ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн
материалдық базаны нығайту;
кадр әлеуетiн сақтау мен дамыту,
ғылыми-технологиялық дамудың басым
бағыттары бойынша жоғары бiлiктi
ғылыми кадрларды даярлау мен
аттестаттау;
ғылыми зерттеулердiң тиiмдiлiгi
мен сапасын жоғарылату үшiн
ғылыми ұйымдарды аттестаттау
және тiркеу жүйесiн дамыту;
ғылымның мемлекеттiк емес секторын
қалыптастыру мен дамыту, оны
қолдаудың мемлекеттiк тетiктерiн
жасау;
талантты жас ғалымдарды қолдау;
мамандарды әлемнiң ең үздiк
ғылыми орталықтарында тағылымдамадан
өткiзу;
грант негiзiнде ғылыми зерттеулердi
қаржыландыру тетiктерiн жасау
мен жетiлдiру;
қазақстандық ғылымның халықаралық
ғылыми-технологиялық қауымдастыққа
интеграциялануын қамтамасыз ету.
Ұсынылған шараларды iске асыру
индустриялық-инновациялық саясатты
барабар ғылыми қамтамасыз етудi
жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
7.3.2.
Ғылыми-техникалық және инновациялық
саясат
Экономикалық қатынастардың жалпы
жүйесiнде инновациялық қызметтiң
түпкi нәтижелерi - өндiрiс тиiмдiлiгiн
арттыру, еңбек өнiмдiлiгi мен
капиталдың өсуi, жоғары технологиялы
өнiм көлемi - елдiң экономикалық
қуатын айқындайтын болғандықтан,
оған басты рөл берiледi.
Дамыған индустриялы елдерде
технологиялардан, құрал-жабдықтардан,
кадрлар даярлаудан, өндiрiстердi
ұйымдастырудан көрiнiс табатын
жаңа iлiмдер үлесiне ІЖӨ өсiмiнiң
80-нен 95 %-iне дейiн келедi. Бұл
елдерде жаңа технологияларды
енгiзу нарықтық бәсекелестiктiң
өзектi факторы, өндiрiс тиiмдiлiгiн
арттырудың және тауарлар мен
қызметтер сапасын жақсартудың
негiзгi құралы болып отыр.
Қазiргi уақытта ғылымды көп қажетсiнетiн
отандық өндiрiстi дамыту, бәсекеге
қабiлеттi өнiмдердi алуға бағдарланған
жаңа ақпараттық технологияларды
әзiрлеу мен игеру және республиканың
өнеркәсiп пен ғылыми-техникадағы әлеуетiн
сақтау мен дамыту есебiнен ұлттық экономикалық
қауiпсiздiк мүдделерiн қамтамасыз ету
Қазақстан экономикасының өзектi стратегиялық
мiндеттерi болып табылады.
Қазақстанның ғылыми-технологиялық
саясаты инновациялық процестердi
жандандыруға, жаңа технологиялық
құрылымдарды енгiзуге, өңдеушi өнеркәсiптегi
жаңа қайта бөлiстердi игеруге,
ұлттық ғылыми-техникалық әлеуеттi
жандандыруға, ғылым мен өндiрiс
арасындағы алшақтықты еңсеруге,
индустриялық қызметтi ынталандыруға,
озық шетел технологиясының нақты
трансфертi мен халықаралық стандарттарды
енгiзудi қамтамасыз етуге бағытталуы
керек.
Ғылыми техникалық салада кәсiпкерлiк
секторды қалыптастырмай инновациялық
қызметтi дамыту мүмкiн емес. Соңғы
жылдар iшiнде өнеркәсiп өндiрiсi
көлемiнде және жұмыспен қамтылу
санында шағын бизнес секторының
үлесi өзгерiссiз қалып отыр және
тиiсiнше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-тi құрап
отыр, бұл индустриясы дамыған
елдердегiден бiрнеше есе аз.
