Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 16:14, дипломная работа
«Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003-2015жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.
Мәскеу мемлекеттік
Қалайша жаңалық енгізуге болады?, тамақтану индустриясы сияқты қарапайым салада да жаңалық енгізуге болады, бұған мысал – “Mc Donald’s”. Өнімді стандарттап, осыған байланысты өнімнің өзіндік құнын және жіберілетін бағаны төмендету, жаңа өндірістік бағыт, білікті мамандар дайындау және орташа және жанұялық сатып алушыға шағып есептелген тиімді маркетинг арқылы “Mc Donald’s” жаңа өнім-жоғары сапалы гамбургерді ойлап тауып қана қалған жоқ, сонымен қатар, ол қызметтер нарығында тіптен жаңа категорияны құрды.
Ғылым және технология аймағы
технопарктерден, технополистерден және
инкубаторлардан, сонымен қатар
ғылыми және өндірістік іс-әрекетті
ұстанатын жан-жақты
Алдыңғы қатарлы шет елдік
тәжірибені талдау бойынша ғылым
мен өндірісті интеграциялаудың
тиімді бір түрі – бұл технопарктер
құру. Технопарктер жоғары технологияны
негізгі зерттеу облысынан
Әлемдік тәжірибеге сәйкес технопарктер көрсететін қызметтерінің көлемі, құрылымы және масштабы, ғылымды көп қажет ету деңгейі, қатысушыларының құрамы бойынша ерекшелінеді.
Технопарк – әрқайсысы инновациялық қызметтердің мамандандырылған жинағын жүзеге асыратын орталықтардың жиынтығын білдіреді.
АҚШ-та 80-ші жылдары технопарктердің саны бірте-бірте өсе бастады. Бүгінгі күнде мұнда 160-тан астам (әлемдегі жалпы технопарктер санының 30%-ын құрайды) технопарк бар.
Еуропада технопарктер 70-ші
жылдардың басында пайда болды.
Солардың ішінде алғашқылар - Эдинбургтегі
Хэриот-Уатт университетінің Зерттеу-
Жапонияда сонымен қатар,
сыртқы сауда және өнеркәсіп министрлігінің
жоспары бойынша, ірі қалалар
маңында болашақта 40-қа жуық ғылыми
парк құрылатын болады. Солардың бірі
– Кюсю аралығындағы Индзукадағы
технологиялық институт, мұнда жасанды
интеллект, басқару жүйелері сияқты
облыстарда ғылыми- зерттеу жұмыстарын
жүргізетін 200-дей қызметкер жұмыс
істейді. «Мацусита» фирмасы Индзукада
ғылыми-зерттеу орталығын
Токиодан 150 шақырым жерде
20-ға тағы бір ғылыми парк салу көзделген,
оның мақсаты-бағдарламалық
Қытай мемлекеті де ғылыми-техникалық прогреске көп көңіл бөліп отыр. Бұл елде ғылыми-зерттеу институттары негізінде жұмыс істейтін фирмалар мен корпорациялар өте көп, жергілікті басшылықтың қолдауымен зерттеу орталықтары негізінде 50 кәсіпорын құрылған.
Шет елдік тәжірибеге бойынша Оксфордтық университеттегі (Ұлыбритания) ғылыми-инновациялық іс-әрекеттің жағдайына, Стенфордтық университет (АҚШ) негізіндегі Селикон Веллидің табысты қызмет етуіне, Жапониядағы Цукуба сияқты технопарктер мен технополистердің болуына баға бере отыра, бүкіл әлемге танымал университеттер негізінде ғылыми зерттеу жұмыстарын сәтті инновациялық басқару фактісін сеніммен тұжырымдауға болады.
