Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 22:07, дипломная работа
Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады.
Кіріспе 3-6
І-тарау. Италиядағы фашистік диктатура
1.1. 1922 жылғы билік басындағы саяси дағдарыс және фашистік
диктатураның орнауы 7-21
1.2. Италиядағы империалистік теңденцияның күшеюі және
фашистік диктатураның күйреуі 22-30
ІІ-тарау. Германиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері
2.1. Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А.Гитлердің үкімет
басына келуі 31-39
2.2. П-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия және фашистік
режимнің күйреуі 40-52
2.3. П-дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт келісімдер 53-61
Қорытынды 62-63
Пайдаланылған әдебиеттер
Конференцияда басты назар фашизмді түпкілікті жою, мәселесіне аударылды. Демократиялық күштер фашизмнің қайта туындауына мүмкіндік бермеуді талап етті. Бітімшартының мәтініне Румыния, Болгария, Венгрия, Финляндиядағы фашистік ұйымдардың қызметіне тыйым салынған баптар енгізілді. Осындай баптардың Италиямен жасалынатын бітімшартына енгізілуіне батыс мемелкеттер қарсы шықты. Бұрынғы Италия отарларының тағдыры жөнінде мәселе талқыланғанда батыс державалар, егерде сыртық істер министрлер кеңесі бір жылдың ішінде өз пікірін білдірмесе Бұл мәселені шешуді БҰҰ-на беруге ұсыныс жасады. Оған дейін оларға ағылшын-американ әскерлері бақылау жасады. Ол Грецияға Додеканез аралдарын, Югославияға Истрия түбегін берді.
Еуропадағы территориялық мәселелерді реттеу барысында Англия мен АҚШ өкілдері өз ұсыныстарын өткізуге барын салды. Олар грек делегациясының еш негізсіз болгар территориясына көз тігуін қолдады, Финляндияның КСРО есебінен территориялық мәселені шешуге тырысқан реакциялық тобының антикеңестік көңілін қоштады, Италияның өзіне Юлиалық Крайна мен Триесті беру жөніндегі талабын қорғады. Финляндия КСРО-ға Печенга облысын берді. Үштік пактінің барлық мүшелері репарация төлейтін болды.
КСРО соғыстан кейін өзінің территориясын тағы да үлғайтты. КСРО құрамына Оңтүстік Сахалин мен Куриль аралдары кірді. Сонымен қоса КСРО Қытай территориясынан иелік алды, соның нәтижесінде Солтүстік-Шығыс Қытай соның ықпал ету аймағына айналды. КСРО-ға печенгадан басқа, РСФСР-дың Калиниград облысы болып аталған. Шығыс Пруссия бөлігі қосылды. КСРО үкіметі Оталық және Оңтүстік - Шығыс Еуропа мемлекеттерінде өкімет басына кеңестік күштер, атап айтқанда коммунистік партиялар келуге бар күшін салды. 1945-1946 жылдарда территориясын ұлғайтудан соң КСРО Түркияға территориялық көзтігіп, Дарданеллда КСРО-ның әскери-теңіз базасын жасау құқын қоса Қара теңіз бүғаздарының статусын өзгертуді талап етті [38].
1946 жылдың басында АҚШ пен Ұлыбритания Солтүстік Ираннан әскерін әкетуді талап етті, КСРО-ға қысым көрсетуге мәжбұр болды. 1941 жылы КСРО мен Ұлыбритания ленд-лизбойынша КСРО-ға парсы шығынағы арқылы жүкң тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Иранды бірігіп оккупациялағанды. Әскери соғыс аяқталған соң 6 айдан соң әкетілуге тиіс болатын. Ұлыбритания мұны жүзеге асырды, ал КСРО асықпады, Солтүстік Иранда автономиялық үкімет құрылды. Осы кезде Грецияда коммунистері басқарған партизан тобы жанданды. Оларды коммунистер басқарған Албания, Югославия, Болгария сияқты шекараласып жатқан елдерден қажетті заттармен қамтамасыз етті. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүше елдерінің сыртқы істер министрлерінің Лондон мәжілісінде КСРО өзіне Триполитанияға (Ливи) протекторат орнату құқын беруді талап етті. Бұл оның Жерорта теңізі аймағында болуын қамтамасыз ететін еді.
Егерде бірнші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлы державалар соғыстан кейінгі дүние құрылымында экономикалық проблемаларға онша мән бермеген болса, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Бұл проблемаларға баса назар аударылды. Соғыстан кейінгі дүниеде финас тұрақтылығына қол жеткізу мен валюталық соғысты болдырмау үшін БҰҰ эгидасымен Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) және Халықаралық қайта құру мен даму банкі (ХҚДБ) құрылды. Осылайша антигитлерлік коалиция елдерінің соғыстан кейінгі де ынтымақтастығын жалғастыра беруге негіз жасалды. Жаңа әлемдік негізіне ескі үжымдық қауіпсіздік идеясы алынды. Оның көрінісі Б¥¥ болды да, оны жүзеге "әлемдік полицей" ролін атқарған, кең өкілеттіліктер берілген жеткеші бес держава асырды.
