ҚР индустриалды инновациялық даму стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 18:05, реферат

Краткое описание

Индустриялық саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi және тиiмдi ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшiн кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн бiлдiредi.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк стратегиясы 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс.

Файлы: 1 файл

ҚР индус иннов даму стратегиясы.docx

— 101.93 Кб (Скачать)

       Инновациялық қорды құру инновацияларды  енгiзудiң тиiмдi және нарықтық  тетiктерiнiң болмауына қатысты  кеңес ө кiметiнен кейiнгi кеңiстiктiктiң  барлық елдерiне тән жүйелi  проблеманы шешуi тиiс.

       Бұл проблеманың екi жағы бар.  Бiрiншiден, бұл әзiрленген инновацияларды  енгiзудiң қажеттiлiгi. Екiншiден, жаңа  инновацияларды әзiрлеу үшiн қолданбалы  ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық  жұмыстарды қаржыландыру.

       Осы проблеманы шешу үшiн Инновациялық  қордың негiзгi күш-жiгерi жеке  сектор тарапынан Қазақстандағы  венчурлiк қаржыландыруды ынталандыру  мен дамытуға және инновациялық  инфрақұрылымды құруға бағытталуы  тиiс. Инновациялық қор өз қызметiнiң  бастапқы кезеңiнде отандық және  шетелдiк серiктестермен бiрге  инновациялық жобаларды қаржыландыруды  жүзеге асыратын және венчурлiк  қорларды құратын болады.

       Инновациялық қор отандық еншiлес  капиталдың құралуы және өсуi  бойынша еншiлес жобаларды қаржыландыру  жөнiндегi қызметiн тоқтатып, өз белсендiлiгiн  инновациялық инфрақұрылымды нығайтуға  және қолданбалы ғылыми зерттеулердi  қаржыландыруға бағыттайтын болады.

       Қордың негiзгi мiндеттерi:

       инновациялық инфрақұрылым элементтерiн  (технополистер мен технопарктердi, ақпараттық-талдау орталықтарын  және т.б) құруға қатысу;

       отандық және әлемдiк деңгейдегi iрi еншiлес инвесторлармен бiрлесiп  еншілес қорларды құру;

       құрылатын және жұмыс істеп  тұрған кәсiпорындардың жарғылық  капиталдарына жоғары технологиялы  және ғылымды көп қажет ететiн  өнiм өндiру, жаңа технологияларды  әзiрлеу мақсатында қатысу;

       коммерциялық тиiмдiлiгi мен экономиканы  технологиялық дамыту тұрғысынан  әлеуеттi перспективалы болып  табылатын жаңа технологияларды,  тауарларды, қызмет көрсетулердi  жасауға бағытталған жекелеген  ғылыми зерттеулер мен тәжiрибе-конструкторлық  жұмыстарды гранттар беру арқылы  қаржыландыру болып табылады.

       Инновациялық қордың гранттарды  бөлу туралы шешiмi шетелдiк  ғалымдарды тарта отырып, тәуелсiз  ғылыми-техникалық сараптама жүргiзiлгеннен  кейiн ғана жүзеге асырылуы  тиiс. Қаржыландыру үшiн таңдалған  ғылыми зерттеулер ҚИҚ және  Қазақстанның Даму Банкi арқылы  қаржыландыру аясындағы жобаларға  тұтас алғанда сәйкес келуi тиiс.

       Елдегi венчурлiк институттардың  кенже қалғанын ескере отырып, Стратегияны iске асырудың бiрiншi кезеңiнде венчурлiк қызметтi көтермелеу  және реттеу үшiн барабар заңнамалық  база әзiрленiп, қабылданатын болады.

