ҚР индустриалды инновациялық даму стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 18:05, реферат

Краткое описание

Индустриялық саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi және тиiмдi ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшiн кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн бiлдiредi.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк стратегиясы 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс.

Файлы: 1 файл

ҚР индус иннов даму стратегиясы.docx

— 101.93 Кб (Скачать)

      7.5. Мемлекеттiк реттеу 

      7.5.1. Тариф саясаты және бәсекелестiктi қорғау 

      7.5.1.1. Бәсекелестiктi қорғау

       Бәсекелестiк - экономиканың тиiмдi дамуы мен жұмыс iстеуiнiң басты  тетiгi. Тиiмдi бәсекелестiк үшiн жағдай  жасау, адал бәсекелестiктi қолдау  мен қорғау мемлекеттiң индустриялық  және инновациялық саясатының  негiзгi мiндетi - экономиканың әртараптануы  мен өнеркәсiптi жаңғыртуды iске асыруға  ықпал ету тиiс.

       Байсалды инвестициялық саясат, сондай-ақ биржа саудасы тауар  рыноктарында бәсекелестiк ортаны  қалыптастырудың негiзi болып  табылады.

       Бәсекелестiк саласындағы мемлекеттiк  саясат жосықсыз бәсекелестiкке  жол бермеу, шектеу практикасының  шектен тыс шоғырлануы мен  өсуi проблемаларын шешуге бағытталған.

       Бәсекелестiк саясатының негiзгi бағыттары:

       монополиялық бағаларды белгiлеу,  өндiрiстi негiзсiз қысқарту мен  монополиялық тауарлар мен қызмет  көрсетулердi жеткiзу, шарттарға  кем қою талаптарын енгiзу, басқа  кәсiпорындардың тауар және қаржы  нарықтарына кiруiне кедергi жасау,  рынок субъектiлерi және олардың  бiрлестiктерiн құру, қайта ұйымдастыру,  тарату, рынок субъектiлерiнiң жарғылық  капиталындағы акцияларды (үлестердi, пайларды) сатып алу жөнiндегi монополистер  әрекеттерiнiң жолын кесу арқылы  басым жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң  асыра сiлтеуiне жол бермеу;

       бiрыңғай бағалар мен тарифтердi  белгiлеуге, рынокты аумақтық  принципi бойынша бөлуге, ықтимал  бәсекелестердiң рынокқа қол жеткiзуiн  шектеуге немесе рыноктағы бәсекелестiк  субъектiлер арасында сөз байласуға  бағытталған, бәсекелестер арасындағы  келiсiлген әрекеттердiң жолын  кесу арқылы бәсекелестiктi жоюға  немесе шектеуге бағытталған  жосықсыз бәсекелестiк пен бәсекелестiкке  қарсы келiсiмдерге тыйым салу;

       мемлекеттiк органдардың кәсiпкерлiк  қызметке негiзсiз араласуына  жол бермеу. Мемлекеттiк органдардың  жекеленген кәсiпорындарға жеңiлдiктер  беруi, сатып алушылар мен тапсырыс  берушiлердiң белгiлi бiр тобына  тауарлар мен қызмет көрсетудiң  бiрiншi кезектегi жеткiзiлiмi туралы  шаруашылық субъектiлерiне нұсқау  беруi арқылы бәсекелестiктi шектеуге  бағытталған әрекетiнiң жолын  кесу. 

      7.5.1.2. Тариф саясаты

       Стратегияны табысты іске асыру  мақсатында қазiргi күнi қолданыстағы  тарифтердi жасанды ұстап тұрудан  бас тартып, табиғи монополиялар  саласына барлық қатысушыларына - субъектiлердiң өздерi мен олардың  қызмет көрсетуiн тұтынушылар  мүдделерi теңдестiруге қол жеткiзуге  бағытталған икемдi тарифтiк реттеу  саясатына кө шу қажет.

