................................32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   

                                                   Кіріспе

  Меншік құқығын  қорғау барлық құқық салаларымен  жүзеге асырылады. Мысалы конституциялық құқық меншік құқығын қорғаудың жалпы қағидаларын бекітеді, әкімшілік құқықпен қылмыстық құқық біреудің мүлкін заңсыз иеленушіге жауаптылық бегілейді. Іс жүргізушілік құқық нақты бір материалдық құқық нормасын қолдану тәртібін анықтайды. Отбасылық құқығы ерлі-зайыптылар мен балалардың меншік қатынастары мен оларды қорғау мәселелерін реттейді.Ал еңбек құқығы жұмыс берушінің мүлкіне зиян келтірген жұмысшыға материалдық жауапкершілік жүктеу нормасының мазмұнын құрайды. Сол сияқты басқа да құқық салалары немесе институттарда меншік құқығын қорғауды жүзеге асырады.  

     Сондықтан  меншік құқығын қорғау  мәселесін  толық көлемде зерттеу үшін  оның басқа құқық салаларымен  қалай реттелетінін анықтауымыз  керек. ҚР-дағы меншікті қорғаудың  азаматтық-  құқықтық тәсілдері азаматтық құқықтағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Азаматтық құқық меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдерін зерттейтін ғылым.

   Азаматтық   құқықты зерттеушілердің байқауы  бойынша меншікті иеленуді жоғарғы математика ретінде бағалауға болады деп санайды. Себебі бұл салада жұмыстарды атқару үшін жоғарғы деңгейдегі теориялық дискуссиялау қасиетіне ие болу қажет. 

   Кеңес  дәуірінің аздаған цивилистері  ғана меншікті иелену мәселесіне  тоқталған. Ал қазіргі кезде Қазақстан Республикасы аусағында осы мәселе бойынша тек бірнеше жұмыстар жарияланған.  Бұл еңбектер профессор М. Сүлейменов пен заң ғылымының кандидаты С. Скрябинге тиесілі. Азаматтық құқық меншік құқығын қорғаудың құқықтық нормаларының жүйесінде ерекше орын алады. Бұл азаматтық пәнімен байланысты. Азаматтық кодекстің 1-  бабына сәйкес, азаматтық заңдар мен тауар ақша және өзге де мүліктік қатынастар және мүлікке қатысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді. «Меншік ерекше қоғамдық, яғни ерікті қатынастары болып азаматтық құқықтың пәні табылады. 

        Азаматтық  –құқықтық қорғаудың көздейтін мақсаты меншік  иесінің заңсыз айырылған мүлкін өзіне қайтару немесе өзінің затын пайдаланудағы кедергілерді жою болып табылады.

     Меншікті  азаматтық- құқықтық қорғау ғылымда кең және тар көлемде түсіну қарастырылған. Меншікті  азаматтық- құқықтық қорғаудың кең көлемі қоғамның экономикалық қатынастарын кедергісіз дамуын және жақсы қамтамасыз етілуіне бағытталған азаматтық құқық нормаларымен көзделегн барлық әдіс  –  тәсілдердің жиынтығы. Меншікті  азаматтық-  құқықтық қорғаудың тар көлемі деп бұзылған заңды мүдделерді қорғау және де меншік құқығын тану немесе қалпына келтіруге бағытталған  әдіс  –  тәсілдер мен заңда көрсетілген шаралардың жиынтығын айтамыз.

     Меншік  құқығының бұзылу сипаты мен  мазмұнына байланысты меншік  иесінің мүдделерін заңды жолмен  қамтамасыз ету үшін азаматтық  құқықта әр түрлі  әдіс  –   тәсілдер қолданылады. Әдебиеттерде  осы әдіс- тәсілдерді квалификациялау  мәселесіне әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Мысала А. Сергеевтің пікірінше азаматтық құқықта меншікті қорғаудың 4 әдісі бар. Олар:

     - заттық-құқықтық  әдіс;

     - міндеттемелік  -құқықтық әдіс;

     -  заттық  -құқыққа да, міндеттемелік құқыққа да жатпайтын, бірақ азаматтық құқықтың әр түрлі институттарынан тарайтын меншік құқығын қорғаудың әдісінің бір түрі;

   -  заңда көрсетілген  негіздер бойынша меншік құқығы  тоқтатылған жағдайда меншік  иесінің мүдделерін қорғауға  бағытталған меншік құқығын қорғаудың  бір әдісі. 

