Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 20:18, реферат
Бизнес-инкубатор
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы кезеңінде өндірістік үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингілік және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдану үшін құрылатын заңды тұлға.
Дара кәсіпкерлік
жеке тұлғалардың кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызмет.
Глоссарий
Кәсіпкерлік құқық
Бизнес-инкубатор
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы кезеңінде өндірістік үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингілік және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдану үшін құрылатын заңды тұлға.
Дара кәсіпкерлік
жеке тұлғалардың кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызмет.
Жек кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар.
Жеке кәсіпкерлік
жеке кәсіпкерлік
Индустриялық аймақ
коммуникациялармен қамтамасыз етілген, мемлекет жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақсан Республикасының өзге де заңдарына белгіленген тәртіппен беретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер
Жеке кәсіпкерлік
кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге белгіленген өлшемдерге жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестігінің сәйкестігін тиісті мемлекеттік органдардың тануы.
Жеке кәсіпкерліктің инфроқұрылымы
өз ісін ұйымдастыруға жәрдемдесуді, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етуді, коммерциялық негізде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдауды қоса алғанда, жеке кәсіпкерліктің жұмыс істеуі мен дамуының жалпы шарттарын қамтамасыз ететің, құрылатын немесе жұмыс істеп тұрған ұйымдар кешені.
Келушілер мен тексерушілерді есепке алу кітабы
мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тексеру жүргізу фактісі туралы лауазымның тегін және тексеру нысанасын көрсете отырып, міндетті түрде белгі қою үшін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган белгілеген
Коммерциялық құпия
жеке кәсіпкерлік субъектісі айқындайтын және қорғайтын, заңды негізде еркін қол жеткізуге адамдардың шектеулі тобы ие болатын, жариялану, алынуы, пайдаланылуы оның мүддесіне залал келтіру мүмкін ақпарат.
Жек кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі
жеке кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган
жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, орталық мемлекетті және жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдану жөніндегі жұмысын үйлестіру бойынша мемлекеттік саясатты жүргізуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес
жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын
нормативтік құқық актілер
Мемлекеттік бақылау
жеке кәсіпкерлік
Шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары
оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етуді, консультациялық және маркетингтік қызметтер көрсетуді, шағын кәсіперлік субъектілерінің жобаларына құқықтық, экономикалық және технологиялық сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
Ерікті зейнетақы жараналарының саламшысы
Ерiктi зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзiнiң жеке қаражаты есебiнен алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жараналарының саламшысы
Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарыны
Ерікті зейнетақы жараналары
Ерiктi зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңдарында және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгiленетiн тәртiппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жараналары
Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн кәсiптер тiзбесi бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгiленген тәртiппен салымшылардың өз бастамасымен қызметкерлердiң пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жараналары ның ставкасы
Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда белгiленген төлемнiң мөлшерi;
Ең төменгi зейнетақы
тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген зейнетақы төлемдерiнiң ең төменгi мөлшерi.
Еншілес ұйым
Еншiлес ұйым - өзiне қатысты басқа заңды тұлға бақылау жасайтын заңды тұлға.
Есептік мөлшерлеме
Пайыздық мөлшерлеме, осы мөлшерлеме бойынша елдің орталық банкі коммерциялық банктерге несие береді. Орталық банктің есептік мөлшерлемесі неғұрлым жоғары болған сайын коммерциялық банктер де соңынан клиенттерге өздері беретін несие үшін солғұрлым жоғары пайыз алады және керісінше. (Сондай-ақ нарықтық есептік мөлшерлеме, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, нарықтық пайыздық мөлшерлеме, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің пайыздық мөлшерлемесі деген айқындамалар қолданылады).
