Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 16:14, дипломная работа
«Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003-2015жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.
Сондықтан да iргелi ғылыми зерттеулердi қаржыландыру мемлекеттiк бюджеттен жүзеге асырылатын болады.
Инновациялық қор өз қызметiн мемлекеттiк ғылыми-техникалық және инновациялық саясат шеңберiнде жүзеге асыратын болады.
Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация
«Экспертті несиелер мен
инвестицияларды сақтандыру жөніндегі
Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы»
АҚ 2004 жылғы Елбасының Қазақстан
халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылдың 12 мамырындағы №442 Қаулысымен құрылды. [2]
Корпорация мемлекеттің шикізат қалдықтары
бағыты мен экономиканың шикізаттық емес
секторындағы экспорттыболжалдық өндірісті
дамытуға бағытталған 2003-2015 жылдары Қазақстан
Республикасының индустриалды-инновациялық
даму Стратегиясын іске асыруға атсалысу мақсатында
жаңа даму институттарының бірі ретінде
құрылған.
Корпорация мақсаты:
Сақтандыру қызметтерінен басқа Корпорация мыналарды жүзеге асырады:
Корпорация өнімі:
Экспортты сақтандыру жөнiндегi
корпорацияның негiзгi мiндетi саяси
және регулятивтiк қатерлердi сақтандыру
және қайта сақтандыру арқылы қазақстандық
өндiрушiлердiң тауарлары мен
3 Инновациялық экономиканың институттарының даму перспективасы
3.1 Институттарды жетілдіру жолдары
Қазақстан экономикасының басты «бас ауруы» – инновациялық тиімділікті көтеру. Ұлттық экономика негізінен индустриалды өндіріс есебінен көтерілуде. Инновациялық инвестициялардың 65% кәсіпорындардың өз бюджеті екенін атап кету керек. Бұл шығындар аз дегенде 79 млрд.тенге инновациялық өнім әкелді. Ал, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов 2008 жылы даму институтары инновациялық жобаларға 600 млрд.тенге инвестиция құйды, олар 10 млрд.теңге пайда тапты дейді. Сонда 600 млрд.теңгенің қайтарымын еліміз 60 жыл күтуі керек болады екен [22].
Россия инновациялық кәсіпкерлікке үлкен қолдау көрсетуде. Олардың саны 40 мыңнан асып кетті. Бірақ, жалпы ШК 10-пайызына әлі жаткен жоқ. Еуропада бұл көрсеткіш 48 %. Қазақстандағы олардың саны 420 ғана, россиялықтармен салыстырсақ кем дегенде 4 мың, ал еуропалық стандартпен – 30 мыңнан астам болуы тиіс. Бізге шағын кәсіпорыннан бастап үкімет пен парламентке дейін барлық жүйе бірін-бірі қолдап, қуаттап отыратын, үйлесімді жұмыс істеуге қол жеткізу ауадай қажет. Әлемдік даңғыл жол да осы.
Қазіргі кезде Қазақстан
Республикасы да бәсекеге қабілетті
экономика негізін нығайту мен
дамытуға ықпал жасайтын бірқатар позитивті
факторлар қалыптасты. Мысалы,
республикада, жарғылық қорлары
елдің дамуының тұрақты берік
базасын құруға мүмкіндік беретін,
даму институттары құрылды. 15 технопарк
пен 16 бизнес-инкубатордың қызметтеріне
көп көңіл бөлініп отыр, бірақ
олар әлі индустриалды-инновациялық
саясаттың мақсаттары мен басымдылықтарына
толық көлемде сай келмейді. Негізгі
себеп - ғылым мен өндіріс арасындағы
тығыз байлыныстың жоқтығы. Бұл
технопарктерді құру мен басқаруға
мемлекеттің қатысу қажеттілігін көрсетеді.
