Меншік құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 11:24, курсовая работа

Краткое описание

Сондықтан меншік құқығын қорғау мәселесін толық көлемде зерттеу үшін оның басқа құқық салаларымен қалай реттелетінін анықтауымыз керек. ҚР-дағы меншікті қорғаудың азаматтық- құқықтық тәсілдері азаматтық құқықтағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Азаматтық құқық меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдерін зерттейтін ғылым.

Оглавление

Кіріспе.........................................................................................................2
І. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР......................5

1.1 Меншік құқығының жалпы анықтамасы, түсінігі, ұғымы
және мазмұны...................................................................................5
1.2 Меншік құқығының нысандары мен түрлері.................................8
1.3 Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу
негіздері............................................................................................10
ІІ. АЗАМАТТАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ.........................................20

2.1 Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері..............20
2.2 Азаматтардың меншік құқығының субъектілері.........................21
2.3 Азаматтардың меншік құқығының объектілері...........................23
2.4 Азаматтардың меншік құқығының мазмұны мен жүзеге
асырылуы.........................................................................................26
Қорытынды................................................................................................29
Пайдаланған әдебиеттер...........................................................................32

Файлы: 1 файл

Меншік құқығы.doc

— 193.50 Кб (Скачать)

     Азаматтардың  меншік құқығының пайда болу  жағдайына байланысты иеленудің  — жеке және ұжымдык түрлері  болады. Ал оның жеке түрі екі  жолмен жүзеге асады: а) пайда түсіруді көздемей, дене және рухани қажеттілікті қанағаттандыру үшін болатын экономикалық қызметтіқ меншік түрі: ә) пайда түсіруге бағытталған жеке меншік.

    Жеке  кәсіпкерлік — азаматтардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытгалған ынталы кызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкерлердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады (АК-тің 10-бабы).

    Кәсіпкерлік  қызметін ұйымдастыру түріне  орай жеке кәсіпкерлік занды тұлға құрылуымен (АК-тің 14-бабы), сондай-ақ занды тұлға белгілерінің болмауына байланысты занды тұлғаны құрмай-ақ жүзеге асады (АК-тің 19-бабы және Қазақстан Республикасьшьщ "Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңының 1-ба- бы).

Азаматтардың  жеке меншігіндегі мүліктерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, біріктіруге болады. Онда мүлік бір мезгілде бірнеше адамның иелігінде болып, олардың әркайсысының үлесі айқындалады не айқындалмай-ақ бола береді, оны былайша айтқанда, үлестік меншік және бірлескен меншік деп те атайды.

Азаматтардың  меншігі экономикалық категория  ретінде жеке меншіктенудің барлық түрлерін қамтңды. Азаматтық құқық  азаматтық мүлікке меншік қатыстылығын, оны иеленуін, пайдалануын, және билік  етуін реттейді және бұл мүлікті  қорғауды жүзеге асырады. Осындай меншік қатынастарын реттейтін нормаларының жүйеге келтіретін жиынтығы азаматтардың меншік құқығын құрайды, бұл обьективтік мағынадагы меншік құқығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті тұлгалық мағынада азамат құқығының заң нормалары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иеленуі, пайдалануы және билік етуі.[3]

 

 

 

 

 

 

                 2.2 Азаматтардың меншік құқығының субъектілері

 

   Меншік  құқығының субъектісі жеке тұлға  болып табылады. Бірақ, ол жалданған жұмысшы, жеке кәсіпкер, заңды түлғаның кәсіпкер-құрылтайшысы қатысушы түрінде, яғни әрқилы рөлдерде көріне береді. Азамат өзінің үлесін қосу арқылы мемлекеттік емес занды тұлғаны қалыптастырады. Азаматтар ғана толык серіктестіктің қатысушылары және сенім серіктестігіндегі толық серіктер бола алады (АК-тің 58-бабы, 3-тармағы). Азамат меншік иесі ретінде көбіне көп жеке кәсіпкердің рөліңде болады.

