Меншік құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 11:24, курсовая работа

Краткое описание

Сондықтан меншік құқығын қорғау мәселесін толық көлемде зерттеу үшін оның басқа құқық салаларымен қалай реттелетінін анықтауымыз керек. ҚР-дағы меншікті қорғаудың азаматтық- құқықтық тәсілдері азаматтық құқықтағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Азаматтық құқық меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдерін зерттейтін ғылым.

Оглавление

Кіріспе.........................................................................................................2
І. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР......................5

1.1 Меншік құқығының жалпы анықтамасы, түсінігі, ұғымы
және мазмұны...................................................................................5
1.2 Меншік құқығының нысандары мен түрлері.................................8
1.3 Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу
негіздері............................................................................................10
ІІ. АЗАМАТТАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ.........................................20

2.1 Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері..............20
2.2 Азаматтардың меншік құқығының субъектілері.........................21
2.3 Азаматтардың меншік құқығының объектілері...........................23
2.4 Азаматтардың меншік құқығының мазмұны мен жүзеге
асырылуы.........................................................................................26
Қорытынды................................................................................................29
Пайдаланған әдебиеттер...........................................................................32

Файлы: 1 файл

Меншік құқығы.doc

— 193.50 Кб (Скачать)

     Мемлекет  өкілеттігін жүзеге асыра отырып, қарауындағы мүліктерді өзінің  органдары мен мемлекеттік заңды  тұлғалары арқылы басқарады. Қазақстан  Республикасының азаматтык заңдарымен  реггелетін қатынастарға осы  қатынастардың өзге катысушыларымен тең негіздерде қатысады.

    Қазақстан  Республикасының мемлекеттік өкімет  билігі мен басқа органдары  өздерінің осы органдардың мәртебесін  айқындайтын заң құжаттарыпда  ережслерде және өзге де құжаттарда  белгіленетін құзыреті шстінде  Қазақстан Реслубликасының атынан өз өрекеттері арқылы мүліктік және мүліктік емес құкықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзете асырады.

    Мемлекеттік  емес -заңды тұлғалар мен азаматтар  өздеріне қарасты барлық мүліктің  меншік иесі болып, табылады. Меншік  иесінің құкығын жүзеге асыру, яғни оның иелік етуі, пайдалану және билік етуі мүліктің мүддесі мен мақсатына орай заңға сәйкес шектелуі мүмкін. Мысалы Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынасы туралы" заңы бойынша меншік иесінін үй-жайды, ортақ мүлікке қауіп төндіретін немесе оны нашарлататын жұмыстар жүргізуімен байланысты өзгертуіне, соның ішінде қайта жоспарлауына және кайта жабдықтауына тыйым салынады.

   Жеке  менншіктің ерекше түріне кондоминиум  меншігі де жатады.   

   Кондоминиум  - үй-жай жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттің бөлек (жеке-дара) менншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортак үлесті меншік құкығымен тиесілі болатын жағдайда бірыңғай мүліктік кещен ретіндегі жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны. Яғни, үй-жайлардың екі және одан да көп меншік иелеріне тиесілі тұрғын үйлерде меншіктің ерекше нысаны - кондоминиум құрылады. Бұл жерде үй-жайға тұргын жайдағы жеке ішкі кеңістік жатады.

    Үй-жай  меншік иелерінің әрқайсысы өзіне  бөлек (жеке-дара) меншік құқығы  бойынша тиесілі үй-жайды өз  қалауы бойынша иеленуте, пайдалануга, және оған билік етуге құқылы.

    Үйдін  бөлек (өзіндік) меншікке жатпайтын  бөліктері (кіреберіс, баспалдақтар, лифтілер, төбелер, шатырлар, нодвалдар  пәтерден тыс не үйге ортақ  инжснерлік жүйелер мен жаодықтар,  жер учаскісі, оның ішінде коріктендіру элементтері жоне ортақтасып пайдаланылатып Пасқа да мүліктер) үй-жай меншік иелеріне ортак меншік құқығы бойынша тиесілі болады. Сонымен қатар тұрғын үй іргесіндегі жер учаскесі де үй- жай менішк иелеріне жерді ортақтасып пайдалану құқығы бойынша тиесілі болуы мүмкін.

    Үй-жайдың  әрбір меншік иесінің ортақ  мүліктегі (ортақ меншіктегі) үлесі  оған тиесілі үй-жайга бөлек  (өзіндік) меншіктен бөлінбейді. Үлестің мөлшері, егер меншік  иелерінің келісімінде өзгеше  көзделмесе, бөлек (өзіндік) меншіктегі тұрғын үй-жайлардың немесе тұргын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының бүкіл үйдің жалпы алаңына қатынасымен анықталады. Мұндай үлесті заттай бөліп беруге болмайды.

