Бұдан өзге, электр қуатын тарату
көлемiнiң өсуiнiң негiзгi өлшемiнiң
бiрi болып табылатын электр
энергиясын тарату жөнiндегi қызметтерiне
белгiленген тарифтерге азайту
коэффициенттерiн беру арқылы
тарифтердi белгiлеудiң икемдi
әдiстерiн енгiзу қажет.
Азайту коэффициенттерiн енгiзу
отандық тауар өндiрушiлер мен
республиканың экспортқа бағытталған
кәсiпорындары өнiмiнiң бәсекеге
қабiлетiн қолдауға мүмкiндiк бередi.
Электр және жылу энергиясына
тарифтердi реттеу саясатын жүргiзу
кезiнде мынадай факторлар ескерiлетiн
болады:
электр энергиясының тө мен
тарифтерi экономиканың маңызды
мiндеттерiнiң бiрi - дамыған елдерден
3-4 есе жоғары болып тұрған
өнiмнiң энергияны қажетсiнуiн
азайтуға ықпал етпейдi. Арзан
ресурстарды ешкiм үнемдемейді;
бүгiн бюджет бiр жағынан тө
мен тарифтер есебiнен табиғи
монополистердiң қызмет көрсетулерiне
бюджеттiк ұйымдардың жұмсайтын
шығыстарын арзандатудан пайда
тауып отырғанын, сонымен қатар
ол салықтарды толығымен алмайтынын
талдау көрсетiп отыр.
Сол себептен, электр қуатына
тарифтердi едәуiр көтеру қажет.
Бұл қадам кәсiпорындарды өнiмгe
энергияның жұмсалуын тө мендету
жолымен жүруге мәжбүрлейдi, оларды
жаңартылуына қозғау болады.
Тарифтердiң өсуi бiрқатар тұтыну
тауарларының бағаларын және
тұрғын-Үй коммуналдық қызмет
көрсетулерге тарифтердiң өсуiне,
халықтың соған орай шығыстарының
өсуiне әкелетiнi сөзсiз. Сондықтан
халықтың табысы тө мен бөлiгiн
қолдау шараларын бiр мезгiлде
қолдану қажеттiлiгi туындайды.
Мұны күнкөрiстiң тө менгi деңгейiн,
ең тө менгi жалақы мен зейнетақыны
көтеру арқылы немесе халықтың
ең кедей бөлiгiне атаулы қаржылай
кө мек көрсету арқылы жасауға
болады.
Сонымен, табиғи монополистердiң
қызмет көрсетулерiне, атап айтқанда
электр қуатына тарифтердiң өсуi
табиғи монополистердiң ғана емес,
бүкiл ұлттық экономика тұрғысынан
алғанда болмай қоймайды әрi өзiн-өзi
ақтайды. Осымен бiр мезгiлде
бұл компаниялардың өндiрiс шығындарының
құрамы мен көлемiнiң негiздiлiгiне
де мониторинг қажет.
7.4.2.
Ақпараттық саясат
Ақпараттық технологиялар (AT) саласындағы
негiзгi мiндет ашық жүйелердiң
тұжырымдамасы негiзiнде әлемдiк
қоғамдастық іске асыратын ғаламдық
ақпараттық инфрақұрылымның бiр
бөлiгi (Global Information Infrastructure - GІІ) ретiнде
ҰАИ-ды (ұлттық ақпараттық инфрақұрылым)
бiртiндеп дамыту, сондай-ақ бағдарламалық
өнiмдердi және софт-технологияларды
дамытуды ынталандыру болып табылады.
АТ-ны дамыту кезiнде компьютер
жабдықтарына бағаның тө мендетiлуiне
орай негiзгi пайда компьютер жабдығының
өндiрiсiнде емес, пайдаланушылар
шығындарының тұрақты өсiмi болатын
- бағдарламалық құралдар, қызметтер
мен консультациялар секторында
шоғырланатынын ескеру қажет.
АТ саласындағы қызметтерге ғаламдық
сұраным болжаммен 1997 жылғы 327
млрд. АҚШ долларына қарағанда
2008 жылға қарай 1 трлн. АҚШ долларына
жетедi. Қазақстанда қолдануға болатын
АТ секторы экономиканың аса
маңызды салаларында нығаюы тиiс.