       БҮгiнгi күнi экономиканы дамыту  инфрақұрылымы болып табылатын  табиғи монополия саласының қарқынды  өсуiнсiз өнеркәсiп кешенiн дамыту  мүмкiн емес.

       Табиғи монополиялардың қазiргi жағдайы  негiзгi құралдар мен жабдықтардың  тозу деңгейiнiң жоғарылығымен  сипатталады.

       Ic жүзiнде оның барлық салалардағы  моральдық, табиғи, тозу деңгейi сындарлы  шекке жеттi.

       Моральдық жағынан тозған жабдықты  пайдалану ұсынылатын қызмет  көрсетулер көлемiнiң азаюына,  сапасының нашарлауына және апатты  жағдайлардың туындауына әкеледi.

       Бұдан өзге, жеке айналым қаражаттарының  жеткiлiксiздiгi жабдықты ауыстыруға  бағытталған капитал салымдарын (инвестицияларды) жүзеге асыруға  мүмкiндiк бермейдi. Негiзгi қорларды  жаңарту оларды пайдалану тиiмдiлiгiн,  көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық  сипаттамаларын жақсартудың және  түптеп келгенде, экономикалық өсiм  мен ел индустриясын тұрақты  дамытудың басты факторларының  бiрi болып табылады.

       Бүгiн тарифтiк реттеу әдiстерi табиғи монополия саласына инвестицияларды  тартуға қолайлы жағдайлар жасауды  және өндiрiстi жаңғыртуға негiзделген,  аталған экономика секторының  басып озатын қарқынына қол  жеткiзудi қамтамасыз ету қажет.

       Сондықтан, индустрияның тұрақты  дамытуын қамтамасыз ету, олар  көрсететiн қызметтер сапасын  жақсарту, өзiндiк құнды тө мендету  мен қызмет көрсетулерге тариф  деңгейлерiнiң тұрақтылығы үшiн  тарифтiк саясатты:

       инвестицияларды ынталандыратын  және орта мерзiмдi кезеңде тарифтердiң  тұрақтылығын қамтамасыз ететiн  тарифтi қалыптастырудың жаңа әдiстерiн  енгiзу;

       есептеудiң халықаралық стандарттарын  және тиiстi қызметтер көрсету  түрлерi мен шығындар элементтерi бойынша шығындарды бөлек есептеу  әдiстерiн енгiзу;

       табиғи монополиялардың тұтынушыларға  әсерiн талдау үшiн ақпараттық  мәлiметтер базасын жасау арқылы  одан әрi жетiлдiру қажет.

       Аталған iс-шараларды кең ауқымда  iске асыру және тарифтердi  белгiлеудiң жаңа әдiстерiн енгiзу  табиғи монополия саласында жұмыс  iстейтiн кәсіпорындарды жаңғырту  әрi ресурстарды сақтайтын және  шығыны аз жаңа технологияларды  енгiзу үшiн, олардың қайтарымдылығы  мен 5 жылға дейiнгi перспективада  тарифтердiң тұрақтылығын қамтамасыз  етуi тиiс. 

      7.5.2. Экологиялық саясат

       Мемлекеттiң экологиялық саясаты  өндiрiстi экологияландыруға бағытталған.

       Қоршаған ортаны қорғау шешiлу  нәтижесi экономиканың барлық  салаларына, сондай-ақ мемлекеттiң  саяси және әлеуметтiк жағдайына  ықпал ететiн, стратегиялық мiндет  болып табылады. әлеуметтiк-экономикалық  қайта өзгерістердiң күллi жетiстiгi  қоршаған ортаны қорғау және  табиғатты орынды пайдалану саласындағы  мемлекеттiк саясатқа тiкелей  байланысты.

       Республикада қоршаған ортаның  жағдайы қанағаттанғысыз болып  отыр әрi ауаның, топырақтың және  судың ластануы халық денсаулығына  керi әсер тигiзуде. Бұл факторларды  өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың  және ластанған ағын сулардың  шоғырлана жиналуы едәуiр күшейте  түсуде.

