ҚҚТ әдiсi бойынша экономиканың
басым салаларын айқындау кезiнде
ҚҚТ-ның одан әрi дамуын көздейтiн
бiрлескен өндiрiстердi ұйымдастыруға
орай ТҰК өңiрлiк ө кiлдерiмен
экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз
ету қажет.
3.3.
Ғылымды көп қажет ететiн және
жоғары технологиялы өндiрiстер
құру саласындағы әлеуеттi басымдықтар
Қазiргi экономикалық дамудың негiзгi
сипаттамаларының бiрi озық ғылыми-технологиялық
әзiрлемелердiң негiзiнде белгiлi
бiр уақыт кезеңiнде жасалған
технологияларды кезең-кезеңiмен
ауыстыру процесiмен байланысты
оның әркелкi сипаты болып табылады.
Технологиялық құрылымдардың ауысуы
сәтiнде алдындағы кезеңде кө
ш басында болған елдер капиталдың
құнсыздануына және бұрынғы өндiрiстерде
iстеген қызметкерлердiң бiлiктiлiгiнен
айырылуына тап болады. Жаңа өндiрiстiк-технологиялық
жүйенi қалыптастыруда жетiстiктерге
қол жеткiзiп үлгерген елдер
дәстүрлi жұмсау салаларынан сырғып
бара жатқан капиталды тарту
орталықтарына айналады.
Стратегия индустриядан кейiнгi дамудың
перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық,
инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi
ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта
қағидатты бәсекелестiк артықшылықтарды
алуға жәрдемдесуге тиiс.
Негiзгi бағыттар мыналар болуы
тиiс:
1. Жоғары технологиялы өндiрiстер
қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк
те, салааралық та технологиялар
трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға
жәрдемдесу.
2. Жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетi
бар ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк
ұйымдар мен кәсiпорындар желiсi
бар қалаларда қазiргi заманғы
ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды
жасап, оның қазiргi заманғы элементтерiнiң
қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми
орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар
және c.c.) қолдау.
3. Индустриядан кейiнгi экономика
тұрғысынан алғанда озық салаларды
дамытуда қазiргi ғылыми-техникалық
әлеует салаларын пайдалану.
Қазақстан қазiрдiң өзiнде мына
салалардағы әзiрлемелер негiзiнде
ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi
дамыту үшiн белгiлi бiр ғылыми
базаға ие, оның iшiнде:
биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы
дақылдарының жаңа сорттары мен
жануарлардың генотиптерi, бактериялар
штамдары және басқалары);
ядролық технологиялар;
ғарыштық технологиялар;
жаңа материалдар, химиялық өнiмдер
және басқаларды жасау.
4. Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық
бағыттардың:
жаңа материалдар мен химиялық
технологиялар;
ақпараттық технологиялар салаларында
зерттеулер жүргiзу үшiн қажетті
жағдайлар жасау.
5. Ғылыми-техникалық және өндiрiстiк
ұйымдар мен кәсiпорындардың инновациялық
қызметiн ынталандыруға, ғылым
мен инновациялар салаларына
инвестициялар тартуға, өнеркәсiп
пен қызмет көрсету саласына инновациялардың
жылдамырақ енуiне бағытталған заң шығару
базасын жетiлдiру.
4. Мемлекеттiк даму
институттары
Стратегияның
маңызды мiндеттерiнiң бiрi Мақсатты
инвестициялық және ғылыми-техникалық
стратегияларды iске асыру, инвестициялық
белсендiлiктi реттеу мен ынталандыру
болып табылады, бұл индустриялық-инновациялық
дамудың қазiргi мемлекеттiк басқару
жүйесiн қайта қарауды және
белгiлi бiр дәрежеде қайта құруды
қажет етедi.
Стратегияда айқындалған мақсаттарға
қол жеткiзу үшiн жаңа мемлекеттiк
даму институттарын құру және
қазiргi барын, атап айтқанда: Қазақстанның
инвестициялық қорын, Қазақстан
Даму Банкiн, Инновациялық қорды,
Экспортты сақтандыру корпорациясын
нығайту қажет.
Тұтастай алғанда, даму институттарының
тұрлаулы жұмыс iстеуi орталықсыздандыру,
мамандандыру, бәсекелестiк және
ашықтық қағидаттарына негiзделетiн
бiрыңғай жүйенi қалыптастыруға
тиiс.
Орталықсыздандыру қағидаты жеке
сектордың бастамашылықтарын қолдау
(қаржылай қолдауды қоса алғанда)
көздерiнiң сан түрлi болуын бiлдiредi.
Iс жүзiнде бұл мемлекеттiң қаржы
және ақпараттық ресурстарды
бiр ғана даму институтына жұмылдырмайтынын
бiлдiредi. Бұл:
шешiмдер қабылдау кезiнде ықтимал
жүйелi қателердi болдырмауға;
бәсекелестiктiң негiзiн салуға, соның
нәтижесi ретiнде қолдау көрсету
кезiнде неғұрлым ашық саясат
жүргiзуге;
жеке сектордың бастамашылықтарын
неғұрлым терең талдауды жүзеге
асыруға мүмкiндiк бередi. Мысалы,
егер перспективалы жоба даму
институттарының бiрiнде қолдау
таппаса, онда оны басқа институттан
алу мүмкiндiгi сақталады.