   Заң жеке  кәсіпкерлікті жеке және бірлескен  кәсіпкерлікке бөледі. Жеке кәсіпкерлік  бір адамның меншік иелігіндегі мүліктің дербес базасына енгізіледі, сондай-ақ ол оған заң бойынша пайдалануға, билік етуге құрылы.

   Бірлескен  көсіпкерлік бір топ адамның  ортақ меншігіндегі мүліктерден  құралады, демек өрқайсысы өзінің  үлесін ортаға салады, сондай-ақ  олар сол мүлікті бірлесіп пайдалану, билік ету құқыктарына ие болады.

  Бірлескен  кәсіпкерлік жалпы бірлескен  меншік (жұбайлардың бірлескен жалпы  меншігі), шаруа қожалықтарының ортақ  меншігі, жекешеленген тұрғын  үйге деген немесе оның ортақ  меншігіндегі үлесті меншігі иегізіңде жүзеге асырылады.

   Бірлескен  кәсіпкерліктің нысандары мынадай  болады: 1) ерлі-зайыптылардың бірлескен  ортақ меншігін жүзеге асыратын  ерлі-зайьптылар кәсіпкерлігі; 2) шаруашылық  қожалығы немесе бірлесіп тұрғын  үйді жекешелендіру негіздерінде ж үзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік; 3) жай серіктестік, бұл орайда көсіпкерлік қызмет меншіктің ортақ үлесіне сәйкес жүзеге асырылады.

   "Жеке  кәсіпкерлік туралы" заңның 9- 10-баптарына  сәйкес, егер азамат өз мүлкін  айналымға салатын болса, онда  меншік иесі ретінде жеке кәсіпкердің меншігі екі жағдайда болуы мүмкін: а) кәсіпті тіркеуді талап етуді; ә) кәсіппен тіркеусіз шұғылдана беру. Заң азамат-кәсіпкердің тіркеуге байланыстьг қызметін нақты айқындайды. Жалдамалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты пайдаланатын көсіпкерлер, кәсіпкерлік қызметтен түсетін жыддық жиынтық табысы Қазақстан Республикасының заң актілерінде көрсетілген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыс мөлшерінен асатын жеке кәсіпкерлер міндетгі түрде мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Осы аталған жеке кәсіпкерлер тіркеуден өтпесе, оның қызметіне тыйым салынады.

   Занды  тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік кызметті  жүзеге асырушы азаматтар мемлекетгік  тіркеуден өзі барып өтуі тиіс  жоне жеке кәсіпкер ретінде  ол тұрғылықты жері бойынша  аумақтық салық органында есепке тұруы қажет. Азаматтық кодекстің 19-бабы бойьшша олардың мемлекеттік тіркеуді өз бетімен жасауына рұқсат етілмейді ("Жеке кәсіпкерлік туралы" заңның 9-бабы).   

   Мемлекеттік  тіркеу туралы куәлік беру  қәсіпкерлік қызметті занды тұлға  құрмай-ақ жүзеге асыратын азаматты жекелеу тәсілі б олып табылады. Егер жеке кәсіпкер лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге асырса, оның осындай қызметті жүзеге асыруғақұқық беретін лицензиясының болуы міндетті. Лицензия "Лицензиялау туралы" заңда белгіленген тәртіппен беріледі.

   Жеке  кәсіпкер жалдамалы еңбекті пайдаланып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге  асыруға құқылы, ол бұл ретте  өзінің жұмысшыларымен еңбек  шартын немесе жалға беру шартын  жасайды. Бұл орайда қолданылып  жүрген зандарға сәйкес азаматқа  оның еңбегі арқылы түскен табыстың бір бөлігі тиесілі болады. Азамат меншік иесінің келісімімен өзі жадцанып істейтін серіктестікке салым сала алады, сөйтіп, бұл серіктестіктің тапқан табысын салған салымының көлеміне орай алады. Еңбек шарты бойынша жалданған жұмыскерге еңбек заңының нормалары қодданылады.

