Италиядағы фашистік диктатура

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 22:07, дипломная работа

Краткое описание

Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.

Оглавление

Кіріспе 3-6
І-тарау. Италиядағы фашистік диктатура
1.1. 1922 жылғы билік басындағы саяси дағдарыс және фашистік
диктатураның орнауы 7-21
1.2. Италиядағы империалистік теңденцияның күшеюі және
фашистік диктатураның күйреуі 22-30
ІІ-тарау. Германиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері
2.1. Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А.Гитлердің үкімет
басына келуі 31-39
2.2. П-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия және фашистік
режимнің күйреуі 40-52
2.3. П-дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт келісімдер 53-61
Қорытынды 62-63
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Дип.-Италиядағы-фашистік-диктатура.doc

— 623.50 Кб (Скачать)

1942 жылы 19 қарашада  кеңес әскері Сталинград түбіндегі  шабуылды бастады. Ол соғыстағы  түбегейлі бетбұрыс болды. 1943 жылы 2 ақпанда 300 мың адамы бар неміс топтары қоршалып талқандалды. Тұтқынға оның басшылығы түсті. Мысалы Паулюс Германияда үш күндік қаралы жариялады. Кеңес әскерлер Кавказды, Донбастың біраз бөлігін, Ресейдің орталық аудандарын азат етті. 1942-1943 жылдары жаудың 100 дивизиясы талқандалдыя. Фашистік блок 1700 солдаты мен офицерлерінен айырылды. 3500 танкі, 4300 ұшағы талқандалды.

Германияның одақтастары да үлкен шығынға ұшырады. Итлаияның, Венгрияның, Румынияның негізгі күштері Сталинград және Дон түбінде талқандалды.

Соғыстағы түбегейлі  бетбұрыс фашистік блок арасында келіспеушілік тудырды. Италия одақтастар тарапынан өтті. Финляндия, Венгрия, Румыния Германияның жеңісінен үмітін үзді. Италия сияқты Англия және АҚШ тарапынаи өтуге тырысты. 1944 жылдың басында Германияның әскери жағдайы тығырыққа тірелді. Қару-жарақтың негізгі түрлері-артиллерия, танк, әскери үшақ бойынша КСРО 1,5-2 есе басым болды. АҚШ және Англия қарулы күштері Францияға әскер түсіруге дайындалды. Германияның одақтастары соғыстан тезірек шығуға әрекеттенді. Германия енді қорғанысқа көшті. Ол шығыстағы майданды ұстап тұруға, Францияға одақтастар әскер түсіре қалған жағдайда оны жою және босаған әскерді өз мүддесіне қарай жұмсау міндеті тұрды.

1944 жылы кеңес  әскері кеңес-герман майданынын  барлық аймағында шабуылға шықты. 1944 жылы қаңтардың ортасында Кеңес әскері Ленинградты қоршаудан азат етті. Неміс әскерлерін Прибалтикаға қуып тастады. Л.Свобода бастаған Чехословакиялық бригада кеңес әскерімен бірігіп Украйна жерінде неміс басқыншыларына соққы берді. 1944 жылы көктемде кеңес әскерлері Украйнаның оңтүстік жағалуын, Қырымдағы, Молдавияны азат етіп, Румыния шекарасына шықты.

1944 жылы жазда  кеңес әскерлерінің Карельдік  перешайкадағы Фин әскерлеріне шабуылды бастады. Сонымен қатар Белорусиядағы немістердің "Центр" атты тобына шабуыл жасады. Фин армиясына тегеуренді соққы бере отырып, Кеңес әскері Финляедия шекарасына шықты. Фин үкіметі КСРО-ға достастық туралы ұсыныс білдірді [34].