Бұлай болмаған жағдайда осы
саланың өнiмi импорттың маңызды
бөлiгi болып қала беруi мүмкiн.
Бұдан басқа, тұтас алғанда
ұлттық экономика салаларында
сапалы өзгерiстердiң қозғаушысы
бола отырып, АТ елдiң телекоммуникацияларын
дамытуда айқындаушы рөл атқарады.
АТ саласындағы мемлекеттiк саясат:
ҰАИ-ды дамытуға ықпал ететiн
ашық және тұрақты нормативтiк-құқықтық
базалар мен стандарттарды жасауға;
халықтың, шаруашылық субъектiлерiнiң,
қоғамдық ұйымдардың және Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк басқару
органдарының, ҰАИ-ға жан-жақты қол
жеткiзуiн қамтамасыз етуге;
мемлекеттiк органдар порталдарын
жасауды, мемлекеттiк деректер
базасы мен құжат айналымы
рәсiмдерiн қоса алғанда, "электрондық
үкiметтi" әзiрлеп, енгiзуге;
ақпараттандырудың мемлекеттiк құралдары
мен жүйелерiн стандарттауға,
сәйкестендiруге және сертификаттауға;
iшкi және сыртқы әлемдiк рыноктардың
жаңа мүмкiндiктерiн барынша пайдалануға
мүмкiндiк беретiн электрондық
сауда-саттықты толық ауқымда
енгiзуге жәрдемдесуге;
мемлекеттiк сатып алу саласында
электрондық аукциондар мен тендерлер
тетiгiн енгiзуге;
халықтың бiлiм деңгейiн электрондық
оқу мекемелерi мен кiтапханаларды
құруды қолдау есебiнен көтеруге;
бағдарламалық құралдар мен софт-технологиялардың
ұлттық индустриясын дамытуды
жан-жақты қолдауға бағытталуы
тиiс.
7.4.3.
Телекоммуникацияларды дамыту
Өскелең әрi перспективалы салалардың
бiрi ретiнде телекоммуникациялар
саласында индустриялық-инновациялық
саясат отандық бизнес пен
халықтың барынша қол жеткiзуiне
және неғұрлым алдыңғы қатардағы
байланыс құралдарының дамуына
жәрдемдесуге бағытталуы тиiс.
Қазақстан әлемде болып жатқан
телекоммуникациялар өзгерiстерiнен
тыс қала алмайды. Қазiргi кезеңде
әлемде жаңа телекоммуникациялық
технологияларды: мобильдi телефондар
үшiн жаңа, көп дүркiндi кеңейтiлген
мүмкiндiктер беретiн кең диапазонды
байланыстары сияқты, Интернет пен
мәлiметтер беру, сондай-ақ мобильдi
телефондардың үшiншi буын технологиясын
жеделдете дамыту мен енгiзу
жүрiп жатыр.
Қазiргi кезде қазақстандық телекоммуникациялық
компаниялар шетелдiк және халықаралық
спутник компанияларынан спутник
ресурстарын жалға алуға мәжбүр.
Сондықтан елдiң күллi аумағында
теледидар хабарларын тapaтy үшiн
жағдай жасауға, шалғай және
аз қоныстанған аудандармен байланыс
мүмкiндiгiн жасауға, байланыс
арналарының қуаттылығын әртараптандыру
мен кеңейтуге кө мектесетiн
ғарыштық байланыс әлеуетiн пайдалану
қажет.
Сондай-ақ жер үстi телефон
желiлерiн цифрлауды және жылдам
дамытуды, талшықтық оптикалық байланыс
желiсiнiң құрылысын жалғастыру
қажет. Ұлттық телекоммуникациялық
желiнiң тиiмдiлiгiн арттыру бәсекелестiктi
ынталандыру мен сектордың нарықтық
толығымен жағдайға өтуiне жәрдемдесетiн
болады.
7.4.4.