   Азаматтық Кодекстің 209-бабына сәйкес екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады.[2]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      1.3Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу негіздері

   

   Меншік құкығын азаматтық құқықтың субъектілері әртүрлі негіздерде ала алады. Азаматтық кодекстің 235-бабы меншік құқығына ие болуына әдейі арналған. Бірақ та заң меншік құқығын алудың негіздерінің түпкілікті дәрежеде тізімін жасады деуге болмайды. Азамапық кодекстің 235-бабында «тәсіл» ұғымы қодцанылмайды (бір нәрсені жүзеге асыру кезіндегі әрекеттер немесе әрекеттер жүйесі). Меншік құқығы оның пайда бодуымен заңды байданыстыратын заңдық фактілер негізінде алынуы мүмкін. Мұндай заңдық фактілер негізделуімен көрінеді (АК-тің 7-бабы).

  Меншік құқығың алуда  бастапқы және туынды негіздерін  шектеу өлшеміне бір жағдайда еркіндік өлшемі, ал келесі бір жағдайда құқық қабылдаушылық сай келеді, онын соңғысына ерекше баға беріледі.

   Бастапқысына жататын  талап деп мынаны айтамыз: зат  бұрын болмады және меншік  құқығы оған бірінші рет тағылды  немесе зат бұрын болса, меншік құқығы оған бұрынғы меншік иесінің құқығынан тәуелсіз жүзеге асады. Сондықтан да Азаматтық кодекстің бастапқы негіздеріне мыналар қатысты: жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының пайда болуы (236-бап, 1-тармақ); өңдеу (237-бап); иелену мерзімі (240-бап); олжа (245-бап); қараусыз жануарлар (246-бап); меншік иесінен алынған мүлікті иелену (248-бап); көмбе (247-бап).

     Туынды негіздер  меншік иесі құқығын алуда  бұрынғы меншік иесінің құқығына  тәуелді болуымен сипатталады.  Жаңа меншік иесі пайда болуына байланысты одан бұрынғысының құқығы бір мезгілде тоқтатылады. Алдымен меншік құқығына ие болу негіздерінің жалпы сипатгамасына тоқталайық.

    Меншік құқығының  туынды негіздерінің пайда болуы  шартқа (сатып алу-сату, заем, несие  және т.б), сондай-ақ мұрагерлікке (заң мен өсиет бойынша) байланысты, ол заңды тұлғаларды қайта құрған кездегі құқықты мирасқорлық тәртібімен жүзеге асады. Туынды негіздерге сонымен қатар мүлікті тәркілеу (АК-тің 249-бабы 4-тармақшасы), жекешелендіру (АК-тің 249-бабы 3-тармағы), реквизациялау (АК-тің 249-бабы 3-тармағы), жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру (АК-тің 249-бабы 5-тармақшасы), күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер (АК-тің 249-бабы 6-тармақшасы) қатысты және занда көзделген басқа жағдайлар да оған жатады.

     Жаңа меншік  иесіне тек затгың ғана меншік  құқығы емес, осы затқа байланысты  құқыктар мен міндетгердің барлығы  ауысады. Мәселен, үй сатып  алған адамға сол үймен байланысты  жасалған жалдау немесе кепіл шарттары көшеді. Тағы бір мысал: мұраны қабылдап алған мұрагер мұра қалдырушының борыштарына өзіне ауысқан мұралық мүліктің нақты құны шектерінде жауап береді. Сондықтан да меншік құқығына ие болудың туынды негізіне әрқашанда мирасқорлық қасиет тән. Меншік құқығына ие болуға байланысты жаңа меншік иесі бұрьгағы меншік иесі еншілеген барлық өкілеттікті түгелдей өзіне алады деуге болмайды. Мәселен, бұл жаңа меншік иесіне қандай мүліктің ауысуына және оның иесі кім екендігіне (мем- лекет, заңды тұлға немесе жеке тұлға), жаңа иеленушінің меншік құқығы қандай болатындығына (мемлекеттік немесе жеке меншік) байланысты.

     Енді меншік  құқығының бастапқы негіздеріне  токталайық. Азаматтық кодекстің  235-бабының 1-тармағы меншік құқығын  алудың бастапқы негіздерінің біріне дайындалған немесе жасалған затқа құқықты жаткызады. 

