Экономикалық даму институттарының мәні мен рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 16:14, дипломная работа

Краткое описание

«Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003-2015жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.

Файлы: 1 файл

КурсоваяМБТ новая.docx

— 70.54 Кб (Скачать)

КІРІСПЕ

Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы  бiрқатар проблемаларға тап болып  отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды  жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат  бағыттылығы, әлемдiк экономикаға  ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен  қызметтерге деген тұтыну сұранысының  мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк  және әлеуметтiк инфрақұрылымның  дамымауы, кәсiпорындардың жалпы  техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң  арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы  Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық  өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

Проблемаларды шешу және Стратегия  аясында алға қойылған мақсаттар  мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн  Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен  қатар Қазақстанның инвестициялық  қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп  отыр.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан экономикасының басты мақсаты – инновациялық тиімділікті көтеру болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі елді инновациялық даму жолына түсіру үшін жан – жақты жағдайлар жасап жатыр. Атап айтқанда,  заңнамалық базаны қайта қарап, оны бүгінгі күннің талаптарына сәйкестендіру, отандық  инновациялық  инфрақұрылым элементтерін қалыптастыру және олардың негізгі мақсаттары мен міндеттерін белгілеу, ҚР ұлттық және мемлекеттік даму  институттары арқылы  инновациялық жобаларға қаржы бөлу, сондай – ақ, ұлттық инновациялық жүйенің негізін қалыптастыру сияқты жұмыстар атқарылады. Әйтсе де, елімізде инновациялық ортаның қалыптасуы инновациялық жүйенің дамуына кедергі болып отыр. Инновациялық  орта деп ғылыми білімдер мен техниканың жетістіктерін өндіріске енгізіп, одан табыс табу мақсатында кәсіпкерлер мен  түрлі ұйымдардың, жеке тұлғалардың әрекет етуіне ыңғайлы экономикалық  кеңістікті айтуға болады [11, 23б.].

Қазіргі кезде еліміздегі  қалыптасқан инновациялық жүйенің  негізіне сүйене отырып, инновациялық инфрақұрылым элементтерінің қызмет етуінің  өзіндік моделін құруға болады. Бұл  модель Қазақстанның инновациялық ортасын  тиімді дамытуға қажетті ұйымдастырушылық нысандар жиынтығынан тұрады. Инновациялық инфрақұрылым элементтерін дамытудың өндірістік – технологиялық бағытына тоқталуды жөн көріп отыр.

Курстық жұмыстың мақсаты: экономикалық дамуда институттардың мәні мен рөлін  айқындау. Белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылады:

  • Индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыруда институттардың рөлін талдау;
  • ҚР инновациялық экономикалық даму институттарының сипатын айқындау;
  • Институттарды дамыту жолдарын табу.

Зерттеген ғалымдар: Академик О.Сәбден, академик Р.Алшановтың, өскемендік ғалым А.Башкирцев, америкалық ғалымдар Л.Лесли мен П.Брукман, Муканов Д. , Исахметов   Т.И. т.б ғалымдардың  зерттеулері бойынша.

Курстық жұмыстың зерттеу  объектісі: ҚР инновациялық экономикалық даму институттары.

Курстық жұмыстың зерттеу  тәсілі:

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық  жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімдерден және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн даму институттарын құрылуы, курстық жұмыстың бүгінгі таңдағы өзектілігі туралы айтылған.

 Екінші бөлім ҚР инновациялық экономикалық даму институттарының сипатын талдауға арналған.

Үшінші бөлімде инновациялық институттарының даму перспективасы туралы жазылған.

Қорытынды бөлім курстық  жұмыстың мазмұнына сәйкес оның барлық бөлімдері бойынша қорытындылар мен тәжірибелік ұсыныстардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Экономикалық даму институттарының мәні мен рөлі

 

    1. Индустриалды – инновациялық стратегияны жүзеге асыруда институттардың рөлі

Индустриалды – инновациялық стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер  өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып  табылады.

Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы  бiрқатар проблемаларға тап болып  отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды  жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат  бағыттылығы, әлемдiк экономикаға  ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен  қызметтерге деген тұтыну сұранысының  мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк  және әлеуметтiк инфрақұрылымның  дамымауы, кәсiпорындардың жалпы  техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң  арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы  Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық  өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi. [2]

Сонымен қазіргі күнде 2015 жылға дейін болашақты құру үшін индустриалдық-инновациялық қызметтің  басты мақсаттары төмендегідей түрде  ұсынылады:

  • егеменді елдің экономикасын нығайту;
  • нарықтық жағдайларда халық шаруашылығы кешеніндегі дағдарыстық құбылыстарды толығымен жою;
  • индустрия өндірісін тұрақтандыру;
  • индустрия салаларының радикалды құрылымдығын қайта құрылуын жүзеге асыру, импортты алмастырушы технологияларды дамыту, өндірістік-экономикалық әлеуетін ұлғайту;
  • индустрия жүйесінде өзін-өзі дамытушы шаруашылық-экономикалық құрылымдарды құру;
  • Республикадағы индустрияны және достастық елдердің экономикасын және әлемдік экономиканы тиімді интеграциялау;
  • Индустрия кешендерін, салаларын, аймақтарды және бүкіл республиканы тездетілген әлеуметтік-экономикалық ретінде дамыту.

Проблемаларды шешу және Стратегия  аясында алға қойылған мақсаттар  мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн  Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен  қатар Қазақстанның инвестициялық  қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттары құрылды.

Тұтастай алғанда, даму институттарының  тұрлаулы жұмыс iстеуi орталықсыздандыру, мамандандыру, бәсекелестiк және ашықтық  қағидаттарына негiзделетiн бiрыңғай жүйенi қалыптастыруға тиiс.

Орталықсыздандыру қағидаты жеке сектордың бастамашылықтарын  қолдау (қаржылай қолдауды қоса алғанда) көздерiнiң сан түрлi болуын бiлдiредi. Iс жүзiнде бұл мемлекеттiң қаржы  және ақпараттық ресурстарды бiр  ғана даму институтына жұмылдырмайтынын бiлдiредi. Бұл:

  • шешiмдер қабылдау кезiнде ықтимал жүйелi қателердi болдырмауға;
  • бәсекелестiктiң негiзiн салуға, соның нәтижесi ретiнде қолдау көрсету кезiнде неғұрлым ашық саясат жүргiзуге;
  • жеке сектордың бастамашылықтарын неғұрлым терең талдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Мысалы, егер перспективалы жоба даму институттарының бiрiнде қолдау таппаса, онда оны басқа институттан алу мүмкiндiгi сақталады.

Мамандану қағидаты даму институттарының  қызметтiң белгiлi бiр операцияларына және/немесе түрлерiне мамандануын  бiлдiредi. Мысалы, Қазақстан Даму Банкi жобаларды банктiк кредиттеу арқылы; Қазақстан инвестициялық қоры - жарғылық капиталға үлестiк (бақылаусыз) қатысу арқылы; Инновациялық қор - гранттар, оның iшiнде ғалымдар мен ғылыми мекемелерге  гранттар беру және капиталға үлестiк  қатысу арқылы жобаларды қаржыландыруға маманданады. Мамандану қағидаты даму институттарының мамандану шеңберiнде  операциялармен және қызмет түрлерiмен  ғана айналысатынын бiлдiрмейдi. Олар өздерi үшiн негiзгi болып табылмайтын  басқа операцияларды да (қызмет түрлерiн) жүзеге асыра алады. Бұл үшiн негiзгi емес операциялар мен қызмет түрлерiн  жүзеге асырудың лимиттерi белгiлендi.

Бәсекелестік қағидаты даму институттарының қызметiн бәсекелестiк  негiзде жүзеге асыруды бiлдiредi. Мұндай қажеттiлiк институттардың көпшiлiгiнiң  дамудың осы кезеңiнде жоқ нарық  институттарға елiктеуге бейiлдi екенiмен  байланысты. Институттардың қызметi нарықтық институттарға елiктеудi бiлдiретiнiн  ескере отырып, әуел бастан олардың  қызметiн нарықтық, яғни бәсекелестiк  негiзде құру қажет. Бәсекелестiк  қағидаты қандай да бiр институттың  қызметi нәтижелерiн салмақтауға  мүмкiндiк бередi.

Ашықтық қағидаты менеджерлердiң  есептiлiгi мен жауапкершiлiгiн, қаржы  ресурстарын мақсатты әрi тиiмдi пайдалану  үшiн тиiстi бақылауды қамтамасыз ететiн дамудың мемлекеттiк институттарын  корпорациялық басқарудың ашық жүйесiн  құруды бiлдiредi. Мемлекет даму институттарының  алдына қойылған мiндеттердi тиiсiнше iске  асыру мақсатында олардың қызметiне қандай да бiр қысымнан қорғауды қамтамасыз етуi тиiс. Осы қағидатты жүзеге асыру  үшiн тәуелсiз директорлар институты (мiнсiз iскерлiк беделi бар шетелдiк  жоғарғы бiлiктi менеджерлердi тарта  отырып), сондай-ақ корпоративтiк басқарудың қазiргi заманғы құралдары белсендi пайдаланылатын болады.