   "Жеке  кәсіпкерлік туралы" заңның 9-бабы 3-тармағына сәйкес азамат өзінің  кәсібін мемлекеотік тіркеусіз  жүзеге асыра алады, яғни кәсіпкерлік  қызметпен айналысуы үшін субъект  құқығын алу талап етілмейді.  Заңда көрсетілгеніндей, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болмауы кәсіпкерлік қызметгі жүзеге асыру үшін кедергі болыптабылмайды. Сөйтіп, кез келген жеке түлға заңмен тыйым салынбайтын жағдайда кәсіпкерлікпен шұғылдануға құқылы. Өз қызметін мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асырушы жеке кәсіпкердің езі мәмілелер жасасқан жағдайда өзінің кәсіпкер еместігіне сілтеме жасауға құқығы жоқ ("Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңның 9-бабы 4-тармағы).

    Заң жеке кәсіпкердің өз атынан кәсіпкерлік қызметпен айналысатындығын, құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асыратындығын бекітеді. Сейтіп, азамат өзінің кәсіпкерлік қызметіне байпанысты мәмілелер жасаған кезде, егер мәміле жасау жағдайыньщ өзінен аньпс туындамаса, езінін жеке кәсіпкер ретінде әрекет жасайтындығьщ көрсетуі тиіс. Мұндай керсетудің болмауы жеке кәсіпкерді тәуекел етуден және жеке кәсіпкердің өз міңдеттемелері бойынша жауаптылығынан босатпайды ("Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңның 25-бабы).[3]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 2.3 Азаматтардың меншік құқығының объектілері

 

    1.Қазақстан Республикасының Конституциясында "Казақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде үстай алады", — деп көрсетілген (26-баптың 1-тармағы).

Азаматтық кодекстің 191-бабы 2-тармағына сәйкес азаматтарға немесе занды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік жеке меншікте болуы мүмкін. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді.

   Азаматтық  құқытардың объектілері Азаматтық  кодекстің 3-тарауында ретгелген. Азаматтардың меншік құқығын шектеу тек заңмен жүзеге асырылады, оған мыналар катысты: а) азаматтардың меншік құқығына алуға немесе пайдалануға жарайтын мүліктердің аясын шектеу; ә) осы мүліктің саны мен құнынын белгілері бойынша шектеу; б) мұндай шектеу әдетте жер учаскесінің аумағын белгілегенде қолданылады; в) арнайы заң құжаттарында көрсетілген шектеулер. Мәселен, берілуге рұқсат етілмейтін теңіз порттары мен айлақтар және т.б. айтуға болады. Бір ескеретін жағдай, кез келген мүлік азаматтардың меншік құқығының объектісі бола алады, біз олардын мейлінше маңызды деп аталатындарына ғана тоқталмақшымыз.

     2."Жер  туралы" заңның 2-бабына сәйкес  жер құқық объектісі болып  табылады, яғни жерге жеке меншік  азаматтардың меншігі түрінде  болады ("Жер туралы" занның 15-бабы 2-тармағы). Сонымен, жер азаматгық айналымға енеді екен, сондықтан да жер қатынасы мүліктік қатынасқа жатады. Мысалы, Заңның 33-бабына сәйкес жер учаскесінің меншік иелері жердің бүлінуіне байланысты жұмыстар жүргізу кезінде топырақгың құнарлы қабатьщ алуға, пайдалануға және сақтауға бағытталған шаралар жүргізуге міндетті. Демек, топырактың құнарлы қабаты бөлек алынған кезде дербес құңдылыққа ие болады екен. Бұл арада топырақтың мұндай құнарлы бөлігі өз мағынасынан гөрі материалдық ерекшеліктерге ие болады, өйткені, ол пайдалану кезінде минералдық тыңайтқыштармен тыңайтылып, өнімділігін арттырады, яғни ол меншік құқығының дербес объектісі ретінде көрінеді.

