Соңғы проблема жұмыс күшiнiң
салааралық қайта айналуы мен
өңiраралық ауысуы, оны жұмылдыруды
арттыру есебiнен жеңiлдейтiн болады.
Бұл кадрларды, оның iшiнде жұмысшы
мамандарын кәсiби даярлау және
қайта даярлауды мемлекет арқылы
да, өңiрлердегi еңбек рыногы мен
тұрғын үй, әлеуметтiк-тұрмыстық блок,
өндiрiстiк инфрақұрылымды және т.б. дамытудың
жекеше жүйесi арқылы да жүзеге асыруды
талап етедi.
БҮгiнде Қазақстанның еңбек және
жұмыспен қамту рыногына Қазақстанда
жұмыс iстейтiн шетел компанияларындағы
шетел мамандары мен жұмысшыларының
ағылып келуi айтарлықтай салмақ
түсiрiп отыр.
Компанияларда мынадай таңдау
мүмкiндiктерi бар:
Қазақстан Республикасының Үкiметi
белгiлеген квота шеңберiнде шетел
мамандарын тарту немесе;
сондай бiлiктiлiгi бар жергiлiктi
кадрларды, бiршама тө мен деңгейдегi
еңбекақыға тарту.
Стратегияны iске асырудың екiншi
кезеңiнде Қазақстан Республикасының
Yкiметi шетел жұмысшы күшiн
тартудың тетiктерiн жетiлдiру
туралы мәселенi қарайды.
7.1.2.
Бiлiм берудi дамыту және кадрлар
даярлау
Сапалы адам капиталының болуы
индустриялық-инновациялық стратегияны
ойдағыдай iске асырудың ажырамас
шарты болып табылады.
Бiлiм беру секторы барлық елдер
экономикасының тұрақты дамуын
қамтамасыз ететiн басты "отты
нҮктелердiң" бiрi болып отыр.
Ғаламдану жағдайында экономикасы
дамыған елдер неғұрлым перспективалы
ғалымдар мен жоғарғы бiлiктi мамандарды
шоғырландыруды өзiнiң басты басым
саясаты етiп алды.
"Ақыл-ойдың сыртқа кетуi" бұрынғы
коммунистiк елдердiң экономикасын
дамытуды баяулататын басты фактордың
бiрi болды. Бұл ахуалды тұрақтандырмай
әрi елдегi бiлiм берудiң жалпы
деңгейiн көтермей, Қазақстан әлемде
лайықты орын ала алмайды.
Қазiргi жағдайда экономикалық өсу
ғылыми-техникалық прогреспен, бiрiншi
кезекте, еңбек ресурстарының
кәсiби сапасымен теңестiрiледi.
Қазақстандағы бiлiм беру жүйесi
ырғақты дамитын ғаламдану мен
ақпараттанудың қарқынды әлемдiк
процестерiне барабар әрекет етуге
қабiлеттi болуы тиiс. Бiлiм берудi
реформалау және еңбек ресурстарын
дайындау саласындағы нақты мемлекеттiк
саясат кәсiптiк техникалық бiлiм
беру және инновациялық менеджмент
бөлiгiнде де қажет.
Осы саладағы жұмысты жүйелеу
дамыған елдердiң тәжiрибесiн жұмыс
берушiлермен тығыз қарым-қатынас
негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
Кейбiр елдерде, мысалы Германияда
бизнестiң барлық субъектiлерi
жұмыс күшiне сұранысқа сәйкес
жұмысшы кадрларды даярлауды
және қайта даярлауды қамтамасыз
ететiн ұйымдардың мүшелерi болуға
мiндеттi. Мұндай ұйымдардың әр
мүшесi өзiнiң жарнасын төлеуi
тиiс әрi өзiне қажет жұмысшы
кадрлардың кәсiптерiне өтiнiм
бере алады.
Шетелдiк тәжiрибе көрсеткендей,
инновациялық қызмет аспирантура
мен докторантурада толықтырылған
барабар жоғары бiлiмдi талап етедi.
Бiлiм беру процесiн реформалау
өтпелi және кәсiптiк кадрларды
даярлаудың барлық деңгейi мен
бағытын қамтуы тиiс.