Көлiктi дамыту
Көлiк саласындағы басты мiндет
көлiк инфрақұрылымы дамыту факторын
шектейтiн жағдайларды болдырмау
мақсатында елдiң жедел экономикалық
дамуына сәйкес жүктер мен
жолаушылар ағынын кеңейту мен
жетiлдiрудi қамтамасыз ету болып
табылады. Елдiң көлiк әлеуетiн
барынша дамыту басқа да маңызды
мiндет болып табылады.
Қазақстанның аумағы арқылы транзиттiк
тасымалдауларды дамытудың басты
артықшылығы - бұл арақашықтықты
айтарлықтай қысқарту. Тасымалдаудың
ең жақсы жағдайларында теңiз
жолымен жүктердi жеткiзу мерзiмi
Берлиннен қытай порты Ляньюнгаға
дейiн 20 күндi құрайды, ал темiр
жол бұл уақытты 11 тәулiкке
дейiн қысқартады, тасымалдау арақашықтығын
екi eceгe азайтады.
Экономикалық процестердiң ғаламдануы
барлық мемлекеттердiң, субъектiлердiң
әлемдiк көлiк коммуникацияларына
қол жеткiзуiн қамтамасыз ету,
ел арасындағы өзара тиiмдi сауда
үшiн халықаралық көлiк дәлiздерiн
ұйымдастыру қажеттiгiн негiздейдi.
Қазақстанның тасымалдың қалыптасқан
әрi түзiлген жүйесiне өзiндiк орны
бар буын ретiнде кiру айрықша
маңызды.
Қазақстан арқылы өтетiн халықаралық
көлiк дәлiздерi желiсiн дамытудың
қазiргi тұжырымдамасы үш басым
бағытқа негiзделедi:
Ресей, Еуропа және Балтық елдерi;
Қытай, Жапония және Оңтүстiк-Шығыс
Азия елдерi;
Орта Азия және Кавказ, Иран
және ТҮркия республикалары.
Әрбiр аталған бағыттың жер
үстi және су магистралi кешенiн
қамтитын қалыптасқан халықаралық
көлiк дәлiздерi бар. Олар қазiргi
заманғы техникамен жарақталған
және халықаралық транзиттiк тасымалдаулардың
шоғырлануына арналған.
Қазақстанның аумағы арқылы 6 темiр
жол, 6 автомобиль және 72 әуе дәлiздерi
өтедi. Елдi Тынық мұхит жағалауынан
бастау алып, Еуропаның түкпiрiне
кететiн Транс-Азия-Еуропалық талшықты-оптикалық
желiлер байланысы кесiп өтедi.
Оңтүстiктен солтүстiкке бағытталған
цифрлық магистраль оны Транссiбiр
оптикалық желiлерiне қосып отыр.
Елдiң көлiк-коммуникация жүйесiндегi
ерекше орын алатын халықаралық
көлiк дәлiздерiнде орналасқан
екi торабы: елдiң шығысындағы - "Достық"
темiр жол өткелi мен батысындағы
- "Ақтау" теңiз сауда порты.
Көлiк кешенiн дамытудың мақсаты
сыртқы рынокқа отандық экспорттық
тауарларды тиiмдi жеткiзу мен
оны пайдаланушыларға кең ауқымдағы
көлiк қызметтерiн жиынтығын көрсету.
Саланы дамытудың басым бағыттары
тиiмдi әрi технологиялық жаңартылған
көлiк кешенiн құру, транзиттiк
әлеуеттi iске асыру болып табылады.