       Ғылыми зерттеулердiң барлық түрлерiнiң  жаңа бiлiмдердi жинақтау жүйесiнде  бiрдей мәнi бар және қолданбалы  ғылыми зерттеулерге ғана арнайы  басымдық беру орынсыз екенiн  шетелдiк тәжiрибе көрсетiп отыр. Бұдан өзге, еңбек пен капиталдың  өнiмдiлiгiн арттыру, демек экономиканың  бәсекелестiгiн арттыру, дербес  ғылыми-техникалық әлеует құрмай  және нығайтпай мүмкiн емес.

       Сондықтан да iргелi ғылыми зерттеулердi  қаржыландыру мемлекеттiк бюджеттен  жүзеге асырылатын болады.

       Инновациялық қор өз қызметiн  мемлекеттiк ғылыми-техникалық және  инновациялық саясат шеңберiнде  жүзеге асыратын болады. 

      4.4. Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация

       Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорацияның  негiзгi мiндетi саяси және регулятивтiк  қатерлердi сақтандыру және қайта  сақтандыру арқылы қазақстандық  өндiрушiлердiң тауарлары мен қызметтерiнiң  экспортына тiкелей жәрдемдесу  болады. Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация қазақстандық өнiмнiң  экспортын дамыту, ықтимал өткiзу  рыноктары туралы ақпаратты зерделеу  және кейiннен тарату үшiн маркетингтiк  зерттеулер жүргiзетiн болады. Бұл  жалпы әлемге танылған тәсiл  болып табылады әрi қаржылық және  әкiмшiлiк тұрғыдан алғанда экспорттық  транзакцияларды жеңiлдетуге тиiс.  Отандық сақтандыру рыногының  өсуi және оның экспорттық-импорттық  операциялармен байланысты тәуекелдердi  сақтандырудың дайындығы бойынша  Экспортты сақтандыру корпорациясы  коммерциялық сақтандыруды қысқартып,  саяси тәуекелдердi сақтандыру  мен халықаралық рыноктар туралы  коммерциялық ақпаратты таратуға  баса назар аударатын болады. 

5. Сауда саясаты 

      5.1. Сауда режимiн ырықтандыру

       Сауда саласы индустриялық-инновациялық  даму жүргiзiлетiн басты "алаң' болуы тиiс. Осының әсерiнен  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  сауда саясаты нарық экономикасын  өздiгiнен реттеудiң басты тетiгi - бәсекелестiктi дамыту үшiн жағдай  жасауға бағытталатын болады.

       Ішкi рынокты импорттан одан  әрi қорғау отандық өңдеу өнеркәсiбi  тауарларының шетел кәсiпорындарының  бағасы әрi тұтыну сипаттары жағынан  да ұқсас түрлерінен мүлдем  артта қалуына әкелiп соғады.

       Ғаламдану кезеңiндегi жабық та  шағын экономика ол капитализмнiң  ерте сатысында бiржола қалып  қоюы мүмкiн (Бұл Орталық Азия  елдерi арасында орын алып отыр). Жабық экономика саясатының зардабы  Қазақстанның тоқсаныншы жылдар  басынан өткергенiнен де әлдеқайда  ауыр болуы мүмкiн.

       Бәсекелестiктi және экспортты ынталандыру  саясаты импорт алмастыру саясатының  орнын басатын болады.

       ТМД бойынша жақын әрiптестермен  еуразия өңiрiнде бiртұтас экономикалық  кеңiстiк құру Үкiметтiң сауда  саясатының басты мiндетi болып  айқындалады. Бұл ретте елдi  өңiрдегi жоғары технологиялы, экспорт-импорт, инвестиция, қаржы және сауда  орталығына айналдыру бағыты  көзделедi.

       Әлемде экономиканың экспортқа  бағдарланған модельдерiн құрудың  бай тәжiрибесi жинақталған.

       Экспорттық бағдарланудың бес  түрiн бөлiп алуға болады: шикiзат  ресурстарының экспорты, экспорттық-өңдеушi аймақтар, құрамдас бөлiктер экспорты, толығымен дайын тұтыну өнiмдерiнiң  экспорты және меншiктi сауда маркалары  (брендтер) бар өнiмдер экспорты.