       Елде ескiрген технологиялардың  болуы ластайтын заттарды қоршаған  ортаға тастаудың жақын арада  азаймайтынын болжауға негiз болады.

       Экономика салаларын қалпына  келтiру мен дамыту ластанған  заттарды қоршаған ортаға шығару  мен тастау көлемiн бiр деңгейде  ұстап тұрған кезде жүзеге  асырылуы тиiс. Сондықтан өнеркәсiптi дамыту, қала құрылысы және басқа  да ауқымды кез келген салалық  бағдарламаны әзiрлеу кезiнде,  оның қоршаған ортаға әсерiн  бағалау мәселелерi қаралуы тиiс.  Осылайша, қоршаған ортаны басқару  жүйесiн жетiлдiретiн экономиканы  экологияландыру жүзеге асырылуы  тиiс.

       Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру, қоғамның барабар қажетiне орай, табиғатты пайдалану процесiн  реттеу үшiн, өндiрiстiң өсуi  кезiнде қалдықтарды шығару, тастау  және жиналу деңгейiн тұрақтандыру  қажет әрi қарай осы шарттарды  сақтай отырып, қоршаған орта  объектiлерiн қалпына келтiру жөнiндегi нақты шараларды дәйектi түрде  жүзеге асыру қажет. Бұл қолданыстағы  табиғатты қорғау заңнамасын  халықаралық талаптарға сәйкес  келтiрудi сөзсiз талап етедi.

       Экономика мен экологияның ортақ  мүдделерiн барынша жақындата  түсу үшiн экспорттық саясатты  өзгерту, жоғарғы технологиялық  өндiрiстердi дамыту, табиғи ресурстарды  мейлiнше аз пайдаланатын, қоршаған  ортаға мейлiнше аз залал келтiретiн  өндiрiстердi құру қажет.

       Экологиялық қауiпсiздiк проблемаларын  кешендi түрде шешу үшiн қоршаған  ортаны нормадан артық, ластайтын  кәсiпорындар үшiн міндетті экологиялық  аудиттi енгiзе отырып халықаралық  стандарттардың ИСО сериясы 14000 және ИСО сериясы 9000 "Сапа  менеджментiнiң жүйесiн" практикаға  енгiзу қажет.

       Қоршаған ортаны басқару жүйесi  ИСО сериясы 14000 пайдалану табиғатты  қорғау заңнамасын жақсартуға, табиғи  ресурстарды ұтымды пайдалануды  ынталандыруға, өнеркәсiп кәсiпорындарының  экологиялық мiндеттемелерiн орындауға,  нәтижесiнде импорт пен экспорт  өнiмдерi бойынша көптеген проблемаларды  шешуге байланысты ДСҰ-ға кiруге  ықпал етедi.

       Жоғары технологиялы өнiмдерге, тауарларға, қызмет көрсетулерге бағытталған  экономикалық даму қоршаған ортаға  салмақтың аз түсуiн қамтамасыз  етедi.

       Барлық экономикалық iс-әрекетте  табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану  принципi болуы тиiс. Қалдықсыз  технологияларды мемлекет марапаттауы  тиiс.

       Әуе бассейнi. Республика қалалары  әуе бассейнiнiң тым ластануы - ластаушылардың металлургия, мұнай  өңдеу және химия өнеркәсiбi  кәсiпорындарының, автомобиль және  темiр жол көлiгiнiң зиянды заттарды  шығаруынан, сондай-ақ қоспаларды  сейiлтетiн қолайсыз климаттық  жағдайлардан туындап отыр.

       Республика қалалары әуе бассейнiнiң  ластануына автомобиль көлiктерiн  пайдаланудың да үлесi аз емес.

       Қоршаған табиғи ортаға керi  антропогендiк әсердi болдырмау  әрi оның күшiн жою, адамның  қалыпты ө міp сүpуi ортасын  жасау үшiн бiрiншi кезекте, елдегi  экологиялық жағдайды шынайы, нақты  және уақтылы бағалау қажет.  Осындай жағдайда ғана табиғи  орта сапасын реттеу жөнiнде  негiзделген шешiмдердi қабылдау  мүмкiн болады.