Ал Қазақстанда ғылым
және білім ордасы ретінде танылған
бірден-бір жоғары оқу орыны Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті
болып табылады. Аталған университет
күшті ғылыми-педагогикалық
Ғылыми-инновациялық
зерттеулермен (ары қарай ҒИЗ)
280 ғылым докторы, 800 ғылым кандидаты
айналысады. 2003 жылы университет
47 қолданбалы және инновациялық
жобаларды және 34 ұйымдар мен
кәсіпорындармен шаруашылық
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында: «ұлттың бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білім деңгейімен анықталады» делінген.
Индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыруда ғылымды көп қажат ететін технологияларды, инновациялық өнімдерді ішкі және сыртқы тауар және қызмет нарықтарына шығара алатын жаңа, біліктілігі жоғары мамандар даярлауға көп көңіл бөлінеді. Осы ретте біздің көзқарасымыз бойынша ғылыми, технологиялық және кадрлық потенциалдарымызды жоғарылатып, материалдық-технологиялық базаны жаңартуымыз керек және инновациялық потенциалды жоғарылату стратегиясын жетілдіруіміз қажет. Ол елдегі ғылыми- техникалық потенциалды қолдануға және шет елдік тәжірибені қатыстыруға негізделген.
Біздің пікірімізше, нарықтың белгілі бір инновациялық өнімге деген қажеттілігі қажетті жаңа мамандық тізімін құруға мүмкіндік береді. Сондықтан, осыны негізге алып, сәйкес мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарына білімгерлердің түсуі үшін мемлекеттік гранттар мен несиелер бөлу орынды.
Тарихи қалыптасқандай, Қазақстанда
басты ғылыми-технологиялық
Ал Қазақстанда салыстырмалы
түрде алатын болсақ, ғылыми орталықтардың
даму тенденциясы әлі «сәбилік»
кезеңді бастан кешіруде. Жаңадан
өз іс-әрекетін бастап келе жатқан ғылыми-технологиялық
парктерге Алматы маңындағы ақпараттық-
Біздің көзқарасымыз бойынша
Қазақстанда технологиялық
Қазіргі заманғы шет елдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, корпоративті зерттеулер мен ғылыми жұмыстар маңызды экономикалық орын алады. Дамыған және дамушы елдердің кәсіпкерлік саласының зерттеулері ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың көлемі, ғылыми мамандардың саны, алған патенттерінің саны, өнімдермен қызметтер түріндегі техникалық жаңалықтарын ағымы жағынан университеттерден және мемлекеттік зертханалардан алда келеді. Өткен ғасырдың аяғына қарай дамыған елдердегі кәсіпкерлік сала ғылымға деген жалпы ұлттық шығындардың басым бөлігін қаржыландырды: Францияда – 61% . Ұлыбританияда – 65%, Германияда - 68%, Жапонияда – 72 %, АҚШ-та – 74 %, Швецияда – 75 % [16, 130б.].
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде негізгі ғылымға жұмсалатын шығындардың ЖІӨ көліміндегі үлесі қатаң бақыланады. Осы қатынаста жеңілдік салықтар, кедендік баж салықтары, бюджеттік қолдау, инвестицияны ынталандыру, ғылыми құрылғылардың лизингі сияқты экономикалық механизмдер кеңінен қолданылады. Дамушы елдерде ғылыми-техникалық салаға бөлінетін қаражаттардың деңгейі ЖІӨ-нің 0,5%-нан аспайды. Қазақстанда 2002 жылы зертеулер мен ғылыми жұмыстарға жұмсалатын шығындардың үлесі ЖІӨ-нің 0,34%, ал ЖІӨ-нің көліміндегі мемлекеттік бюджеттің қаражаты 41,7% құрайды. Қазақстандық ғылыми өнімнің әлемдік нарықтағы үлесі тіптен 0-ге тең. Салыстырмалы түрде алсақ: әлемдік ғылыми өнім нарығындағы Ресейдің ғылыми өнімдерінің үлесі 0,3-0,5%, Еуропалық Одақ елдері – 35, АҚШ – 25, Жапония – 11, Сингапур – 7, Оңтүстік Корея – 4, Қытай – 2%.
