Инвестициялық идеялар мен жобалардың
келешегiн айқындау саласында
қазiргi кездегi әдiстер қолданатын,
жаңа қаржы институттары құрылады.
Салық және кеден заңнамалары
бәсекелестiктi, қазақстан өнiмдерiнiң
экспортын және елдiң экономикасына
инвестициялардың келуiн ынталандыруға
бағытталады.
Қазiргi заманғы және дамыған ғылыми-инновациялық
және өндiрiстiк инфрақұрылымды
құру, бiлiктiлiгi жоғары басқарушы,
ғалым, инженер, техник кадрлар
мен жұмысшы кадрларын даярлаудың
тиiмдi жүйесiн құру есебiнен инвестициялар,
технологиялар трансфертi, ғылыми
жетiстiктермен алмасу үшiн Қазақстанның
тартымдылық деңгейi жоғарылайды.
Маңызды құрылымдық өзгерiстер
қосылған құны жоғары өнiмнiң
жоғары технологиялық және ғылымды
қажетсiнетiн өндiрiсiнiң пайдасына
жүргiзiледi.
Экспорт елеулi түрде әртараптанады
әрi Қазақстанның дайын өнiммен
әлемдiк рынокқа шығуы кеңейе
түседi, әлемдiк экономикаға Қазақстан
экономикасының кiрiгуi шикiзат тауарлары
ғана емес дайын бұйымдар және
инновациялық қызметтер есебiнен
тереңдей түседi.
Шағын және орта, әсiресе инновациялық
бизнестi дамытуда шешушi бетбұрыс
болады. Елде экономиканың нарықтық
емес секторларының үлесi күрт
қысқарады. Кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық
қызметiнiң ашықтығы қамтамасыз
етiледi.
Тәуекелдердiң азаюы өнеркәсiптiң
өңдеу секторында инвестициялардың
келуіне қозғау салады, оны шетелдiк
инвесторлар үшiн тартымды етедi,
осы секторға қазiргi басқару әдiстерi
мен өндiрiстiк технологиялардың
тартылуын ықпал етедi.
Қор рыноктарының жұмысының түбегейлi
жақсаруы зейнетақы, сақтандыру,
инвестициялық қорлар қаражаты
мен халықтың қаражатын экономиканың
нақты секторының инвестициялық
ресурстарына тарту күтiледi, шикiзат
секторының кiрiстерiн өңдеушi сектор
инвестициялары мен кiрiстерiне, салааралық
капиталға қайта құйылуын өзгертуде
айтарлықтай iлгерiлеу болады.
Ұсынған тәсiлдер мен шаралар
банктер капиталдануының өсуiне
және банктiң кредит тәуекелдерiн
кемiтуге әкеледi. Бұл, өз кезегiнде
инвестициялық ресурстарды өсуiне,
кредит бойынша ставкаларды 3-4
%-ке дейiн тө мендетуге, банктiң
кредит ресурстарын шағын және
орта бизнестiң қол жеткiзуiн
ұлғайтуға қажеттi алғышарттар жасайды.
Банк және басқа да қаржы
институттарына деген сенiмдi нығайту
салымдардың жалпы өңдеу секторындағы
инвестицияға өзгеру проблемаларын
шешедi.
Инвестициялық ахуалды жақсарту
және экономиканы одан әрi ырықтандыру
тұтастай алғанда шетел инвестицияларын
тарту мен тауарларды экспорттаудың
өсуіне ғана емес, отандық капиталды
шетелге заңды түрде әкетуге
және пайдалы орналастыруға әкеледi.
Экономиканың салық ауыртпалығын
азайту және кәсiпкерлiк қызметтi
қайта реттеу жөнiндегi шараларды
iске асыру "ресми" және "көлеңке'
экономиканың ара салмағын елеулi
түрде өзгертедi.
Индустриялық-инновациялық саясатты
белсендi жүргiзу экономиканың
өсу қарқынын жылына кемiнде
8,8-9,2 % қамтамасыз етедi. Бұл 2000 жылмен
салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемi
шамамен 3,5-3,8 есе өседi. Сонымен
қатар, өңдеу өнеркәсiбiнде орта
жылдық өсу қарқыны 8-8,4 % дейiн,
2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы
жұмыс өнiмдiлiгiнiң өсiмi кемiнде
3 есе және ЖIӨ энергияны тұтынуы
- 2 eceгe тө мендейдi.
Стратегияны iске асыру нәтижесi
2015 жылы мұнай және газ кен
орындарын қарқынды игеру кезiнде
өнеркәсiп өндiрiсi мен экономика
құрылымының түбегейлi өзгеруiне
әкелмейдi.
Стратегияны iске асыру:
ЖIӨ құрылымындағы өнiмдердi шығарудың
үлес салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52
%-ке дейiн ұлғайту;
ЖIӨ құрылымындағы ғылыми және
ғылыми-инновациялық қызметтiң үлес
салмағының қызметiн 2000 жылы 0,9 %-тен
2015 жылы 1,5-1,7 %-ке дейiн көтеру;
ЖIӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсiбiнiң
үлесiн 2000 жылы 13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6
%-ке тө мендеуiнiң қарқынын
баяулату (осы көрсеткiш салыстыру
үшiн индустриялық саясатты жүргiзбесе
2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын болады);
Стратегияны iске асырмаса, өнеркәсiп
өндiрiсiндегi тау-кен салаларының
қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның
ішiнде 2000 жылы 31,0 % және 25,6 % салыстырғанда
мұнай өндiру - 50-51 % жетедi. Стратегияны
iске асыруды ескере отырып, тау-кен
өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды. Бұл
ретте ғылымды қажетсiнетiн және
жоғары технологиялы өндiрiстiң
үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0,1 %-тен 2015 жылы
1-1,4 %-кe дейiн өседi.
Өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құн
құрылымында сапалы өзгерiстер
болады. Металлургия және металдарды
өңдеу үлесi өңдеу өнеркәсiбiнiң
қосылған құнының жалпы көлемiнен
40,1 %-тен 27-28%-кe дейiн тө мендейдi,
ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң
үлесi 38,1 %-тен 45-46 %-ке дейiн өседi.
Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн
және жоғары технологиялы өнiм
2000 жылғы 0,6 %-ке қарағанда 9-11 %-тi
құрайды.
Бұл ретте күнкөрiстiң тө менгi
деңгейi, ең аз жалақы және зейнетақы
өседi. Ел тұрғындарының нақты
ақшалай табысы 2,1-2,4 есе ұлғаяды.
Қазақстан Республикасының
2003-2015 жылдары Индустриялық-
инновациялық
дамуы стратегиясына
1-ҚОСЫМША