Шағын инновациялық кәсiпкерлiктiң
дамуы тежелуiнiң негiзгi себебi
шағын кәсiпорындардың әдетте, iрi
кәсiпорындармен салыстырғанда бәсекеге
қабiлеттi өнiмдер шығара алмауында
болып отыр.
Шағын кәсiпкерлiктi iрi кәсiпорындармен
бiрiктiру (кооперациялау) мақсатында
табиғи монополия субъектiлерiнiң
негізгi қызметiне қатыссыз қызметтер
көрсету жөнiндегi функцияларын шағын
бизнес субъектiлерiнiң бәсекелестiк
ортасына беру тетiгiн әзiрлеу
қажет. Бұдан өзге, шағын бизнесте
инновациялық және ғылымды көп
қажетсiнетiн өндiрiстердi, оның iшiнде
лизинг бойынша құрал-жабдықтар
мен технологияларды сатып алу
және шағын және iрi бизнестiң
франчайзингтiк қатынастарының кең
таралуы есебiнен дамыту үшiн
жағдай жасау керек.
Қазақстандық өндiрушiлерге ғылыми
әзiрлемелердi рыноктық тауар
деңгейiне жеткiзу тәжiрибесi жетпейдi,
менеджмент, маркетинг және талдау
саласындағы жоғары бiлiктi мамандар
жеткiлiксiз. Осыған байланысты
қазақстандық мамандарды жетекшi
шетелдiк ғылыми-зерттеу институттары
мен компанияларына тағылымдамаға
жiберу және отандық кадрлар
даярлау үшiн республикаға жоғары
бiлiктi шетел мамандарын тарту
тәжiрибеге енгiзiлетiн болады.
Қазақстандағы ғылымның қазiргi таңдағы
жағдайы аяқталған ғылыми әзiрлемелер
мен қажетсiз өндiрiстер санының
көптiгiмен сипатталады. Бұл айтарлықтай
үлкен әлеует және оны пайдалану
инновациялық қызметтi дамытудың
негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болуы
тиiс.
Зияткерлiк меншiктi пайдалану мен
құқықтарын қорғау инновациялық
қызметтi дамытудың маңызды факторы
болып табылады. Құқықтық қатынас
субъектiлерiнiң құқықтары мен
мүдделерiнiң теңдестiру есебiнен
зияткерлiк меншiктiң тиiмдi шаруашылық
айналымы зияткерлiк меншiк жемiсiне
сұраныс пен ұсыныс бiрлiгiн,
ғылыми-техникалық зерттеулердi
дамытуды, оларды өнеркәсiпте iске
асыруды, бәсекеге қабiлеттi жаңа
тауарлар мен қызмет көрсету
өндiрiсi мен тұтынуды қамтамасыз
ете алады.
Инновациялық дамудың базалық
моделi негiзiнде iшкi (ө cipу) және
сыртқы (трансферт) инновация көздерiнiң
арасындағы қатынас жатыр. Инновацияларды
өсiру стратегиясы iргелi және
қолданбалы жеке зерттеулерге
негiзделген өзiндiк технологияларын
белсендi жетiлдiретiн алдыңғы
қатардағы елдерге (АҚШ, ГФР,
Англия, Жапония) тән. Технологиялардың
трансфертi стратегиясы iргелi және
қолданбалы жеке әзiрлемелерi жоқ
және бұл мақсаттарға арналған
ресурстары шектеулi елдерде де
iске асырылады.
