ҚР индустриалды инновациялық даму стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 18:05, реферат

Краткое описание

Индустриялық саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi және тиiмдi ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшiн кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн бiлдiредi.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк стратегиясы 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс.

Файлы: 1 файл

ҚР индус иннов даму стратегиясы.docx

— 101.93 Кб (Скачать)

       ДСҰ-ға кiру Қазақстан үшiн маңызды  қажеттiлiк болып табылады.

       Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi сыртқы  сауданы жүзеге асыру және  осы ұйымда қабылданған ережелерге, нормаларға, тетiктерге сәйкес тауарлар  мен қызмет көрсетулер өндiрiсiнiң  iшкi жағдайларын түбегейлi қайта  құру есебiнен тұрақты экономикалық  өсiм үшiн қолайлы жағдайлар  жасауды мақсат етедi.

       ДСҰ шеңберiнде сауда саясаты  арқылы Қазақстан мынадай негiзгi мiндеттердi шешедi:

       қазақстандық экспорттың кем  қойылуын болдырмау;

       өркениеттi халықаралық сауданың  ережелерi мен қағидаттарын қабылдаушы  ашық нарықтық экономикасы бар  ел ретiнде халықаралық беделiн  нығайту;

       ЕурАзЭҚ және ТМД шеңберiнде  өңiрлiк ықпалдасу процестерiн  дамыту;

       нақты Кеден одағы мен бiртұтас  рынокты жасауды iлгерiлету. Өзара  саудада арнайы қорғау, демпингке  қарсы және өтем шараларын  қолдануға қарсы белсендi әрекет  ету;

       экспорт операцияларын жүзеге  асыру кезiнде тәуекелдер есебiнен  сақтандыруды қоса алғанда, экспортты  ынталандыру жөнiнде пәрмендi  шараларды әзiрлеу мен iске  асыру.

       Бұл мiндеттердi ДСҰ шаралары мен  тетiктерi арқылы шешу дайын өнiм  экспортының өсiмiне өту кезiнде  өте маңызды болады, өйткенi әлемдiк  нарық аса толған әрi қатаң  бәсекелестiк жағдайында дамып  отыр.

       Қазiргi уақытта Қазақстан ДСҰ-ға 144 мүше елдiң 135 елiмен сауда  жасайды. ДСҰ-ға кiру Қазақстанға  бiр iзге салынған ережелер  мен тетiктер бойынша осы елдермен  сауда жасау мүмкiндiгiн бередi.

       ДСҰ-ға мүшелiк өнеркәсiпте қазiргi заманғы технологиялардың және  өндiрiстi ұйымдастыру әдiстердiң  таралуына, iшкi нарықтағы бәсекелестiктiң  дамуы мен сыртқы рыноктарда  қазақстандық тауарлардың бәсекелестiк  қабiлетiн арттыруына, өңдеушi өнеркәсiп,  әсiресе инновациялық бағыттағы  кәсiпорындар аса қажет ететiн  шетел инвестициялары ағымының  ұлғаюына ықпал етедi.

       Импорттың орташа өлшенген ставкасы  Қазақстанда шамамен 8,6%, яғни  ДСҰ (6-7%) бойынша орта өлшенген  ставкасына деңгейлес. 0-ден 15%-ке  дейiн ставкасы бар тауар позициялары  үлесi барлық тауар позицияларының 95%-iн құрайды. Бұл тұтас алғанда  iшкi нарықтың әлсiреуi қаупiн туғызбайды.

       Қазақстан ДСҰ-ға өзiнiң негiзгi сауда серiктесi болып табылатын  Ресеймен қатар кiру қажет. 

6. Инвестициялық  саясат 

      Мемлекеттiк  инвестициялық саясаттың индустриялық-инновациялық  дамуға қатысты мақсаты қаржыландыру  көзiн, жеке сектордың мемлекеттiң  араласуынсыз шамасы келмейтiн  салаларды инвестицияларды қолдау  мен тартудың тиiстi тетiктерiн  айқындау болып табылады.

