Киiм тiгу ҚҚТ сатып алушылық
ҚҚТ-ның айқын мысалы болып
табылады. Ол дизайнерлiк фирмалардан,
көтерме бағамен сатушылардан, бөлшек
сауда дүкендерiнен, тоқу фабрикаларынан,
шикiзатты өндiрушiлер мен өңдеушiлерден
және киiм тiгу фабрикаларынан
тұрады. Осы тiзбекте дизайнерлiк
фирмалар және көтерме бағамен
сатушылар төтенше роль атқарады.
Олар ең жоғары қосылған құнды
алады, сол арқылы ненi өндiру
керектiгiн анықтайды.
Кейбiр елдерде халық табысының
өсуi, тауар өндiрушiлерге қойылатын
экологиялық және басқа да
талаптардың күшейтілуi қосылған
құнды орналастыруға елеулi әсер
етедi. Мысалы, Гонконгте жалақының
елеулi өскенiне және киiм мен
аяқ киiм шығару индустриясында
өзiнiң бәсекелестiк артықшылығын
жоғалтып алғанына қарамастан, ел
ҚҚТ-дан шығып қалған жоқ. Себебi
АҚШ-қа киiм мен аяқ киiм жеткiзуге
квота алуда Гонконг компанияларының
тәжiрибелерi мен қажеттi байланыстары
бар. Егер АҚШ үкiметi квоталарды
жойса, қытай компаниялары өнiмдi
тiкелей жеткiзумен айналысар
едi.
Өндiрiстiк және сатып
алушылық ҚҚТ құрылымы
1. Өндiрiстiк
ҚҚТ (автомобиль жасау, компьютерлер,
авиация құрылысы, электр машиналары)
(схеманы
қағаз мәтіннен қараңыз)
2. Сатып
алу ҚҚТ (киім-кешекті, аяқ киімді,
ойыншықтарды, үй тауарларын дайындау)
(схеманы
қағаз мәтіннен қараңыз)
Қазақстан
жағдайында өздерiнiң құрамында
кендi өндiрумен, оны байытумен,
бастапқы және қайтҒалама металл,
iлеспе элементтер (алтын, күмiс,
сирек жер металдары) шығарумен
айналысатын өндiрiс орындары
бар "Қазақмыс" ААҚ және "Қазмырыш"
ААҚ ҚҚТ-ның тiк құрылымының
жарқын мысалы болып табылады.
Алайда ҚҚТ осымен үзiлiп қалады.
Бұдан кейiн өнiмдi өңдеу басқа
елдердiң компанияларында жүргiзiледi,
оларға аталған кәсiпорындар ресми
түрде қатыспайды, бұл олар алатын
қосылған құнды едәуiр азайтады.
"Қазақстантрактор" ААҚ ұтымсыз
өндiрiстiң мысалы болып табылады.
Бұл кәсiпорын шынжыр табанды
тракторлар құрастыру үшiн негiзгi
тораптарды басқа кәсiпорындардан
сатып алу қағидаты бойынша
ұйымдастырылған. Бұл ретте ол
осы жинақтаушы тораптар мен
бөлшектердi өзiнiң бәсекелестерiнен
сатып алады. Сайып келгенде, трактордың
түпкiлiктi бағасы бәсекелестерiнiкiнен
үнемi жоғары болып шығады.
Индустриялық-инновациялық саясатты
iске асыру үшiн ықтимал бәсекелес
өндірістердi, оның iшiнде әлемдiк
рыноктардың даму үрдiстерi мен
жеке сектордың бастамаларын
ескере отырып, экономикалық ҚҚТ-не
құратын экспортқа бағдарланған
өндiрiстердi айқындау мақсатында
экономика салаларының даму деңгейiне
кезең-кезеңмен талдау жасап тұру
қажет.
Сонымен бiрге Қазақстан салалық
ҚҚТ-ларда өзiнiң орнын табу
мақсатында әлемдiк және өңiрлiк
рыноктарды зерттеудi күшейтуi қажет.
Бұл мiндет әлемдiк экономикаға,
оның iшiнде тiптi шикiзат секторына
қосылуды басынан бастауға тура
келетiнiмен қиындай түседi.