Мамандану қағидаты даму институттарының
қызметтiң белгiлi бiр операцияларына
және/немесе түрлерiне мамандануын
бiлдiредi. Мысалы, Қазақстан Даму
Банкi жобаларды банктiк кредиттеу
арқылы; Қазақстан инвестициялық
қоры - жарғылық капиталға үлестiк
(бақылаусыз) қатысу арқылы; Инновациялық
қор - гранттар, оның iшiнде ғалымдар
мен ғылыми мекемелерге гранттар
беру және капиталға үлестiк
қатысу арқылы жобаларды қаржыландыруға
маманданады. Мамандану қағидаты
даму институттарының мамандану
шеңберiнде операциялармен және
қызмет түрлерiмен ғана айналысатынын
бiлдiрмейдi. Олар өздерi үшiн негiзгi
болып табылмайтын басқа операцияларды
да (қызмет түрлерiн) жүзеге асыра
алады. Бұл үшiн негiзгi емес
операциялар мен қызмет түрлерiн
жүзеге асырудың лимиттерi белгiлендi.
Бәсекелестік қағидаты даму институттарының
қызметiн бәсекелестiк негiзде
жүзеге асыруды бiлдiредi. Мұндай
қажеттiлiк институттардың көпшiлiгiнiң
дамудың осы кезеңiнде жоқ нарық
институттарға елiктеуге бейiлдi
екенiмен байланысты. Институттардың
қызметi нарықтық институттарға
елiктеудi бiлдiретiнiн ескере отырып,
әуел бастан олардың қызметiн
нарықтық, яғни бәсекелестiк негiзде
құру қажет. Бәсекелестiк қағидаты
қандай да бiр институттың қызметi
нәтижелерiн салмақтауға мүмкiндiк
бередi.
Ашықтық қағидаты менеджерлердiң
есептiлiгi мен жауапкершiлiгiн,
қаржы ресурстарын мақсатты әрi
тиiмдi пайдалану үшiн тиiстi бақылауды
қамтамасыз ететiн дамудың мемлекеттiк
институттарын корпорациялық басқарудың
ашық жүйесiн құруды бiлдiредi.
Мемлекет даму институттарының
алдына қойылған мiндеттердi тиiсiнше
iске асыру мақсатында олардың
қызметiне қандай да бiр қысымнан
қорғауды қамтамасыз етуi тиiс.
Осы қағидатты жүзеге асыру
үшiн тәуелсiз директорлар институты
(мiнсiз iскерлiк беделi бар шетелдiк
жоғарғы бiлiктi менеджерлердi тарта
отырып), сондай-ақ корпоративтiк
басқарудың қазiргi заманғы құралдары
белсендi пайдаланылатын болады.
4.1.
Қазақстанның инвестициялық қоры
Қазақстанның инвестициялық қорының
(ҚИҚ) мақсаты Қазақстанда да,
шет елдерде де кәсiпорындардың
жарғылық капиталына үлестiк және
бақылаусыз қатысу арқылы жеке
сектордың экономиканың шикiзаттық
емес секторындағы бастамаларына
қаржылай қолдау көрсету болып
табылады.
ҚИҚ құру қажеттiлiгi қор рыногының
дамымауымен, отандық компаниялардың
капиталдану тө мендiгiне, отандық
рынокта өңдеушi өнеркәсiпке келiп
түсетiн инвестиция ағымына ықпал
ететiн барабар нарықтық тетiктердiң
болмауымен байланысты болып
отыр. ҚИҚ құру қаржы секторы
үшiн қызмет етудiң сапалы жаңа
деңгейiне кө шу қажеттiлiгiне
белгi болып табылады. Банктермен
және басқа да қаржы агенттерiмен
ҚИҚ әрiптестiгi жаңа өндiрiс
пен қаржы рыногының дамуы
үшiн белсендi серпiлiс болады.
Жеке инвестициялық қорлардың
пайда болуымен мемлекеттiк қаржы
институты ретiндегi ҚИҚ рөлi қысқартылатын
болады. Қаржы рыногында 3-5 бiрдей
жеке инвестициялық қорлардың
пайда болуымен жекешелендiрiлетiн
болады.
Қаржылай қолдау көрсету туралы
шешiм ҚҚТ әдiснамасы бойынша
кешендi талдау жасалып, тiзбенiң
неғұрлым маңызды элементтерi анықталғаннан
кейiн жүзеге асырылатын болады.