Алайда оқиғаның әрі қарай дамуы кеңес басшылғының 30 жылдарындағы тәжірибе сәтсіздігінен кейін ұжымдық қауіпсіздік мүмкіндігіне сенбейтіндігін көрсетті. Сталин 1939 жылдан бастап қауіпсіздікті қамтамасыз етудің дәстұрлі жолы күш қолдану территориялық экспансия және ықпал ету аймағын құру-осы бағыттан таймай жалғастыра берді. КСРО ұжымдық қауіпсіздік жүйесін өзінің қуатын кеңейте түсу үшін пайдаланатындығы айқын болды. Бұл Еуропаны елеңдетпей қоймайды. Франция мен Италияда коммунистік партиялар ең ірі саяси партиялар болтатын. Осы жерлерде және Батыс Еуропаның басқа елдерінде коммунистер үкімет құрамына кірді. Оның үстіне Еуропадан американ әскерінің негізгі бөлігі әкетілген соң КСРО конинентальдік Еуропада басты әскери күшке айналды. Осы жағдайлардың барлығы кеңес басшылығы жоспарының жүзеге асуына қолайлы жағдайлар туғызды.
КСРО-ның жүргізген саясатына батыс елдері әртүрлі көзқараста болды. Бірқатар саяси қайраткерлер КСРО-мен ымырашылдықты жақтады. Әсіресе Бұл позицияны АҚШ сауда министрі Генри Уоллес қолдады. Ол КСРО-ның талабы орынды деп есептеді, КСРО-ның Еуропа мен Азияның кейбір аудандарында басымдық құқын мойындап, дүниені қайта бөлуді жүргізуді ұсынды. У.Черчилль басқа көзқараста болды. 1946 жылы 5 наурызда президент Трумэннің туған штаты Миссуридің Фултон қаласында президенттің қатысуымен сөйлеген сөзінде Еуропада қалыптасқан жағдай батыс демократиясы тағдырына қауіпті деп сипаттады. Кеңес халықтарының ерлік күресі мен КСРО-ның қауіпсіз шекараға ие болу құқын мойындай отырып ол кеңес экспонсионизмнінің етек алуын үрейлене ескертті. Батыс демократиясын қорғау үшін, оның ойынша, АҚШ пен Ұлыбританияның күшін біріктіріп, "англосаксон дүниесінің барлық дүниесімен" КСРО-ға тойтарыс беру керек. АҚШ-тың мемелкеттік департаменті де кеңестік әрекеттерге қарсы жауап іздеді. Мұнда американ дипломаты, Ресей бойынша маман Джордж Кеннан маңызды роль атқарды. 1946 жылы ақпанда Мәскеуде АҚШ елшілігінде жұмыс істей жүріп, ол Вашингтонға жолдаған жеделхатында "тежеу" саясатының негізгі принциптерін айқындады. Оның пікірінше, АҚШ үкіметі КСРО-ның өз ықпал аймағын кеңейту әрекетінің әрқайсысына дер кезінде қатты тойтарыс беріп отыруы қажет. Коммунизмнің еніп кетуіне қарсы тұра алуы үшін, Батыс елдері өздеріне сенімді, қолайлы әрі толыққанды қоғам орнатуға тырысуы керек, қолайлы әрі толыққанды қоғам орнатуға тырысуы керек. "Тежеу" саясатына олар соғыстың алдын-алу тәсілі ретінде қарады және КСРО-ны соғыста жеңу көзделмеді.
Трумэн, Черчилль, Кеннан, КСРО-ны тежеуде АҚШ басты рольді өзі атқаруы керек деген түйін жасады. Бұл Трумэнді қиын жағдайда қалдырды. Соғыс кезінде КСРО-ға қатынасты өзгеруі соғыс ауыртпалығынан шаршау еш нәрсеге қарамай КСРО-мен ынтымақтастықты жалғастыра беруді жақтаған Уоллес тіпті саясаткерлерге де көбірек қолдау көрестілді. Осы бағытты жақтайтындар соғыс тәжірибесіне Рузвельт Сталинмен компромисске келе қалған жағдайға, Реузвельттің елемеуге болмайтын зор беделіне сүйенді. Сондай-ақ "тежеу" саясатына көшу АҚШ-тың саясатын түбегейлі өзгертетіндігі анық еді, енді америка Еуропаның барлық істеріне қоян-қолтиық араласатын болды. Трумэн саясатта мұндай бетбұрысты жүзеге ықпалы мен беделі жетпейтіндей сезінді, өйткені 1944 жылы американдықтар президент Рузвельтке дауыс берген еді. 1946 жылы өткен нәтиже бермеді. Республикандықтар 1930 жылдан кейін алған рет конгрессте бақылаудан орнатты. 1919 жылғы Париж конференциясынын кезіндегідей жағдай қалыптасты: президент-демократ, ал конгресс-мемлекет басшысының кезкелген сыртқы саясат шараларын тоқтата алуға күші жететін республикандықтардан құралды. Трумэннің солқылдақтығын түсінуге болады: бұрынғы саясатты жалғастыруға немесе жаңа саясатқа көшу. алайда оқиғалардың барысы Трумэннің көп ойлауына мүмкіндік бермеді.