       Мемлекеттiк инвестициялық саясатты  жүргiзу шикiзаттық емес өндiрiстердi  дамыту мақсатында жеке инвестицияларды  ынталандыру және мемлекеттiк  инвестицияларды жүзеге асыру  жөнiндегi шаралар кешенiнiң үйлесiмi  болады.

       Стратегия аясында мемлекеттiк  инвестициялық саясаттың барлық  мүмкiн болатын тетiктерiн пайдалану  көзделiп отыр. 

      6.1. Жеке инвесторлар үшiн жағдайлар  жасау

       Машина жасау, жеңiл, жиhаз, фармацевтика, қағаз және өнеркәсiптiң басқа  да бiрқатар өңдеушi салаларын  (металлургия және тамақ өнiмдерi мен сусындар саласын есепке  алмағанда) дамытуға соңғы үш  жылда жыл сайын 68-ден 130 млн.  АҚШ доллары, ал мұнай өндiру  саласында 1773-тен 2300 млн. АҚШ  доллары салынды. 

3-кестe    

Өнеркәсіп объектілерiнің  құрылысына салынған

инвестициялардың  құрылымы 

____________________________________________________________________

           |      1999 жыл          |      2000 жыл           |     2001 жыл

____________________________________________________________________

           |млрд.  |млн.  |  %    |млрд.   | млн.   | %   |млрд. |млн.   | %

           |теңге  |долл  |         |теңге   | теңге |       |теңге  |теңге |

____________________________________________________________________

 Өнер.   190,7    2435,7 100,0  299,4    2505,1 100,0   440,0   3090,1 100,0

 кәсіп

 барлығы: 

Тау-кен 150,8  1926,1   79,1  252,5     2112,7  84,3  355,1    2493,4  80,7

 өнді.

 рісі 

оның

 ішінде 

мұнай     138,8  1773,0   72,8    228,3  1910,3    76,3    330,3  2319,2  75,1

 өндіру 

Өңдеушi  29,3    374,4   15,4     31,4   262,4      10,5   61,2    429,9    13,9 

Оның

iшiнде 

метал.      12,2  155,4     6,4    16,7   140         5,6    34,7    243,6    7,9

 лургия 

тамақ        9,5   121,5     5      6,6    54,8         2,2    8,1     56,9      1,8

 өнiм.

 дерi

 мен су.

 сындар 

қалған       7,6   97,5     4       8,1    67,6        2,7    18,4    129,4    4,2

 салалар 

Электро.    10,6  135,2  5,6    15,6   130,1      5,2    23,7    166,8    5,4

 энергия.

 сын, газ

 бен су

 өндiру

 және бөлу

____________________________________________________________________

 Ақпарат көзi: Қазақстан Республикасының Статистика  жөнiндегi

 агенттiгi

____________________________________________________________________ 

      Жер  қойнауы инвестициялары жеке  инвестицияларда айтарлықтай үлеске  ие, олардың экономиканың басқа  салаларын дамытуға мультипликативтi  әсерi болар едi. Мұндай тиiмдiлiктi алу мақсатында жер қойнауын  пайдаланушылармен келiсiмшарт жасасу  кезiнде инвесторлардың кiрiстерiнiң  бiр бөлiгiн iлеспе қайта өңдеу  өндiрiстерiн құру мен дамытуға  салу, отандық өндiрушiлердiң жабдықтар  мен қосалқы бөлшектер жеткiзiп  беруiне тапсырыстар орналастыру  жөнiндегi мiндеттемелерiн ескертiп  айту керек.

       Қызметтiң басым түрлерiне тiкелей  отандық және шетелдiк инвестициялар  ағыны өсiмiнiң есебiнен ел экономикасын  теңгермелi дамытуды қамтамасыз  ету үшiн Қазақстан Республикасына 2003-2005 жылдар кезеңiнде тiкелей  инвестициялар тарту бағдарламасы  әзiрленiп, оның негiзгi бағыттарының  бiрi өңдеушi өнеркәсiптi дамыту болып  табылады.