    "Жер  туралы" заңның 18-бабына сәйкес  азаматтардың жеке меншігінде  өзінің мақсатына сәйкес үйлер мен ғимараттарды қамтуға арналған жерлерді қоса алғанда, құрылыс салуға берілген немесе өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын-жайлар, үйлер, ғимараттар және олардың кешендері сальшған жер учаскелері бола алады.

   Жеке  меншікке берілетін жер учаскелерінің көлемі Казақстан Республикасының       "Жер туралы" заңынын 35-бабымен реттеледі. Осы бапта азаматтардың меншігіне ақысыз берілетін жер учаскесінің көлемі анықталған: ауылдық жерде жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін — суарылмайтын жер 0,25 га, суармалы жер — 0,15 га; тұрғын үй құрылысын салу және қамтамасыз ету үшін — 0,10 га; бау-бақша және саяжай үшін — 0,12 га. Жер учаскелерінің ең көп берілетін келемі жергілікті атқару органдары арқылы жергілікті жағдайды ескере отырып жүзеге асырылады.

     Жеке  меншікке берілетін жер учаскесінің  көлемі, егер заңмен тыйым салынбайтындай  болса, онда қала салу мен  жобалау техникалық құжаттарға  сәйкес жер бөлу жөніндегі  тәртіппен айқындалады. Бұл орайда  азаматтарға берілетін жер учаскесі, оның ішіңде шетел азаматтары да бар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылы 8 мамырда қабылданған "Жеке меншікке берілетін немесе мемлекеттік павдалануына берілетін жерге ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы'" қаулысына сәйкес ақылы жүзеге асырылады. Қорғаныс, ерекше күзетілетін табиғат аумақтарының орман және су учаскелері, елді мекеңдер жерлеріндегі жалпы пайдаланудағы жерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы жерлер, жеке қосалқы қожалық, бау-бақша және саяжай құрылысынан басқасы, жеке меншікте бола алмайды (Заңның 18-бабы, 2-тармағы).

   3. Азаматтардың  меншік объектісінің маңызды  түрінің бірі тұрғын-жай болып  табылады. "Тұрғын үй қатынастары  туралы" Заңға сәйкес азамат, егер  заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы аумағының  қай жерінде тұратындығына қарамастан, жеке меншігіне заңды түрде тұрғын үй сатып ала алады. Бұл орайда бір азаматтың меншігіндегі тұрғын үйлердің саны мен көлеміне шек қойылмайды.

     Тұрғын үй немесе оның бір белігіне меншік құқығы мынадай негіздер бойынша пайда болады: 1) үйдің бір бөлігін салу; 2) сатып алу — сату, айырбастау, сыйға тарту, өмір бойы күтіп ұстау, шартымен алып қою мемілелері мен заңдарға қайшы келмейтін басқа да азаматтық-құқыктық мәмілелер жасасу; 3) тұрғын үйді мұраға немесе қүқықгың әмбебап түрде ауысуы ретімен алу; 4) жалға алушының мемлекеттік тұрғын үй қорыньң үйінде әлі езі тұратын тұрғын үйді немесе тұрғын үй-жайды жекешелендіру (сатып алу немесе тегін алу) жолымен меншігіне алуы; 5) тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативі мүшесінін түрғын үй-жай үшін пай жарнасының бүкіл сомасын төлеуі; 6) шарттық міндеттеме, соньщ ішінде азаматтың үй салуға өз қаражатымен немесе еңбегіне қатысуы туральг шарт негізіндетүрғын үй-жайды меншікке беру; 7) занды тұлғалардың мемлекеттік емес меншік нысанына негізделген тұрғын үйщі сату не тегін беру жолымен өз қызметкерлерінің немесе өзге азаматшң меншігіне беруі; 8) мемлекеттік немесе занды тұлғаның мемлекеттік меншік нысанына негізделген түрғын үйді заңда белгіленген шарттармен өз қызметкерінің не өзге адамның меншігіне беруі; 9) жеке меншікте болған тұрғын үйдің бұзылуы немесе күштеп алынуы саддарынан тұрғын үйден айрылуының өтемі ретінде тұрғын үй беру; 10) Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған басқа да негіздер бойьшша ("Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 12-бабы).