Бiлiм беру мен кәсiби мамандарды
даярлау саласындағы мемлекеттiк
саясат мына мiндеттердi шешуi тиiс:
бiлiм берудi дамыту басымдықтарының
бiрi ретiнде инновациялық қызмет
үшiн кадрлар даярлауды айқындау;
мемлекеттiң және жеке сектордың
қатысуымен жұмысшы және техникалық
мамандықтардың мамандарын кәсiптiк
даярлау, аттестаттау және қайта
даярлау мәселелерiмен айналысатын
институттарды құру;
бiлiм берудiң барлық түрлерiнiң
материалдық-техникалық және әдiстемелiк
базасын ұлғайту;
халықаралық стандарттарға сай
келетiн бiлiм беру стандарттарын
әзiрлеу мен енгiзу;
құрылатын жаңа өндiрiстер мен
басқалары үшiн жоғарғы бiлiктi
мамандарды Қазақстанда құрылатын
жаңа өндiрiстерiндегi жұмыс үшiн
даярлау және тарту саласындағы
халықаралық ынтымақтастық;
жоғары технологиялы өндiрiстер
саласында кадрларды даярлау
үшiн жаңа жоғары оқу орындарын
(халықаралық тәжiрибе негiзiнде)
құру немесе жұмыс iстеп тұрған
жоғары оқу орындарын мамандандырылған
институттарға (университеттерге) қайта
бейiмдеу;
Республикада инновациялық қызметтi
дамыту үшiн: инновациялық жобалардың
менеджерлерi мен сарапшылары;
халықаралық маркетинг пен патент
құқығы, инновациялық жобалардың
ықтимал тәуекелiн бағалау және
оны азайту тәсiлдерi бойынша,
венчурлiк қаржыландыруды ұйымдастыру
және басқалары бойынша мамандарды
қажеттi мамандықтар бойынша даярлау.
7.1.3.
Денсаулық сақтауды дамыту
Халықтың денсаулық жағдайы кез
келген елдiң әлеуметтiк-экономикалық,
мәдени және индустриялық даму
деңгейiн айқындайды.
Денсаулық сақтау саласы халықтың
әл-ауқатының тұрлаулы да тұрақты
өсу тұрғысынан елдегi негiзгi
және басым сала болып табылады.
Стратегия аясында денсаулық
сақтау саласының негiзгi мiндетi
өзiндiк ғылыми және инновациялық
әлеуеттi құру және дамыту болып
айқындалады.
Осыған орай деңгейлерге жету
жаңа және қол жеткен деңгейлердi
бекемдеу үшiн отандық және
әлемдiк тәжiрибенi ескере отырып,
денсаулық сақтау жүйесiн серпiндi
дамыту үшiн жағдай жасау қажет.
Денсаулық сақтау саласындағы
мемлекеттiк саясат оның мемлекеттiк
медициналық-әлеуметтiк және құқықтық
қолдау кешендi шараларын әзiрлеу
мен жүзеге асыру денсаулық
сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық
базасын нығайту сияқты дәстүрлi
бағыттармен қатар, денсаулық
сақтау халықтың медициналық
кө мекке қол жеткiзуiн арттыра
түсетiн, ресурстарды сақтайтын, экономикалық
тиiмдi әдiстерге баса назар аудара отырып,
диагностика мен емдеудiң клиникалық хаттамасын
қолдануды қоса алғанда, қазiргi заманғы
медициналық технологияны енгiзуге бағдарланатын
болады.
Денсаулық сақтау саласын дамытудың
басқа бағыттары мыналар:
денсаулық сақтаудың қызметтерiнiң
бәсекеге қабiлетiн арттыру, отандық
ғалымдардың ғылыми зерттеулерiнiң
негiзiнде дәрi-дәрмектер өндiрiсi
дамуының басымдығын қамтамасыз
ету;
жаңа дәрi-дәрмектер, оның iшiнде
әлеуметтiк маңызы бар аурулардың
алдын алу мен емдеудiң отандық
әзiрлемелерiне қолдау көрсету;
денсаулық сақтауда қазiргi заманғы
ақпараттық және инновациялық
технологияларды дамыту;
денсаулық сақтау саласындағы
халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.
7.2.
Капитал
7.2.1.
Қаржы рыногын дамыту
Монетарлық
саясат
Монетарлық саясаттың мақсаттары
экономикалық өсудiң жоғары қарқынын
сақтайтын инфляцияның тө менгi
деңгейiн қамтамасыз ету, отандық
тауар өндiрушiлерге қолайлы бәсекелестiк
жағдайды және елдiң төлем теңгерiмiнiң
тұрақтылығын қамтамасыз ету,
банктiк проценттiк ставкаларды
тө мендетуiн ынталандыру арқылы
банктердiң экономиканың нақты
секторына кредит беруiнiң одан
әрi өсуi үшiн жағдай жасау болмақ.
Монетарлық саясаттың негiзгi мақсаты
2003-2004 жылдары орташа жылдық инфляцияны
4-6% шегiнде ұстап тұру және
оны 2005 жылға қарай 3-5%-ке дейiн,
ал одан кейiнгi жылдары 2-4%-ке
дейiн азайту болады.