Технопарктер мен бизнес-инкубаторлар
ең алдымен мұнай-газ, өнеркәсіптің
тау-кен-металлургия секторлары және
құрылыс саласында инновациялық
ізденіспен айналысуы керек. Бұл
бағыттағы нақты қадамдардың
бірі арнайы экономикалық аймақтар территорияларында
инновациялық құрастырылымдарды ынталандыру
бойынша Салық кодексіне
Айта кету керек, әр жоғары технология паркі өзінің мәні бойынша - ғылым, өндіріс және жергілікті атқару органдарының мүмкіндіктерін тиімді біріктіру. Отандық өндірістің бүгінгі күнге, бос қуаттар, соның ішінде станоктар мен жабдықтар түріндегі, пайдаланылмай келетін үлкен әлеуеті бар екені белгілі. Ғалымдардың да іске асыруды қажет ететін қүрастырылымдары бар. Мұндай жағдайда, әрине, технопарктер құрудан барлығы ұтады: өнеркәсіп әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығара бастайды, ғалымдар өз идеяларын іске асыруға, ал жергілікті билік -бюджетке түсетін салық түсімдерінің көбеюі, түрғындардың еңбекпен қамтылуының жоғарылауы есебінен аймақты экономикалық және әлеуметтік дамытуға мүмкіндік алады.
Индустрия министрлігінің жоспары бойынша технопарктердің біреуі Қарағандыда орналасады. Қазір бұл аймақ өнеркәсіптік өсу қарқыны бойынша елде екінші орын алады. Мұнда қуатты тау-кен-металлургия кешені және машина жасау кәсіпорындары орналасқан, бірнеше техникалық жоғары оқу орындары бар. Қарағанды кәсіпорындарында жинақталған, жаңа технологиялар көмегімен өңдеуге болатын, орасан зор қалдықтар да маңызды роль атқарады. Мысалы, Жезқазғанның металлургиялық заводтары кеңес уақытында тауарлық өнімнің тек 5-6 түрін шығарды (мыс, қорғасын, мырыш және т.б.), ал қалдықтарды өңдеуді ескере отырып олардың санын 17-ге жеткізуге болады. Әрине, бұл Қарағандыдағы технопарктің қызметінің негізгі бағыты болады. Қазірдің өзінде Қазақстандық ғалымдар техногендік шикізатты өңдеудің бірнеше тиімді әдісін ұсына алады.
Екінші парктің орналасу орны - Атырау. Оның ерекшелігі, әрине, — мұнай-газ саласына инновациялар. Біздің елде үш ірі мұнай өңдеу зауыты бар. Олардың барлығы отын циклы бойынша жұмыс істейді, яғни бензин, керосин және дизель отынын шығарады. Сонымен қатар, қазақстандық мұнай кұрамында ванадий көп - арнайы болаттың негізгі компоненттерінің бірі (мысалы, танк броны). Егер де мұнайдан парафин алуды ұйымдастыруға қол жеткізілсе, онда республика үшін Қытай нарығы ашылар еді, ол жақта бұл өнімге деген сұраныс жоғары.
2004 жылдың 1-ші қазанынан
бастап Президенттің «
Қазіргі кезде Алматы түбіндегі
Алатау ауылында 340 гектар аумақта ақпараттық
технологиялар паркі орналасып
жатыр. Біріншіден, Алматыда жарамды
инфроқұрылым бар, соның ішінде аэропорт.