Егер ҚҚТ талдауының тұжырымдары
ҚҚТ-да бiрқатар өндiрiс құру
қажеттiгiн көрсететiн болса, онда
барлық қажеттi негiзгi өндiрiстi құру
көтермеленетiн болады. ҚҚТ әдiснамасы
бойынша талдау технологиялық
әрi жоба үшiн маңызды өзге де
сипатта жүзеге асырылуы тиiс.
Бұл ретте жобаларды бағалаудың
бiрiншi кезектегi өлшемдерiнiң бiрi
олардың коммерциялық қайтарымдылығы
болып табылады.
Бағалаудың басқа өлшемдерi жобаның
экспортқа бағдар ұстануы немесе
импорт алмастыру бағыттылығы
болады. Талдау мәнi экономиканың
шикiзат секторына жатпайтын жеке
сектордың барлық бастамалары
болуы тиiс.
Жобаларды қаржыландыруды жеңiлдету
үшiн, жеке секторда қаражат
жетiспеген жағдайда ҚИҚ жарғылық
капиталға (акцияларды сатып алуда)
бақылау пакетiн алмай қатысу
арқылы бiрлесiп қаржыландыруға
қатысатын болады. Сонымен қатар
мемлекеттiк пакеттiң жобасы iске
асырылғаннан кейiн сатылатыны
жөнiнде нақты ереже белгiленуi
тиiс.
Бұл ҚИҚ-қа жаңа өндiрiстер, оның
iшiнде жоғары технологиялы өндiрiстер
құруда ғана емес, сондай-ақ бағалы
қағаздар рыногын дамытуда да
ықпал ету мүмкiндiгiн бередi.
ҚИҚ Қазақстанның Даму Банкiмен
тығыз қарым-қатынаста жұмыс iстеуi
тиiс. Бұл екi институт банк
желiсi бойынша жобаларды қаржыландыру
және капиталды бастапқы орналастыру
бағытында бiрiн-бiрi толықтыруы
тиiс.
Таяу және орта мерзiмдi перспективада
шетелдiк маманданған қаржы ұйымдарын
ҚИҚ қызметiне тарту туралы
мәселе қаралатын болады. Ынтымақтастық
шетелдiк мамандарды тарту бағытымен
қатар ҚИҚ жарғылық капиталына
қатысу бағытында да жүзеге
асырылатын болады.
4.2.
Қазақстанның Даму Банкi
Қазақстанның Даму Банкiнiң негiзгi
мiндетi ұзақ мерзiмдi және орташа
мерзiмдi тө мен проценттi банк
кредиттерiн, оның iшiнде экспорттық
кредиттер беру арқылы, сондай-ақ
басқа кредиттiк институттар беретiн
заемдар мен кредиттер бойынша
кепiлдi мiндеттемелер беру арқылы
жеке сектор мен мемлекеттiң
бастамаларына (инфрақұрылымдық
жобалар бөлiгiнде) қаржылай қолдау
көрсету болып табылады.
Қазақстанның Даму Банкiнiң қызмет
етуi қаржы жүйесiнiң банк жүйесiндегi
айтарлықтай тәуекелдерге және
проценттiк ставкаларды тө мендету
қажеттiлiгiне байланысты экономикадағы
ұзақ мерзiмдi және тө мен проценттi
кредиттердi берудi қамтамасыз ете
алмауымен белгiленедi.
Осындай қаржылай қолдау көрсету
туралы шешiм ҚҚТ әдiснамасы
бойынша кешендi талдау жасалып,
тiзбенiң неғұрлым маңызды элементтерi
анықталғаннан кейiн жүзеге асырылатын
болады. ҚҚТ әдiснамасы бойынша
талдау технологиялық және жоба
үшiн өзге де маңызды сипаттарда
жүзеге асырылуы тиiс. Бұл ретте
жобаларды бағалаудың бiрiншi кезектегi
өлшемдерiнiң бiрi олардың коммерциялық
қайтарымдылығы болып табылады.
Таяу арада жарғылық капиталды
ұлғайтуды, еншiлес маманданған
қаржы ұйымдарын, атап айтқанда
лизингтiк ұйымдарды құру мүмкiндiгiн
көздейтiн Қазақстанның Даму Банкi
институционалдық тұрғыда нығайтылатын
болады. Сонымен бiрге Қазақстанның
Даму Банкiне Қазақстан Республикасынан
тысқары жерлерде жобаларды қаржыландыру
құқығы берiлуi мүмкiн.
4.3.
Инновациялық қор
Инновациялық қор тiптi дамыған
елдердiң бәрiнде бiрдей толық
дәрежесiнде бола бермейтiн нарықтық
экономиканың еншiлес функциясын
ынталандыруға тиiс. Бұл функция
экономиканың ақпарат, электроника,
биотехнологиялар және басқалары
сияқты жоғары технологиялық
салаларын құру мен дамыту
үшiн ерекше маңызды. Осыған
байланысты қор қызметiнiң басты
мақсаты Қазақстан Республикасында
инновациялық белсендiлiктiң артуына,
жоғары технологиялы және ғылымды
көп қажет ететiн өндiрiстердi
дамытуға жәрдемдесу болуы тиiс.