Бұған қоса қызметi банк қызметтерiнiң
белгiлi тiзбесiн жүргiзудi көздейтiн
мамандандырылған банктер құрылатын
болады. Атап айтқанда, осындай банктер
құрудың тұрғын үй құрылыс
жинақтары жүйесi, мамандандырылған
ипотекалық банктер шеңберiнде
келешегi бар.
Екiншi деңгей - қаржы институттарының
кредиттiк серiктестiктер сияқты
түрлерi дамытылатын болады, бұл
орайда олардың заемшылары клиентураның
негiзгi бөлiгiн құрайтын шағын
және орта заемшылар бола алады.
Үшiншi деңгей - микрокредит берумен
ғана айналысатын ұйымдардың
қызметiмен тiкелей байланысты
кредит беру жүйелерi. Микрокредиттiк
ұйымдар кредит берудi өз капиталы,
гранттар және шағын кәсiпкерлерге
арналған бағдарламаға қатысушылар
жарналары есебiнен жүзеге асыратын
болады.
Сақтандыру рыногы
Сақтандыру секторын дамыту саласында
шаруашылық жүргiзушi субъектiлер
мен халықтың мүдделерiн әртүрлi
қатерлерден қорғаудың тиiмдi тетігi
және ұзақ мерзiмдi түрде ішкі
инвестициялардың көзi ретiнде
сақтандыруды белсендi пайдаланатын
қазiргi заманғы ұлттық сақтандыру
индустриясы қалыптастырылатын
болады. Сақтандыру жүйесiнiң әлеуетi
республика экономикасын тұрлаулы
түрде дамыту тетiктерiнiң бiрi
ретiнде пайдаланылатын болады.
Сақтандырудың мiндеттi түрлерi, оның
iшiнде мiндеттi әлеуметтiк және
медициналық сақтандыру, экологиялық
сақтандыру және басқа түрлерi
енгiзiлiп, оларды тиiмдi қолдану
қамтамасыз етiлетiн болады.
Сақтандыру рыногының инфрақұрылымын
дамыту және оның кәсiби қатысушыларының
(сақтандыру брокерлерiнiң, актуарийлер
мен уәкiлеттi аудиторлардың) қызметiн
жандандыру жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын
болады. Бағалы қағаздар рыногының
кәсiби қатысушыларының әртүрлi санаттарының
қызметiндегi тәуекелдердi сақтандыру
тиiстi дәрежеде дамиды.
Сақтандыру шарттары бойынша
клиенттердiң мүдделерiн қорғау
мақсатында сақтандырушыларға (сақтандырылғандарға,
пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн
жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн
қор құрылды. Бiрiншi кезеңде мiндеттi
сақтандырудың негiзгi түрлерi бойынша
кепiлдiк берудi енгiзу, ерiктi сақтандыруды
қоса алғандағы қалған барлық
түрлерiне кепiлдiк берудi одан
әрi кеңейту көзделуде.
Басымдықтардың бiрi қаржы және
азаматтық нормаларға сәйкес
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын
тарату кезiнде олардың кредиторларының
құқықтары мен заңды мүдделерiн
қорғау болып қала бередi.
Бағалы қағаздар рыногы
Бағалы қағаздар рыногын дамытудың
2010 жылға дейiнгі кезеңге арналған
негiзгi бағыттары мыналар болады:
iшкi институциональдық инвесторларды
дамыту;
бағалы қағаздардың және олардың
туындыларының сапасын жақсартуды
ынталандыру және қаржы құралдарының
жаңа түрлерiн енгiзу;
инвесторлардың құқықтарын қорғауды
жетiлдiру және зейнетақы мен
резервтiк активтердiң сақталуын
қамтамасыз ету;
бағалы қағаздар рыногының техникалық
инфрақұрылымын дамыту;
бағалы қағаздар рыногының екi
деңгейлi жүйесiн одан әрi дамыту.