     Меншік құқығы  бұрын болмаған затқа да пайда  болады. Егер занда өзгеше көзделмесе, затты дайындапне оны жасаған  адам соның меншік иесі атанады.  Жаңадан дайындалып, жасалған заттар қозғалатын не козғалмайтын болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 236-бабына сәйкес салынып жатқан үйлерге, құрылыстарға, өзге де мүлік кешендеріне, сондай-ақ өзге де жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы осы мүлікті жасау аяқталған кезден бастап пайда болады. Егер заң қүжаттарында немесе шартта кұрылысы аяқталған объектілерді қабылдап алу көзделген болса, онда тиісті мүліқті жасау осылайша қабылдап алынған кезден бастап аяқталған болып есептеледі. Қозғалмайтын мүлік мемлекеттік тіркелуге тиіс реттерде, оған меншік құқығы осылайша тіркелген кезден бастап пайда болады.

     Қозғалмайтын  мүлікті жасау аяқталғанға дейін,  ал тиісті жағдайларда — оны  мемлекетгік тіркеуден откізгенге  дейін мүлікке қозғалмайтын мүлік  жасалатын материалдар мен басқа мүлікке меншік құқығы туралы ережелер қолданылады.

      Заң бастапқы  негіздерге мүлікті пайдалану  нәтижесінде алынған жемістерді, өнімді, табысты жатқызады (АК-тің  235-бабы 1-тармағы). Зат күйіндегі  жеміс дегеніміз өздігінен өсіп-өнген  органикалық дүние, ол затқа айналып, өзінен табыс түсіреді. Жемістер табиғи болуы мүмкін (ол табиғат не адам күшімен өңдіріледі), соңдай-ақ оны тазатабиғи әнеркәсіп өнімі деп бөледі (бұйым, енімжәнет.б.) немесе табыстар көзі болып табылады (мысалы, жалға ақы төлеу немесе пайыздар (және т.б.). Зат табиғи жемістер мен енім және табыс түріндегі жемістердің аражігін ашып көрсетеді, бұл АК-тің 193-бабын- да қарастырылған: мүліктерді пайдалану нәтижесінде алынған түсімдер (жемістер, өнімдер, табыстар), егер зандарда немесе бұл мүлікті пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлікті занды негізде пайдаланушы адамға тиесілі болады.

     Меншік құқығын  алудың бастапқы негізіне өңдеу  де жатады (бір түлға материалды  өндеп, одан екінші бір зат  жасайды). Сонда әлгі өнімге құқық алатын оны жасаған адам ба, әлде материалдың меншік иесі ме? Азаматтық кодекстің 237-бабына сәйкес шартта өзгеше көзделмегендіктен, адам өзіне тиесілі емес материалдарды өндеу арқылы дайындаған жаңа қозғалатың затқа меншік құқығын материалдардың меншік иесі алады. Алайда, егер өндеу құны материалдардың құнынан едәуір асып кетсе, жаңа затқа меншік құқығын адал жұмыс істеп, өндеуді өзі үшін жүзеге асырған адам алады. Бұл екі жағдайда да өңдеушіге жасаған жұмысының құнын төлеу немесе меншік иесіне материалдың құнын әтеу мәселесі туыңдайды. Бұл сұрақтың шешімі мынадай: өз материалдарынан дайындалған затқа меншік құқығын алған материалдардың меншік иесі ол затты өңдеуді жүзеге асырған адамға оның кұнын өтеуге, ал ол адам жақа затқа меншік құқығын алған ретте соқғысы материалдардың меншік иесіне олардың құнын қайтаруға міндетті.

      Өндеуді  жүзеге асырған адамның, ықьшассыз  әрекеттерінің нәтижесінде материалынан  айрылған меншік иесі жаңа  затты өз меншігіне беруді  және өзіне келтірілген заладдардың  орнын толтыруды талап етуге құқылы (АК-тің 237-бабының 2,3 тармақтары).

    Меншік құқығының  пайда болуының бастапқы негіздеріне  өнімді жинауға, балық, аң аулауға  арналған көпшілік қолды затгарды  меншікке айналдыру да жатады. Зандармен жергілікті әдет-ғұрыпқа  немесе меншік иесі берген жалпы рұқсатқа сәйкес ормаңдарда, бөгендерде немесе басқа аумақта жидек теруге, балық аулауға, аң аулауға, басқа нәрселерді жинауға немесе аулауға жол берілген ретте, тиісті заттарға меншік құқығын оларды жинауды және аулауды жүзеге асырған адам алады (АК-тің 241-бабы). Мысалы, осы нормаға сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өз әрекеттері кезіңде белгіленген ережені сақтау талап етіледі (аң аулау, балық аулау және т.б.). Мүндай ережені бұзған тұлға тиісті жауапкершілікке тартыладь.