       Қазіргі кезде бағалы қағаздар  азаматтық кұқықтардың объектілері  ретінде       кеңінен  танымал. Олар азаматтардың меншік  құқықтарының объектілері болып  есептеледі (АК-тің 129-140-баптары). Азаматтардың  меншік құқығының бұл объектісінің ерекшеліктері арнайы заң актілерінде көрсетілген.[3]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       2.4 Азаматтардың меншік құқығының мазмұны мен жүзеге  асырылуы

 

   1. Азаматгардың  меншік құқығы дегеніміз, оны  өзіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету өкілеттігі болып табылады. Азамат ез қалауынша өз мүлкіне қатысты кез келген қатынасты жасай алады (АК-тің 188-бабы). Сонымен заң меншік иесінің өз өкілетгігін жүзеге асырудың жалпы бағыттыға айқындап береді. Жеке кәсіпкер, егер занда өзгеше көзделмесе, кәсіпкерлік қызметгің кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы ("Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 13-бабы). Жеке кәсіпкерлік азаматтың өзінің иелігіне жататын меншік және басқа құқықтар негізінде жүзеге асады, сол құқықтар арқылы өлгі мүліктерді иеленіп, пайдаланып, оған билік етеді.

Азаматтар заңға  сәйкес өзінің қарамағындағы ғимаратты, құрылысты, мекен-жайды, сондай-ақ көп  пәтерлі үйдегі пәтерін кәсіпкерлік  қызмет мақсатында жалға беруге құқылы.

   Кәсіпкерлік  істің бір бөлігі, не ол тұтастай сатып алу — сату, кепілдік, жалға беру және баска келісімдер объектісі бола алады, мұның өзі оның кұкықтарының бекітілуі, әзгеруі және тоқтатылуына байланысты келеді.

Өзіндік кәсіпкерлікті  бір азамат меншік кұқығы бойынша  өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқықка байланысты дербес жүргізе алады. Егер занда өзгеше көзделмесе, жеке кәсіпкер сатуға арналған тауарларын кез келген жерде, кез келген әдіспен сата алады.

   Азамат, кооператив мүшесі кооперативтен шығатын жағдайда өзінің жарнасын қайтаруды және басқа төлемдерді төлеуін талап етуге құқылы ("Өндірістік кооперативтер туралы" Жарлықтың 13-бабы). Кооператив мүшесіне жарнаны немесе басқа да мүлікті беру жылдың аяғында, бухгалтерлік есеп-қисап қорытындысымен жүзеге асады. Кететін кооператив мүшесінің келісімі бойьшша оған төленетін төлем затгай берілуі де мүмкін.

   Жердің  меншік иесі азамат меншік  құқығына тән үш құқықты: еркін  иелену, пайдалану жөне билік  ету құқықтарын еншілейді. "Жер туралы" Заңда бұл өкілетгіліктер нақтыланған. Заңның 19-бабына сәйкес жер учаскесінің меншік иесі заң актілерінде өзгеше кәзделмесе, жер учаскесін мемлекеттік органдардың қандай да болсын рұқсатын алмай-ақ, ез қалауы бойынша иелену, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асырады. Азамат — меншік иесі өзінің жер учаскесімен заң актілерінде тыйым сальшбаған кез келген мәмілелерді жасауға, атап айтқанда, жер учаскесін уағдаластық баға бойынша сатуға, шаруашылық серіктестігінің жарғылық қорына жарна ретінде енгізуге, кепілдікке беруге, сыйлауға және мүра етіп қацдыруға құқылы. Жер учаскесіне меншік құқығы басқа адамға мәміле жасаған сәттегі барлық ауыртпалықтармен қоса беріледі. Азамат, жер учаскесінің меншік иесі жер учаскесін уақытша пайдалану туралы шарттьщ негізінде жер учаскесін уақытша пайдалануға беруге құқылы.

Информация о работе Меншік құқығы