Сонымен, ғылыми-техникалық және
инновациялық қызмет саласындағы
мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары:
мемлекеттiң қатысуымен маманданған
венчурлiк қорлар құру және
венчурлiк капиталды ғылыми-техникалық
және инновациялық салаға тарту;
инновациялық қызмет субъектiлерiн
мемлекеттiк қолдау нысандары
мен әдiстерiн әзiрлеу;
инновациялық қызметтiң мемлекеттiк,
салааралық, салалық және өңiрлiк
сипаттағы маманданған субъектiлерiн
құру енетiн инновациялық инфрақұрылымды
қалыптастыру;
инновациялық сала үшiн кадрлар
даярлау және қайта даярлау;
өнеркәсiптiң базалық салаларында
жаңа технологиялық құрылым қалыптacтыру;
технологиялардың өркениеттi рыногы
үшiн жағдайлар жасау, яғни
авторлық құқықты, патенттер мен
сауда белгiлерiн қорғау саласындағы
барлық халықаралық конвенцияларды
тану арқылы шетел технологиясының
трансфертiн ынталандыру;
отандық кәсiпорындардың үздiк
әлемдiк тәжiрибеге сәйкес сапа
стандарттарына өтуiн жандандыру;
халықаралық донор ұйымдардың, мүдделi
қаржы-кредит және шаруашылық
құрылымдарының гранттарын тарту
болып табылу тиiс.
7.3.3.
Стандарттау және сертификаттау
саласындағы саясат
Стратегияны iске асыру стандарттау,
метрология және сертификаттау
саласындағы бiрыңғай талаптарды
белгiлейтiн халықаралық сауда
жүйесiне Қазақстанның кiрiгуi арқылы
жүзеге асырылады.
Стандарттау мен сертификаттаудың
мемлекеттiк жүйелерiн жетiлдiру
әрi оларды еуропалық және басқа
да халықаралық талаптарға сәйкес
2010 жылға қарай сәйкес келтiру:
техникалық реттеудiң, техникалық
регламенттеудiң жүйелерiн құру
мен қалыптастыру және мiндеттi
стандарттаудан ерiктi түрiне өту;
жаңа техникалық комитеттердi, оның
iшiнде кәсiпорындар салаларында
халықаралық деңгейде стандарттау
және метрология қызметiн құру,
стандарттау, метрология және
сертификаттау бойынша уәкiлеттi
органның құрылымын нығайту мен
жетiлдiру;
стандарттау, метрология және
сертификаттау мәселелерi бойынша
ДСҰ-мен өзара iс-қимыл жөнiндегi
ақпараттық орталықты дамыту;
ИСО халықаралық стандарттарының
сериялары 9000 және 14000 талаптарына
сәйкес келетiн сапа және экологиялық
менеджментi жүйелерiн әзiрлеу мен
республика кәсiпорындарында енгiзу;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
"Сапа саласындағы жетiстiктерi
үшiн" және "Қазақстанның үздiк
тауарлары" сыйлығына конкурстар
өткiзу арқылы отандық кәсiпорындарды
ынталандыру жөнiнде мемлекеттiк
саясатты жүргiзу;
аккредиттеу жөнiндегi органның Қазақстанды
халықаралық деңгейде тану жөніндегі
жұмыс жүргiзу;
халықаралық тәжiрибенi ескере
отырып, өнiм сапасына мемлекеттiк
қадағалау жүргiзудi жетiлдiру
көзделедi.
2007 жылға дейiнгi кезеңде қаржы
жүйесi саласында халықаралық
стандарттарға өту жүзеге асырылуы
қажет, бiлiм беру, әлеуметтiк сала,
денсаулық сақтау, туризм сияқты
және басқа да салаларда - олардың
даму бағдарламаларына сәйкес
жүзеге асырылады.
Стандарттау саласындағы халықаралық
ынтымақтастықты кеңейту:
халықаралық, өңірлік және ұлттық
ұйымдармен ынтымақтастықты жандандыруды;
2010 жылға дейiн Метрика конвенциясына,
Халықаралық электротехникалық
комиссияға (XЭK), Сынақ зертханаларын
аккредиттеу жөнiндегi халықаралық
қауымдастыққа (ILAC), аккредиттеу
жөнiндегi халықаралық форумға (ІAF)
кiрудi;
Халықаралық ұйымдардың техникалық
комитеттерiнiң, бiрiншi кезекте ИСО,
ХЭК жұмысына; стандарттау, метрология
және сертификаттау жөнiндегi халықаралық
ұйымдардың басшы органдарында,
соның iшiнде ИСО хатшылығында
Қазақстан ө кiлдерiнiң қатысуын
қамтамасыз етудi көздейдi.