Іpi институционалдық инвесторлар
ретiнде ресурстардың ең көп
көлемiн жинақтаған банктер ретiнде
екiншi деңгейдегi банктер, сондай-ақ
сақтандыру рыногының даму дәрежесiне
қарай сақтандыру ұйымдары дамытылатын
болады. Сақтандыру ұйымдарын дамыту
шеңберiнде олардың резервтiк
активтерiн рыноктық бағалау зейнетақы
активтерiн бағалаумен бiрыңғай
стандартқа келтiрiледi.
Бағалы қағаздар портфелiн ұстап
отырған брокерлiк және дилерлiк
ұйымдарды және құнды қағаздар
рыногының басқа да кәсiби қатысушыларын
дамыту 2004 жылдан бастап олардың
капиталдану деңгейiн жоғарылату
арқылы жетiлдiрiлетiн болады.
Қазақстандық акциялар мен облигациялардың
инвестициялық тартымдылығын арттыру
маңызды мiндет болып табылады,
мұның аясында корпорациялық
басқару нормаларының сақталуына,
ұсақ акционерлердiң құқығы мен
мүдделерiн қорғаудың қағидаттарын,
акционерлiк қоғамдардағы төлем
тәртiбiн және акционерлiк қоғам
қызметiнiң ашықтығын нығайтуға,
салық заңнамасының бағалы қағаздар
бойынша кiрiске салық салу
бөлiгiнде жетiлдiруге назар аударылатын
болады.
7.2.2.
Фискалдық саясат
Экономиканың жедел даму процесi
кәсiпорындар мен ұйымдардың жұмыс
iстеуi үшiн ынталандыру жағдайларын
жасаумен ұштасады. Бұл белгiлi
бiр деңгейде салық режимiнiң
жетiлдiрiлуiмен байланысты.
Жандану саясатынан экономикалық
дамудың тұрақты жоғарғы қарқыны
стратегиясына кө шу алынатын
кiрiстi мемлекеттiң халықтың және
кәсiпорындардың арасында қайта
бөлу процесiн реттеу тетiктерiн
жетiлдiрудi қажет етедi. Бұл проблеманы
шешудiң өзектiлiгi экономикалық
өсiмнiң негiзiн шикiзаттарды өндiру
және бастапқы қайта өңдеумен
айналысатын салалар құрайтынында
болып отыр. Бұл салалардың өнiмдерi
елдiң өнеркәсiп өндiрiсi мен
экспорты көлемiнiң 70%-iнен астамын
иеленедi.
Бұдан басқа, экономиканың басқа
салаларының, тауарлар мен қызмет
көрсетулерiнiң iшкi өндiрiсiнiң жартысынан
астамы шикiзат секторы кәсiпорындарының
тауарлар мен қызмет көрсетулерге
деген қажеттiгiн қамтамасыз етедi.
Бұл Қазақстан экономикасының
тұрлаулы түрде дамуына керi
әсерiн тигiзедi, өйткенi мұнайдың, металдар
мен астықтың әлемдiк бағаларының
күрт құлдырауы елдiң көптеген
кәсiпорындарының жұмысының бұзылуына
әсер етiп, мемлекеттiк бюджетке
кiрiстердiң түсiмiн айтарлықтай
қысқаруына ықпал етедi.
Республика экономикасының негiзгi
экспорттық тұрғыдағы әлемдiк
бағалар конъюнктурасына тәуелдiлiгiн
азайту үшiн қосылған құнның
үлесi жоғары өнiмдер өндiрiсiн
дамытуды ынталандыратын жағдайлар
жасау қажет. Бұл мақсатта орта
мерзiмдi кезеңде қосылған құны
жоғарғы меншiктi өндiрiс өнiмдерiн
өткiзетiн кәсiпорындар үшiн корпоративтi
табыс салығы мен қосылған
құн салығы бойынша салық салудың
жекеленген тәртiбiн енгiзу қажет.