ҚҚТ бүкiл тiзбегiн қайтадан
қалпына келтiрудi көтермелеудiң
қажеттiлiгi бола қоймас, тек қосылған
құны барынша жоғары элементтердi
немесе әлемдiк рыноктарға шығуға
және қосылған құны барынша
жоғары экономикалық белсендiлiктерге
одан әрi қадам басуға мүмкiндiк
беретiн элементтердi ғана көтермелеу
керек.
Осыған байланысты мемлекеттiк
қолдау қазiргiдей ҚҚТ жекелеген
элементтерi бойынша iшiнара емес,
оның барлық негiзгi элементтерi бойынша
кешендi түрде көрсетiлуi тиiс. Басқаша
айтқанда, қолдау жеке алынған
кәсiпорынға немесе салаға емес,
тiптi әртүрлi салалардағы, бiрақ бiрыңғай
ҚҚТ шеңберiнде өзара байланысқан
салалардағы барлық немесе негiзгi
кәсiпорындар бойынша көрсетiлуi
керек. Мемлекеттiң үйлестiрушi
және жоспарлаушы қызметi осымен
тұжырымдалмақ.
Экономика салаларына және әртүрлi
өндiрiстерге ҚҚТ әдiстерiн ескере
отырып талдау жасау үшiн Маркетингтiк-талдама
зерттеулерiнiң орталығы құрылатын
болады. Орталықты құруға рыноктар
маркетингi және оларды терең
зерделеу саласындағы консалтингтiк
қызмет көрсетудiң отандық нарығының
туындауы мен қалыптасуының бастапқы
сатыда тұрғаны, талдау зерттеулерi
шығыстарының шамадан тыс жоғары
екенi және жеке сектордың әлемдiк
деңгейде жүзеге асырылатын рынокты
талдау зерттеулерiне зәрулiктi бастан
өткеруi түрткi болып отыр. Мемлекет
орталық құра отырып осы саланың
қарқынды дамуына едәуiр серпiн
бередi. Консалтингтiк қызмет көрсетудiң
отандық рыногының өсуi және
қалыптасуы бойынша орталықтың
мемлекеттiк ретiндегi қызмет етуi
орынсыз болады және ол 3-тен
5 жылға дейiн орта мерзiмдi перспективада
жекешелендiрiлетiн болады.
3.2.
Өнеркәсiптi жаңғыртудың басым бағыттарын
анықтау үшiн отын-энергетикалық
кешеннiң (ОЭК) және экономиканың
басқа да базалық салаларының
инвестициялық және өндiрiстiк
әлеуетiн пайдалану
Iрi инвестициялық жобалар өзiнде
шоғырланған және өнiмнiң әрбiр
өзгерту сатысында қосылған құны
мөлшерiн арттыру арқылы технологиялық
тұрғыдан бiрнеше қайтара өзгертуге
болатын өнiмдер шығаратын өндiрiс
орындары ҚҚТ әдiсi бойынша
бәсекеге түсуге қабiлеттi және
экспортқа бағдарланған өндiрiстердi
дамыту мен қалыптастыру алаңына
немесе базасына айналуы тиiс.
Iс жүзiнде барлық мұнай экспорттаушы
елдердi дерлiк өз экономикасын
әртараптандыру проблемасы алаңдатады.
ДҮние жүзiнде осы бағытта бiраз
тәжiрибе жинақталған.
Мұнай және мұнай өнiмдерiне
конъюнктура өзгерiстерiнiң әсерiн
тө мендету мақсатында аса
iрi мұнай экспорттаушы елдер
соңғы он жылдықта мұнай экспорттаудан
алынатын табысты қайта бөлу
есебiнен экономиканың өндiрiстiк
құрылымын жетiлдiру жөнiндегi шараларды
iске асыруда. Осымен бiр мезгiлде
дамыған елдер экономикасынан
кiрiс алу мақсатында басқа
елдерге капитал экспорттау жұмысы
жүргiзiлуде.
Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсiбiне
жылдан жылға кө бейiп келе
жатқан инвестициялар көлемi экономика
құрылымын әртараптандыруға қолайлы
орта болып табылады.
Осыған байланысты, Каспий теңiзiнiң
қазақстандық секторын (КТҚС) игеру
индустрияны дамытудың негiзгi қозғаушы
"локомотивтерiнiң" бiрi болып
табылады, онда күнiлгерi бағалау
бойынша кө мiрсутектердiң жалпы
қоры 8,0 млрд. тоннаны құрайды, ол
күтiлiп отырғандай, Қазақстанда
кө мiрсутектер өндiрудiң неғұрлым
елеулi өсiмiн қамтамасыз етедi.
Перспективада қайраңдағы кен
орындарынан мұнай өндiру жылына
150-200 млн. тоннаға жетiп, 25-30 жыл
бойы осы деңгейде тұруы мүмкiн.
Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi
тұзды кен орындары мұнайда
сұйылған газдың құрамы жоғары
- шамамен 60% көлемiнде болуымен
сипатталады. Қашаған кен орнының
мұнайында ғана алынатын газдың
қоры Қарашығанақ кен орнының
қорымен ғана теңесуi мүмкiн деп
күтiлуде.
Тұтастай алғанда Қазақстанның
орта және ұзақ мерзiмдi перспективасында
ОЭК-iнiң дамуы КТҚС-ның дамуымен
айқындалатын болады, өйткенi 2006 жылдан
кейiн оншорлық кен орындарында
өндiрудiң өсуi шамалы болады.
Каспий өңiрi кө мiрсутегiн өндiрудiң
өсуiне, магистральдық, оның iшiнде
экспорттық мұнай және газ
құбырларын, жүктердi сақтау және
ауыстырып тиеу үшiн теңiз порттары
мен порт құрылыстарын, мұнай
құятын және газ толтыратын
темiр жол терминалдарын салуға,
электр энергетикасында және
телекоммуникациялық инфрақұрылымда
жаңа қуаттарды енгiзуге байланысты
Қазақстанның жалпы экономикалық
қарқынына едәуiр көлемде әсер
ететiн инвестициялық және өндiрiстiк
белсендiлiктiң қуатты өсуiн бастан
кешiретiн болады.
Каспийде кө мiрсутегiн өндiрудiң
дамуы мұнай-химия индустриясы
үшiн отандық шикiзат базасының
қалыптасуына жағдай жасайды. Iрi
инвесторларды тарта отырып, Қашаған
кен орнының өнеркәсiп аймағының
маңында iлеспе табиғи газды
ұқсату жөнiндегi мұнай-химия кешенiн
салу жоспарлануда. Кешен мұнай-химия
өнiмдерiнiң сұйық және бастапқы
компоненттерiнiң ауқымды бөлiгiн
- этан, пропан, бутан, гексан, этилен,
пропилен, ацетилен, бензол, ксилол
және басқаларын, олардың негiзiнде
пластикалық массалар мен эластомерлер
алуға мүмкiндiк бередi.
Алдағы он бес жылда Қазақстан
мұнайын өндiрудi дамытуға инвесторлар
80 млрд. АҚШ долларынан астам қаржы
салуға ниет бiлдiруде. Бұл қаражат
iске қосылатын кәсiпорындардың
жұмысын қамтамасыз ететiн өндiрiстiк,
инфрақұрылымдық және әлеуметтiк
объектiлер салуға жұмсалатын
болады.
Аталған инвестициялық жұмсалымдар
тауарлар мен қызметтер көрсетулердiң
ауқымды түрiне сұраныс тудырады,
олардың бiр бөлiгi Қазақстан
жағдайы үшiн уақытша сипатта
болады, ал басқа бөлiгi мұнай қорлары
сарқылғаннан кейiн де сыртқы және iшкi
рыноктарда қажет болатын өндiрiстер құруға
бағытталатын болады.