     Меншік құқығын алудың бастапқы негіздеріне Азаматтық кодекс тұңғыш рет иелену мерзімін де енгізді. Бұл негізді қолдану жөнінде жоғарына иелену мерзіміне орай айтып кеткен болатынбыз (АК-тің 240-6абы). Кеңес үкіметінің азаматтық кодексінде тек талап мерзімі ғана болғанды. Бірақ иелену мерзімі институты мүддем енбеген еді. Қазақстан Республикасы заңына иелену мерзімі тұңғыш рет енгізіліп отыр. Иелену мерзімі деп қозғалатын мүлікке азамат немесе занды тұлғаның адал, ашық және ұдайы иеленген құқығын айтамыз. Ал оның мерзімі — 15 жыл, ал қозғалмалы мүлікке — 5 жыл. Қозғалмайтын немесе басқа да мүліктерге меншік құқығы бұл мүлікті иелену көнелігіне сәйкес алған түлғада тіркеу кезінен бастап пайда болады.

       Иелену мерзімі бойынша меншік  кұқығын алудың қажетті жағдайы мынадай болады: иелену, яғни "тура өзінің мүлкіндей көру", ададдық, ашық, үздіксіз болуы және мерзім. "Тура өзінің мүлкіңдей көру" теңеуі тек мүлікті ұстау ғана емес, оны заңға сәйкес иелену болып табылады.Мысалы, мемлекеттік меншіктегі жерді пайдалану оны өз меншігіне алу дегенді білдірмейді. Бұл орайда ол оны мейлі ұзақ уақыт пайдалана берсін, бәрібір осы талап сақталады. Яғни, мемлекеттік жер пайдалануға берілген екен, оны иеленуші өзіне меншіктемей, басқаның мүлкі деп есептеуі тиіс.

     Иелену мерзімінің қажетгі шартгы оны адалдыкпен иелену, яғни мүлікй иеленуші өз иелігінің зандық негізін естен шығармайды. Иелену мерзімінің тағы бір маңызды шарты ашық және үздіксіз пайдалану болып табылады. Ашық дегенді иелену ешқаңдай бүкпесіз, әділ жүзеге асыру деп түсіну керек, сондықтан да ол басқа тұлғалар тарапынан не заңдық, не әлдекімнің қолдан жасалған кедергілеріне ұшырамайды. Міне, сол себеіпі де АК-тің 240-бабьшьщ 4-тармағыңда тұлғада болып, оның иеленуіне орай талап етілуі мүмкін мүліктер жөніндегі иелену көнелігінің өтуі тиісті талаптар бойынша талап қою мерзімі бітуінен ерте басталмайды делінеді.

    Үздіксіз  пайдалану иелену мерзімінің  шарты ретінде иелену мерзімнің  уақыты бітпейінше мүлікті басқа  біреуге бермеуді білдіреді. Демек  мұндай құқық іс жүзінде де, заң жүзінде де тоқтаіылмауы керек.

Иелену мерзімі  меншік қүқығына айналуы үшін қозғалмайтын мүліктер үшін — 15 жыл, ал қозғалатынына  — 5 жыл мерзім керек. Иелену мерзіміне  жүгінетін азамат немесе заңды түлға  өздері құқықты мирасқорлары болып табылатын тұлғаның осы затқа иелік еткен уақытының бәрін өз иелігіне қосып алуына болады. Мысалы, мұрагерлер мүлікке заң және өсиет арқылы ие болып, оған иелік етуді жалғастырады.

Иелену мерзіміне  виндикациялық талаптан туындайтын (өзгенің заңсыз иеленген өз мүлкін)талап ету талап кою мерзіміне байланысты мерзім енбейді (АК-тің 260-263,265-бап- тары).

    Заң  мүлікке меншік құкығын алғанға  дейін оларды өз мүлкіндей  иеленуші азамат немесе заңды  түлға өз иелігін мүліктің  меншік иелері болып табылмайтын,  сондай-ақ заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негіздерге сөйкес оларды иеленуге құқығы жоқ үшінші жактардан қорғауға құқылы екеңдігін бекітеді (АК-тің 240-бабы).

     Егер  тұлғаға сотга оның меншік  құқығын танудан бас тартылған  ретге мүлікті иеленуші түлға меншік иесіне айналады (АК-тің 240-бабы, 5-тармағы).

  Азаматтық кодексте несіз заттарга меншік құқығын алу тәртібі мен негізі көрсетілген. Меншік иесі жоқнемесе меншік қүқығынан бас тартылған зат иесіз болып есептеледі.

Информация о работе Меншік құқығы