Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 18:27, курсовая работа
Экономикалық категориялардың ішінде маңызды орын алатын – салық. Салықтың көмегімен мемлекет нарықтық экономикаға қатыса алады. Нарықтық қатынас жағдайларында әсіресе нарыққа өту кезеңінде салық жүйесі ең маңызды экономикалық реттеушінің бірі болып табылады.
Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Кіріспе..................................................................................................................3-4
1 Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі.........................................5
1.1 Салықтардың экономикалық мазмұны.......................................................5-8
1.2 Салық салудың құрылу негіздері немесе салық элементтері.................8-11
1.3 Салық салу механизмі және қағидалары................................................11-14
2 Қазақстан Республикасындағы салықтың түрлері........................................15
2.1 Салықтардың жіктелуі........................................................................15-18
2.2 Бюджетке түсетін салықтар мен басқа міндетті төлемдер түрлері......18-21
3 Қазақстан Республикасындағы реформалар...................................................22
3.1 Нарықтық экономикадағы салық реформалары.....................................23-27
3.2 Жаңа салық кодексі және Салық кодексіндегі өзгерістерді талдау......27-31
Қорытынды.......................................................................................................32-33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................34
Қосымшалар.........................
Ал, енді осы белгілердің мазмұнын
тереңірек қарастырайық.
1.Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі.
Мемлекеттік аппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді.
______________
Сондықтан мемлекет заңды және жеке тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады.
Мұның экономикалық
2. Салық – ақшалай нысанда төленеді.
Натуралдық нысанда төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық ретінде төленеді.
Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап көрсетілген.
3. Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады.
Салықты төлеген кезде ақша тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекетке бағытталады.
Мұның қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашылығы:
-Біріншіден, ақша салық төлеушілерден мемлекетке қарай қозғалады;
-Екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеушілерге бағытталады.
Ал, қайтарымсыздық дегеніміз – ақшаны мерзімсіз алуды білдіреді, яғни ол соманы қашан қайтатыны белгісіз.
4. Салық – баламасыз сипатта болады.
Салық құнның ақшалай нысанда бірбағытта қозғалысын айқындайды, төлеген салыққа қарсы тауар түрінде болса да қозғалыс жоқ. Толығырақ айтқанда, салық қандай да бір тауарға, немесе мемлекеттік қызметке төлем болып есептелмейді, яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді. Сондықтан салық – баламасыз төлем болып табылады.
5. Салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады.
Салықты төлеген кезде меншік нысандары ақша қаражаттарына, немесе материалдық құндылықтарда жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтеді. Анығын айтқанда, салық салу мемлекетке тиесілі меншіктерді иеліктен шығарады, ал меншік иелері арасындағы туындайтын салық қатынастарында мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады.
6.Салық – тұрақты экономикалық қатынас тудырады.
Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады. Тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мәселен, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады.
Салық қатынастарының тұрақтылығы салық төлеу арқылы жүйелі төлемдерге бармауы тиіс. Кейбір салықтарда салық төлеушілер үшін салық төлеу жеке төлемдік сипатта болады (мысалы, мүлік салығын жеке азаматтар жылына бір рет төлейді) немесе кейде кенеттен салық төлеу сипаты пайда болады (мәселен, ойламаған жерден жасаған жұмысына жалақы алады).
Азаматтардың
мүлік салығын төлеген кезде,
оның салық қатынастары
Сонымен қатар, салықтың құқықтық бірнеше белгілері бар, атап айтқанда:
1.2.
Салықтардың құрылу
негіздері, салық
элементтері
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақты әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Салық
элементтері-бұл мемлекеттің
Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады:
Салық субъектісі немесе салық төлеуші.. Ол - заң бойынша салық төлеу міндеттілігі жүктелген тұлға, алайда нарық механизмі арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға – салық салынушыға аударылуы мүмкін.
Салық салынушылар – нақты салық ауыртпалығы (салық жүктемесі) түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер (салықтың ең соңғы, нақты төлеушісі), яғни мемлекет азаматтары.