1944 жылдың ақпанында ағылшындар Тұркия мен Грецияға әскери және экономикалық көмек беру жоқ екендігін АҚШ үкіметіне мәлімдеді. Грециядан ағылшын әскерлерінің шығарылуы мен көмектің тоқталуы Жерорта теңізі аймағында стратегиялық жағдайды түбімен өзгертетін кеңес бақылауы орнау мүмкіндігін тудырды. Италияда коммунистердің билік басына келу жағадайы жасалды. Суэц каналына кеңес бақылауы орнауы қаупі туды. Осы жағдайлар Трумэннің өз бағытын түпкілікті айқындауына итермелемей қоймады. 12 наурызда Трумэн Греция мен Түркияға 400 млн доллар көлемінде әскери және экономикалық көмек көрсету ойы бар екенін жариялады. Сонымен қатар ол "сыртық қысым мен қарулы азшылық жағынан езгіге түсіруге қарсы болған ерікті халықтарға" көмек көрсетуге бағытталған АҚШ саясатының міндеттерін айқындады. Осы мәлімдемесінде Трумэн АҚІП г гн КСРО арасында қақтығыс деп сипаттады. Осылайша соғыстан кейінгі ынтымақтастықтан бәскелестікке көшудің бастамасы болған Турмэн доктринасы пайда болды. 1947 жылы 5 маусымда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джордж маршал Еуропалық демократияны нығайту үшін оларға тез арада финастық және экономикалық көмек көрсету қажет деп мәі імдеді. КСРО бұл жосапры Америка Еуропаны экономикалық қанауға салуға бағытталған деп есептеп, шығыс Еуропа елдерін маршал жоспарын жүзеге асыруға қатыстырмау мақсатында қысым жасады. Осы елдерді өкімет билігі комунистердің қолына көшу процесі жеделдетілді, ол негізінен 1948 жылы каяқталды. 1948 жылы сәуірде 16 Батыстық елдер Маршал жоспарына қол қойды. Бұл бойынша олар төрт жыл ішінде АҚШ-тан 17 млрд доллар көмек алатын болды. Сонымен бірге американдықтар көмек көрсетудің алғышарты ретінде үкімет құрамынан коммунистерді шығаруды талап етті. 1948 жылға қарай Батыс Еуропаның бірде-бір үкіметінде коммунистер қалмады. Бұрынғы одақтастар арасында алауыздық Еуропалық бөлшектенуіне әкеліп соқты. Еуропада алған оқиғалар Германия тағдырында да әсер етті.
Батыс елдер үшін олардың оккупациялық зоналары "тежеу" саясатының алдыңғы шебіне айналды. Бұл саясатың табысты болуы немістерге байланысты екені айқын болды. Сондықтан АҚШ маршал жоспарының әрекет ету аймағына Батыс Германияны қосуды талап етті. Репарация алу және осы өтем үшін КСРО-ға құрал-жабдықтарды тиеу тоқтатылды. Батыс елдері Германияның экономикалық тұрақтылығына және оккупациялық үш батыстық зона негізінде мықты мемлекет құруға қол жеткізді. 20 маусым 1948 жылы онда ақша реформасын жүргізілді. Құнсыздаған рейхсмарканы жаңа неміс маркасымен ауыстыру экономиканы қалпына келтірудің басталуына түрткі болды. Бірақ ол Германия проблемасын бірігіп шешу туралы келісімді ашық бұзғандық болып табылады. Берлин статусы туралы мәлімдеме берлиннің батыс секторларынын батыстық оккупациялық зоналар мен транспорттық байланыстарын қамтамсыз ету жөнінде КСРО-ның нақты міндеті көрсетілмегендігін пайдаланып, КСРО Берлиннен Батысқа барар жолды кесіп тастады.