"Центр"  атты немістердің әскеріне күшті  соққы берген кеңестің әскерімен Польшаның генералы З.Берминг басқарған әскері Белоруссияны толығымен азат етті. Сонымен қатар Латвия мен Литва КСРО-ның Польшаны алуға әрекет жасай бастады. Осылайша Шығыс Пруссия шекарасына шықты. 1944 жылы күзде Прибалтиканың негізгі бөлігін азат ету аяқталды. Латвияның солтүстік-батысында немістердің "Центр" әскерінің бірнеше тобы Кеңес әскерлерінің қоршауында еді. КСРО территориясы басқыншылардан толығымен азат етілді деп айтуға болар еді. Кеңеске әскері Еуропа халықтарын азат етуге кірісті. 1944 жылы күзде Кеңес әскері Румыния территориясында үрыс жүргізді. Сонымен қатар Польша, Венгрия, Чехословакия, Югославия территориясында соғыс жүргізді. 1944 жылы қазанда Кеңес әскерлері Норвегия территориясына шығып, Норвегия үкіметінің келісмімен соғыс қимылдарын осы жерге әкелді.

Шығыс майданындағы Кеңес  әскерлерінің шабуылы кезінде Англия және АҚШ өз әскерлерін Франция территориясына түсірді. Англо-американдық басшылық екі десанттық операция:

    1. Францияның солтүстік жағалуы Нормандияға-"Оверлорд" операциясы.
  1. Марсель аудында-"Энвил" операциясы.

Ең негізгі  операция болып, Нормандия саналады. Ол 1944 жылы 6 маусымда басталды. Десанттарды фельдмаршал Монгомери басқарды. Жалпы Бұл операцияның үстінен генерал Эйзенхауэр бақылады. Англо-американдық әскер Германия әскерінен техника, артиллерия, ұшақ жағынан бірнеше есе басым болды. 1944 жылы 25 шілдеде одақтастар неміс әскерлеріне қарсы шабуылын бастады. Гитлершілер шығысқа шегінуге мәжбұр болды.

Одақтастардың Батыс Еуропаға әскер түсіруі және одан кейінгі іс-әрекеттерді екінші майданның ашылуына әкелді. Тек қана қорғаныспен еш нәтижеге жетпейтіндігін түсінген неміс басышылығы англо-американдық әскерді жою мақсатында батыс Еуропада қарсы шабуыл, алға шығуды жоспарлады. Сонымен қатар одақтастардың жоспарын талқандап, Англия және АҚШ-ты құтырқы келісімге келуге мәжбұрлеуге тырсты. 20 дивизия оның ішінде 7 танк дивизиясымен неміс әскері 1944 жылы 16 желтоқсанда қарсы шабуылға шықты. Батыс Еуропадағы соғыс өрті қыза түсті. Одақтастардың өтінішімен 1945 жылы 12 сәуірде Кеңес әскері шығыс майданда шабуылды үдетті. Немістердің Ардендегі, Эльзастағы шабуылды тойтарылды. Немістердің 16 дивизиясы шығыстағы майданға қарай тықсырылды. Фашистік Германияның жоспары толығымен күйреді.

Одақтастардың әскерінің жеңістерінде Франциядағы, Польшадағы, Югославиядағы, Албаниядағы, Словакиядағы, Румыниядағы, Болгариядағы, Венгриядағы, Грециядағы антифашистік қозғалыстардың маңызы зор болып саналады.

Жетекші державалар КСРО, АҚПІ және ¥лыбританияның қуатты нығая түсті. КСРО оккупацияланған территорияларды азат етті. Халық щаруашылығын қайта қалпына келтіруге кірісті. Соғыс жылдарында фашистер 1710 қаланы, 70 мың ауылды және деревняларды қиратқан болатын. Олар 98 мың колхозды, 1876 совхозды тонады. КСРО-ның соғыс жылдарындағы жалпы ауылшаруашылық шығынадары-679 млрд рубльді құрады. КСРО фашистерден азат етілген елдерге: Польша, Югославия, Албания, Румыния, Болгария, Чехословакия, Веггрия қаржылай көмек көрсетті.