       Ғаламдық әлеуметтiк сипаттағы  қауiпсiздiк проблемалары мұнай  өңдеу салаларында барынша айқын  көрiндi. Адамзат баласы 1999 жылдың  басында 90 млрд. тоннаға дейiн  мұнай жақты. Бұл ретте мұнай  өңдеу өнеркәсiбi өндiрiсте жаңартылмайтын  шикiзат көздерiн пайдаланатынын, ол Жердiң биосферасын ҚОСЫМША  күн сәулесiнен қорғаушы озон  қабатының ыдырауына, булану әсерiнiң  күшеюiне, Жердiң атмосфера қабатын  ҚОСЫМША қыздыруға әкеп соғатынын  атап өту керек.

       Мұндай проблемаларды шешу бiрiншi кезекте шикiзатты үнемдi пайдалануға  әкелетiн барынша қайта өңдеудi талап етедi. Қазақстан Республикасы  Киото Хаттамасын бекiткен жағдайда, бу газдарының шығарындысына  белгiленген квоталарды сату мүмкiндiгiне  елге жол ашу бүгiнгi күнi нақты  шындық деуге болады.

       Су ресурстары. Республикадағы барлық  су объектiлерiнiң сапалық жағдайы  қанағаттанарлықсыз. Су объектiлерiне  өндiрiстiң мұнай-химия, машина  жасау салалары мен түстi металлургия  кәсiпорындарынан шығарылған шайынды  сулармен бiрге негiзгi ластанулар  құйылады.

       Қазақстанда бар ресурстарға  және елдiң транзиттiк әлеуетiне  көршi елдердiң өткiр мұқтажын  ескере отырып, трансшекаралық суларды  пайдалану проблемаларының кешендi ымыралы шешiмiн iздестiру қажет.

       Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан аумағынан  құйылатын өзен сулары бiздiң  елдiң аумағына ластанып келедi. Осы елдердiң бiрде-бiрi Су ресурстарының  трансшекаралық ластануы жөнiндегi конвенцияға қосылмаған. Осы елдермен  екi жақты шарттарда бұл мәселелер  жеткiлiксiз көрсетiлген, оған бiрлескен  мониторинг және трансшекаралық  су ресурстарының ластануын болдырмау  жөнiндегi ереженi қосу қажет.

       Қайтарылатын сулар табиғи сулар  мен қоршаған ортаны ластаудың  көзi болып табылады, оларды кәдеге  жарату мен тазарту шешiмiн  тапқан жоқ. Қайтарылатын сулардың  көлемi - 4,0 шаршы км-дi құрайды,  су қоймаларына қайтарылатыны  - 2,0 шаршы км-ден аспайды, қалған  ағындар тарала ағады немесе  жоғалады.

       Су ресурстарын қорғау және  тиiмдi пайдалану үшiн:

       шетелдiк және отандық озық  технологияларды, пайдалану ластанған  суларды тазарту, сулардың тартылуын,  қоқыстануы мен ластануын болдырмау  жөнiндегi тәжiрибенi пайдалану;

       қолдағы шаруашылық күшiн, кадрларды,  жобалау және ғылыми әзiрлемелердi  пайдалану;

       суға аса мұқтаж өңiрлерде суды  қажетсiнетiн өндiрiстердi дамыту  қарқыны мен көлемiн шектеу;

       суды сақтау технологиясын, суды  пайдаланудың айналымды және  тұйық жүйесiн жаппай енгiзу;

       өнеркәсiптегi өнiм бiрлiгiне келетiн  үлестiк су тұтынуды азайту  шараларын жүзеге асыру;

       суды пайдалану аясында суды  пайдаланудың шығынын азайту; су  шаруашылығы жүйесiн суды өлшеу  және суды реттеудiң қазiргi құралдарымен  жабдықтау;

Информация о работе ҚР индустриалды инновациялық даму стратегиясы