        Енді осыларға қысқаша тоқталып кетейік. меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық әдісі белгілі бір міндеттемеге байланысты емес және меншік иесінің өзінің меншігін иелену, пайдалану, билік ету немесе осы өкілеттіктерді жүзеге асыруға кедергі келтіретін мән-жайларды жоюға бағытталған белгілермен сипатталады. Соған сәйкес заттық-құқықтық әдістерге мынадай талап-арыздар жатады: 1) меншік иесінің мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап етуі; 2) меншік құқығын тану туралы талап-арыз;   Нақты субъективтік құқық сияқты меншік құқығы тек осы аталған талап-арыздардың көмегімен қорғалады. О.Иоффе меншік құқығын заттық-құқықтық әдіс арқылы қорғау шарттарына мыналарды көрсетеді:біріншіден субъективтік азаматтық құқық емес, нақты меншік құқығы бұзылуы қажет. Егер меншікті құқығы емес басқа да субъективтік азаматтық құқықтар бұзылса, мұндай жағдайда бұзылған құқықты қорғауға қатысты азаматтық-  құқықтық институттар қолданылуға жатады. Екіншіден жасалынған құқық бұзушылық меншіктің құқықтық қатынастарының тоқтатылуна алып келуі керек.Егер құқық бұзушылық меншік құқығының қатынастарынын тоқтатылуына алып келсе, меншік иесі өз мүдделерін меншік құқығы туралы нормалармен қорғай алмайды.  

         Меншік құқығын қорғаудың екінші  тобын міндеттемелік  –   құқықтық әдістер құрайды. Бұл топқа мынадай талап-арыздардың түрлері жатады:

    1) шартты  орындамау немесе тиісті дәрежеде  орындамау салдарынан келген  зиянды өтеу туралы;

    2) деликтік  міндеттеме шегінде зиянның орнын  толтыру туралы;

    3) аренда, сақтау шарттарының мерзімінің бітуіне орай мүлікті қайтару туралы талап;

    4) негізсіз  баю салдарынан туындайтын міндеттемелерге  қатысты мүлікі қайтару туралы  талап және т.б. талап-арыздар  жатады.

      Сонымен міндеттемелік  –   құқықтық талаптар меншік құқығын  тікелей қорғауға бағытталмағанмен, меншік құқығын қорғау әдістерінің сипатына ие болып, меншік иесінің мүдделерін қорғауда кеңінен қолданылады.[1]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    І. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

                1.1 Меншік құқығының жалпы анықтамасы, түсінігі,

                                        ұғымы  және мазмұны

      Меншік құқығы азаматтық құқықтағы ең күрделі институттардың бірі.

     АК-тің  188-бабына сәйкес меншік құқығы  дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

     Осындай  үстемдікке қол жеткізу арқылы  меншік иесі заттың табиғат  берген қасиеттерінің бәрін пайдаланып, оны өзгертуге, өңцеуге, билік етуге, тіпті бөтен біреуге беруге, егер заң талаптары және заңмен қорғалатың басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделері бұзылмаса меншігіндегі затты жойып жіберуіне де толық құқығы бар. Затқа заң арқылы үстемдікті тану заң құжаттарында көрсетілген шекте жүзеге асады, өйткені затқа үстемдікті шектеу меншік иесінің еркіндігіне белгілі бір дәрежеде ыкпал тигізеді, демек, затка меншік иесіиің билігі шексп болуы мүмкін емес. Сондықтан да АК-тін. 188-бабындағы меншік құқытын шектеу мұндай құқықтын. шексіз еместігін көрсетеді, сол себепті де тұлғаның оз иелігіндегі затты иелену, пайдалану және билік ету құқығы заң арқылы айқындалады.

     Меншік  кандай да бір затты иеленуге  байланысты қатынас. Иеленуге  байланысты құқық нормаларымен  реттелген қатынас меншік құқығы болып табылады. Меншік қатынасындағы субъектінін иелену, пайдалану және билік ету құқықтары мынандай ерекшеліктермен сипатталады:

    1) бұл құқыктар  заң актілері арқылы танылуы  тиіс;

    2) заң актілері  бұл құқықтарды қорғауы тиіс;

    3) меншік иесінің мүліктік құқықтарын өз қалауы бойынша жүзеге асыру мүмкіндігі;

    4) меншік иесінің  өз мүліктік құқықтарын сол  өзіне тиесілі мүлкіне байланысты  жүзеге асыруы.

       Меншік  құкығының мазмұнын - меншік иесне  тиесілі иелену, пайдалану және  билік ету тәрізді өкілеттіктер (элементтер) құрайды. Бұл өкілеттіктердің әрқайсысы меншік құқығының қажетті элементтері болып табылады. Меншік иесі аталғандардың қай-қайсысын да үшінші бір түлгаға бере алады, тіпті үш өкілеттіктің бәрін де беріп, өзі меншік иесі болып қала алады.

       Иелену  құқығы мүлікті нақты иелену  мүмкіндігін заң жағынан толықтай  қамтамасыз етуді жүзеге асырады.  Ол меншік иесіне затқа іс  жүзінде үстемдік етуге мүмкіндік  беріп, затты пайдалану үшін  маңызды алғышарт жасайды.