1944 жылдың  басында фашистік блок біржола  күйреді. Одақтастардың армиясы Германия шекарасына жетіп, шешуші шабуылға дайындалды. Германияның экономикасы оккупацияланған елдерден келетін ресурстандан айырылған соң, соғыс қажеттіліктерін өтей алмады. 1944 жылдың жазынан Германияның өндіріс өнімдері қысқарды. Ракеталық қарулардың кереметтілігінен үміт ақталмады. Енді гитлершілер антикоалициялық күштердің ыдырауына және Англия және тойтарыс беру арқылы уақыт ұтып, Англия және АҚШ-пен келісімге келуге тырысты. 1945 жылы қаңтардан Кеңес әскері шабуылды жаңартты. 17 қаңтарда олар Варшаваны, кейіннен бүкіл Польшаны азат етті. Сонан соң Германия территориясына еніп, 1945 жылы ақпанның басында Берлиннен 60-70 шақырым қашықтықтағы Одер өзеніне келіп жетті. Совет-герман майданының оңтүстік аймағында Кеңес әскері Чехословакия мен Венгрияны азат етуді жалғ,астырды. Югославиялық, Румыниялық, Венгриялық әскерлердің қолдауымен Кеңес әскері Германияның оңтүстік майдандағы әскери топтарын талқандады. 13 ақпанда Будапешт, 1945 жылы 4 сәуірде Венгрияны азат етті.

Кеңес әскері азат еткен елдерде қайта құрулар жүріп жатты. 1945 жылы Румынияда П.Гроза бастаған халық демократиялық үкіметі билік басына келді. 7 наурызда Югославияда халықтық уақытша үкімет билік құрды. Венгриядағы уақытша үкіметтің билігі бүкіл елге тарады. Күн өткен сайын Польша республикасы уақытша үкіметінің позициясы күшее түсті. Шығыс Еуропадағы халықтық демократияның жеңістері, социалистік революция англо-американдық империалистердің қарсылығын туғызды. Осыған байланысты КСРО-мен қарым- қатынас шиеленісті.

1944 жылы 8 ақпанда  Эйзенхауэр және Монтгоммери  бастаған англо-американдық қарулы күштер бастыс майданда шабуылға шықты. Олар алға жылжы отырып, наурыз айында Рейн өзеніне жетті. Рур ауданындағы неміс әскерінің ірі тобын ликвидациялады. Немістердің батыс майдандағы қорғанысы күйреді. Одақтастардың әскері еш қарсмылық көрместен Германия территориясына дендеп ене бастады.

Черчилль КСРО-ның алдын орап, Берлинге бірінші жетуді көздеді. Бұл ұсынысқа Рузвельт келіспеді. Антигитлерлік коалициядағы алауыздықты пайдаланған Германия КСРО-ның қатысуынсыз герман иеліктерінің кейбір бөліктерін Англия және АҚШ-тың капитуяциялауын жоспарлады. Алайда олардың үміттері ақталмады.

Венаға жетті. 24 сәуірде олар Германияның астанасын қоршап, Берлинде шайқас жүргізді. 25 сәуірде АҚШ әскері Эльба өзеніне жетіп, КСРО әскерімен қосылды. Фашистік -неміс қарулы күштерінің майданы талқандалды.

Кеңес әскері Берлинді фашистерден толықтай азат етті. 30 сәуірде Гитлер өзін-өзі өлтірді. Ол адмирал Деницті мұрагер ретінде тағайындап кеткен болатын. Деництің штабы солтүстік Германияда орналасқан болатын. 2 мамырда Берлин горнизоны капитуляциялап шарттары бекітілді. 1945 жыды 8 мамырда Берлинде Жуков басшылығымен Германияның сөзсіз тізе бүгуі туралы актіге қол қойылды. Еуропадағы әскери қимылдар тоқтады. 9 мамыр күні КСРО халқында-Жеңіс күні болып жарияланды. Осылайша миллиондаған тағдырды талмаған фашистік Германия тізе бүкті.

 

 

2.3. П-дүниежүзілік соғыстан кейінгі  бейбіт келісімдер.

Екінші дүниежүізілк соғыстың соңғы оғы атылғанда дүние өз дамуының жаңа бір деңгейіне енгендей болды. Дүниежүзілік тарихтағы ең сұрапыл, ең ауыр соғыс аяқталды. Осыдан кейін жаңа соғыс туралы ойлаудың өзі қылмыс болатын. Германия талқандалып қана қойған жоқ, оны жеңгендер оккупациялады, енді герман милитаризмнің қайта өрлеуі туралы сөз болуы мүмкін еместей көрінді. Антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің арасында орнаған ынтымақтастық деңгейі оптимизм сезімін ұялатты. «Үлкен үштіктің» жоғарғы дәрежедегі кездесулері үнемі өткізіліп отырылды. Соғыс қимылдарын үйлестіру, экономикалық ынтымақтастықты кеңейте түсу жүзеге асырылып отырды.

