ҚР индустриалды инновациялық даму стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 18:05, реферат

Краткое описание

Индустриялық саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi және тиiмдi ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшiн кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн бiлдiредi.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк стратегиясы 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс.

Файлы: 1 файл

ҚР индус иннов даму стратегиясы.docx

— 101.93 Кб (Скачать)

       сулар мен сарқындыларды қатаң  нормалау және кейiннен сарқындыларды  нормалаудан жоюға кө шетiн  оларды пайдалану көрсеткiштерiн  әзiрлеу қажет. Жаңа кәсiпорындарды  салуды су объектiлерiне ластайтын  заттар шығарындысын мүлдем болдырмау  арқылы жүзеге асыруы тиiс.

       Қалдықтарды игеру. Ел өңiрлерiндегi табиғи ресурстар аса тиiмсiз  пайдаланылуда.

       Өндiрiстiң және тұтынудың қалдықтары, оның iшiнде қауiптi және радиоактивтi  қалдықтарды игерудiң жүйесi жасалмаған, тұрмыстағы қалдықтарды жинау,  сақтау, кәдеге жарату мен қайта  өңдеу жүйесiнiң жетiлмеуi табиғи  ортаның ластануына әкеледi.

       Осыған байланысты қалдықтар  өндiрiсi мен оларды пайдалану  мониторингiн жүзеге асыру, қоршаған  ортаға зиянды қалдықтарды кө  мудiң әсерiн бағалау қажет.

       Ресурс-энергия сақтау технологиясын  белсендi түрде енгiзу, қалдықтарды  қайта өңдеу және пайдалану  жөнiндегi қызметтi ынталандыру қажет.

       Өнiмдi пайдалану кезеңiн экологиялық  сертификаттау және төлемдердi  жетiлдiру бағдарламаларын түзу  мен iске асыру қажет.

       Шикiзат пен қалдықтарды кешендi пайдаланудың тұйық технологиялық  циклін жасауда бәсекеге қабiлеттi өнiмдi өндiруге, бағалы компоненттердi  кәдеге жаратуға әрi онымен бiр  мезгiлде қоршаған ортаға түсетiн  салмақты азайтуға мүмкiндiк бередi. 

8. Мемлекет пен  жеке сектордың өзара қатынастарының

тетiктерi 

      Ілгерiде  атап өткендей, Стратегияны iске  асыру кезiнде әлемдiк тәжiрибеге  сҮйене отырып, инвестицияларды  үйлестiру жөнiндегi бастамаларды  жүзеге асыруға және iскерлiк ынтымақтастықты  дамытуға баса назар аударылатын  болады. Даму институттары арқылы  үлестiк (бақыланбайтын) қатысу  қағидаттары арқылы ғана қаржылық  қолдау көрсетiлетiн болады. Бұл  жағдайда жеке сектор екiншi деңгейдегi  банктердi қоса алғанда негiзгi тәуекелдердi  өз мойнына алуы тиiс.

       Мемлекеттiң жеке секторымен өзара  қатынасы серiктестiк, мемлекеттiк  қолдау мен ашықтыққа тең қол  жеткiзу қағидатына негiзделетiн  болады. Стратегияны iске асыру  барысын талқылау және оны  жетiлдiру үшiн ұсыныстар әзiрлеуге  қатысты мемлекет пен жеке  сектор арасындағы тұрақты диалог  орнату және қолдау үшiн жүйелi  негiзде семинарлар, форумдар және  конференциялар өткiзiлетiн болады. Даму институты бұл iс-шаралардың  бiрiншi кезектегi ұйымдастырушысы болады.

       Мемлекет пен кәсiпкерлер арасын  жалғастырушы болып табылатын  қоғамдық кәсiпкерлер бiрлестiгiнiң  жұмыс iстеуiне мемлекет жәрдемдесетiн  болады.

       Мемлекеттiк органдар мен даму  институттарының жұмыс iстеуi Стратегияны  iске асыру және олардың құзыретi  шегiнде сапалы қызметтер көрсету  ұсынуға толығымен бағытталатын  болады. 