Аталған iс-шараларды iске асыру
қазақстандық өнiмдердiң iшкi және
сыртқы рыноктарда сапасы мен
бәсекеге қабiлетiн арттыруға,
республиканың экономикалық әлеуетiн
көтеруге ықпал етедi.
7.4.
Инфрақұрылым
Өнеркәсiп пен экономиканың басқа
да салаларының бәсекеге қабiлеттi
көп жағдайда өндiрiстiк және
әлеуметтiк инфрақұрылым жағдайына
тәуелдi.
Ақпарат, телекоммуникация және
көлiк инфрақұрылымының барабар
сапасы болмайынша тиiмдi экономикалық
даму мүмкiн емес. Инфрақұрылымның
осы элементтерiнiң әлемдiк деңгейге
сәйкестiгiнiң өзi-ақ қазiргi заманғы
әлемдегi елдiң бәсекелестiк қабiлетiнiң
маңызды факторы болып табылады.
Ғаламданудың үдей түсуi мен ғаламдық
бәсекелестiктiң күшейе түсуi жағдайында
шаруашылық субъектiлердiң әлемдiк
рыноктың тегеурiнiне дер кезiнде
әрi пәрмендi жауап әрекетi қабiлетi
iскерлiк табыстың негiзi болып
табылады.
Елде дамыған ақпараттық-телекоммуникациялық
инфрақұрылымның болуы ұлттық
экономиканың өсуiнiң, қоғамның iскерлiк
және зияткерлiк белсендiлiгiнiң
артуының басты факторларының
бiрi болып табылады, ол халықаралық
қоғамдастықтағы елдiң беделiн
айғақтайды. Бүгiнгi күнi бизнестiң
бiрде-бiр түрi өздерiнiң құрылымдық
бөлiмшелерi арасында да, сондай-ақ
сыртқы әлеммен де байланыстың
сапалы жүйесi болмайынша дами
алмайды.
Көлiк-коммуникация кешенi салаларын
дамыту оларды дамытудың бағдарламаларына
сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
7.4.1.
Электр энергетикасы саясаты
Электр энергетикасында өткiзiлген
реформалардың нәтижесiнде тұтытынушылардың
электр энергиясын жеткiзушiлердi
еркiн таңдауы, субъектiлердiң
электр желiлерiне еркiн және
кем қойылмай қол жеткiзуiне
негiзделген электр энергиясы
мен қуаттың бәсекелес көтерме
рыногы ойдағыдай жұмыс істеуде.
Электр энергетикасын одан әрi
реформалау рыноктағы өзгерiстердi
тереңдетуге, электр қуатының
биржа саудасын жасау мен дамытуға,
электр қуаты саласындағы қызмет
көрсетулер арнасын кеңейтуге
бағытталады.
Өткiзiлетiн реформаларды қолдау
мен саланың одан әрi дамуы
үшiн, қуатты өндiретiн және
тасымалдайтын кәсiпорындардың құрал-жабдықтарын
жаңарту үшiн инвестициялардың
өсуiн қамтамасыз ету қажет.
Электр желiлерi компаниялары
үшiн инвестицияларды тартуды
ынталандыру мақсатында табиғи
монополия субъектiлерiнiң орташа
кезеңдегi мерзiмге қызмет көрсетулерiне,
инвестициялардың қорғалуы мен
нормативтерден тыс шығындарды
қысқартуға олардың бағытталуын
қамтамасыз ету үшiн жағдай
жасауға мүмкiндiк беретiн жаңадан
прогрессивтi тәсiлдерiн енгiзу
қажет. Тарифтердi белгiлеудiң
жаңа тәсiлдерiн iске асыру тарифтердiң
өсуiне әкеледi, осыған байланысты,
халықтың табысы аз бөлiгiн
қолдау шараларын бiр мезгiлде
қолдану қажет.