Еурооблигация
Еурооблигация (ағыл. тілінде - Eurobond) - басқа елдің заңына сәйкес шығарылған, шетелдік валютада номиналданған облигация. Оның кеңінен тараған түрі АҚШ-тан тыс АҚШ доллар бойынша, мәселен, Ұлыбритания заңына сәйкес шығарылатын еурооблигациялар. Еурооблигациялар бойынша есептесуді жүргізу кезінде екі депозитарлық-клирингтік жүйе бар - Euroclear және Clearstream.
Жабық Үлеспұлдық Инвестициялық Қор
Үлескерге үлеспұлдарды иеленушілердің жалпы жиналысына қатысуға және дивидендтер алуға мүмкіндік береді; жабық үлеспұлдық инвестициялық қорлардың активтері қаржылық құралдардан тұрады, олар бір эмитенттің активтерінің және (немесе) басқа мүлкінің 20%-ынан аспайды - АҚ болып табылмайтын заңды тұлғалардың Жарғылық капиталдарындағы үлестер, жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар, жылжымайтын мүліктің салынып немесе қалпына келтіріліп жатқан нысандары, жобалау-сметалық құжаттама, жер пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқығы, бірақ 30%-дан аспайтын бөлігі ғана басқа мүлікке инвестициялана алады; жабық үлеспұлдық инвестициялық қордың үлеспұлдарды иеленушілерінің жалпы жиналысы қордың нысанын ашық немесе аралық үлеспұлдық инвестициялық қор етіп өзгерту туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) (gross domestic product (GDP))
Басты экономикалық көрсеткіштердің бірі. «Жалпы» деген сөз бұл көрсеткіштің негізгі капиталдың есептелген тозуының (capital consumption) құны шегерілгенге дейін есептелетінін көрсетеді; «ішкі» сөзі елдің ішіндегі экономикалық қызметпен кімнің айналысатынына қарамастан, бүкіл қызметтің бағалатынын баса көрсетеді. Осылайша, бұл көрсеткіште аталған елдің аумағында шетелдік компаниялар жүргізетін шаруашылық операциялар есепке алынады, бірақ резиденттерге тиесілі фирмалардың шетелдік қызметі есепке алынбайды. «Өнім» сөзі бұл көрсеткіште резиденттер тұтынған өнімнің емес, елдегі іс жүзінде өндірілген өнімнің құны есепке алынатынын білдіреді. ЖІӨ ағымдық бағаларда да, сондай-ақ базалық бағаларда да өлшенеді.
Жарияланған акциялар
Акционерлік қоғамның жарғысымен көзделген,
шығарылымын Қазақстан Республи
Жеке дара инвестор
Әдетте өзінің меншікті қаражатын инвестициялайтын тұлға, және де бұл орайда оның институционалдық инвестор деген мәртебесі жоқ.
Жеке тұлға
Азаматтық заңнамада заңды тұлғадан, яғни ұйымнан, кәсіпорыннан, мекемеден өзгеше, азаматтық құқық субъектісі ретіндегі жеке азамат. Берілген мемлекеттің азаматтарымен қатар, осы мемлекетте тұратын шетелдік азаматтар да, сондай-ақ белгілі бір азаматтығы жоқ тұлғалар (апатридтер) да жеке тұлғалар болып табылады. Жеке тұлғалар құқық қабілетін және әрекет қабілетін иеленеді.
Жеке шот
Жеке шот - қаржы құралдары және эмиссиялық бағалы қағаздар құқығын тіркеу және мәмілені тіркеу үшін тіркелген тұлғаны теңдестіруге рұқсат беретін бағалы қағаздар ұстанушыларының реестрлер жүйесінде немесе номиналдық ұстанушының тіркеу жүйесінде болатын жазбалар жиынтығы.
Жеке зейнетақы шоты
Жеке зейнетақы шоты - салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның мiндеттi не ерiктi зейнетақы жарналары немесе ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары, инвестициялық кiрiсi, өсiмпұл және өзге де түсiмдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдерi төленедi.