Заң иеленуді заңды. заңсыз, адал нистті және арам ниетті деп бөледі. Егер мүлікті иелену заңды негізде жасалса, онда ол заңды иелену болып табылады.     

      Яғни құкық  негізінде мепшік құқығы жүзеге  асырылуы тиіс. Затты заңсыз иелену  егер оны зорлықпен немесе  заңнан жасырын жасалса, немесе заңсыз иеленуші затты кездейсоқ иеленіп, оны қайтару жөніндегі талапты орындамаса, бұл да заң бұзу болып есептеледі. Егер -затты иеленуші иеленген затының заңсыз екендігін білсе, білуге тиісті болса, онда ол арам ниетті иеленуші болады.

     Пайдалану құқығы дегеніміз дегеніміз мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін.

     Меншік  иесі ө:зінің пайдаланудың өкілеттік құқығын қалай жүзеге асыруды өзі шешеді. Бірақ, ол заңдарға қайшы келмеуі тиіс, ягни меншікті пайдалану қоғамдық игілікке қарсы келмеуі керек. Демек, қогамдық маңызы бар объектіні пайдаланғанда меншік иесі тек өзінің ғана емес, коғамның да мүддесін ойлануына тура келеді. Меншік иесі басқа тұлғаға өзінің пайдалану құқығын беруіне құкылы.

      Билік ету құқығы дегеніміз  мүліктің заң жүзіндегі тағдырын  белгілеудің заңмен қамтамасыз  етілуі (АК-тің 188-бабы, 2-тар).

       Билік етудің өкілеттігі меншік  құқығының объектілеріне қатысты заңды мәмілелер жасауға өкілетті. Мысалы, меншік иесі өзінің меншік құқығын өзгеге беріп, кепілдік құқыык жасап, жалға беруді жүзеге асырса, онда ол билік құқыығын жүзеге асырғаны болып табылады. Билік ету құкығы арқылы мәмілелер жасалған кезде меншік иесінің құқығы өзгеге толықтай не жекелеген түрде өтеді- билік еіудің өкілеттігін жүзеге асырудың маңызды түрі меншік иесінің мүлікті өз иелігінен шығарып, баска адамдарға беруі болып табылады.

      Билікті қалай жүзеге асыруды  меншік тиесілі тұлға өзі шешеді. Бірақ бұл жағдайда заң бұзылмауы тиіс. Заңдык негіздерге байланысты меншік иесінің билік ету құкығы алынуы не тоқтатылуы мүмкін. Белгілі бір жағдайларда билік ету құқығы тек тиісті тұлғаның (мемлекеттік органның) келісімімен жүзеге асады.

Меншік құқығы мемлекет таныган шектерде ғана жүзеге асырылады. Яғни, меншік құқығының шексіздігі заңдармен кейбір жағдайларда шектелуі мүмкін. Меншік құкығын шектеу мүліктің ерекше құқықтық режиміне байланысты болады. Мәселен, азаматтық құқықтың кейбір объектілерінің азаматтық айналымы шектелуі немесе айналымнан алыньш тасталуы мүмкін.

      Меншік иесінің еркіндігін шектеу  меншік иесінің өз өкілеттілігін  жүзеге асыруы басқа тұлғалар  мен мемлекеттің құқықтарын және  заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс міндеттен туындайды. Демек, меншік иесінің өз өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс. Құқықтар мен заңды мүдделерді бұзушылық басқа нысандармен қатар, меншік иесінің өзінің монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрінуі мүмкін. Бұл жағдайлар бәсекелестікті реттейтін заңдармен белгіленеді.

      Меншік иесі өз құқығын жүзеге  асырған кезде азаматтардың денсаулығы  мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптпрга жол бермеу шараларын колдануга міндетті. Бұл шаралар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарда караетырылады.

     Меншік құкығының мерзімі шексіз болады. Мүлікке меншік құкығы азаматтык кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.[2]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     1.2 Меншік құқығының нысандары мен түрлері

 

     Қазақстан  Республикасының Конституциясының 6-бабының бірінші тармағында  мемлекеттік меншік пен жеке  меншік танылатындығы және бірдей қоргалатындығы айтылған. Азаматтық кодекс меншіктің екі нысанын - жеке (АК-тің 191-бабы) және мемлекеттік (АК-тің 192-бабы) деп бөліп карастырады.

     Меншік  субъектісі мемлекет болса, онда  ол мемлекеттІк меншік, ал субъект  мемлекеттік емес заңды тұлға немесе азаматтар болса ол онда жеке меншік болып табылады.

      Меншіктің субъектілері мемлекет, әкімшілік- аумақтық бөліністер, заңды тұлғалар мен азаматтар  бола алады. Мемлекеттік меншіктің  өзі республикалық және коммуналдық  болып екіге бөлінеді (АК-тің 192-бабы)

Информация о работе Меншік құқығы