9. Cтратегияны iске  асырудың кезеңдерi және тетiгi 

      9.1. Іске асыру кезеңдерi

       Тұтас алғанда Стратегияны iске  асыру үш кезеңде: бiрiншi - 2003-2005 жж., екiншi - 2006-2010 жж., үшiншi - 2011-2015 жж. жүзеге  асырылады.

       Бiрiншi кезең (2003-2005 жж.) басты түрде  дайындық сипатындағы iс-шараларды  жүзеге асыруға байланысты болады. Стратегияны табысты түрде iске  асыру мақсатында Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамасына өзгерiстер  мен толықтырулар енгiзу, жаңа  заңдар әзiрлеу, инвестициялық және  инновациялық жобаларға мемлекеттiң  қатысуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк  институттар құру, әәT талдау жүргiзу  жөнiнде мамандарды даярлау, мемлекеттiң  қатысуымен iске асырылатын тиiмдi жобаларды айқындау көзделедi.

       Бұл кезеңде Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамасына салық  ауыртпалығын айтарлықтай тө  мендетуге қатысты өзгерiстер  енгiзу, Қазақстанның Метрикалық  конвенцияға қосылуы, Халықаралық  электротехникалық комиссиясына, т.б.  кiруi жоспарланады.

       Осы кезеңде қорларды құруға  көзделген капиталды түзу, Даму  Банкiнiң жарғылық капиталын ұлғайту,  жобаларды инвестициялаудың мемлекеттiк  жүйесiн айтарлықтай жетiлдiру  қажет.

       Ғылымды, бiлiмдi дамыту және оны  индустриялық-инновациялық дамытуға  бағыттай отырып, кәсiби кадрларды  даярлау саласындағы реформаны  бастау, стандарттау мен сертификаттауды  жетiлдiру, Қазақстанның ДСҰ-ға кiру  процесiн аяқтау көзделiп отыр.

       Осы кезеңдегi экономиканың дамуы  индикативтi жоспардың болжамына  сәйкес жүргiзiлетiн болады.

       2003-2005 жылдар аралығы болжам бойынша  өткен жылдардағы ЖIӨ-нiң нақты  қарқынын ескере отырып, ЖIӨ-нiң  екi еселенуiмен байланысты стратегиялық  мақсатқа жету қамтамасыз етiледi. 

2000 ж. салыстырғанда  2010 жылы ЖIӨ екi еселенуі бойынша

кестенің болжамды орындалуы, (%) 

      (Кестені  қағаз мәтіннен қараңыз) 

      Стратегиялық  жоспар бойынша ЖIӨ болжам бойынша  нақты ЖІӨ 

      Дерек  көзi: Қазақстан Республикасының  Экономика және бюджеттiк жоспарлау  министрлiгi, Қазақстан Республикасының  Статистика жөнiндегi агенттiгi 

      Жоспарлы  кезеңде экспорт пен iшкi тұтынудың  дәстүрлi тауарлары және қызметтерi  өндiрiсiнiң бiр мезгiлде сан  жағынан өсуiмен қатар өнеркәсiп  пен аграрлық секторды қайта  жаңғырту, жұмыстың инвестициялық-құрылыс  күллi кезеңiн түбегейлi өзгерiсi есебiнен  экономиканың тұрлаулы дамуын  қамтамасыз ету үшiн негiз салыну  қажет.

       Орта мерзiм iшiнде ғылыми, ғылыми-техникалық  қызметтiң, бiлiм және денсаулық  сақтау жүйелерiн, құрылымдық-институционалдық  дамыту және мемлекеттiк қызметшiлер  мен бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiне  еңбекақы төлеу жүйесiн, бюджетаралық  қатынастарды жетiлдiру, қаржы секторын  дамыту және ырықтандыруды жалғастыру  қажет. Тиiмдi инновациялық инфрақұрылымның  негiзi қалануға тиiс.

       Соңғы жылдардағыдай тауарлар  мен қызметтер өндiрiсiнiң өсуi  тау-кен өнеркәсiбiн дамытудың  қарқын алу есебiнен, ең алдымен  мұнай мен газ өндiрудi ұлғайту  есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады. Бұл кезде макроэкономикалық  саясат тө мен инфляцияны қамтамасыз етуге, Қазақстан экономикасына тiкелей инвестициялардың келуiне және экспортты ұлғайтуға ынталандыратын жағдай жасауға бағытталуы тиiс.