«Үлкен үштіктің» үшінші кездесуін-Берлин конференциясын айтуға болады. Ол Берлиннің жанындағы Потсдам қалашығында 17 шілде-2 тамыз 1945 жылы өтті. АҚШ-тан 1945 жылы сәуірде қайтыс болған Франклин Реузвелытің орына болған Гари Трумэн, Ұлыбритания-Уинстон Черчилль, КСРО-Сталин қатысты. Алайда конференция барысында күтпеген оқиға болды. Соғыстан кейінгі парламент сайлауында Черчилль бастаған консерваторлар жеңіліс тапты. Түңғыш рет лейбористер көп орынға ие болып оның лидері Клемент Эттли үкіметті басқарды. Ол жаңа құраммен Потсдамға келді. Қырым конференциясымен салыстырғанда «үлкен үштік» құрамы жаңарды [36].

Берлин конференциясы  бейбіт конференция болған жоқ. Себебі ешкіммен бітім жасалынбайтын еді. Германия окккупацияланды, оның территориясьшда  билікті төрт оккупациялық зонаға бөліп, Ұлыбритания, КСРО, АҚШ, Франция жүргізді. Конференцияның басты мақсаты одақтас державалардың Германияға деген саясатын анықтау болатын. Конференцияның шешімі: барлық ұлтшыл-социалистік ұйымдарды тарату; бұрын тыйым салынған саяси партиялар мен негізгі азаматтық бостандықтарды қалпына келтіру; соғыс өнеркәсібін жою; нацистік Германияға қызмет еткен өнеркәсіпті милитаризациялауды құралы болған картельдердің ең жоғарғы басшыларын арнайы Халықаралық трибунал сотына беруге келісті.

Германияның мемлекеттік шекарасы анықталды. Германиядан Польша мен КСРО иеліктеріне Шығыс Пруссия берілді, Польшамен шекара батысқа, Одер-Нейсе өзені сызығына жылжыды. Жалпы айтқанда Германияның территориясы 1938 жылмен салыстырғанда 1/4 азайды. Германияның 1938 жылдан бастап иемденген жерлерінің барлығы ешқандай қарсылықсыз қайтарылатын болды. Конференция осы территориялардан немістердің жаппай көшірілуіне келісті. Сондай-ақ әр зонадағы соғыс тұтқындарын өзара алмасу туралы да келісім болды. Сонымен қатар КСРО, Англия мен АҚШ ты КСРО-дан батысқа қашқан азаматтардың бәрін еріксіз болса да қайтаруға келісімдерін алды. Олардың КСРО-дағы тағыдры айқын болса да, одақтастар Бұл мәселе бойынша Сталинмен қақтығысқа келмеді: Трумэн Жапония туралы ойлады, өйткені КСРО-ның қатысуынсыз оны жеңу қиынға түсетін еді, ал Эттли немістер тұтқынында болып, КСРО оккупациялаған территорияда қалған 25 мың ағылшындардың тағдыры туралы ойлады. Реапарцияның жалпы сомасы 20 млрд доллар көлемінде анықталды, оның 50%-ын КСРО алатын болды [37]. Германияда репарация төлеуін жоққа шығаратындай финанстық қиындық туғызбау үшін, репарацияны өнеркәсіп құралдарын әкету арқылы алу көзделді. Берлин конференциясында Германияны біртұтас мемелкет ретінде сақтап қарастырылды. Нацизмді құртқан соң елде жалпы сайлау өткізіп, жаңа демократиялық Германия үкіметімен бейбіт келісімге қол қою жоспарланды. Оған дейін Германияда билікті оккупациялық мемелкеттер атқаратын болды. Осыған сәйкес Германия төртке бөлінді және Берлин Германияның астанасы болып қалды. 1945 жылы қарашада Нюрнбергте соғыс қылмыскерлері үстінен халықаралық сот басталды. Ұлыбритания, КСРО, Франция, АҚШ-тың білікті заңгерлері рейх басшыларын соғысты дайындау мен тұтқындарға ғана емес, соғысты жүргізу заңдары адамгершілік принциптерін бұзғаны үшін айыптады. Сот процесі он айдан астам уақытқа дейін созылды, үш ғана айыпталушы ақталды.