Бұл ретте осы институттар  қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын  дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн  анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.

Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға  бағытталған белсендi мемлекеттiк  ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға  қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын  одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм  бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық  саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау  саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк  стандарттарға көшу көзделуде.

Стратегияны ойдағыдай iске  асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты  өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында  сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам  құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.

Экономиканы мемлекеттiк  реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды  негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде  импортты алмастыратын және экспортқа  бағдарланған саясатты iске асыру  жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың  әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк  артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк  беретiн факторлар келтiрiлген.

Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға  қарай ел экономикасы сервистiк-технологиялық  дамуға өтуге дайын болуы керек.[2]

 

1.2 Шет мемлекеттерде инновациялық  саясаттың тәжірибесі

Әлемде индустриялық саясат жүргiзудiң мол тәжiрибесi жинақталған. Санаулы елдердiң ғана экономиканың бiр өнiмге тәуелдiлiк проблемасын  ойдағыдай шешiп, өз өнеркәсiбiн әртараптандыра алғанын атап өтуге болады. Экспорттың құрылымын әртараптандыру үшiн индустриялық саясатты қолдану түрлi елдердiң  тарихи өткен кезеңiнде импортты алмастыруға және экспортқа бағдарланған саясаты мысалдарынан айқын байқауға болады. Негiзiнен осындай саясат қолданылған Латын Америкасы (Мексика  және Бразилия) және Шығыс Азия (Оңтүстiк  Корея және Сингапур) елдерiне жасалған талдаудан экспортқа бағдарлану арқылы тұрақты экономикалық өркендеуге қол жеткiзуге болатындығы туралы негiзгi қорытынды жасауға болады.

Тарихи өткен кезеңде  Латын Америкасы елдерi де, Шығыс  Азия елдерi де импорттың орнын басу және экспортқа бағдарланған кезеңдерiнен  өткен. Шығыс Азия елдерiнiң белгiлi бiр кезеңде импортты алмастыру  саясатынан бас тартып, экспортты  қолдау саясатына көшуі, ал Латын  Америкасының импорт алмастыруға ерекше көңiл аударуы осы елдердiң  ерекшелiгi болып табылады.

Экономикалық теория тұрғысынан алғанда экспортқа негізделген  саясаттың табысты болуы түсiнiктi, себебi өзiнiң iшкi рыногының әлеуетiн  сарқып тауысқан елдер өздерiнiң  экономикалық даму процесiн тоқтатпау  үшiн сыртқы рыноктарды игере бастауға мәжбүр болады. Латын Америкасының елдерi импорт алмастыруды қолдай отырып, нақты бәсекелестікке емес, жасалған әкiмшiлiк және тарифтiк тосқауылдарда  негізделген салаларды құрғандығын  атап өту керек. Бұл салалар нығайып  алғаннан кейiн жаңғыртудың және өнiмдiлiктi арттырудың орнына өз ресурстарын  импортты алмастыру саясатын одан әрi сақтап қалу мақсатында мемлекет арқылы өз мүдделерiн барынша қорғап қалуға бағыттады. Осының салдарынан ресурстар  тиiмдi бөлiнбей, ұлттық экономикалар халықаралық  бәсекеде ұтылып жатты.

Әртүрлі  шет мемлекет ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік саясатты жасау және оны жүзеге асыру  тәжірибесін талдау біздің елде де ескерілуі тиіс аса маңызды сәттерді қарастыруға мүмкіндік береді.

Инновацияның дамыған  елдердегі даму тенденциясын қарастыратын болсақ, ХVII  ғасырда әлемдік экономикалық ғылыми прогрестің нағыз ортасы Батыс  және Солтүстік Еуропа, ең алдымен  Англия, Нидерланды, Швейцария, Венеция, Швеция болды. Дәл осы мемлекеттерде  әлемдік ғылыми-техникалық және экономикалық инновацияның маңызды бір бөлігі шоғырланған. 90-шы жылдары бесінші  толқынды өнеркәсіп салаларын дамыту және инновацияның шоғырлануы нәтижесінде  АҚШ Еуропаны, Жапонияны, Шығыс және Оңтүстік Азияның жаңа индустриалды жолбарыстарын артқа қалдырғандығы  анықталды [11, 212б.].

Информация о работе Экономикалық даму институттарының мәні мен рөлі