Инновациялық белсендiлiктi дамыту
және инновациялық түрдегi экономикаға
өту республикадағы тұрақты экономикалық
дамуды қамтамасыз етудiң тәсiлдерiнiң
бiрi болып табылады. Алайда, практикада
бұл мiндеттердi жүзеге асыру инновациялық
инфрақұрылымның, инновациялық белсендiлiктi
ынталандырудың iске қосылған тетiктерiнiң
әлсiздiгiнен, инновациялық қызметтiң
мамандандырылған субъектiлерiнiң
мүлдем болмай отырғандығынан
күрделене түceді.
Экономиканың шикiзаттық емес
саласына инвестицияларды жеделдете
тартуға ықпал ететiн ұйымдық
нысандардың бiрi еркiн кеден
аймағының айрықша режимi бар
арнайы экономикалық аймақтарын
(бұдан әрi - AЭA) құру болып табылады.
АЭА-ны дамыту үшiн түрлi жоғары
технологиялық қызмет түрлерiн
(ақпараттық технологиялар, биотехнологиялар,
ядролық технологиялар, радиоэлектроника,
байланыс және т.б.) ынталандыратын
экономикалық қолайлы жағдай
жасау қажет. АЭА-ның инновациялық
әзiрлемелердi игеруi кезеңiнде
олардың есептелген корпоративтi
табыс салығын азайту, мүлiк салығын
және жep салығын төлеуден босату
заңнамамен айқындалады деп көзделуде.
Сонымен бiрге, айрықша режимнiң
белгiлi бiр шектеулi аумақ шеңберiнде
қолданылуы экономиканың барлық
салалары мен өңiрлердi тең
әрi тиiмдi дамыту мiндетiн толық
көлемде iске асыруға мүмкiндiк
бермейдi.
Бұл үшiн ғылыми және инновациялық
қызметтi салықтық ынталандыру
жөнiнде ҚОСЫМША ұсыныстар қарастырылады.
Салық салудың жеңiлдiк режимiн
енгiзумен қатар инновациялық
қызметтi мемлекеттiк қолдау ғылыми
және инновациялық инфрақұрылымды
құру және дамыту процестерiн
қаржыландыру түрiнде жүзеге асырылуы
тиiс.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының
инвестицияларды мемлекеттiк қолдау
жөнiндегi заңнамасында ескiрген
тiркелген активтердi жаңартуды
ынталандыру, ғылымды көп қажетсiнетiн
және жоғары технологиялы жаңа
өндiрiстерге инвестициялар тартудың
негiзгi бағыттарының бiрi болып
табылады.
Негiзгi қорларды жаңартуды ынталандыру
салық төлеушiлердiң жиынтық жылдық
табысынан ҚОСЫМША шегерiмдерге,
қайта енгiзiлген тiркелген активтер
бойынша мүлiкке салық төлеуден
және нақты инвестициялық немесе
инновациялық жобаны iске асыру
үшiн алынған және пайдаланылатын
телiмдерге жер салығын төлеуден босату
құқығы түрiнде инвестициялық салық преференцияларын
беру арқылы жүргiзiледi.
Сонымен қатар өнiмдiлiктi тө мендетуге,
материалдық-энергия қажетiн жоғарылатуға
және тиiсiнше отандық өнiмдердiң
бәсекелестiк қабiлетiн тө мендетуге
алып келетiн негiзгi қорлардың
моральдық және табиғи тозуы
проблемасы сақталып қалып отыр.
Қазiргi уақытта республикада негiзгi
құралдардың тозу дәрежесi экономикалық
қызмет салаларына байланысты 50-75
% құрайды.
Негiзгi қорлардың жай-күйiн жан-жақты
тексеру негiзiнде оларды тозу
нормаларын қайта байқау мүмкiндiгiн
жаңартуды ынталандырудың бiрi
ретiнде қарастыру қажет.
Аталған жеңiлдiктер экономиканың
басым салаларындағы iскерлiк
белсендiлiктi ынталандыруға, тiркелген
активтердi жаңартуға бағытталған
және салық салудың әдiл қағидатын
бұзбайды.