Салық объектісі. салық төлеушіге салық төлеу міндеттілігін жүктейтін құқықтық фактілер жиынтығы (дерек, іс-қимыл, жағдай, оқиға). Мүлік пен іс-әрекеттер салық объектілері және салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындайды.
Салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.
Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады:
- табысқа салынатын салық. Бұған корпорациялық және жеке табыс салығы жатады;
- тауарларға салынатын салықтар. Олар қосылған құнға салынатын салықтарды, кеден баждарын біріктіреді;
- капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары жатады.
Салық салу өлшем бірлігі – салық базасын сандық тұрғыдан көрсетуге пайдаланылатын салық салу ауқымының өлшем бірлігі. Мысалы, автокөлік двигателінің қуаты көлік құралдарына салынатын салық ауқымы болып табылады, ал қуат ат күші, киловатт өлшемінде көрсетілуі мүмкін; алаң жер салығының ауқымы болып табылады, бұл ір елде түрлі өлшемде: гектар, акр, шаршы метр өлшемдерінде көрсетіледі; бензинге акцизді есептеу кезінде литр, баррель, галлон қолданылады.
Салық ставкасы – салық базасының өлшем бірлігіне абсолютті сомада немесе процентпен белгіленетін салықтық есептеу мөлшері.
Салық салу практикасында ставкалар тұрақты және процентті болып бөлінеді.
Тұрақты ставкалар – табыс көзіне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді (мысалы, мұнайдың 1 тоннасына, газдың 1 текше метріне).
Проценттік ставкалар – салық базасына қарай алынатын табыстың мөлшеріне байланысты салық өлшем бірлігіне салынады.
Проценттік ставканың 3 түрі бар:
Үйлесімді салық ставкалары – салық объектісіне (оның мөлшерін саралауды есепке алмай) бірдей проценттік қатынаста іс-әрекет етеді.
Прогрессивті ставкалар – салық салынатын табыстың артуына сәйкес өсіп отыратын салық ставкалары. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың үлкен абсолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін де төлейді. Мұндай ставкалар ең алдымен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық түсіреді.
Регрессивті ставкалар – табыстың өсуіне қарай төмендейді және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдардың иығына ауыртпалық түсіреді.
Салық жеңілдіктері – заңға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:
-салық салынбайтын минимум – салық салудан толық босатылатын салық объектісінің ең аз бөлігі;
-табыстың
есептелген сомасынан
-салық салынатын табыстың құрамына енбейтін сома (мысалы, босату кезіндегі ұйғарымды жәрдемақы, жеке табыс салығы бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы);
-салық
салудың жекеи субъектілері
-Салық жеңілдіктеріне сонымен бірге төлеу мерзімін ұзарту және салық бойынша бересіні есептен шығару да жатады.
-Жеңілдік кезеңі – салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс-әрекет ететін уақыты.
Салық төлеу мерзімі мен тәртібі – заңмен белгіленген әдістер мен салықты бюджетке аудару шаралары. Салық төлеу тәртібі салықты бюджетке түсіру шараларын тәртіпке келтіру үшін белгіленеді.
Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттері- Салық кодексінің жалпы бөлімінде берілген 3.
Салықтық бақылау – салық қызметі органдарының салық заңының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын бақылауы.
Салық заңын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын, төмендеткен табыстарын төлеттіріп алу, салық заңын бұзу ауыртпалығына қарай үлестік не еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады.
Салық салу әдістері
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады:
- кадастрлық;
- салық төлеушінің декларациясы бойынша;
- табысты алу көзінен ұстап қалу;
- патенттік негізде.
Бірінші
жағдайда салықты есептеу мен
оны алу, салық салу объектілерінің
нақты табыстылығын есепке алмай
табыстылық (жер салығы, мүлік салығы)
нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі
негізінде жүзеге асырылады.
______________
Декларацияда салық төлеушілер табыстың көлемі, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық декларациясын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мысалы, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер (арнаулы салық режімін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық органына олар бойынша декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-наурызынан кешіктірмей өткізеді.
Информация о работе Қазақстандағы салық түрлері және салық реформалары