       Алайда, өңдеушi өнеркәсiптiң, оның iшiнде  инновациялық сектордың салалары  жеке инвестор үшiн тартымсыз  болып қалып отыр. Осыған орай  өңдеушi өнеркәсiпке жеке инвестициялар  тарту үшiн қолайлы инвестициялық  жағдай жасау мемлекеттiң мiндетi болып табылады.

       Жеке инвестицияларды тарту процесiн  ынталандырудың экономикалық тетiктерi ретiнде инвестициялық салық преференциялары,  мемлекеттiк заттай гранттар және "Инвестициялар туралы" Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес  қызметтiң басым түрлерi кәсiпорындарының  тiркелген активтерiне салымдарды  жүзеге асыратын инвесторларға  берiлетiн бiрқатар кепiлдiктер  қолданылатын болады. Алайда Заңда көзделген преференциялар (артықшылықтар) аталған салалардың коммерциялық тартымсыздығымен салыстырғанда берiлетiн жеңiлдiктердiң сәйкес келмейтiнiн ескере отырып, индустриялық-инновациялық сектордың салаларын дамытуға тиiсiнше ықпал ететiн жағдайда емес. Осыған орай оларды фискалдық саясат шараларымен толықтыру қажет.

       Экономикалық тетiктердiң қолданылуы  ұйымдық сипаттағы iс-шаралармен  толықтырылуы тиiс. Қазақстан  Республикасының және оның өңiрлерiнiң  инвестициялық мүмкiндiктерi туралы  ақпаратты ұсыну көлемi мен  сапасы инвесторлардың ел экономикасына  капитал салу туралы шешiм қабылдауына  айтарлықтай әсер етедi. Осыған  байланысты инвестициялық мүмкiндiктермен  таныстыру жөнiнде жүргiзiлетiн  жұмыс аясында индустриялық-инновациялық  сектор салаларын дамытуға күш  салынуы тиiс. Перспективалы жобаларды  iздестiру жөнiнде ықтимал инвесторларға  да, жеке инвесторды қызықтыратын  инвестициялық жобаларды сәйкестендiретiн  әрi әзiрлейтiн кәсiпорындарға да  тiкелей қызмет көрсететiн ақпараттық-консультативтiк  орталықтарды тiкелей өңiрлердiң  өзiнде құру жөнiнде жұмыстар  ұйымдастырылатын болады.

       Индустриялық-инновациялық дамудың  iрi инвестициялық жобаларын бiрлесе  iске асыруда инвесторлармен, әсiресе  трансұлттық компаниялармен ақпараттық-тұсаукесер iс-шараларын өткiзуден гөрi барынша  белсендi сұхбат жүргізуге кө  шу қажет.

       Бұдан басқа, басым өндiрiстердiң  инвестициялық тартымдылығын арттыру  мақсатында мемлекет мыналарға  бағытталған шараларды қолға  алады:

       миноритарлық акционерлердiң құқықтарын  қорғауды күшейту және корпоративтi  басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру;

       кәсiпорындарды тiркеудiң оңайлатылған  жүйесiн енгiзу;

       қызмет түрлерін лицензиялаудың  ашық жүйесiн құру;

       қаржылық есептiлiктiң халықаралық  стандарттарына кәсiпорындардың  өтуiн жеделдету. 

      6.2. Мемлекеттiк инвестициялар

       Индустриялық-инновациялық даму  саласында жүзеге асырылатын  мемлекеттiк инвестициялардың көздерi республикалық және бюджет қаражаты, сондай-ақ мемлекет бақылауындағы  кәсiпорындардың (дамудың мемлекеттiк  қаржылық ұйымдары, ұлттық компаниялар,  мемлекеттiк кәсiпорындар) қаражаты  болады.