       Осыған сәйкес монетарлық саясат 5,5 және 4 % арасындағы инфляцияның  орташа жылдық өсiмiн қамтамасыз  етуi тиiс. Мұнай бағасының конъюнктурасы  Қазақстан үшiн қолайлы кезде  теңгенiң құнсыздануы АҚШ долларына  қатысты жылына тиiсiнше 4,5 және 3 % арасында ауытқуы тиiс.

       Екiншi кезең (2006-2010 жылдар) Стратегия  iс-шараларын экономиканың барлық  салаларында белсендi iске асыру  кезеңi болады. Бұл халықаралық  стандарттар бойынша ғылым мен  техниканың жетiстiктер негiзiнде  қуаттарды құру, сондай-ақ қажеттi мамандарды даярлау жөніндегі  мәселелерiн кешендi шешуге мүмкiндiк  бередi.

       Ғылыми-инновациялық инфрақұрылым  негiзiнен қалыптасатын болады.

       Жеке сектордың, шетел инвесторларының,  мемлекеттiк бюджет пен мемлекеттiк  қаржы институттарының қаржы  ресурстары бiрыңғай бағытта жұмыс  iстеп, инфрақұрылымды дамыту, қайта  жаңғырту, жұмыс iстейтiн кәсiпорындарды  кеңейту және жаңа өндiрiстер  құру проблемаларын кешендi түрде  шешедi. Бұл ретте iрi, орта және  шағын кәсiпорындарды үйлесiмдi дамыту  қамтамасыз етiледi.

       Кейбiр кәсiпорындар құру нормаларын  ескере отырып, индустриялық-инновациялық  даму стратегиясын iске асырудың  алғашқы нәтижелерiн көредi.

       Өнеркәсiптi жаңғыртуға және экономика  құрылымын әртараптандыруға бағытталған  көптеген жобаларды iске асыру  басталады.

       Экономиканы әртараптандыру саласындағы  бiрқатар iлгерiлеуге қарамастан  экономиканы дамыту негiзiнен  мұнай мен газды өндiру және  экспорттаудың өсiмi есебiнен қамтамасыз  етiледi.

       Болжам бойынша 2010 жылы 2000 жылмен  салыстырғанда ЖIӨ екi еселенуi  саласындағы стратегиялық мақсат  мұнай мен газды өндiрудi дамыту  қарқынының өсуi есебiнен iске  асады.

       Yшiншi кезең (2011-2015 жылдар) Стратегияны  iске асыру бөлiгiнде аса өнiмдi болады. Осы кезеңде iске қосылған  қуаттарды және жаңа салалар  мен рыноктардағы ҚҚТ дамыту  жүзеге асатын болады. Тауарлар  мен қызметтер өндiрiсiнiң және  экспорттаудың өсу қарқыны мұнай  мен газ өндiрудiң өсiмiнен асып  түседi. Экономика салалары мен  экспорт құрылымын әртараптандыру  жүредi. 

      9.2. Iске асыру тетiгi

       Стратегияны орындау Қазақстан  Республикасының қолданыстағы заңнамасының  талаптарын ескере отырып, оның iске  асырылуы жөнiнде iс-шаралар жоспарлары  арқылы жүзеге асырылады және  Қазақстан Республикасының Үкiметi  үш жылдық кезеңге әзiрлеп, бекiтедi.

       Iс-шаралар жоспарында елдiң индустриялық-инновациялық  дамуының әрбiр кезеңiнiң сапалық  ерекшелiктерi көрсетiлiп, Стратегия  қағидаттарын iске асыру жөнiндегi нақты шаралар көзделедi. Индустриялық  дамудың басым бағыттары бойынша  бөлек салалық (секторалдық) бағдарламалар әзiрленедi. Онда нақты атқарушылар мен iске асырудың мерзiмдерi, сондай-ақ қаржыландырудың жылдар бойынша болжанатын көлемi мен көздерi көрсетiледi.