Монетарлық саясаттың негiзгi құралдары
РЕПО операциялары сияқты ашық
рынок операциялары, Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi
ноталарын шығару және вексельдермен
қайта есептеме операциялары
болады. Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банктi РЕПО ставкасы
және вексельдер бойынша есептеу
ставкасы сияқты өзiнiң ресми
ставкаларының реттеушiлiк рөлiн
күшейту шараларын қолдануды
жалғастыра бередi әрi оларды нақты
мәнiндегi әлсiз оң сипатын сақтайтын
болады. Бұл ақша-кредит саясатын
инфляция көрсеткiштерiн жоспарлауға
кө шуге дайындық үшiн база
болып табылады. Инфляция көрсеткiштерiн
жоспарлауға кө шумен қатар
жүргiзiлетiн ақша-кредит саясатына
сенімді арттырып, алға қойылған
мақсатқа қол жеткiзу жөнiндегi
мiндеттемелердi қатаң сақтауды қамтамасыз
ететiн тетiк жасалатын болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi төлем жүйелерi саласында
микропроцессорлық карточкалар
негiзiнде төлем карточкаларының
ұлттық банкаралық жүйесiн енгiзуге
баса назар аударатын болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi алдағы жылдары EуpAзЭә елдерiнiң
орталық банктерiмен бiрлесiп ЕурАзЭҚ
елдерiнiң ортақ төлем жүйесiн
ұйымдастыру және қаржы рыноктары
интеграциясының басқа бағыттары
бойынша жұмысты жалғастыра бередi.
Монетарлық саясат қаржы рыногының
тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру
рыногын, бағалы қағаздар рыногын
одан әрi дамытуға және банк
жүйесiн нығайтуға, банктердiң
экономиканың нақты секторына
кредит беруiнiң одан әрi өсуi
үшiн жағдай жасауға, сондай-ақ
жинақтаушы зейнетақы жүйесiн
жетiлдiруге жәрдемдесетiн болады.
Валюта қатынастарын ырықтандыру
Қазақстан Республикасының қолданыстағы
валюталық заңнамасымен белгiленген
шектеулер мен кедергiлер нарықтық
қатынастар дамып келе жатқан
елдердiң көпшiлiгiне тән.
Мiндет валюталық операциялар
жүргiзу, уақыттың және халықаралық
практиканың талаптарына сәйкес
валюталық операцияларды реттеудiң
өзге әдiстерiн қолдану кезiнде
жекелеген шектеулердi кезең-кезеңмен
алып тастауға келiп саяды.
Бағамдық саясат өңдеушi өнеркәсiп
пен экспортқа бағдарланған саланы
қолдауға бағытталатын болады.
Валюта режимiн толық ырықтандыруға
2007 жылы қол жеткiзу көзделуде.
Қазақстандық тауарлар мен қызмет
көрсетудiң бәсекелестiгiн арттыру
мақсатында АҚШ долларымен салыстырғанда
теңгенiң айырбас бағамын реттеуде
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi тарапынан валюталық реттеу
деңгейi бiртiндеп тө мендетiлетiн
болады. Қазақстанның қаржы рыногында
шетелдiк банктердiң қатысуын
кеңейту көзделуде.
Қазақстан стратегиялық тұрғыдан
алғанда тауарлар мен қызмет
көрсетулер, капитал экспортына
бағдар ұстанған шағын, ашық
экономикалы ел ретiнде қалыптасуда.
Экономиканың ғаламдануы жағдайында
дамыған iрi рыноктар тауарлар
мен қызмет көрсетулерден гөрi,
инвестиция iздестiруге неғұрлым
баса назар аударады. Бұл олар
үшiн ұзақ мерзiмдi кiрiстердiң жаңа
көздерiн ашуға мүмкiндiк бередi.
Егер қазақстандық қаржы ресурстары
Қытай мен Ресей сияқты iрi рыноктардың
дамуына қатысатын болса, онда
бұл кәсiпкерлерге табыстардың
тұрақты және сенiмдi көзiне ие
болуға мүмкiндiк бередi.
Қаржы рыногының қатысушыларын
институционалдық дамыту
2004 жылы қаржы рыногын қадағалау
жөнiндегi дербес бiрыңғай реттеушi
орган құру жоспарлануда, оның
қызметi аясында барлық қаржы
институттарына жедел бақылау
жасау және инвесторлардың құқықтары
мен мүдделерiн кешендi қорғау
жүзеге асырылатын болады.
Банк секторын дамыту
Банк секторын дамытудың негiзгi
бағыттарының бiрi банктерден, банк
қызметiнiң жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдардан және
микрокредиттiк ұйымдардан тұратын
кредиттеу жүйесiнiң үш деңгейiн
құру болып табылады.
Бiрiншi деңгей - банк секторын одан
әрi дамыту, бұл орайда екiншi деңгейдегi
банктерде корпорациялық басқару
және тәуекелдердi басқару жүйесiн
енгiзу, сондай-ақ ағымдағы қадағалау,
оның iшiнде банк қадағалауы жөнiндегi
Базель комитетiнiң Негiзгi қағидаттары
мен стандарттарына сәйкес топтастырылған
қадағалау әдiстерiн одан әрi жетiлдiру
жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру
көзделедi.
Қаржылық жағынан тұрақты шетелдiк
банктер үшiн банк секторының
тартымдылығын арттыру жұмысы
жалғастырылатын болады.