2015 жылға дейiнгi кезеңде көлiк
жүйесiн елдiң қажетiне сай келетiн
жағдайға келтiру жөнiнде жұмыс
жалғастырылуы тиiс. Ол өзiне:
жаңа темiр жол желiлерiнiң құрылысын
қоса алғанда, темiр жол тораптарының
конфигурациясын жетiлдiрудi, жылжымалы
құрамның өндiрiсiне және жөндеуге
арналған өнеркәсiп базасын дамытуды,
темiр жол тарифтiк жүйесін
жетілдіруді;
мұнай мен газды тасымалдайтын
жаңа экспорттық құбыр жолдары
жобаларымен жұмысты, жұмыс істеп
тұрған құбыр жүйесiн кеңейтудi,
пайдалануға беру 2010 жылдан кейiнгi
кезеңге жоспарланған жаңа магистральдық
экспорттық мұнай жолдарын тартуды;
автожолдар желiсiн салу, кеңейту
және қайта жаңарту;
бәсекелес ортаны ынталандыруды
қоса алғанда, авиациялық тасымалдауларды
және шетелдiк инвестицияларды
белсендi тартуды; шетелдiк мемлекеттермен
көлiктiк ынтымақтастық туралы
келiсiмдер жасасуды қоса алғанда,
көлiктiк тасымалдауларды тарту
және халықаралық көлiк дәлiздерiн;
мультимодальды көлiк жүйелерiн;
Каспий теңiзiндегi теңiз көлiгi
мен өзен көлiгiн дамытуды қамтиды.
Темiр жол көлiгi
Темiр жолының ұлттық желiсi
елдiң барлық аумағын дерлiк
қамти отырып, дамыту мен оңтайландыруды
қажет етедi. Сол себептен де
елдiң солтүстiгi мен батысын
жалғастыратын Алтынсарин-Хромтау
тармағының құрылысы басталды. Қазақстандағы
"Достық" станциясы, Қытайдағы
"Алашанькоу" станциясы сияқты
Трансазия және Еуроазия магистральдарының
өзектi буыны болып табылады. Осыны
ескере отырып, Қазақстан оны
қайта жаңартуға және дамытуға
үлкен мән берiп отыр. Таяудағы
жылдары станциялардың қуатын
ұлғайту жөнiндегi кешендi шаралар
өткiзу жоспарланып отыр.
Республиканың автожол кешенi
Қазақстанның өңiрлерi арасындағы, сондай-ақ
мемлекетаралық қатынастардағы
түрлi көлiк түрлерi мен тауар қозғалысы
құралдары арасындағы байланыстырушы
буын бола отырып, мемлекеттiң
ө мiр-тiршiлiгiнде маңызды рөл
атқарады.
Қазақстан Республикасы үшiн жүктер
мен жолаушылардың басым бөлiгiн
тасымалдауда автомобиль жолдары
үлкен маңызға ие. Сондықтан транзиттiк
жүктерді тарту мақсатында халықаралық
жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды
ұйымдастыруда жаңа технологияларды
енгiзу, халықаралық автомобиль дәлiздерiнiң
сервистiк инфрақұрылымын дамыту
және жол қатынастары желiсiн
жетiлдiру қажет.
Әуе көлiгi
Республиканың әуе кеңiстiгi арқылы
бағыттардың трансазия жүйесi
әуе трассаларының желiсi өтедi.
Республика арқылы өтетiн транзиттiк
ағындардың негiзгi бағыттары Еуропадан
Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiне өтетiн
ағын болып табылады. Қазақстанның
әуе кеңiстiгiн пайдалануға деген
сұраныс әуе қозғалысы басқарудың
техникалық құралдарын, навигацияны
және байланысты жетiлдiрудi қажет
етедi.
Су көлiгiнде Ақтау порты маңызды
құрылымдық элемент болып табылады.
Ол қазiргi заманғы жаңартылған
мынадай инфрақұрылымға ие: темiр
жолдар, авто жолдар, жер асты
коммуникациялары, айлақтық және
мобильдiк крандар және басқалары.
Басқа жобаларды iске асыру
кешенiнде Ақтау портын дамыту,
оның iшiнде арнайы экономикалық
аймақ - Қазақстан арқылы өтетiн
транзиттi дамытудың перспективалы
бағыттарының бiрi. ЖҮк ағыны өсуiнiң
арқасында портты табысты дамыту,
инвестициялар тартуда ынталандыру
қызметiн атқарады. Теңiзде тасымалдауды
дамыту үшiн "Қазтеңiзтрансфлот"
теңiз кеме жолы ұлттық компаниясы
(ҰТЖК) құрылды, сол арқылы Қазақстанда
өзiнiң теңiз сауда флотын құрудың
негізі қаланады.