Жинақталған пайызы бар облигация
Өскен пайыздардың барлық төленбеген сомаларын қамтитын баға бойынша сатылатын облигация. Пайыздары төленбеген немесе борыштың сомасы өтелмеген облигациялардың саудасы әдетте базалық нарықтық баға бойынша іске асырылады. Барлық басқа облигациялар "пайызбен" бірге сатылады. Бұл сатып алушы сатушыға нарықтық бағамен қоса соңғы төлем күнінен бері жинақталған пайыздарды да төлейді дегенді білдіреді.
Жүйелік емес тәуекелдік
Жеке нәтижелердің нұсқаларының айырмасы үлкен болатын және арақатынасы төмен болатын жобалардың санатына жататын тәуекелдік. Жүйелік емес тәуекелдікті жүйелік тәуекелдіктен айыра білу керек, жүйелік тәуекелдікте ұқсас факторлар барлық жағдайларға ықпал етеді, ал жеке дара нәтижелердің арақатынасы жоғары болады. Жиынтықты тәуекелдікті жүйелік емес тәуекелдіктерді жинақтау жолымен төмендетуге болады, ал жүйелік тәуекелдіктердің ешқандай мөлшері қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Сонымен, жүйелік емес тәуекелдік әртараптандырылатын тәуекелдік болып табылады. Ол бағалы қағаздардың белгілі бір түрлірінің ерекшеліктеріне, қаржы құралдарымен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігіне, есеп айырысу жүйелеріне және тағы басқа көптеген факторларға байланысты.
Жүйелік тәуекелдік
Қаржылық құралдардың барлық түрлеріне тән, ол қаражат салымдарының бағыты өзгергенде немесе кеңейтілген кезде төмендемейді. Бұл нақты сыныптың барлық жобаларына ықпал ететін әлдебір бұзылушылыққа байланысты туындайтын тәуекелдік. Аталған тәуекелдік түрін әртараптандыру арқылы азайту мүмкін емес. Ондай тәуекелдік жүйелік емес тәуекелдікке немесе түрлі жобаларға ықпал ететін толқулар тәуелсіз болатын және активтер қоржынының толық тәуекелдігі оны әртүрлі жобалардың арасында бөлу арқылы азайтыла алатын тәуекелдіктің қандай да бір өзіндік түрлеріне қарама-қарсы болады. Жүйелік тәуекелдік кез келген бизнес ұшырайтын жалпы экономикалық сипаттағы тәуекелдіктермен байланысты. Дәл сол себептен барлық акциялардың бағаларының бір мезгілде өзгеру мүмкіндігі орын алады. Жүйелік тәуекелдік түрлеріне инфляция тәуекелдігін, заңнамалық өзгерістер тәуекелдігін, өсім тәуекелдігін, Бұқалар мен Аюлар нарығындағы тәуекелдікті, әскери қақтығыстар тәуекелдігін жатқызуға болады.
Заңды тұлға
Азаматтық құқық субъектісі. Заңды тұлғалар - заң бойынша құқық қабілетін иеленетін және өздерінің органдары арқылы өз атынан әрекет тегу құқығы бар түрлі ұйымдар. Заңды тұлғаның нышандары - мүлкінің оқшаулығы, ұйымдастырушылық ресімделуі, бекітілген жарғының (ереженің) негізінде әрекет ету құқығы, өзінің міндеттемелері бойынша дербес жауапкершілігі. Заңды тұлғалар коммерциялық және бейкоммерциялық ұйымдар болуы мүмкін.
Заңнамалық өзгерістер тәуекелдігі
Саяси бағдардың әсіресе, жаңа президент, үкімет, парламент сайланған кезде өзгеруі мүмкіндігі әрқашанда да болады, оның соңынан жаңа мемлекеттік органдардың мемлекет бұрын қабылдаған міндеттемелерді орындаудан бас тартуы, инвестициялық климаттың өзгеруі және т.с.с. қоса жүруі мүмкін.