Мысалы, Каспий жағалауының инфрақұрылымын
дамыту демалыс және ойын-сауық
индустриясын құру үшiн, теңiз
порттары - жүктердi тасымалдаудағы
көлiк шығыстарын азайту үшiн,
машина жасау зауыттары - баржалар,
жүк, кәсiпшiлiк және әскери
кемелер, жабдық пен тұрмыстық
техниканың мол ассортиментiн
шығару және т.б үшiн алғышарт
жасайды.
ҚҚТ дамыту бөлiгiнде шикiзатты
ұқсатуды кеңейте түсудiң жақсы
перспективалары бар.
Мұнай мен газды ұқсатуды кеңейте
түсу iс жүзiнде экономиканың барлық
салалары мен тұрмыста пайдаланылатын
полимерлiк бұйымдардың шамамен
200 түрiн шығаруға мүмкiндiк жасайды.
Осы бағытта ҚҚТ-ны дамыту көп
салалы трансұлттық корпорация
құруға жағдай жасайды.
ҚҚТ-ны дамыту үшiн металлургия
өнеркәсiбiнде жақсы перспективалар
бар. Қазақстанда Д.Менделеевтiң
периодтық жүйесiнiң 100-ге жуық
элементiн қамтитын минералдық
рудалардың қорлары бар КСРО
тұсында оның 74 элементi өнiмiнiң
алуан түрiне пайдаланылады. Қазақстанның
түстi металлургия өнiмi ғылымды
көп қажет ететiн және жоғары
технологиялы тауарларды - ғарыш
аппараттарын, қару-жарақ, электр
техникасын жасауда пайдаланылды.
Қазақстанда түстi, асыл және сирек
кездесетiн жер металдарының кең
ауқымды мөлшерiн күрделi және
қоры аз рудалардан, руда үйiндiлерiнен,
металлургиялық шлактар мен қайта
өңдеу қалдықтарынан алу жөнiндегi
ғылыми-инновациялық әзiрлемелердi
түстi металлургия кәсiпорындарында
енгiзудiң осы саласында да
зор ғылыми әлеуетi мен тәжiрибесi
бар. Металлургиялық қалдықтар
мен руда үйiндiлерiн ұқсату
жөнiндегi жаңа технологияларды енгiзу
орта мерзiмдi перспективада қосылған
құны жоғары өнiм алуға мүмкiндiк
бередi.
Қазақстанға iрi инвестициялардың
ағылуы түстi металлургия, химия
және жиhаз өнеркәсiбiнiң өнiмдерiне
және т.б. сұраныс тудырады. Осының
бәрiн мұнай мен газды және
металдарды өңдеудi кеңейте түсу
есебiнен Қазақстанда шығаруға
болады әрi болашақта бұл өнiм
әлемдiк рынокта өз орнын табады.
Қазақстан әлемдегi iрi астық өндiрушiлердiң
бiрi болып табылады. Астық өңдеу
процесiн тереңдету көп салалы
әәT-ны құрудың негiзгi базасы болуы
мүмкiн. Осындай тiзбектi дамытудың
бағыттары астық өңдеудiң технологиялық
процесiн кеңейтуден де, жемшөп
өндiру, мал шаруашылығы, ет пен
сҮт өнiмiн шығаруды дамытудан
да көрiнедi. ҚҚТ-ға, сондай-ақ элеваторлар
да, ауыл шаруашылығы техникасы
мен минералдық тыңайтқыштарды
шығару жөнiндегi зауыттар да, табиғи
тағам бояғыштарын, фармацевтикалық
бұйымдарды, биотехнология өнiмдерi
мен басқаларын шығару жөнiндегi
кәсiпорындар да кiредi.
Экономика құрылымын және қазақстандық
экономиканың экспорттық бағытын
әртараптандырудың аталған бағыттары
әлеуеттi тұрғыдан басым бағыт
болып табылады. Алайда ұсынылып
отырған жобаларды iске асыруға
мемлекеттiк қолдау көрсету жөнiндегi
түпкiлiктi шешiмдi әәT әдiсi бойынша
аталған өнiмдердi барынша қайта
өңдеу бөлiнiсiнде дамыту мүмкiн
болатын бәсекелестiк артықшылықтарды
егжей-тегжейлi талдаудан кейiн
ғана қабылдау қажет.