Берлин блокадасы- КСРО-ның өзінің бұрынғы одақтастарымен алғашқы ашық конференциясы басталды. Бұл 24 маусым 1948 жылы басталып 324 күнге созылды. Сол уақыт ішінде Берлинді одақтастардың әскерін және Батыс Берлиннің 2 млн халқын қажет жабдықтармен қамтамасыз етуді әуе көпірі арқылы одақтастардың авиациясы жүзеге асырды. Кеңес әскері Шығыс Германия территориямыны арқылы одақтастар самолеттерінің ұшуына кедергі жасамады. Берлин блокадасы саяси аренада жаңа өзгерістер туғызды. Осы блокада тұсында 1948 жылғы қарашада өткен президенттік сайлауда Трумэн жеңіске жетті. Демократтар қайтадан конгрестің екі палатасына да бақылау орнатты. Сайлау американдықтардың көңіл-күйінде болған өзгерсіті айқын көрсетті: оларда Америка қорғаныс шебі Еуропа мен Азияда орналасқан деген түсінік пайда болды және Трумэн бастаған КСРО-мен күшпен қарсыласу бағытын қолдады. АҚШ-тың оқшаулануына соңғы нүкте қойылды.
Берлин блокадасы Батыс елдерінің әскери қуатын нығайту қажеттілігін көрсетті. 4 сәуір 1949 жылы 10 Еуропалық мемлекет (Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Исландия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Франция) , АҚШ, Канада Солтүстік Атлант келісіміне қол қойды. Онда аталған елдер БҰҰ Жарғысы шеңберінде жау шабуылынан бірлесіп қорғануға дайын екендіктерін мәлімдеді және осы мақсатты жүзеге асыру үшін Солтүстік Атлант келісімі Ұйымы (НАТО) құрылды. Осы келісім негізінде Дуайт Эйзенхауэр басқарған қарулы күштер жасақталды.
Өз тарапынан шығыс Еуропа елдері өзінің топтасуын нығайта түсуді жалғастыра берді. 25 қаңтар 1949 жылы Болгария, Румыния, Венгрия, Польша, КСРО және Чехословакия Еуропаның бөлешектенуіне байланысты экономикалық проблемаларды бірігіп шешу үшін Өзара Экономикалық Кеңес (СЭВ) құрылатындығын жариялады. Ақпанда СЭВ қатарына Албания, кейінірек ГДР қосылды. 1955 жылы осы елдер өздерінің әскери-саяси одағын-Варшава Келісімі Ұйымын (ОВД) құрды.
1949жылы Германияның
бөлшектену жылы болып
1949 жылы американдықтар КСРО-да атом бомбасының сәтті сыналғаны туралы естіді. Кеңес атом қарулы қарулануға тек 1953 жылы ғана енсе де әскеи-саяси бәскелестіктің жаңа сипатқа ие болғандығы айқын еді, өйткені осы салада АҚШ монополиясы жойылды. Осыған байланысты АҚШ ядролық қару мен оны жеткізу құралдарын жетілдіру туралы шешім қабылдайды. 1952 жылы АҚПІ алғашқы сутегі бомбасын сынады. Сутегі бомбасын жасау онша күрделі емес болатын, ал оның қуатын тасымалдау құралының (носитель) мүмкіндігімен шектелді. Американдықтар сынаған бірінші сутегі бомбасының қуаты 10 млн тонналық тротильдің жарылысымен тең еді. Осындай он ай өткен соң КСРО-да сынады. 50-жылдары екі елде де ядролық қаруды тасу құралдарының жаңа түрін тез арада жасап, жүзеге асыру жұмыстар жүрді. Соғыс кезінде неміс ракета құрылымының жетістігі негізінде континентаралық болистикалық ракета жасалынды. Алғашқы атомдық суасты ракета тасушы кемелер пайда болды. АҚШ пен КСРО-ны бәскелестігі ракеталық-ядролық жанталаса қарулану сипатында жүргізілді.
150 жылы АҚІП
Корея жарты аралығындағы
Осылайша АҚШ пен КСРО арасында бітіспес қайшылық туды. Егер оның басталуын 12 наурыз 1947 жылғы Трумэн доктринасы деп ал аяқталуы 8 желтоксан 1991 жылы КСРО-ның құлауы десек онда ол 45 жылға созылды. Осы жылдар арасында АҚШ пен КСРО арасында қайшылық қанша асқынсада соғысқа ұласқан жоқ. Сондықтан да осы кезеңді "қырғы қабақ соғысы" деп сипаттауға негіз бар: екі жақ та "қанды соғысқа" дайындалды, бір-біріне жау ретінде қарады, дүниенің барлық аймақтарында және қарудың барлық түрінен бәсекелесті, қару жер бетіндегі бар тіршлікті бірнеше рет жойып жібере алатындай көлемде жиналды, бірақ бұл қуатты бір-біріне қарсы ешқашан да қолданбады. Не себепті?