7.3.
Технологиялар
7.3.1.
Ғылымды дамыту
Ғылыми әзiрлемелердiң қажет болмауы,
соның салдарынан өнеркәсіптегi
инновациялық белсендiлiктiң деңгейiнiң
тө мендiгi өндiрiс факторларының
өнiмдiлiгiн жоғарылату, нақ ғылыми-техникалық
және инновациялық прогресс есебiнен
мүмкiн бола тұра, экономиканы
реформалаудағы ғылым рөлiнiң
жете бағаланбауынан туындап
отыр.
Дамыған индустриялық елдермен
салыстырғанда Қазақстандағы ғылымның
дамуының қағидатты ерекшелiктерi
бар. Дамыған елдерде iргелi және
қолданбалы зерттеулердi қаржыландырудың
жыл сайын ұлғаюы, ғылымның жеке
сектормен ықпалдасуын ынталандыру
есебiнен жаңа жетiстiктердi жеделдете
игеру, ғылымның корпоративтi
секторын құруға және дамытуға
жан-жақты жәрдемдесу, маңызды экономикалық
және әлеуметтiк мiндеттердi шешуге
ғылыми-техникалық әлеуеттi бағдарлау
байқалып отыр. Атап айтқанда, 2000
жылы ғылыми зерттеулер мен
әзiрлемелерге арналған мемлекеттiң
шығыстары: АҚШ-та 246,2 млрд. долларды
(IЖӨ-нiң 2,9 %), Жапонияда 94,2 млрд. долларды
(IЖӨ-нiң 3,0%), Германияда 45,8 млрд. долларды
(IЖӨ-нiң 2,35%), Францияда 28,0 млрд. долларды
(IЖӨ-нiң 2,25 %), Швецияда 7,6 млрд. долларды
(IЖӨ-нiң 4,0 %) құраған. Еуроодақ
өз мүшелерiне ғылымға арналған
салымдар деңгейiн ІЖӨ-нің 2,5 %-iне
дейiн жеткiзудi ұсынып отырғанын
атап өту керек.
Қазақстанда соңғы бес жылда
ғылымды қаржыландыру көлемi IЖӨ-нiң
0,2 %-iн құрап отыр, бұл жеткiлiксiз
болып табылады. Қазақстанның стратегиялық
мүдделерiн көздей отырып, 2010 жылға
ғылымды қаржыландыруды IЖӨ-нiң 2
% және 2015 жылы 2,5-3 % деңгейiне дейiн
жеткiзуге кезең-кезеңмен өтудi жүзеге
асыру қажет.
Бiрқатар ғылыми тақырыптарды
қаржыландырудың жеткiлiксiз болуы
мен тоқтатылуы жас ғылыми
кадрлардың ғылым саласынан кетуiне,
ғылымның материалдық-техникалық
базасының моральдық және табиғи
тозуына әкелдi.
Ғылымды реформалаудың мемлекеттiк
саясатын басымдықпен жүргiзу
қажет.
Ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттiк
саясаттың басты бағыттары:
Әлеуметтік-экономикалық дамудың
негізгі стратегиялық басымдықтарының
бiрi ретiнде ғылымды айқындау;
жоғары технологиялар өнiмiнiң
экспортына бағдарланған ғылымды
көп қажетсiнетiн әрi ресурстарды
үнемдейтiн және экологиялық таза
өндiрiстi құруға бағытталған зерттеулердi
дамыту;
ғылыми жетiстiктердi нақты iске
асыруға ықпал ететiн тетiктер
мен ынталандыру жүйесiн құру;
жаңа жетiстiктердi экономиканың
қабылдауын жан-жақты ынталандыру
(сұранысты ынталандыру) және
оларды отандық ғылыми-техникалық
әлеуеттiң пайдалануы үшiн жағдайлар
жасау (ұсыныстарды ынталандыру);