Әлемдік ғылыми өнімдер нарығындағы мемлекеттердің үлесі ғылыми-техникалық және инновациялық іс-әрекет тиімділігінің талқылаушы көрсеткіші болып табылатындығы белгілі.
Бүгінгі күнде жоғары технологиялардың
әлемдік нарығын АҚШ бақылайды.
Кадрлық потенциалды
Соңғы жылдары АҚШ-та техникалық бағыттың үлесі төмендеп, «ғылым және өмір» кешенінің-биология, генетика, биохимия, медицинаның барлық саласының үлесі артты. Жоғарыда аталған пәндер АҚШ-тың денсаулық сақтау саласында маңызды орын алады.
Денсаулық сақтауға жұмсалатын мемлекеттік және жеке меншік жиынтық шығындар 35 млрд долларға жетеді. Осы соманың тең жартысын өнеркәсіптік компаниялар және табыссыз ұйымдар салады.
Мемлекеттік саясаттың арқасында
Оңтүстік-Шығыс Азияның кейбір мемлекеттері
ғылымға жалпы ішкі өнімнің 2,7 % жұмсауға
мүмкіндік алды және осы көрсеткіш
жағынан бір кездері АҚШ-тан, Германиядан
асып түсті. Нәтижесінде Малайзия микропроцессорлық
негіз нарығында, Сингапур-бағдарламамен
қамтамасыз ету және биотехнология
нарығында, Тайвань-персоналды компьютерлер
өндірісінде, Корея – тұрмыстық
электроникада бәсекелестігі
Кейбір зерттеулер соңғы
он жылдықта АҚШ өнеркәсібіндегі
барлық жаңалықтардың жартысын шағын
фирмалар және зертханалар қамтамасыз
еткендігіне үлкен көңіл
АҚШ-тың тәжірибесі бойынша,
шағын инновациялық бизнес ресурстар
көзімен қамтамасыз етілмеген жағдайда,
оның ары қарай өмір сүруінің маңызды
факторы оны қолдаудың өзіндік
желісін ұйымдастыру болып
- қаржылық (көптеген тәуекелді капиталдар көзінің болуы);
- материалдық – техникалық (жеңілдік шартымен өндіріс құралдарын, ғимараттар мен үйлерді, ғылыми құралдарды, көлік құралдарын сатып алу және жалға алу мүмкіндігі);
- ақпараттық (ақпараттық
желілермен, техникалық кітапханалармен
қолдану, мәліметтер базасына
қол жеткізу мүмкіндігімен
- кеңес беру (шағын инновациялық
кәсіпорындарды
Дамыған елдерде мемлекеттің маңызды қызметтерінің бірі – кәсіпкерлік сектордағы инновациялық іс-әрекет үшін қолайлы жағдайлар жасау. Біздің көзқарасымыз бойынша осы қызметті жүзеге асыру мақсатында келесідей экономикалық және бюджеттік саясаттың шаралары қоданысқа ұсынылады:
- жеке сектордағы ғылыми-
- ғылыми құрал – жабдықтардың маңызды бөлігін жедел амортизация нормалары бойынша шығынға жазу;
- ірі корпорациялардың ғылыми шығындарының көлемін үнемі ұлғайтуға және шағын және орта бизнесті жаңа технологиялар саласындағы инновациялық іске жұмылдыруға бағытталған мекен жайлық салық жеңілдіктерінің жүйесін қолдану;
- ғылыми – техникалық зерттеулерді жеңілдік түрінде несиелендіру және ірі жобаларды үлестік қаржыландыру, венчурлық қаржыландыруды дамыту үшін институционалды жағдайлар жасау;
- аймақтарда инновациялық кәсіпорындар, ғылыми инфрақұрылымдарды құру үшін жеңілдіктер түрінде мемлекеттік мүлікті немесе жерді беру немесе қайтарымсыз беру [17, 10б.].
Информация о работе Экономикалық даму институттарының мәні мен рөлі