Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 18:27, курсовая работа
Экономикалық категориялардың ішінде маңызды орын алатын – салық. Салықтың көмегімен мемлекет нарықтық экономикаға қатыса алады. Нарықтық қатынас жағдайларында әсіресе нарыққа өту кезеңінде салық жүйесі ең маңызды экономикалық реттеушінің бірі болып табылады.
Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Кіріспе..................................................................................................................3-4
1 Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі.........................................5
1.1 Салықтардың экономикалық мазмұны.......................................................5-8
1.2 Салық салудың құрылу негіздері немесе салық элементтері.................8-11
1.3 Салық салу механизмі және қағидалары................................................11-14
2 Қазақстан Республикасындағы салықтың түрлері........................................15
2.1 Салықтардың жіктелуі........................................................................15-18
2.2 Бюджетке түсетін салықтар мен басқа міндетті төлемдер түрлері......18-21
3 Қазақстан Республикасындағы реформалар...................................................22
3.1 Нарықтық экономикадағы салық реформалары.....................................23-27
3.2 Жаңа салық кодексі және Салық кодексіндегі өзгерістерді талдау......27-31
Қорытынды.......................................................................................................32-33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................34
Қосымшалар.........................
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды.
Төртінші
әдіспен салық кәсіпкерлік
Салықтық есептің екі әдісі қолданылады:
- кассалық;
- есептеу.
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу
әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер
ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты
орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу
және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу
мезетінен бастап есепке алынады. Бұл
әдіс салық органдары үшін қолайлырақ
және оны Қазақстанның барлық төлеушілері
қолдануға қабылданған. Төлеушілер үшін
оның кемшілігі – салық төлемдері жеткізілім
тіпті уақытында төленбеген жағдайда
да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын
оқшауландыруға ұрындырады.
1.3.
Салық салу механизмі
және қағидалары
Салық механизмі - салықтың ұйымдық-құқықтық нормалары мен басқару әдістерінің жиынтығы, бұған әр түрлі салықтық реттеу құралдары да (салық ставкасы, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері және т.б.) енеді. Мемлекет өзінің салық механизміне салық заңдылықтары арқылы құқықтық нысан беріп, оны реттеп отырады. Салық механизмі практикалық салық іс-қимылдарының жиынтығы, яғни салық заңдары ережелерін практикада жүзеге асырудың шарттары мен тәртіптерінің жиынтығы. Объективті негізгі бағытталмаған кез-келген салықтық іс-қимыл ұдайы өндіріс процесіне субъективтік қол сұғу ретінде қарастырылады және олардың нысанының өзгеруіне әкеледі. Салық механизмі салық салуды басқарудың негізі болып табылатын салықтық құқыққа сүйеніп, салық қатынастарын реттеуге мүмкіндік береді.
Салық механизмі – бұл ұйымдық-экономикалық категория ретінде осы ұғымды түсіндіретін салық теориясының аясы, сәйкесінше, ұлттық табыстың бөлігінде өндірісте жасалынған бөлігін қоғамдастыру кезінде қалыптасатын қайта бөлу қатынасы кезіндегі объективті қажетті басқару процесі. Салық салу механизмі салықтарды белгілеудің принциптерінен, нысандары мен әдістерінен, оларды өзгерту мен күшін жоюдан, оларды төлеуді қамтамасыз ету бойынша шаралардан тұрады.
Бұл процесте қалыптасатын қатынастың барлық саласын үш қосалқы жүйемен шектеуге болады: салықтық жоспарлау, салықтық реттеу және салықтық бақылау.
Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет етуі керек. Сонда ғана салық жүйесі өз қызметін жан-жақты және тиімді түрде жүзеге асырады.
Салық принциптерінің, жалпы салық салу теориясының негізін қалаушы болып шотландық экономист, әрі философ Адам Смит табылады. А.Смиттің классикалық принциптері төмендегідей:
Бұл принциптерді пайдалану салық салуда зорлық-зомбылықты азайтты, бұл процеске реттемелеуді енгізді. Салық салудың кейінгі даму барысында принциптердің тұжырымдамалары дәлелденді, толықтырылды.
Салық салудың қазіргі халықаралық принциптері мыналар:
1.Қарапайымдылық принципі. Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс, ол айқын әрі жеңіл болуы керек. Ол үшін мына шарттар орындалуы қажет:
2. Әділеттілік принципі. Салық жүйесінде әділеттілік принципі тікелей және көлденең екі бағытта сақталуы тиіс.
Тікелей әділеттілік принципі – салық төлеушілердің табыстарына тең жағдайда біркелкі салық салынады;
Көлденең әділеттілік принципі – тиісті жағдайда бірыңғай салық төлеушіге бірдей талап, бірдей шарт қойылуы керек. Салық төлеушілер белгілі бір табыс не қызмет түрінен, мүлкінен бірдей ставкамен салық төлеуі тиіс.
3. Салыстыру принципі. Бұл принцип бойынша салық ставкаларын бекіткен кезде, олардың мөлшері басқа елдерде қолданылып жүрген салық ставкаларымен салыстырылып отырылуы қажет.
4. Салықтардың анықтылығы – алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
5. Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды.
6.
Салық салудың экономикалық
Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптері негізделеді.
Салық төлеуші салық заңына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелерінің туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Мемлекеттің салық саясатының маңызды бөлігі салық салу критерийлері болып табылады 4.
-әділеттлік
-тиімділік.
Еліміздің салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады. Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
Бұл тарауды қорытындылай келсек, Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салық – мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз, тұрақты сипатта бюджетке төленетін төлемдер.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
______________
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақты әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Салық элементтері - -бұл мемлекеттің заң ак актілерімен анықталатын салықтың құрылу принциптері мен салық салуды ұйымдастыру.
Салық механизмі – бұл ұйымдық-экономикалық категория ретінде осы ұғымды түсіндіретін салық теориясының аясы, сәйкесінше, ұлттық табыстың бөлігінде өндірісте жасалынған бөлігін қоғамдастыру кезінде қалыптасатын қайта бөлу қатынасы кезіндегі объективті қажетті басқару процесі.
Қазақстанның
салық заңнамасында салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді
төлеудің міндеттілігі, салық салудың
айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің
біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы
принциптері негізделеді.
2.
Қазақстан Республикасындағы
салықтың түрлері
2.1.Салықтардың
жіктелуі
Салықтардың анықтамасы, мәні және мазмұны жоғарыда айтылған болатын. Оған тоқталмай, енді салықтарды топтастыру туралы айтып өтеміз.
Салықтарды мынадай нышаны, белгілері бойынша топтастырамыз немесе жіктейміз:
1) салық салу объектісіне
2) қолданылуына қарай;
3) салық салу органына байланысты;
4) экономикалық ерекшелігіне байланысты;
5) салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі 5.
Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:
Жеке тура салықтар-бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы-жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.
Жанама салықтар-баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокте сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар
мемлекеттің фискалдық
______________
Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (қызметтің тарифіне) қосылатындығында. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай: орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар: жалпы және мақсатты (арнаулы)болып бөлінеді. Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерде шоғырландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға қолданылады. Мақсатты (арнаулы)салықтардың нысаналы арналымы болады және әдеттегідей түрлі арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға арналады.
Информация о работе Қазақстандағы салық түрлері және салық реформалары