       Бағдарламаларды әзiрлеу ғылыми-зерттеу  және басқа да ұйымдардың меншiк  нысанына және ведомствоға жататынына  қарамастан қатысуымен жүзеге  асырылатын болады.

       Кешендi түрде жоспарланатын iс-шаралар  орталық және жергiлiктi атқарушы  органдардың елдiң индустриялық-инновациялық  дамуының барлық бағыттары бойынша  мақсатты және келiсiлген iс-қимылын  қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн  барынша үйлестiруге мүмкiндiк  бередi.

       Қазақстан Республикасының Үкiметi  Стратегияның iс-шаралар жоспарын  орындау және жоспарланатын көрсеткiштер (индикаторлар) жетiстiгiнiң барысын  бақылау жасау арқылы Мемлекеттiк  стратегияны iске асырудың тұрақты  мониторингi мен тиiмдiлiгiн бағалауды  жүзеге асырады. 

10. Қажеттi ресурстар  және оларды қаржыландыру көздерi 

      Стратегияны  iске асыруға арналған инвестициялық  сипаттағы тiкелей шығындардың  болжанатын көлемi жылына 1,2 млрд. АҚШ долл. құрайды. Бұл ретте  Стратегияны icкe асырудың мемлекеттiк  шығындарының құны 2002 жылдың бағасы  бойынша жылына 260 млрд. АҚШ долл. құрайды. Стратегияны iске асыру  шеңберiнде жеке секторды қаржыландыру  үшiн даму институттарына бұл  қаражаттарды жыл сайын бөлу  жоспарланады. Республикалық және  жергiлiктi бюджеттен ғылымды, бiлiмдi, кәсiби мамандарды даярлауды қаржыландырудың  көлемi тиiстi жылға арналған бюджеттi  қалыптастыру кезiнде айқындалатын  болады. Стратегияның iс-шараларын қаржыландыру  үшiн Даму Банкiнiң, Инвестициялық  қордың, Инновациялық қордың қаржылары  iске қосылады. Бұл орайда инвестициялық  және инновациялық жаңа институттар  құруда iрi қаржы ресурстарын iздестiрудi  қажет етедi.

       Сонымен қатар, жаңа технологиялық  және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстi дамыту мен құруға, инфрақұрылымды  дамытуға бағытталған неғұрлым  басым да тиiмдi жобаларды iске  асыру үшiн халықаралық ұйымдар  мен донор-елдердi тарту көзделедi.

       Негiзгi қаржы жүгi жеке секторға  түсуi тиiс. Алдын ала бағалау  бойынша мемлекеттiк және жеке  капиталдың қатысуының ара қатынасы  бестiң бiрге қатынасын құрауы  тиіс. 

11. Стратегияны iске  асырудан күтiлетiн нәтижелер 

      Индустриялық-инновациялық  даму стратегиясын ойдағыдай  iске асыру экономиканы әртараптандыру, жаңғырту негiзiнде елдiң экономикасының  ұзақ мерзiмдi тұрақты өсуiне және  өнiмнiң бәсекелес түрлерiн өндiру  мен экспорттың өсiмiне жағдай  жасау қамтамасыз етуге ықпал  етуi тиiс.

       Ел экономикасында жеке бастамалар  басымдыққа ие болады. Барлық  рынок субъектiлерi үшiн тең  бәсекелес жағдай жасалады.

       Экономиканың бәсекеге қабiлетiн  арттыруда ғылым жетiстiгiн пайдалану  жақсарады, менеджмент және маркетингтiк  зерттеулер, өнiмдi стандарттау және  сертификаттау және т.б. салаларда  кейiндеп қалуды еңсеру шаралары  қабылданады.

       Инвестициялық және инновациялық  жобаларды мемлекеттiң қаржы ресурстарының  қатысуымен қаржыландыру үшiн  таңдау бөлiгiнде iрiктеу рәсiмдерi өзiнiң мақсатқа сәйкестiгi мен  ашықтығына ие болады.

Информация о работе ҚР индустриалды инновациялық даму стратегиясы