       Бюджеттiк инвестициялар басымдықтарының  арасында индустриялық-инновациялық  даму үшiн зияткерлiк және инфрақұрылымдық  негiз құратын салалар қалуы  тиiс. Бюджеттiк инвестициялар  олардың болуы жоғары технологиялы  өндiрiстiң қалыптасуының маңызды  ҚОСЫМША шарты болатын қажеттi базалық және әлеуметтiк инфрақұрылым  дамытуға бағытталып, өңiрлерде iскерлiк  және инвестициялық белсендiлiктi күшейтуге ықпал ететiн болады.

       Бюджеттiк инвестицияларды тiкелей  индустриялық-инновациялық сектор  салаларына жiберу негiзгi қызметi несие капиталының сыртқы және iшкi рыноктарына қаражатын тарту  болып табылатын қазiргi және құрылатын дамудың мемлекеттiк қаржылық ұйымдары арқылы, сондай-ақ экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшiн институционалдық инвесторлар қаражаттары арқылы жүзеге асырылатын болады.

       Әр өндiрiстiң әлеуетiн айқындағаннан  кейiн инвестициялық саясатты  Қазақстан экономикасының шикiзаттық  емес секторының барынша тар  учаскесiне бағыттауға күш салу  керек. Осындай жағдайда ғана  өндiрушi сектормен бiрге ұзақ  мерзiмдi перспективада Қазақстандық  экономиканың негiзiн құрайтын  бiрнеше жаңа қуатты салалар  пайда болуы мүмкiн.

       Басқаша айтқанда, мемлекеттің инвестициялық  және әкiмшiлiк ресурстары шектеулi  және барлық ресурстарды көптеген  салаларға бөлшектеу қосылған  құны жоғары, бiрақ салыстырмалы  түрде алғанда, халықаралық ауқымда  бәсекеге қабiлетi жоғары eмec деңгейдегi  орташа дамыған бiрқатар салалардың  пайда болуына әкеп соғады.

       Индустриялық-инновациялық дамуда  мемлекеттiк индустриялық саясатты  жүзеге асырудың басқа құралы  ұлттық компаниялар болуы тиiс.  Мемлекет экономиканың стратегиялық  салаларында осы компаниялардың  меншiк иесi ретiндегi оларды ресурстарын  шикiзаттық емес сектордың жоғарғы  технологиялы өндiрiсiн дамытуға  инвесторлар, сондай-ақ өнiмдi тұтынушылар  ретiнде де белсендi түрде тартуы  тиiс. 

7. Өндiрiс факторларының  бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру

шаралары 

      7.1. Еңбек 

      7.1.1. Еңбек ресурстары

       Стратегияны iске асыру оны  өнеркәсiптiк өндiрiстi инновациялық  даму талабына сай барабар  әрекет ететiн жоғарғы бiлiктi кәсiби  мамандармен қамтамасыз етуге  тiкелей тәуелдi. Бұл ғылыми, инженерлiк-техникалық, ғалым-конструктор мамандарға да, ұйымдастыру-басқару мамандарына  (менеджерлерге) да бiрдей қатысты  болады.

       Бұл мiндеттi шешу үшiн өнеркәсiптi қарқынды дамыту және жоғарғы  технологиялар жағдайындағы жұмысқа  қажеттi түрлi кәсiптердiң мамандарын  даярлаудың арнаулы стратегиясы  әзiрленедi.

       Стратегияда тiкелей қозғалатын  басқа да маңызды әлеуметтiк-экономикалық  проблема жұмыспен қамтамасыз  ету болып табылады. Қосылған  құны жоғары өңдеушi өнеркәсiп  салаларын жеделдете дамыту, бiр  жағынан жұмыспен қамтудың өсуiне  және жұмыс күшiнiң салааралық  қайта айналуына алып келедi, ал  екiншi жағынан инновациялық даму  жекеленген салаларда, әсiресе  бiлiктiлiгi тө мен жұмысшыларды  жұмыспен қамтудың тө мендеуiне  әкеп соғады.

Информация о работе ҚР индустриалды инновациялық даму стратегиясы