1945 жылы Еуропадағы соғыстың аяғына қарай, Тынық мұхитта соғыс әлі жүріп жатқан кезде, дүниежүзінің соғыстан кейінгі құрылымы туралы шешім қабылданды. 50 елдің өкілдері Сан-Франциско қаласына (Калифорния) Біріккен ¥лттар ұйымына құру конференциясына жиналды. Оның негізгі заңдылықтары бекіттілді, ол Ұлттар Лигасы уставын еске түсіретін еді. Жаңа ұйымның құжатында мемлекеттер арасында достастық қатынасын дамыту; экономикалық-әлеуметтік және гуманитарлық проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; дүниежүзіндегі аштық пен қайыршылық, ауруларымен күрес шараларын үйлестіру көрсетілген. БҰҰ барлық мүшелерінің теңдігі, дау-таластарды бейбіт шешу, күш қолдану қауіпінен сақтану принциптеріне негізделген. Солай бола тұрса да БҰҰ мемлекеттердің ішкі ісіне қол сұқпайды. Егер өз кезінде АҚШ Ұлттар Лигасына қатысудан бас тарса, енді сенат 3-98 дауыспен БҰҰ-ның хартиясын ратификациялады. Бұл АҚШ- тың сыртқы саясатында белең алған оқшауланудың аяқталғандығын, дүниежүзіне Құрама Штаттардың халықаралық қатынастарда жетекші роль атқаруға ниеттенгендігін көрсетті.

БҰҰ жоғарғы органы болып, сессия жылына бір рет болатын Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінен, сол кезде 11-дің—тұрақты (АҚШ, ¥лыбритания, КСРО, Қытай) және Бас Ассамблея екі жылға сайлап, 6-ы ауысып отыратын мүше мемлекеттерден тұрды. Қазіргі кезде БҰҰ-ның 189 мүшесі бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының болғандығы қуантады. Уставқа сай Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілікті сақтау міндетін тікелей атқаратын үнемі әркет ететін орган болып табылады. Өзінің өкілеттілігіне сай қауіпсіздік Кеңесі агрессорларға санкция салуға, блокада енгізуге және оларға қарсы күш қолдануға құқы бар. Барлық мәселелерді шешуде қауіпсіздік Кеңесінің бірауыздылығы қажет. Бас Ассамблея Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық жөніндегі кеңес. Халықаралық сот, БҰҰ-ның Бас хатшысы бастаған Секретариатты сайлайды. Кейінірек БҰҰ эгидасымен әртүрлі арнайы ұйымдар құрылды. Соның бірі-ЮНЕСКО (Білім, ғылым, мәдениет бойынша БҰҰ, Оның уставын алғашқыда 50 мемлекет қол қойды. Оның ішінде КСРО-нан БҰҰ мүшелері статусын алған Укарина мен Белоруссия да кірді. Германияның бұрнығы одақтасымен бітімшартын дайындау бір жарым созылды. Бейбіт бітімшартының мәтініне келісу Сыртық істер министрлер Кеңесінің Лондонда, Парижде өткен сессияларында және КСРО, АҚШ пен Англия сыртық істер министрлерінің мәскеуде өткен мәжілісінде жасалды. 1946 жылы 29 шілде-16 қазанда Париж бейбіт конференциясы өткізілді. Оның жұмысына 21 мемлекет қатысты: АҚШ, Англия, Франция, КСРО, Қытай, Австрия, БССР, Бельгия, Бразилия, Голландия, Греция, Индия, Канада, Норвегия, Жаңа Зеландия, Польша, УССР, Чехословакия, Эфиопия, Югославия, ОАР. Конференцияға мемлекет басшылары қатыспады.

Информация о работе Италиядағы фашистік диктатура