Екіншіден, дәл сол жерде Ядролық
физика институты бірнеше жылдан
бері табысты жұмыс істеуде - жоғары
технологиялардың тағы бір шоғырланған
жері. Мамандардың пікірі бойынша
«Арнайы экономикалық аймақтар туралы»
Заңда қарастырылған
Барлық салалардың өзара
тығыз байланыстылығы жағдайында ақпараттық
технологияларды дамыту тек отандық
экономиканың топбастарлары - мұнай-газ
және металлургия салаларының ғана
емес, биотехнология және кремний
өнеркәсібі сияқты, мүлде жаңа бағыттардың
дамуына да ықпал жасайды. Индустриалды-инновациялық
стратегияның бірінші кезеңінің
негізгі міндеті - ДСҰ-ға кіру процесін
жандандыру. Қазір өнімдерді сапалық
жақсартуға, қазақстандық кәсіпкерлер
шығаратын тауарлар мен қызметтердің
бәсекелестік қабілетін арттыруға
бағытталған шаралар қолға
Өкінішке орай, қазақстандық
компаниялардың көпшілігі әлемдік
нарықтарда бәсекелестікке дайын емес,
егер, ұзақ уақыт валютаның төмендетілген
курсымен, төмен энерготарифтермен,
орта әлемдік деңгеймен
Бұл жерде ең маңызды мәселе
қазақстандық заңдарды халықаралық
заңдармен үйлестіру болуы
Бұдан басқа, Қазақстан өнеркәсібінің экспорттық бәсекеге қабілеттілігі халықаралық және аймақтық стандарттарды енгізуге тікелей байланысты, бұл Бағдарламада қарастырылған. Табысты индустриалдық дамуда сыртқы экономикалық саясатты жандандыру үлкен роль атқару керек, соның ішінде ЕврАзЭС шеңберінде. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін ең маңызды мәселе - елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды сақтап қалу.
Келесі аспект - бәсекелестікті ынталандыру, әсіресе ұлттық компанияларда. Бұл үшін, инновациялық қызмет тұрғысынан ұлттық компаниялардың жоспарларын қайта қарау қажет, өйткені олардың бірқатарлары құрамдас компаниялар құрады және тәжірибеде бәсекелестік ортаның аясын тарылтады. Және мұның қаншалықты маңызды екендігін талдау қажет. Негізгі макроэкономикалық параметрлер, экономиканың бәсекелестік қабілетке жетуін қамтамасыз ететін, еңбек өнімділігі және капитал өнімділігі көрсеткіштері болып табылады. Бағдарламаны бюджеттен жыл сайын 260 млн. доллар мөлшерінде қаржыландыруды қамтамасыз ету бюджеттік комиссия қызметінің шешуші бағыты болуы керек.
Бағдарламаны жүзеге асыру
нәтижесінде нарыққа тауар
Инновациялық экономикаға өту үшін Қазақстанның Даму банкы, Инвестициялық және Инновациялық қорлар, Шағын бизнесті қолдау қоры, Маркетингтік зерттеулер орталығы, Ғылым қоры, венчурлық қорлар, технопарктер, университеттік ғылыми лабораториялар ашылды. Ғарыштық, ақпараттық, ядролық, нано-биотехнологиялық бағдарламалар қабылданды. «Қазына» орнықты даму қорының мәліметі бойынша даму институттарында барлығы 5 млрд.доллар көлемінде 135 инвестициялық жоба қабылданды. Даму институттары инновацияға 2006 жылы 2,7 млрд. тенге құйды, бұл бюджеттің 3,9 %. Өкінішке қарай 2007 жылы бұл шығындар 16,3 млн.долларға кеміп кетті. Жалпы, инновацияны қаржыландырудағы мемлекеттік бюджеттің үлесі 0,16 дан 8 % немесе 2003 жылғы 430,2 млн.тенгеден 2006 жылғы 6,5 млрд.теңге, яғни 15 есе өсті. Бұл бұған дейінгі осы мақсаттағы шығындар 25 есе өседі деген бағдарламаның орындалып жатқанын көрсетеді [13].
Тұтастай алғанда 2003 жылдан 2006 дейін инновациялық өнімнің көлемі республика бойынша 65-тен 156 млрд.теңгеге өсті. Бірақ, оның жалпы өнеркәсіп өнімдерінің көлеміндегі үлесі 2,4 % деңгейінде сақталып қалды. Сонымен қатар, кәсіпорындардың инновациялық қызметінде прогрессивтік құрылымдық өзгерістер байқалуда. Жаңа немесе түбегейлі технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнімдер үлесі 9,5 дан 88,4 млрд.тенгеге немесе 14,7 дан 56,7 % өсті. Дәл сол кезеңде жетілдірілген өнім көлемінің үлесі 72,2 ден 36,2 % төмендеді.
Информация о работе Экономикалық даму институттарының мәні мен рөлі