       Шикiзат тауарларының экспорты  дамушы елдер экспортының негiзгi түрi болып табылады. Африка елдерi, ОАР-ды қоспағанда экспорттың  бұл түрi барлық экспорттың 90 процентiн  құрайды, Латын Америкасы және  Оңтүстiк-Шығыс Азия үшiн 30-60 процент  шамасында. Қытай, Оңтүстiк Корея,  Сингапур сияқты бiрнеше елдерде  ғана шикiзат экспорт үлесiнiң  орны азғана.

       Экспорттық-өңдеушi өңiрлер (ЭӨӨ) арзан  жұмыс күшi бар елдерде және  қарапайым өнiмдi жинау кезiнде  едәуiр еңбек шығындарының қажет  ететiн салаларда қалыптасады.  Мұндай өнiмдердi өндiретiн кәсiпорындар  әдетте шетел инвесторлары иелiгiнде  болады. Мемлекеттер жергiлiктi халықты  жұмыспен қамту және шетел  валюталарын алу проблемаларын  шешу мақсатында инвестицияларды  көтермелеу үшiн мұндай аймақтарға  белгiлі бiр жеңiлдiктердi бередi.

       Экспорттық-өңдеушi өңiрлер дамушы  елдердiң экспортты индустриялаудағы  бiрiншi кезең болып табылады. Мұндай  аймақтар бiрiншi 60-жылдары Азияда  және Мексикада пайда болды.  Қазiргi кезде ЭӨӨ жалақы өте  тө мен елдерде - Қытай мен  Оңтүстiк Шығыс Азияда басымдыққа  ие болып отыр. Африка ЭӨӨ-ның  болуы тұрғысынан шетел инвестицияларына  мәдениеттегi бар кедергiлер мен  шоғырланған арзан адам ресурстарының  жетiспеушiлiгiнен, дамымаған инфрақұрылым (әсiресе көлiкте) салдарынан әлемнiң  үшiншi сатыдағы мемлекеттерiнен  тұтастай кейiндеп қалып отыр. Латын Америкасында ЭӨӨ жұмыс  күшiнiң арзандығынан және iрi өткiзу  рыногы - АҚШ-тың жақындығынан айтарлықтай  таралып отыр.

       Құрамдас бөлiктерiнiң экспорты (ҚБЭ)  автомобиль жасау және электроника  секiлдi жоғары технологиялы салалар  өнiмдерiнің құрамдас бөлiктерiнiң  өндiрiсi мен экспортын бiлдiредi. ҚБЭ негiзiнен жаңа индустриялы  елдерде жүзеге асырылады (Оңтүстiк  Корея, Сингапур, Тайвань). Өнiмдi түпкiлiктi жинау дамушы елдерде жүзеге  асырылады. Жаңа индустриялық  елдердегi кәсiпорындарды трансұлттық  компаниялардың бақылауы ҚБЭ-ның  ерекшелiгi болып табылады.

       Толығымен дайын тұтыну өнiмдерiнiң  экспортын (ТӨЭ) жергiлiктi компаниялар  жүзеге асырады, ал дизайн, маркетинг,  көтерме және бөлшек сауданы  дамыған елдердiң ipi шетел компаниялары  бақылайды. ТӨЭ-дегi жетекшi рөлдi жаңа индустриялық елдер иеленiп  отыр. Мысалы, 1980 жылы Гонконгтың, Оңтүстiк  Корея және Тайваньның экспорттық  үлесi дамушы елдерде өндiрiлген  барлық ТӨЭ-нiң 72 процентiн құрады. ТӨЭ-нiң ө мiршең түрлерi үшiн  қажеттi ҚОСЫМША кө мекшi салаларды  Шығыс Азия елдері ғана құрғанын  айта кету қажет.

       Меншiктi сауда маркалары (брендтер) бар дайын өнiмнiң экспорты (ММЭ)  ТӨЭ-ден де асатын өнiм экспортының  түпкi өнiм түрi болып табылады. Компанияларды шетелдiк рынокқа  меншiктi брендтерiмен енуi ММЭ-нiң  ерекшелiгi болып табылады. Оңтүстiк  Корея ММЭ-нiң жарқын мысалы  болып табылады: осы елдiң компаниялары  шетелдiк рыноктарға автомобиль  жасау және электроникадағы меншiктi брендтерiмен қатысады.

       ММЭ тұтастай қарасақ, оны жеке  алынған елдiң экспорттық саясатының  жемiсiн бағалау мүмкiн болатын  стандарт болып табылады. әлемдегi  экспорттық бағдар түрлерiне шолу  кестеде көрсетiлген. 

__________________________________________________________________

              |  Шикiзат      |Экспорттық-| Құрамдас  | Дайын     | Меншікті

              | тауарлары-  |  өңдеуші     | бөліктер   | өнімдер    | брендтері

              |    ның         |  өңірлер      | экспорты  |экспорты   | бар дайын

              |  экспорты    |                  |                |               |   өнім

              |                   |                 |                 |              | экспорты

________|____________|___________|__________ |________ |____________

 Шығыс         х                      х                   х              х            х

 Азия 

 Оңтүстік-

 Шығыс

 Азия 

                      х                      х                    х

 Латын             х                     х                     х

 Америкасы 

 Оңтүстік         х                     х

 Азия 

 Африка          х                     х

__________________________________________________________________ 

      Дамушы  елдердiң экспорттық бағытының  көп түрлiлiгiне қарамастан оның  соңғы төрт түрiнiң пайда болуына  әкелетiн нақты тетiгi бар.

       Iрi трансұлттық компаниялар арзан  жұмыс күшiн іздеп коммерциялық  тапсырыстарды шығыс-азия елдерiне  орналастырды, ал олар өз кезегiнде  елдегi жұмыс күшiнiң қымбаттауына  байланысты жұмыс күшi арзан  болып тұрған елдерге тапсырыстарды  қайта орналастырып отырды. Бұл  процесте Шығыс Азияның дамушы  елдерi дамыған елдердiң компанияларынан  түскен коммерциялық тапсырыстар  арқылы өзiнiң индустриялық әлеуетiн  дамытуға мүмкiндiк алды. Өзiнiң индустриялық әлеуетiн жетiлдiре келе дамушы елдер өз тұғыр-шебiн нығайтып, экспорттың жаңа түрлерiне iлгерiледi.

       Әлемнiң көптеген елдерi коммерциялық  тапсырыстар арқылы жаңа индустрияларды  негiздеу мүмкiндiгiне белгiлi жағдайларға  байланысты ие болған жоқ. Басқаша  айтқанда, трансұлттық компаниялар  кейбiр Шығыс Азия елдерiнiң  әлемдiк экономикаға кiруiне және  дамыған елдердiң бай рыноктарына  одан әрi қол жеткiзуiне кө мектестi.

       Бәсекелестiк жағдайларды жасау  мақсатында заңнамалық база сындарлы  талданатын болады және Қазақстан  рыногында салауатты бәсекелестiктi орнатуға кедергi жасайтын тауарлар  мен қызмет көрсету жолындағы  барлық кедергiлер жойылатын болады.

       Сауда режимiн кезең-кезеңiмен  ырықтандыру сауда саясатының  стратегиялық бағыты болуы тиiс.  Бұл саясатты қосылған құн  тiзбегiн одан әрi дамыту пайдасына  шикiзат салалары кiрiстерiн бөлшектеп  қайта бөлу, сондай-ақ ғылыми және  инновациялық әзiрлемелерге негiзделетiн  жаңа өндiрiстердi ұйымдастыру  арқылы, мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмдерде  жүргiзу қажет. 

      5.2. ДСҰ-ға кiру

Информация о работе ҚР индустриалды инновациялық даму стратегиясы